Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ халқының әншілік-өнері. 20 ғасырдағы атақты әншілер

ып, ол ән халықтың рухани мәдениетіне еркін енеді.

        Лирикалық әндердің мазмұны мен тақырыбы әр алуан. Бұлар махаббат сезімін, сүйікті адамның асыл қасиеттері мен ажарлы көркін («Назқоңыр», Абайдың «Айттым сәлем, қалам қасы», Мәдидің «Үш тоты құсы», Біржанның «Ақ тентегі»); сүйгеніне қосыла алмаған жастардың қайғы-зарын («Ақбөпе», Ақанның «Сырымбеті», Абайдың «Татьянаның сөзі»), толғайды. Бұл әндердің енді бір үлгілерінде сұлу табиғаттың көркем суреттері бейнеленеді(Абайдың, «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып»әндері). Лирикалық әндерде албырт жастық шақ, адамның өмірдегі орны туралы терең философиялық ой-толғамдар үлкен тебіреніспен жырланады(Абайдың «Қарашада өмір тұр», «Сұлғылт тұман дым бүркіп», Естайдың «Дүние-айы»)т.б. әндерді үлгі ретінде келтіруге болады.

         Жақын адамның не жақсы көретін құсының, атының өліміне арналған зарлы әндерде қайғылы сезім, мұң әсерлі беріледі(Ақан серінің «Құлагері», «Қараторғайы»).

         Осындай мазмұндық байлығына қарай лирикалық әндер екі негізгі топқа бөлінеді:

 

Махаббат лирикасы және табиғат лирикасы

 

          Махаббат лирикасының мазмұны мен тақырыбы әр алуан да өте бай. Мысалы, Сегіз серінің «Назқоңыр» әні сүйген жардың көркем келбетін суреттесе, халық әні «Ақбөпе» кедей жігіттің қалың мал төле алмай, сүйген қызынан айрылып қалган күйініш  сезімін бейнелейді.

         Халық әнші-композиторларының сүйікті жарын суреттеген туындыларының тілі айшықты, өрнегі мол, метафора, теңеулерге өте бай. Мысалы, Ыбырай Сандыбайұлының «Гәкку» әнінде қыз бейнесі аққуға теңеледі:

                                 Түрленіп тоқсан түрлі ән саламын,

                                 Жай тастап құлашымды, кең аламын.

                                 Түскенде сен есіме, ерке Гәкку,

                                 Құлпыртып осынау әнді толғанамын.

 

 

 

Табиғат лирикасы

          

           Қазақтың бай табиғаты халық ақындары мен композиторларын әдеби-музыкалық суреттерді шырқауға шабыттандырды. Табиғат суреттері адамның шындық өмірімен оның ой-толғауларына, шаттығымен күйінішіне тығыз байланыста туды. Мысалы, халық әні»Айкөке» адамның жер анаға деген махаббаты мен қуанышын анық сездіреді:

                                   Сырымбет биік асыр қатар кезең,

                                   Жарасып таудан құлай аққан өзен.

                                   Ұқсаған биқасапқа көк шалғыны,

                                   Көк орай қайың мен тал-бәрі де әсем.

          Табиғат лирикасының тағы бір әдемі үлгісі-«Япырай» әні. Бұрыннан авторының есімі белгісіз бұл шығарма қазргі кезде аты халқымызғақайта оралған тамаша ақын, жазушы, ұстаз Мағжан Жұмабаевтың әні деп танылды.

          Бұл әсем де назды әнде табиғат көркемдігі және туған жерін, жарын сағынғанадамның нәзік күйінішті көңіл-күйі бейнеленген:

                                   

                                                           Япырай

                                         

                                          Жаз болса, жарқыраған көлдің беті-ай,

                                    Көгеріп толқындайды, япырай, арғы шеті-ай.

                                    Дірілдеп толқын басқан мөлдір бетін-ай,

                                    Шайқайды жас баладай, япырай, желдің лебі-ай.

                                      

                                  

                                Біржан сал Қожағұлұлы 

                                            (1825-1897)

       Қазақ халқының ХІХғасырда өмір сүрген суырып-салма ақын, әнші, сазгерлерінің бірі, сал-серілердің басшысы – Біржан сал Тұрлыбайұлы Қожағұлов. Біржан есімімен басталатын лирикалық әндерді шырқау шыңына жеткізген өзіндік композиторлық дәстүрді Ақан сері, Балуан Шолақ, Ыбырай сияқты атақты ақындар жалғастырып, сол композиторлық мектептің қалыптасуына мол үлес қосты. «Жанбота», «Адасқақ», «Ләйлім шырақ», «Ақтентек», «Айтбай», «Біржан сал», «Орынбор», «Жонып алды», «Теміртас» сияқты көптеген әндердің авторы Біржан қиындық пен қайшылыққа толы өмір сүрді. Оның әндері сол өмірінің шежіресі іспетті.

        Біржан сал 1825 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының «Қожағұл бернеуі» деп аталатын қалың қарағайлы орманды жерде зергер Тұлыбай Қожағұлұлының отауында туған. Бала кезінен ойын-сауыққа араласып, ән салған Біржан кейіннен өзі де ән шығарып, әннің әуенімен бірге өлеңін де өзі жазады. Үш ұлдың ішіндегі кенжесі болған Біржан алғаш кезде еркін жүріп, ел аралап, той-салтанаттарға қатысып, жастық, жігіттік кезеңін өткізеді. Оның ақындық, әншілік қабілеті халық көзіне ерте түсіп, елдің көңіл-күйін көтеріп, қуаныш-шаттыққа бөлейді; халық құрметіне ие болады. А. Жұбанов «Әдемі ер-тоқымды ат, әшекейлі киім, аңыраған дауыс, көркем келбет – жүрген жерінің бәрінде Біржанның қадірін көтереді. Сөзден кесте төгетін ақындық, жаныңды жайлайтын жібек үн, айызынды қандыратын ән, дарынды орындаушылық-әрісі Бертіс, берісі Қожағұл тұқымында болмаған, тек басына қонған «бақыт» сияқты болады. Біржан бұл «бақытты» бағалай біледі. Өзін сүйген халқына өнерін жаюдың-аралау, жаңаән болса үйрену, орындаушылық шеберлігін ұстарту деп түсінеді. Осы бағыт, осы арман жолында Біржан арымай-талмай ілгері қарай тырмыса береді»,-дейді.

12345След.
скачать работу

Қазақ халқының әншілік-өнері. 20 ғасырдағы атақты әншілер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ