Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы (1861-1917 жж.)

ті кәсіпкерлік жайлы да ақпараттар алуға болады. 1895 ж. жарық көрген “Указатель фабрик и заводов окраин России: царство Польского, Кавказа, Сибири и Средне Азиатских владений” жинағына Қазақстанның оңтүстігіндегі фабрика-зауыттар туралы мәліметтер енгізілген. 1897 ж. Ресей империясының Бірінші халық санағының материалдарында ХІХ ғ. соңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өмірі жайлы мәліметтердің мол қоры бар. Оның Сырдария және Жетісу облыстары бойынша құрастырылған томдарындағы халықтың саны, мамандық бойынша жіктелуі және т.б. мәліметтер, кәсіпкерлердің әлеуметтік және этникалық құрылымына байланысты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. “Указатель дейстовавших в империи акционерных предприятии и торговых домов” деген атаумен 1905 ж. жарық көрген жинақта, аймақтағы  кәсіпкерліктің дамуының белгілерінің бірі - сауда үйлерінің сандық көрсеткіштері жарияланған.

Деректердің соңғы тобын мерзімдік баспасөз материалдары құрайды. Қазақстанның оңтүстігіндегі кәсіпкерліктің даму деңгейін ашып көрсетуде, қарастырылып отырған жылдардың басылымдарында жарияланған мақалалардың орны бөлек. Атап айтқанда, «Айқап», «Қазақ» және «Туркестанские ведомости» сияқты газет-журналдарда қазақ қоғамына еніп келе жатқан капиталистік қатынастар, шаруашылықтың жаңа түрлерін меңгеру, кәсіпкерлікті дамытуға байланысты, сол уақытта өмір сүрген адамдардың келтірген жекелеген мәліметтері, сипаттамалары құнды болып табылады. 

Диссертацияда ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының төмендегідей қорлары пайдаланылды:«Семей-Жетісу округтік инженері» (10-қор), «Далалық Солтүстік тау-кен округінің округтік инженері» (14-қор) қорларында өлкедегі өнеркәсіптік кәсіпкерлік жөнінде мәліметтер сақталған және осы сала бойынша қазба жұмыстарын жүргізуге берілген рұқсат құжаттары тіркеуге алынған. «Сырдария облысының Шымкент уезінің мемлекеттік мүліктерінің меңгерушісі» (34-қор), «Ішкі істер министрлігінің Түркістан уездік басқармасы» (119-қор), «Жетісу облысының 1-участкесінің округтік бақылаушысы» (156-қор), «Түркістан облысының Сырдария линиясының Перовск фортының қазақтарын басқару» (383-қор), «Әулиеата уездік басқармасы» (146-қор), «Верный уездік басқармасы» (41-қор) қорларында қарастырып отырған оңтүстік өлкенің жекелеген уездеріндегі кәсіпкерліктің даму барысын, оның ерекшеліктерін қамтитын материалдар жеткілікті.  «Жетісу облыстық басқармасы» (44-қор), «Дала генерал-губернаторының кеңсесі» (64-қор), «Жетісу облыстық статистикалық комитеті» (828-қор) қорларында кәсіпкерлердің жеке шаруашылық ашу жөніндегі өтініштері мен оларға берілген кәсіпкерлік куәліктер, зауыт, фабрика және жәрмеңкелердің жұмысы жөнінде құнды мәліметтер жинақталған.

Диссертацияда Өзбекстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының  төмендегідей қорлары пайдаланылды:«Түркістан генерал-губернаторының кеңсесі» (И-1 қоры), «Сырдария облыстық басқармасының материалдары» (И-17 қоры), «Сырдария облысының статистикалық комитетінің материалдары» (И-269 қор) деп аталатын қорлар өлкенің экономикалық өмірі туралы жан-жақты мәліметтер береді. Оларда Түркістан, Қазалы, Шымкент, Перовск уездеріндегі кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы бойынша құнды материалдар сақталған.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Экономикалық теориядағы кәсіпкерліктің методологиясы мен теориясы мәселелеріне байланысты айтылған тұжырымдар О.Ж.Әлиев, М.Ф.Пузиков және С.Е.Мамытовалардың зерттеулері кәсіпкерліктің экономикалық ой тұрғысынан отандық нұсқасын жасауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, тарихи дамудың өтпелі экономикалық кезеңдеріндегі кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері мен тарихына арнап ғылыми зерттеулер жазған ғалымдардың В.А.Васильев, В.В.Заорская және К.А.Александер,П.Г.Галузолардың пікірлері  пайдаланылды. Жоғарыда аталған тарихшылардың, экономисттердің тұжырымдамалары мен идеялары, ізденістері кәсіпкерлік тарихын зерттеуде тиісті әдістерді таңдауға, қолдануға жәрдемдесті.

1861-1917 жылдардағы Қазақстанның оңтүстігіндегі кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихын қарастыруда, ұлттық интеллигенция өкілдерінің Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев  және С.Асфендияровтардың сол кезеңдегі Қазақстанның экономикалық дамуына байланысты көзқарастары пайдаланылды. Сонымен бірге, Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму тарихына жаңаша баға беруге ұмтылыс жасаған отандық ғалымдардың Т.Ә. Төлебаев, Қ.Ж. Әбілов, Д.Жақыпбекова, Ф.Сұлтановалардың еңбектерінде айтылған ой-пікірлері мен ұсыныстары ескерілді.  

Диссертациялық зерттеуде тарихилық және объективтілік принциптері пайдаланылды. Объективтілік принципінің басты талабы – тарихи құбылыстар мен процестерді барлық қайшылықтары, күрделіліктерімен жан-жақты қарастыру. Сонымен қатар, барлық деректерге кең түрде шолу жасай отырып, өзара байланысыбардеректерді кешенді түрде талдау.Объективтілікпринципінің негізінде, Қазақстанның оңтүстігіндегі кәсіпкерліктің қалыптасуы мендамуындағы әлеуметтік-саяси құбылыстарды да ескеру қажеттілігі туындайды. Аталған принциптің талаптары, тарихи зерттеулердегі тұжырымдамалар мен әр түрлі деректердегі ақпараттардың шындыққа сәйкестілігін анықтауға мүмкіндік береді. Тарихилық принципі, белгілі бір құбылыстар мен процестердің дамуын, өзгеруін, сонымен бірге олардың өзара байланысы мен әсерін жан-жақты зерттеу міндетін алға қояды. Ол да, нақты тарихи мәселелерді шешуде, деректерге мүмкіндігінше толық талдау жасауды талап етеді. Сондықтан, зерттеуде Қазақстанның оңтүстігіндегі кәсіпкерліктің қалыптасуы мендамуының әр түрлі аспектілерін бейнелейтін деректерқорыжүйелілік тұрғысынан пайдаланылды.

Тақырыпты зерттеу барысында логикалық, құрылымдық, жүйелілік, хронологиялық, сандық, салыстырмалы-тарихи әдістер қолданылды.

Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі1861-1917 жылдар, яғни Ресейдегі реформалардың Қазақстанда, оның ішіндеоңтүстік аймақтағы кәсіпкерліктіңқалыптасуынатигізген ықпалынан бастап,Қазақ төңкерісіне дейінгі аралықты қамтиды.

Аумақтық шегіҚазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағын қамтиды, яғни, революцияға дейінгі кезеңде елдің саяси және экономикалық орталығы ретінде үлкен маңызға ие болған Сырдария және Жетісу облыстары қарастырылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.Қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстанның оңтүстік аймағындағы табиғи, экономикалық, этникалық және басқа да ерекшеліктер ескеріле отырып, жергілікті кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихына кешенді түрде талдау жүргізілді. Зерттеу жұмысының нәтижесінде Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасу мен дамуының оңтүстік аймаққа тән сипаты анықталды. Сонымен бірге:

-                     бұрын жарияланбаған көптеген маңызды деректер ғылыми айналымға енгізілді;

-                     Қазақстанның Сырдария және Жетісу өңірлеріндегі кәсіпкерліктің қалыптасуы және олардың жергілікті экономиканың әр түрлі салаларындағы даму арақатынасы алғаш рет салыстырмалы түрде қарастырылды;

-                     отандық тарих ғылымында зерттеу нысанына алынбаған 1861-1917 жылдардағы оңтүстік аймақтағы халыққа қызмет көрсету саласына, оның ішінде көлік, қолөнер-шеберханалық және тұрмыстық қызметке байланысты кәсіпкерліктің тарихы зерттелінді;

-                     оңтүстік аймақ кәсіпкерлері мен үкімет арасындағы қарым-қатынастардың ерекшеліктері анықталды;

-                     жергілікті кәсіпкерлікті дамытудағы өлкенің әлеуметтік және этникалық құрылымының ықпалына талдау жасалынды.         

          Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық маңыздылығы.Диссертациялық жұмыстың материалдары мен тұжырымдары Қазақстанның экономикалық тарихы бойынша оқу және оқу құралдарын жазуда, жоғары және орта арнайы оқу орындарында дәрістер оқуда және семинар сабақтарын,  экономика тарихы бойынша арнайы курс немесе арнайы семинарлар жүргізу барысында пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар, аймақтық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын дайындауда зерттеу жұмысының жекелеген қорытындылары кеңінен қолданылуы мүмкін.

Жұмыстың сыннан өтуі.Зерттеу жұмысы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасының ғылыми семинарында және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті тарих факультетінің ғылыми семинарында талқыланды. Зерттеу жұмысының мазмұны мен нәтижелері ғылыми журналдарда жарияланды,   халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда сыннан өтті.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

-        Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіпкерлік, Ресейдің капиталистік қатынастарының енуі негізінде, отарлық сипатта қалыптасты;

-        жергілікті өнеркәсіп кәсіпкерлігі кең түрде дами алмады. Оғанпайдалы қазбалардың игерудің мардымсыздығы, өндіріс капиталы мен біліктіліктің жетіспеуі себеп болд

12345След.
скачать работу

Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы (1861-1917 жж.)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ