Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу

міндегі А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» (Алматы, 2007. №4; 2008. №2) және «Қазақстанның ғылыми әлемі» (Шымкент, 2008. №6) атты ғылыми журналдарда 10 мақала түрінде жарық көрді. Жұмыс мазмұны ҚР БжҒМҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы Лингвистикалық семинарда баяндалды, лексикология бөлімінің кеңейтілген мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, зерттеудің нысаны, мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңызы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, зерттеу жұмысы барысында қолданылған әдістер, пайдаланылған дереккөз, жұмыстың жария табуы мен мақұлдануы, зерттеудің құрылымы туралы мәлімет беріледі.
Зерттеу жұмысының «Қаламгер тілін кешенді зерттеудің адамтанымдық негіздері» атты I тарауында қазақ тіл біліміндегі қаламгер тілінің зерттелу тарихы мен көркем тілді зерттеу теорияларының мәні сараланады.
Сондықтан адамтану тарихы әріден басталады, тіл ғылымындағы тілдегі адам, адамдағы тіл ұстанымы тұрғысынан жүзеге асатын тілтанымдық адамтану теориясы екінші кезектегі мәселе болып қалатынын ескеру керек.
1.1. тарауша «Қазақ көркем сөзінің зерттелуі» деп аталады. Онда ізденуші зерттеу бағыттарындағы адамды тану мәселесінің қойылуына байланысты бұрынғы (дәстүрлі-құрылымдық), жаңа (антропоцентристік парадигма) деп аталатын анықтамаларды қолданудың қажеттілігіне сын айтады. Біріншіден, тіл арқылы адамды тану қағидасы ұлы Жаратушының адамды «әлемге артық етіп» жаратып, яғни санасы мен тілі негізінде адамның өзін-өзі тану арқылы иесін тануға мүмкіндік беруімен байланысты.
Екіншіден, тілді таныммен бірге, тұтастықта тексеруді 20-ғ.басындағы қазақ зиялылары жолға қойып кеткен. Үшіншіден, дәстүрлі-құрылымдық жүйенің тұсында да тілден адамды тану мәселесі мәтін→идея негізінде іске асты. Бұл ретте шығарманың ішкі пікір жағы шығарманың түрі әдебиеттану ғылымының зерттеу нысаны болса, тысқы тіл жағын тексеру – тіл ғылымының еншісі. Жазушы Ғ.Мүсірепов бағалағандай, тіл ғылымының «қаламгер қауымға жөн сілтеп отыратын, мойнында теориялық парызы бар туыстығы» – осымен байланысты шыққан жағдай.
«Жазушылық – адамтану ғылымы» десек, сайып келгенде, «тіл мамандары – жазушылар мен әдебиетшілердің егіз-қатар серігі, еңбектес сыңарлары» (М.Әуезов) жөнімен» адамтану ғылымының» дамуына үлес қосып, қоғамға қызмет етпек. Олай болса, тіл ғылымының көркем сөз, шығарманы тілтанымдық адамтану (антропоцентристік парадигма) теориясы тұрғысынан зерттелуі заңды.
Тіл мен танымды тұтастықта қарайтын «тіл мен таным біртұтас» қағидасына сай «тіл – халықтың жаны» (В.Гумбольдт) екенін қазақ көркем сөзі дәлелдеуді негіздеген XX ғ. басындағы қазақ зиялылары еді. Атап айтқанда, тілші-ғалымдар Құдайберген Жұбанов «Абай – қазақ әдебиетінің классигі», «Диуани хикметтің тілі туралы», Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны», ақын-жазушылар Жүсіпбек Аймауытов «Мағжанның ақындығы туралы», Мағжан Жұмабаев «Ақан Сері», «Бернияз Күлеев», «Базар жырау», «Әбубәкір ақсақал Диваев», Мұхтар Әуезов «Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған программа және түсінік хат» сияқты мақалаларын осы тұрғыда жазған.
Олардың қай-қайсы да көркем сөзді тексермес бұрын, жазушы адамның шыққан тегін, өскен ортасын, алған тәліміне мән берген немесе сөзінің айтар мағынасын қазіргі тілмен айтсақ, тілдік емес экстралингвистикалық мәнділік – тұлғаның әлеуметтік жағдайымен байланыстыра отырып ашқан.
Сондықтан тексеруші, сыншы ақын шығармасын тексергенде, ол ақын ба, қандай ақын, кімнің ақыны, нені жырлайды, қалай жырлайды деген сұрауларға жауап беруге тиісті. Бұл сөз иесінің кім екенін, қандай танымның жемісі екенін, ақынның күш-қуатын, шығармасының әлеуметтік мағынасын, әсемдік құнын ашуға, дәл, әділ бағалауда тиімді болмақ.
Сондықтан М.Жұмабаевтың тіл мен танымның тұтастығына қатысты «тіл – адам жанының тілмашы», М.Әуезовтің «сөз – ойдағы пікірдің құралы» атты пікірлері тіл философиясының негізін салған В.фон.Гумбольдтың «тіл – ұлттың рухы» деген тұжырымымен үндеседі.
Соған орай, біз қандай дана адам болмасын, ол сол кездегі өзінің туған, өскен ортасының жемісі еді деп білеміз. Бұл пікірді Сұлтанмахмұт бұдан да гөрі анықтаңқырап, былай дейді: «сезімнің сыртқа шықпас түсі бар ма, оны жасырар адамның күші бар ма? Біреу сөз, біреу пішін, біреу күймен, көрсетпейтін жүректің ісі бар ма?», – дейді. Және …ескісі болсын, жаңасы болсын – қандай әдебиет болса да, бәрібір – ілгеріде өткен қауымның өмір тіршілігін біздің көзімізге елестетпей қоймайды. Яғни, әдебиет сол қауымның саяси құрылысын, мәдениет халін, шаруашылық күйін, дүниетану көзқарасы дәрежесін, әдет-ғұрпын, қысқасы нені жақсы, нені жек көретінін бізден жасыра алмайды [1,300]. Міне, Қ.Жұбановтың осы пікіріне қарағанда, көркем шығарма халық рухының көрініс есебінде зерттелуі керек. Бұл – түптеп келгенде, ұлт рухын тану, танытуды көздейтін зерттеу қыры. Алайда қазақ зиялыларының қазақ көркемсөзін бағамдаудағы осы сынды ұлттық бағыттағы зерттеу үрдісі кезеңдік саяси-әлеуметтік жағдаятқа байланысты жалғаспай қалды.
Осыдан кейін тіл білімінде қалыптасқан лингвистикалық стилистика саласының дамуы да тілдің табиғатын, соның ішінде қаламгер тілін зерттеуде белгілі дәрежеде жаңа деңгейге көтерілді. Қазақ тіл білімінде 70-жылдардың басына таман жарық көрген ғалым «Қазақ прозасының тілі» атты кітабында тілші-ғалым Е.Жанпейісов: «бұрынғы-соңғы лингвистикалық еңбектерді, не қолдағы бар әдебиеттік зерттеуелерді алсақ, қайсысында да көбінесе әдеби тіл туралы, оның пайда болу, даму, жетілу жолдары әңгімеленеді. Ал, жалпы көркем әдебиеттің, жеке жазушылардың тілі ішінаралап қана талданады» деген сын айтқан. Жеке жазушының тілін зерттеу дегенде ғалым Қ.Жұмалиев (Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі. Алматы, 1948), М.Балақаев (Сөз және шеберлік. Алматы, 1948), Ғ.Мұсабаев (Поэзия жаны – көркем тіл. Алматы, 1958), Р.Сыздықова (Абай тілінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері. Алматы, 1959), Б.Манасбаев (С.Мұқанов поэзиясының тілі, 1960) т.б. ғалымдардың есімдерін атайды [2,5].
Ғалым Қ.Өмірәлиев: «егер тіл білімі грамматикалық категориялардың анықтамалары мен ерекшеліктерінен ғана тұратын болса, онда бұл ғылым үшін қазақ әдебиетінің ұлы классиктері Абай мен Мұхтардың шығармаларына соқпай да, оларды мүлде ұмыт қалдырып та оқулықтар жасауға, осы оқулық талаптары сипатындағы монографияларды жазуға әбден болады» [3,18] дегенді айтады.
Және осыдан шығудың жолдарын да көрсетті: «Адам санасына баға бергенде, олардың өздері жасаған дәуірдегі қоғамдық болмыстық тұрғысынан келіп баға беру керек болады. Олай болса, белгілі бір дәуірдегі қоғамдық болмыс адамдарға нені айтқыза алар еді деген тұрғыда келуіміз керек» [3,10]. Академик Р.Сыздық тілімен тұжырымдасақ, «көркем туындының тілін лингвистикалық стилистика тұрғысынан талдау дегеніміз – тілдің жеке бөліктерін («единицаларын») түгендеп атау емес, сол бөліктердің қолданысы, қолданыстағы көрінісін зерттеу болмақ» [4,5] деп, мәтін ішіндегі тұрмыс-тіршілікті сөз ету арқылы қаламгердің ұстанған мақсат-мүддесін тану жолға қойылды. Қазіргі көзқарас бойынша, сөздердің қолданысы қандай мақсатты өтеп, сол арқылы жазушының нені қалай суреттеп тұрғаны – қаламгердің діттемін пайымдайтын прагматикалық мәселе.
Бүгінгі зерттеулер мәтіндегі сөз қолданысын зерттеу ісін әрірек жылжытып, автор→ мәтін →оқырман үштігінің қатысынан қарастырып, тілдің функционалдық мәні, яғни қолданыстағы сыр-сипаты, яки оның өмір сүруіне тікелей ықпал етуші – Адаммен байланысты зерттеуге [5,7] ден қойды. Ол түптеп келгенде, шығармашыл адам тұлғасын оның тілімен тұтастықта қарайтын зерттеулердің тілдік тұлға мәселесіне келіп тірелерін тілтанымдық адамтану бағытынан байқауға болады.
«Ақын тілін оның адамтанымдық өлшемі ретінде талдау» 1.2 тараушада ақынның ғылыми атауы – тілдік тұлға тіркесінің білдіретін ұғымы тіл мен тұлғаның теңдігіне (тіл=тұлға) саярына сай оны «тіл-тұлға» деп атау ұсынылады.
Егер мәселе тіл мен тұлғаның теңдігінде жатса, оны тілдік тұлға дегеннен гөрі тіл-тұлға деп атау керек сияқты. Өйткені, біріншіден, тілдік тұлға теориясының көздейтіні – тілі арқылы тұлғаны тану мәселесі. Ендеше, тілдік тұлғаны тану бір күннің ісі емесін айтпағанда, ол тілтану ғылымының шеңберінде шешілетін мәселе емес. Айталық, тілтанымдық адамтану үшін тіл→қоғам, ұлт, мәдениеттің көрінісін социолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттаным (макрокомпонент) салалары және тіл→психология, физиология, гнесология сипатын психолингвистика, гендерлік лингвистика, когнитивтік лингвистика (микрокомпонент) тұрғысынан зерттеу адамның күрделі де кешенді жүйе болуымен байланысты керек болды. Немесе тіл иесі – тұлғаны тану мақсатында әдебиет, тарих дерегіне сүйеніп, психологиялық (ділінің) ерекшеліктерін әлеуметтік жағдайлармен тұтастықта қарастыру да осы себептен. Олай болса, тілдік тұлға – тіл-тұлға лингвист-тілшілер ғана қолданатын термин болмасқа керек. Сонда ол қолданыс аясын, сонымен қоса, тұлғаны танудың кеңістігін де кеңейтер еді.
Белгілі философ Ғ.Есім мәселені осылай қоюдың қажеттілігін айтады: «Мәселені қоюшы да, оны тарқатушы да, оны қажет етуші де – адам, сондықтан адамсыз Алла, керісінше Алласыз ешқандай мәнді сөз емес» [6,146;147]. Осы тұрғыдан келсек, тіл &nda

12345След.
скачать работу

Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ