Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы (1861-1917 жж.)

естік дәуірдің зерттеушілері патша өкіметінің саясатындағы оңтүстік аймақтың орны мен патшалық отарлау ерекшелігі, жүргізілген әкімшілік реформалар нәтижесі, қазақ қоғамының саяси-экономикалық дамуы, қоныстандыру нәтижелері жөнінде құнды еңбектер жазды.

Түркістан өлкесінің саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайының өзгеруін, өнеркәсіп дамуының отарлық сипатын алғашқылардың бірі болып П.Г.Галузо зерттеді. Ол шаруашылық түрлерінің дамуына, өлкедегі мақта шаруашылығының өркендеуі, ондағы кәсіпкерлердің еңбегіне талдау жасады.

Осы кезеңдегі Қазақстанның этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеуге Э.Герасимов және Т.К. Литвиновтар үлес қосты. Революцияға дейінгі Қазақстандағы сауда мәселесінің түрі және сипаты мәселесін Т.К.Литвинов зерттеді. Ол бай қазақтардың шаруашылығы бірте-бірте өзінің натуралдық сипатынан айырылып, сауда айналымына тартыла бастағанын дәлелдеді.

Осы уақытта деректер мен материалдардың жинақтары жарық көрді. Соның маңыздысы - Түркістан аймағындағы әкімшілік бөліну, жаңа жерлер үшін қабылданған мемлекеттік салық жүйесі жайлы мәліметтер қамтылған жинақ. Онда М.Г.Масаевичтің құрастыруымен Түркістан өлкесінде 1867 ж., 1886 ж., 1891 жылдары жүргізілген реформалардың материалдары берілді.

ХІХ ғ. 70-80-ші жж. кеңестік тарихнамада кәсіпкерлік тарихына жеке зерттеу арналған жоқ. Дегенмен, капиталистік қатынастарды зерттеу барысында мәселенің жекелеген салалары қарастырылды. Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласына капиталистік қатынастардың ену мәселесін С.А.Сүндетов зерттеді.

Байлардың жаңа әлеуметтік түр алуы, яғни буржуазиялануы туралы мәселе терең зерттеуді қажет еткен мәселелердің бірі болды. С.Е.Толыбеков  байлардың жаңа әлеуметтік топ емес, олар монғол шапқыншылығына дейін де өмір сүргендігі жайлы пікір білдірілді. Оның еңбегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық құрылымын зерттеуге арналған маңызды еңбек болып саналады. 

Ц.Л.Фридман революцияға дейінгі кезеңдегі банк, несие жүйелерінің пайда болуы мен даму процестеріне талдау жасап, Қазақстан экономикасындағы шетел капиталының үлесін зерттеді.

ХІХ ғ. соңында – ХХ ғ. басындағы Қазақстанның аграрлық мәселесін Б.Сүлейменов зерттеді. Оның зерттеуінде қазақ ауылдарында кулактардың пайда болғаны, олардың көпшілігінің тауарлы егіншілік пен малшылықты саудамен байланыстырғаны және жәрмеңкелер ұйымдастырғаны қарастырылды. Ж.К.Қасымбаевтың зерттеуі Қазақстанның Орталық Азия және Қытаймен сауда қарым-қатынастары мәселелеріне арналды. Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуына патша үкіметінің салық жүйесінің әсеріне байланысты мәселеге К.Р.Несіпбаеваның кандидаттық диссертациясында талдау жасалды.

Қазіргі кезеңдегі отандық зерттеушілердің еңбектері кәсіпкерлік тарихын зерттеуде маңызды орын алады.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі жаңа даму кезеңіне аяқ басуы, кәсіпкерліктің тарихына деген қызығушылықты арттыра түсті. С.Қ.Игібаевтың зерттеуінде алтын өнеркәсібіндегі жұмысшы табының қалыптасуы мәселесі қарастырылды. Ол, Ресей капитализмінің дамуы, өнеркәсіп төңкерісінің аяқталуының Қазақстанның алтын кеніштерінің техникалық деңгейінің жоғарлауына ықпал еткенін, бірақ оның баяу жүргендігін дәлелдеді. Т.Садықұлының монографиясында өндірістік өнеркәсіптегі кәсіпкерлерлердің қызметі мен мемлекеттің өнеркәсіпті дамыту бағытындағы саясаты бойынша мәліметтер берілген. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, қолөнер кәсіпшілігінің халыққа қызметі туралы талдаулар С. Мадуановтың еңбегінде жасалады. Оңтүстік Қазақстан өлкесіндегі өнеркәсіп мен сауданың дамуы С.Н.Наумов және Ө.Қ.Қожақовтың кандидаттық диссертацияларында қарастырылды. Қазақстан тарихының тарихнамасында қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымын сараптау мақсатында тарихнамалық зерттеулер жүргізілді. Олардың ішінде Д.И.Дулатова және Т.Төлебаевтің еңбектері маңызды болып табылады.

М.Ф.Пузиков және С.Е.Мамытова өздерінің ғылыми мақаласында  қазақ даласындағы ХІХ-ХХ ғғ. тоғысындағы ауыл шаруашылығының қандай салаларында кәсіпкерліктің қалыптасу процесі жүргендігін қарастырды. Отандық тарихнамада кәсіпкерлік тақырыбына арналған арнайы кешенді зерттеулер енді қолға алынып келеді. Олардың қатарында Д.Жақыпбекова, Ф.М.Сұлтанова, Қ.Ж.Әбілов сияқты ғалымдардың ғылыми жұмыстары бар. Д.Жақыпбекованың диссертациялық жұмысында Қазақстанның Торғай және Орал облыстарындағы сауда және өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерліктің қалыптасу және даму мәселесі зерттеледі. Ф.М.Сұлтанованың ғылыми жұмысы 1867-1914 жж. Жетісу облысындағы кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихына арналады. Аталған зерттеу жұмысында Жетісу облысындағы сауда, өнеркәсіп салаларындағы кәсіпкерлік түрлері сарапталынды. Қ.Ж.Әбіловтің докторлық диссертациясы кәсіпкерлік тарихын зерттеуде маңызды орын алады. Бұл еңбекте Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму тарихы тұтас қарастырылған.

 Сонымен, қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстанның оңтүстік өлкесіндегі кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы осы уақытқа дейін арнайы түрде талдауға түспеген мәселе болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты – 1861-1917 жылдар аралығындағы  Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихын жан-жақты зерттеу.

Алға қойылған мақсатқа жетуде мынандай нақты міндеттерді шешу көзделді:

-         Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіпкерліктің қалыптасуының саяси және экономикалық алғышарттарын көрсету;

-         кәсіпкерліктің қалыптасып, дамуына жергілікті өнеркәсіптің тигізген әсерін қарастыру;

-         сауда саласындағы кәсіпкерліктің даму деңгейіне талдау жасау;

-         оңтүстік аймақтағы ауыл шаруашылық кәсіпкерлігінің дамуын анықтау;

-         жергілікті халыққа қызмет көрсету (көліктік, қолөнер-шеберханалық және тұрмыстық қызмет) саласындағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін талдау;

-         оңтүстік аймақтағы кәсіпкерлердің әлеуметтік және этникалық құрылымын саралай отырып, қазақ кәсіпкерлерінің іскерлік мүмкіндіктерін бағалау.

Зерттеу жұмысының деректік негізі.Диссертациялық жұмыстың дерек көзін бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады.

Деректік көздердің алғашқы тобын құқықтық сипаттағы деректер құрайды. «Полное собрание законов Российской империи» жинағының 4, 8, 14, 28, 29-томдарындағы енгізілген салық мөлшері, жеке меншік кәсіпорындардың Жарғысы және оған енгізілген толықтырулар, Мемлекеттік банк Жарғысы,  несиелік Жарғылар сияқты заңдық материалдар пайдаланылды. Сонымен қатар, үкіметтің өнеркәсіптерге жеке меншік кәсіпкерлікті жіберу, бақылау, шетелдіктердің шекаралық аудандарда саудамен айналысуына шектеу қою және басқа да әр түрлі сипаттағы қаулылары мен жарлықтарында кәсіпкерлік тарихына қатысты мәлімет жинақталған. Бұл құжаттар жинағы, патша әкімшілігінің Қазақстанның оңтүстігіндегі кәсіпкерлікке қатысты саясатының негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Үкіметтің нұсқаулары және бұйрықтарымен, Сенат шешімдерінің түсініктемелерімен, Қаржы министрлігінің циркулярларымен толықтырылып, 1902 ж. құрастырылған кәсіптік салық жөніндегі Ереже, қарастырылыпотырған тақырып бойынша деректердің маңыздысы болып саналады. Ондағы материалдардың негізінде салық жүйесіндегі өзгерістерді байқауға болады.

1910 ж. сауда мен кәсіп туралы империядағы заңнамалар мен ережелер жинағы сауда кәсіпкерлігін жүргізу ережелері жайлы мәліметтер береді.      

Екінші топтағы іс-қағаз деректері үлкен қызығушылық тудырады. Кәсіпкерлік тарихын зерттеуде төмендегі іс-қағаз сипатындағы құжаттардың маңызы зор. Оларда оңтүстік аймақтағы кәсіпкерліктің даму барысы жайлы құнды ақпараттар сақталған: Ф.Гирстің 1888 ж. есебінде, көрсетілген жылдағы Түркістан өлкесінің экономикалық дамуының жетістіктері мен кемшіліктері туралы мәлімденеді; Жер және мемлекеттік мүлік министрілігінің Ғылыми комитетінің мүшесі А.А.Кауфманның 1903 ж. іссапар нәтижесінің есебінде өлкедегі орыс отарлау шараларының барысы және Ресей империясы үшін Түркістанның отар ретіндегі маңызды аймақ екендігі жан-жақты талқыланған; 1908-1909 жж. сенатор, граф К.К. Паленнің Түркістан өлкесін тексеру нәтижелерінің есебінде аймақтағы сауда, өнеркәсіп орталықтарының дамуы, олардың ресейлік сұранысты қамтамассыз ету мүмкіншілігі қарастырылып, жергілікті экономиканың дамуының сандық көрсеткіштерін береді.

 Деректердің үшінші тобы статистикалық және анықтамалық басылымдардан тұрады.ХІХ ғ. 80-жж бастап облыстық статистикалық комитеттер жыл сайын өз облысының шаруашылық өмірінен мәлімет беретін анықтамалар шығарды. Зерттеу жұмысында «Обзор Семиреченской области», «Обзор Сыр-Даринской области» анықтамаларықолданылды. Облыстық шолулар Жетісу облысы бойынша 1882-1913 жж., Сырдария облысы бойынша 1885-1887 жж., 1889-1895 жж., 1904-1906 жж., 1908-1913 жылдар аралығында жарық көрді. Сонымен қатар, “Экономический обзор” анықтамалық шолуында, Түркістан өлкесіндегі мақта шаруашылығының дамуы жөнінде деректер бар. ХІХ ғ. соңы −ХХ ғ. басындағы өлке тарихына байланысты деректің бірі -  «Памятные книжки» жинағы. Онда Жетісу облысының 1897, 1898 (т. 1-2), 1900, 1901, 1905 жж. экономикалық дамуына байланысты материалдары бойынша жергілік

12345След.
скачать работу

Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы (1861-1917 жж.)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ