Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы (1861-1917 жж.)

ы.

-        оңтүстік өлкеде басқа кәсіпкерлік түрлеріне қарағанда, неғұрлым жоғары пайданы қамтамасыз ететін - сауда кәсіпкерлігі белсенді дамыды.Өлкенің қолайлы табиғаты, аймақ территориясының географиялық жағынан қолайлы орналасуы, халықтың тығыздығы сауданың дамуына жағдай туғызды. Дегенмен, Ресей мен Орта Азияның сауда капиталы жоғары маңызға ие болып, ал ішкі нарық көбінесе ауыл шаруашылық өнімдерімен ғана шектелді; 

-        оңтүстік өлкенің табиғи ерекшелігі ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерліктің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. Аталған саладағы кәсіпкерліктің дамуына, ең алдымен патша әкімшілігі мүдделі болып, оны нығайтуға қолдау білдірді. Дегенмен, бұл кәсіпкерлік тәуекелділікті қажет етті. Табиғи қолайсыздық туындаған жағдайда, кәсіпкер осы іске салған барлық қаржысынан айырылып қалуға мәжбүр болды. Сондықтан, аймақтың кәсіпкерлері сауда сияқты неғұрлым жеңіл салаларға көп көңіл бөлді;

-        қарастырылып отырған кезеңде елдің оңтүстігінде халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлік көліктік, қолөнер-шеберханалық және тұрмыстық қызмет тұрғысынан сипатталды. Бұл саладағы кәсіпкерліктің дамуына қоныс аударушылар ықпалы етті. Ал, қазақтар оған кеш бейімделді, себебі дәстүрлі қазақ қоғамы үшін ақылы қызмет көрсету түсінігі бөтен болды;

-   оңтүстік қазақстандық кәсіпкерлердің этникалық және әлеуметтік құрылымы әр түрлілігімен ерекшеленді. Уақыт талабына сәйкес үкімет, халықтардың шығу тегі мен әлеуметтік дәрежесіне қарамастан кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етті. Дегенмен, қоныс аударушы орыс кәсіпкерлерінің жергілікті кәсіпкерлерге қарағанда мүмкіндіктері басым тұрды. Қазақтардың кәсіпкерлікке бейімделуі баяу жүрді. Оған орыс және ортаазиялық кәсіпкерлердің бәсекелестігі, қазақтар арасындағы қалыптасқан көшпелі өмір салты әсер етті.   

Диссертацияның құрылымы.Диссертация терминдік сөздердің түсініктемесінен, қысқартулардан, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған деректер тізімінен және қосымшалардан   тұрады.

 

НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

 

Кіріспедедиссертация тақырыбының өзектілігі, негізгі нысаны, зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, әдіснамалық ұстанымы, ғылыми жаңалығы, мерзімдік, аумақтық шегі, ғылыми-практикалық маңыздылығы  және құрылымдары айқындалады.

«1861-1917 жылдар аралығындағы Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы »деп аталатын бірінші бөлім екі бөлімшеден тұрады.

«Оңтүстік Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуының тарихи және саяси алғышарттары»атты бөлімшедеХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей империясыныңҚазақстанның оңтүстік өлкесін отарлауын аяқтауы, патша үкіметінің жүргізген реформаларының кәсіпкерліктің қалыптасуына ықпалы қарастырылған.

ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында Ресей империясы қазақ даласында реформалау процесін қолға алды. Қазақстанның отар аймаққа айналуы, оның барлық аймақтарының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына түбірлі өзгерістер әкелді. Осы кезеңде жүргізілген саяси реформалардың барысында, оңтүстік өлкедегі кәсіпкерліктің дамуына оң ықпал еткен факторлар  қалыптасты. Ресей империясы енгізген заңдардың отаршыл сипатына қарамастан, олар қазақ қоғамының өмір салтына жаңа серпілістер алып келді. Натуралды  шаруашылыққа бейімделген жергілікті халық, саяси өзгерістердің әсерімен жаңа ізденістер арнасына түсті.

Патшалық үкіметтің салық саясаты отарлаудың басты белгілерінің бірі болды. ХІХ ғ. екінші жарытысында енгізілген салық жүйесі өзінің өсу бағытын ұстанғандығымен ерекшеленеді. Мысалы, 1837 ж. Орынбор әкімшілігі енгізген түтін салығы 1 рубль 50 тиынды құраса, 1867 ж. 2 рубль 75 тиын, ал, 1891 ж. 4 рубльге көтерілді [2; 303 б.]. ХІХ ғ. 90-жж. кейінгі кезеңде барлық салықтар (түтін, жер, әкімшілік, ауыл старшыны және олардың кеңселерін қамтамассыз ету салықтары) әр үйге орта есеппен 8 рубльді құрады, ал, 1910 ж. бұл көрсеткіш 14 рубльге жетті [3; 12 б.]. Салықты өсіру арқылы, патша әкімшілігі одан түскен кірістің негізінде алғашқы кәсіпорындарды ашуға мүмкіндік алды.

Орыс әкімшілігі Орта Азиямен экономикалық қарым-қатынасты кеңейту мақсатында сауда қатынастарын әрі қарай дамытуға қолайлы саясат ұстанып, бірнеше нақты іс-әрекеттер жүргізді. Осыған орай, 1868 ж. бастап сауданың барлық түрлеріне салынатын баж салығы алынып тасталынды [4; 478 б.].

Патша үкіметі жаулап алынған жерлерде саяси тұрақтылыққа қол жеткізу мақсатында, орыстарды қоныстандыру саясатын ұстанды. Жаңа қосылған шет аймақтарды қарқынды отарлау мақсатында патша әкімшілігі алғашында казак әскерлерін, кейінен шаруаларды қоныстандыру шараларын бастады. Қоныс аудару саясаты негізінде өлкенің кәсіпкерлік тарихының бастапқы кезеңі қалыптасты. Әсіресе, кәсіпкерлер қатарының артуына осы бағытта жүргізілген шаралар тікелей әсер етті. Сонымен, ХІХ ғ. екінші жартысында жүргізілген реформалардың нәтижесінде, қазақ даласында кәсіпкерліктің қалыптасуына тарихи-саяси алғышарт жасалды.

«Кәсіпкерліктің қалыптасуының экономикалық базасының құрылуы» деген бөлімшедеорыс отарлауы қарсаңындағы қазақ жерінің дәстүрлі шаруашылығы, қазақ қоғамына капиталистік қатынастардың енуі, кәсіпкерліктің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызған инфрақұрылымның дамуы зерттелінген.

Аймақтың ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарға дейінгі экономикасы дәстүрлі шаруашылық негізінде дамыды. Сонымен қатар, осы уақытта өлкенің экономикасы орыс және ортаазиялық әскери шабуылдардан әлсіреген болатын. Ал, патша әкімшілігінің тарапынан жүзеге асырылған экономикалық мазмұндағы іс-шаралар, қазақ қоғамының әлемнің экономикалық жүйесінде болып жатқан өзгерістеріне тартылуына әсер етті. Әсіресе, капиталистік қатынастардың негізгі белгілерінің бірі болып табылатын – кәсіпкерлікті қалыптастыруға қажетті экономикалық алғышарттар туындады. Дегенмен, оңтүстік өңірдегі кәсіпкерліктің қалыптасуына тек ресейлік капиталистік қатынастардың енуі ғана емес, сол сияқты аймақтың климаты, құнарлы жер және су ресурстарының ықпалы да зор болды. 

   ХІХ ғасырдың ІІ жартысында оңтүстік өңірдің шикізат және еңбек ресурстары тек Ресейдің ғана емес, шетелдіктердің де үлкен қызығушылығын тудырды. Шетелдік кәсіпкерлердің жергілікті нарықтағы іс-әрекеті патша әкімшілігінің саясатына үлкен кедергілер келтірілді. Соған сәйкес, орыс тауарларына бәсекелестік тудырмас үшін және отар аймақты игеруді күшейту мақсатында, патша үкіметі бірқатар тиым салу шараларын анықтады.  Мысалы, зауыт қожайындарына шетелден темір мен шойынды баж салығынсыз әкелуге 1880 жылы тиым салынды [5; 1 п.]. Осы жылы Түркістан өлкесіне еуропа, парсы (иран) және түрік өнімдерін әкелуге рұқсат берілмеді [6; 15 п.]және т.б.

Кәсіпкерлерді капиталмен қамтамасыз еткен біртұтас банк жүйесінің құрылуы, кәсіперліктің қалыптасуына мүмкіндік берді. Ресейдің шет аймақтарындағы «бос жерлерді» экономикалық игеру, бай шикізат көздерін пайдалану, тауар өткізу нарықтарын кеңейту міндеттері –  банк бөлімшелері мен несиелік мекемелердің құрылуымен қатар жүзеге асты. Қазақстанның оңтүстік өңірінде акционерлік, коммерциялық банктердің бөлімшелері, несие қоғамы және қалалық қоғамдық банк, мемлекеттік банк бөлімшелері, несиелік кооперация және басқа да ұсақ несие бөлімшелері құрылды. Қазақтарға несиелердің берілуі, олардың кәсіпкерлік саласында қызмет етуге жағдай жасады. Сол уақыттағы баспасөз материалдарында қазақтардың банктерден несие алу жолын тез меңгеріп, сонымен қатар, несие алушы орыстарға қарағанда, бұл іске жауапкершілікпен қарай бастағандары туралы ризашылық білдірілген мақалалар жарияланды. Дегенмен, өлкеде өнеркәсіптің нашар дамуына байланысты, банктер өз капиталын көбінесе өсімқорлық операцияларды қамтамасыз етуге салды.

Осылайша, өлкеге банк монополиясының енуі, қаржы-банк жүйесінің құрылуы, Қазақстанның оңтүстігіндегі кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына қарқынды түрде ықпал етті.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында оңтүстік өңірге капиталистік қатынастардың енуін күшейткен, оның ішінде кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен факторлардың бірі – теміржол құрылысы болып табылады.

Теміржолдар салу арқылы, патшалық Ресей Орта Азия мен Шығысқа баратын жолын ашып, сыртқы сауданы дамытуға мүмкіндік алды. Теміржолдар салу ісі ХХ ғасырдың басында Қазақстан территориясын жылдам қарқынмен қамти бастады. Теміржол құрылысының салынуы Қазақстанда тауар-айырбас және ақша-тауар қатынастарының дамуына ықпалын тигізді. Сонымен бірге, қоныс аудару процесінің күшеюіне де әсер етті.

Қорытындылай келе, 1861-1917 жылдар аралығында қазақ жерінде кәсіпкерліктің қалыптасуына негіз болған экономикалық алғышарт жасалды. Осы кезеңде қазақ жерінде кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуші факторлар туындады. Оның ішіндегі ең негізгілері - банк-несие жүйесі мен теміржолдардың салынуы болып табылады. Сөйтіп, Қазақстанның оңтүстігі жаңа экономикалық аймаққа айнала бастады.

«Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері» деп аталатын екінші бөлім төрт бөлімшеден тұрады.

 «Аймақтағы өнеркәсіп орындарының дамуының кәсіпкерлікке тигізген ықпалы» деп аталатын бөлімшеде, Қазақстанда өнеркәсіп орындарының дамуының кәсіпкерлікке тигізген ықпалы зерттелінеді.

Қазақстанда өнеркәсіп орындарының дамуы, осы салада кәсіпкерліктің қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Кәсіпкерлер ең алдымен, тау-кен өндірісі маңына шоғарланды. Ресей мемлекеті үшін қазақ даласының қойнауындағы қазба байлықтар үлкен қызығушылық туғызды. Оларды іздестіру және оны игеру барысында патша әкімшілігі қазақ жерінде біртұтас іс-шарал

12345След.
скачать работу

Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы (1861-1917 жж.)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ