Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу

Ақын және оқырман қатынасының интерпретациясы» атты 1.4. тараушада ақынды зерттеуші-оқырман-интерпретатор (түсіндіруші) ақын сөзінің (логос) түп мәнін қаламгердің сөз қолданыс қалпының өзінен ғана емес, ол ақындық құрған дәуірдің саяси-әлеуметтік тыныс-тіршілігі (пафос) мен ақын (этос) екеуінің арасындағы қатынастан іздеудің қажеттілігі айтылады.
Жұмекен ұлт ақыны болғандығы үшін, Мағжан, Шәкәрімдер сияқты «халық жауы» ретінде қуғын көріп, атылмағанымен, өз қоғамынан «мәдениетті» қиянат көрген. «Жұлқып жатқан ешкім жоқ жағамды ұстап, Түймем бірақ тым жиі үзіледі» деген сөзі соны аңғартады. Бұл ретте ақын рухани қысасты меңзеп отыр. Осыған байланысты оның оқырманын былай жіктеуге тура келеді:
1). Жұмекеннің өзі сынды «бір бармағы ішіндегі кісілер». Оған «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» қағиданы былай қойып, «түрі социалистік, мазмұны ұлттық» шығарма жазып, «қазақтың тарихын, әдебиетін өзіне қайтарған» (М.Мағауин), болмаса оған қолы жетпегенмен, соған тілектес болған қазақтың «озық ой» иелері жатады. Мәселен, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Ә.Тәжібаев, Ғ.Қайырбеков, Ә.Сәрсенбаев, Т.Медетбек секілді ақын-жазушылар Жұмекеннің «әр сөзінің тасасындағы асылының», өлеңге астар салғанда, нені айтқысы келгенін сезген, таныған.
2). Коммунистік насихатты тыңдап, сол түсінікпен өсіп, ұлттың өзіне тән табиғи санасынан жырақ дамыған, оны жатырқап өнген оқырман. Бұл топты «мазмұны социалистік» шығармалардың оқырманы құрайды. Сондықтан олар «түрі ұлттық» Жұмекен поэзиясымен түсінісе алмайды. Қ.Мырзалиевтің «эксперимент бізде Барса келмес секілді. Ал, Жұмекен Нәжімеденов ше? Үш күннің бірінде мақталса, екі күннің бірінде сыналады. Түсініксіз. Күңгірт. Жұмбақ деп көндіріп келеміз-ау деп қорқам» [8,20] деген сөзі осыны көрсетеді. Екінші жағынан ақынды түсінбеудің осы тұста басталғанын шамалауға болады.
3) Ақынмен «қағаз жүзінде» сұхбаттасып отырған бүгінгі оқырман. Алдыңғы екі топ адресантпен (автор) замандас болғандықтан, бір-бірімен «жауаптасып», ақынның танымына түрткі болып, тың ойын оятуы да ғажап емес. Сөйтіп, жауап әрекет (реакция) нәтижесі ақынның жаңа өлең жазуына себепкер болды.
Ақынды уақыт пен кеңістік категориялары бөліп, сөзіне ғана «қараған» бүгінгі оқырман не біз алдыңғы екі топқа үкім шығармақ емеспіз. Ақын және оның екі түрлі оқырманы да қоғамның перзенті екенін ескеріп, сол тұрғыдан қарағанда, мәселе шешілмек. Бұл ретте біріншіден, ақын тілінің «ауырлығы» – жаратылыс берген қасиеті; екіншіден, жаратылыс берген санасы қоршаған орта табиғатына бейімделу барысында айналаны танып, дамып; үшіншіден, үйде, оттың басында алған тәрбие – міне, осылар ақынның бүкіл өмірінде ұстанған қағидасының негізін құрайды.
«Жұмекен өлеңдеріндегі дүниенің тілдік бейнесі» деп аталатын II тарауда ақын тіліндегі дүние бейнесін (тіл-құрал негізінде берілген ақынның ақиқат дүние туралы көзқарас, түсінігі) негіздеуші тілдік емес мәнділіктерін – әлеуметтік себептерін мұрағат деректерімен дәйектеп, ол тілдік бірліктер – сөзі арқылы анықталып, талданады.
«Жұмекен шығармашылығының зерттелуі» деп аталатын 2.1. тараушаның қажеттілігі ақынның «ауырлығын» нақтылап, «жұмбақ» атауын қалыптастырудың ұйытқысы болған оқырманның (зерттеушілер) орнымен байланысты туындады.
Жұмекеннің тұла бойы тұңғышы – «Балауса» ақынның жиырма алты жасында жарық көрген (1961). Қ.Мырзалиев тілімен айтсақ, содан бастап ақын аз сөзді, содан бастап көп мағыналы [1] екенін дәлелдеген «Сыбызғы сыры» (1963), «Өз көзіммен» (1964), «Жарық пен жылу» (1966), «Күй кітабы» (1967), «Мезгіл әуендері» (1968), «Ұлым, саған айтам» (таңдамалы – 1969), «Гүл туралы баллада» (1971), «Ақ шағыл» (роман – 1973), «Кішкентай» (роман – 1975), «Даңқ пен дақпырт» (роман, повестер – 1977), «Жетібояу» (1979), «Ашық аспан» (1982), «Қыран-қия» (1984) атты кітаптары оқырман алдынан өтті.
Жұмекеннің оқырманы ақынның «ойшылдықты» «Балаусадан» бастап,
кітап сайын тереңдеп, кітап сайын кекселеніп отырғанын жоққа шығарған емес: ақынның ең көп үміт күттірген жақсы қасиеті – ойшылдығы. Ойшыл болғанда, Ж.Нәжімеденов тақылдап данышпандық құрмайды. «Дүниенің сырына алаң» лирикалық геройы айналасынан ылғи сыр, мән-мағына іздеп жүреді [9].
Осыған байланысты тұстастарынан дараланып отырғанымен, осыған байланысты «түсінілмеген», «тереңіне» тарта берген. Жұмекенді түсінген оқырман (диссертацияда Жұмекенді түсінуге тырысқан ақындардың пікірлеріне ерекше назар аударылды) ақын өлеңдерінің иірімі ұлттық болмысы болып табылатынын аңдады: ақын өлеңдерінде сарқылмас қуат иесі – х а л ы қ т ы ң нанымды бейнесі бар [10].
Ал, екінші оқырманы біріншіден, оның «бірді айтып, бірге кететінін» сынға алды: Әдетте Жұмекен өлеңдерін оқып отырсаңыз, булығып-булығып келеді де әр жерінен жарқ ете қалады. Бұл нені білдіреді? Бұл көрінбей жатқан күшті білдіреді. Жол таппай жатқан қуатты білдіреді [11]. Екіншіден, ақын «айтпағын тау мен тасқа қарап айтпай, адам, уақытпен байланыстырса» деді: Жұмекен ойларын өне бойы тау мен бұлтқа қарап отырып айтпай, өмірдегі үлкен уақиғалармен, адаммен де байланыстырып айтса екен. Екіншіден, ақын өлеңді ойға құрам деп бірді айтып, бірге көшкен жағдайларын да ұшыраттық. Мұндай жағдайда оқушы ақынның ізінен адасып, оның не айтпақ болғанын түсінбей қалады [12]. Үшіншіден, «көтерген тақырыбы «ескі», заманын жырға қоса алмайды» деді: Бір айта кететін нәрсе Жұмекеннің өлеңдерінде …дәуір тынысын, заман құдіретін сезіну аз, жеткіліксіз. …Отан, туған жер туралы көп өлеңдерді 1962 емес, 1862 жылы жазылған десе де болғандай. Өз дәуірін жырлай білмеген деп осыны айтады. Бұл кімге болса да қолына қалам ұстаған соң, кешірілмейтін кінә болуға тиіс [11].
Міне, ақын жырын тұтастықта қарастырып, тұжырылмағаннан кеткен кемшілік қана емес, сыншы З.Серікқалиев тілімен айтсақ, солақай, үстірт көзқарастардың негізгі сарыны – осы. Мұның қателігін Жұмекеннің «бір қолдың саусағындай» оқырманының пікірімен дәлелдеу біржақтылыққа ұрындырады. Ол ақын мен қоғам қатынас, байланысын таратқан тұста ашылмақ. Біздің зерттеу жұмысымыз ақынның осындай «кемшіліктерін» қоғамының талабы тұрғысынан тексеруге арналды.
Тәрбиелік-танымдық тектің ақын даралығының қалыптасуына ықпалы деп аталатын 2.2. тараушада Жұмекеннің даралық ақындық сипатын негіздеген факторлар санамаланды.
Жұмекен «ешкімге ұқсамайтын, өзіндік жаратылысы, өзіндік ақындық бейнесі бар» (Ә.Тәжібаев) ақын десек, демек, онда ешкімде қайталанбас дүние бейнесі де бар. Дүние дегеніміз адам, оны қоршаған орта болса, дүние бейнесі дегеніміз – сол ортаның әсері тудырып, ақынның «көркем» санасы өңдеген, реттелген сөз-бейне-ақпарат. Олай болса, тіл-сөз – дүние бейнесін қалыптастырудың бірден-бір кілті.
Жұмекеннің тілін сөз ету нәтижесінде ақынның дүниетанымын танып, тіл ғылымы тілімен айтқанда, дүние бейнесі ашылады. А.Байтұрсынов оны ғалам бейнесі деп атайды. Сөздіктің анықтауынша, дүние 1). өмір, тіршілік, жер беті; 2) реалды өмір, табиғат; 3) табиғат, жаратылыс, айнала, төңірек, қоршаған орта; 4) табиғат пен қоғамда қалыптасатын белгілі бір орта [ҚТӘС, 5-т, 50-51] деген мағына береді. Ал, ғалам 1) әлем; 2) шындық, дүние, болмыс; 3) алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын, кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі де жоқ бүкіл дүние [ҚТӘС, 4-т, 386] деген мәндерде қолданылады.
Егер адамның білімінің белгілі бір дәрежеде «шектеулі» екенін ескерсек, «шеті де, шегі де жоқ» – он сегіз мың ғалам құбылысы туралы білім «көместі көруші» тек Жаратушы Аллаға тән. Әлем шексіз, адам оны өз дүниетанымының мүмкіндігі шеңберінде ғана тани алады. Адам өз болмысынан тыс, өз формасына сыймайтын дүние мазмұнын тани ала ма? [13,45].
Адам, дұрысында, «табиғат, жаратылыс, айнала, төңірек, қоршаған ортада» өмір сүріп, соның бейнесін жасайды. Міне, осы себептен де оны дүние бейнесі деген дұрыс па дейміз. Дүние бейнесін қаламгер творчествосына көз сала отырып бағамдауға болады. Екінші сөзбен айтқанда, бұл – ақын-жазушының өмір сүрген уақыты, ортасы, сол дәуірдің өзіндік ерекшеліктері, қайшылықтарының көрінісі [14,42].
Алдымен, ақындық – «тәңірлік құбылыс». Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. хадистерінде «сен әлі құрсақта жүрген кезде сені сүйіп, саған рақым көрсетіп, саған дарын берілді» деген екен. Ал, оның бер жағында (шартты түрде болса да) ақын санасындағы дүние бейнесінің қалыптасып, дамуына тікелей түрткі болған тілдік емес мәнділіктер (экстралингвистикалық фактор) бар. Бұл ретте ақынды туған «ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп», оның санасына адамдық негізін қалайды дегенмен, ана да – табиғаттың перзенті. Өйткені әртүрлі табиғат аймақтарында өмір сүретін адамдар сол табиғат жағдайына үйреніп, бейімделіп, соған лайықты шаруашылықпен айналысады. Табиғат көрінісіне, жағдайына икемделу – адамның негізгі бір қасиеті. Жүздеген, иә мыңдаған жылдар бойы жалғасатын бұл икемделу тек материалдық өндіріспен ғана шектелмей, ол адамдардың ой-өрісіне де әсер етеді [15,88].
Өз тілімен айтқанда, «күнге жайған терідей сор қаптаған жағалай» Қошалақтың құм төбелі жазық даласының ақынның жаз жайлау, қыс қыстау қонып, көшіп жүрген қазақ қоныс тепкен атамекен символында жұмсалуы – соның көрінісі. Ақын қолданысындағы құм лексемасының мағыналық өрісі осы түсінікке тіреле
12345След.
скачать работу

Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ