Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу

ында осы үшін көршінің халі «сылтау» болғанын байқайсыз. Осы ретте белгісіздік есімдіктері арқылы жұмбақтап, осы тұсқа келгенде, олардың адрестерін көрсетуден «қашады»: екі дүние ортасында жатқан әлдекім, халсіз әлдебіреу… Соған да «асығатыны» аңдалады: Мен асықсам – мойнымда парыз көп. Демек, ақынның асығыстығы – өзіне артқан парызымен байланысты туған кеп. Сайып келгенде, бұл детальдың барлығы да ақынның адамға тән қарым-қатынасының көрінісі секілді көрінеді.
Соған орай, сөз соңын өлең оқиғасымен байланыстырып, бағалау қиынға түседі: «Қауіптенем, жарылардай жүрегім, алқынып бір жеткен шақта Ұлы елім, – Кешіктің ғой, Ұлым, дейтін секілді». Міне, тұрмыс-тіршіліктен таңдаған деталь арқылы ақынның айтқысы келгені – осы. Яғни өлеңдегі осы ситуация өмір мен өлім арасындағы, яғни «Менің елім» дегенді ашық айта алмай, ұлттық санасы төмендеген сол кезеңдегі қазақ жұртының тағдырын тұспалдап отыр.
Өйткені оған жәй алқынып, асықпайды. Оған қарама-қарсы тұрған күш-қуат – жел бар: «Жете алмайсың!» – деп итерді жел алдан. Жел – метафора, ақын өзіне-еліне үстемдік құрып тұрған коммунистік идеологияны соған балап отыр. Демек, соған қарамастан, алға ұмтылғаны, елдің тағдырын жыр еткені – желді «алдап соққаны». Өйткені Жұмекен қолданған бір детальдың өзі құпия кілтке айналып отыр.
Сөз қолданыс – жазушы шеберлігінің айнасы. Бұл орайда әңгіме желісі болатын шеберлік тұстары әр алуан болып келеді. Солардың бірі – шығармада айтылмақ оқиғаның сырын тұспалдап ашатын сөздерді қолдану екені белгілі. Егер өлең тіліндегі сөздерді талдайтын болсақ, халық тіліндегі жалпы сөздердің көріктеуіш, бейнелеуіш, әсерлеуіш қызмет атқаратын құбылмалы қалпын (трансформациясын) зерделеуіміз керек. Мысалы,
Қоңыр шешем қоңыр кешті жамылып, көзін сулап қалып еді қамығып,
Қоңыр жолға түсіп едім мен өстіп, қоңырқай ой маза берер емес түк;
Қоңырайып жатыр алда жол әлі, Кеудем кейде қоңыр к ү й ге толады.
Қоңыр әнмен қазақ б е с і к тербетіп, өргізіпті-ау қоңыр-қоңыр баланы;
Қоңыр к ү п і, қоңыр д а л а, қоңыр үн… Қоңыр күймен өтіп жатыр өмірім.
Қоңыр күзде қоңыр шаруа күйбеңмен, қоңсы қонған қоңыр қызға үйленгем;
Қоңыр-қоңыр күй тыңдап ем жасымда, Шешем қалды қоңыр төбе басында.
Қоянжонға қоңыр ымырт түскенде, Қоңырайып отырамын үстелге…
Бұл құбылыс – текст түзілімі (текстообразование) [4,88]. Бір микротексте бір сөзді бірнеше қайталап қолдану – оған стильдік қызмет үстеудің амалы. Өлеңдегі Қоңырдан «тараған» сөздердің (қоңырайып, қоңырқай) стильдік реңкі сондай, өлеңде дыбыстық жағынан аллитерация қатарын түзіп, үн үндестігін (гармония) тудырған Сөйтіп, ақын идеясын аша түсуге жағдай жасаған. Жазушы Ә.Кекілбаев «Қайран Жұмекен, осы бір кіп-кішкентай өлең жолына күллі қазақтың баяғы ата-баба заманынан бергі бар-бар тірлігін, тірлік кешіп жатқан өмір ортасы, мінез-құлқы, ұлттық сипатын сол қалпында бұлжытпастан мөлдіретіп, …мүсіндеп шығарған да қойған» [7] дейді.
Шын мәнінде, «Қоңыр» өлең қазақтың «ата-баба заманынан бергі бар-бар тірлігін, тірлік кешіп жатқан өмір ортасы, мінез-құлқы, ұлттық сипатын» қай ретте қалай танытып отыр? Бір анығы: қоңыр сөзі өлеңде түсті білдіретін тура мағынасында келмейді. Бұл – бір. Екіншіден, метафораланған сөздерді «тіркестіріп», олардың да мағыналарын ауыстырған.
Егер қоңыр күпі, қоңыр-қоңыр күй, қоңыр әнмен тербетілген бесік – бұлар қоңыр дала – қазақ тұрмысынан хабар беретін тілдік бірліктер десек, қоңыр шеше – қазақ жұртының символы.
Қоңсы қонған (көрші) қоңыр қыз – қазақ табиғатынан ақындық қасиет дарыған халық деген мағынаны астарлайды. Ендеше, ақын – «қоңыр шеше» – қазақтың қасиетті құрсағынан жай «өрген қоңыр-қоңыр баланың» бірі емес, қоңыр қызға үйленген, қоңыр шаруа күйбеңнің адамы.
Жұмекеннің «қоңыр шаруа, күйбең» сөздерін қолдануының мәні терең.
«Ақ, қызыл, қара да… бәрі де, өзінше салтанат құрып», «ақ, қара, көк, қызыл, қоңыр – әр алуан, әрқайсы өз мінезін баяндап» жатқан дүниеде «қоңыр бояу
күннің күлуге жаралғаны сықылды ойлауға жаралғандай». Яғни ақын өмір-ақ мен өлім-қара арасындағы көк-дүниеде қызыл – заманының коммунистік идеясы насихаттаған ұранға мойынын ұсынып, түсінігін қабылдаған емес, сондықтан қызыл сөз жазбайды. Өлеңнің қоңырға қарсы күштердің бары не жоғына қарамай, қоңырайып кеткені сондықтан боса керек.
Ақынның «жалғыздық көрмесін деп тағдыр мені өлең деген бір қызға «үйлендірген» деуіне қарағанда, қоңыр – қазақ тақырыбына саналы түрде барған. Шынында ол жалғыз емес, қоңыр күз, қоңыр кеш, қоңыр ымыртта серік табады: («ойлауға жаралған») қоңырқай ой маза берер емес түк. Сайып келгенде, қоңыр шешеден қоңыр балаға дейінгі қоңыр тірлік – Жұмекенді мазалаған ойдың салдары. Ал, себебі: ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздік көзден бұл-бұл ұшып, кеудесі шер, көңілі мұңға толып, қоңыр шеше – қазақ өз топырағындағы төбе басында қалды. Бірақ та ол арман-мұратын арқалап әкеткен жоқ. Артына аманаттап кетті.
Қоңыр жол – ақынның ақындық ғұмыры аманатқа қиянат жасамауды ойлайды. Сол үшін күреседі («Менің үшін күрессе, күреседі өлеңім!»). Күрес қимылы – әдіс-тәсілі тым «терең» («түсініксіз») болғандығы себепті, саяси цензура тіпті оның «аруақ шақырып», топырағына тартатынын байқамаған: «Дала саған болады көңіл айтса, Қазасы үшін кешегі Махамбеттің»; «Топырағымен көзін сүрткем Жамбылдың, Бата алып ем Махамбеттен, Абайдан»; «Әзірше алдым жай бір пенде есімін, Жо, жоқ-жоқ, жаман болман! Мына өзім Мұхтар мен Махамбеттің жерлесімін!», «Бірақ мында Махамбеттің қылышының бар табы, Талай ойды табынтады, ол да өзіне тартады»; «Тазартып қаннан жуғанмын, Махамбет ердің жарасын»; «Бір ғасырды қазып алсаң қопарып, Махамбеттің ізі шығар астынан»; «Күйшілік пен жыршылықтың қонғаны, Махамбет пен Құрекеңнің әруағы»;
«Ескіре ме? Ескірмейді қырдағы, Махамбеттің қылыш жайлы жырлары…», т.б.
Міне, осы жолдар ақынның өз халқының күрескер тарихын үлгі тұтып, ескірмейтін ескі сөзін ескерген ақын екені байқалады. Олай болса, ақынның қызыл-дүниені жырға қоспай, өмірін қоңыр күймен өткізуі, оны қазақтың көзімен танып, бағалауы заңды да.
Ақын өлеңдеріндегі сөз таңдаудың ерекшелігі өмірдің үлкен саласына өмір шындығын, атап айтқанда қазақ халқының ұлттық болмысын шынайы көрсетуде этнографизмдер деп аталатын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрге қатысты сөздер мен тіркестерді дұрыс танып, дәл тауып қолдану жатады. Басқаша айтқанда, ол стильдік амалдарды шебер қолдануына ғана емес, бейтаныс тілдік емес білімдер жүйесін ашып беруімен де байланысты. Мысалы, ақынның «Өмір» атты өлеңінде басты «кейіпкер» – әр күні желіден өріп, күлге шөгетін түйе. Бұл – мал баққан қазақ тіршілігінен алынып отырған бейне болғандықтан, қазақ тұрмысынан хабардар адам оның мәнісін біледі.
Желі – мал сауған кезде төлдерді (құлын, бұзау, қозы-лақ) байлау үшін екі қазыққа кере тартып байланған арқан [ҚТТС,71]. Осыған байланысты желі арқан (желіге арналып есілген жуан арқан), желі қағар (жаңадан бие байлаған күні беретін ас-су, кәде), желі тартарың көбейсін (құлынды желіге байларда алғаш айтылар тілек) деген тіркестер бар. Шөгу – шөк (ет) түйенің тізесін бүгіп жатуы деген мағынаны білдіреді.
Бір күйді бастайыншы, күй артығы, өзен боп бір теңізге құяр түбі…
Қайтсем де бүгін Мекке барамын деп, Желіден өреді екен түйе әр күні.
Теріп, қырқып сол түйе әр бұтаны, Жантақ, сораң, қаңбақты қарбытады.
Түске жақын күрсініп күлге шөкті, Ұлы сапар басталмай қалды тағы.
Әркім де тілек қылып жүр күресіп, Жатыр үміт бірде өшіп, бір күні өсіп.
Таңғы көңіл – ашқарақ, Түсте тойып, Ертесіне тағы да тірлік – осы.
«Айтарын абайламай айту» (Мұқағали) мұң болып, ойына «ноқта» түскен ақын өзін желіге тәуелді (басында билігі жоқ) түйедей сезінеді. Ақын өзін түйеге тегін теңеп отырған жоқ. Оған әлді, төзімді, қайсарлығы себеп болған. Өйткені түйе – төзімділіктің символы. Бұрын мал өсіріп, сол өсірген түліктерінің өсімдері мен беретін құнды өнімдерін пайдаланған шаруалар баққан малының қамы үшін шөбі шүйгін, суы мол жерлерге көшіп-қонып жүретін. Сол көшкенде негізгі күш көлігінің бірі түйе болатын. Ыстық пен суыққа шыдамды мал.
Міне, осындай қайсар мал – түйе-адамның өзін «көгендеген» желінің «мықты» екені көрінеді: (түйе) түске жақын күрсініп күлге шөкті. Соған қарамай, түйе-адам алған бетінен қайтпайды: «қайтсем де бүгін Мекке барамын деп, желіден өреді екен түйе әр күні» – «әркім де тілек қылып жүр күресіп». Яки түйе желінің үстемдігін мойындағысы жоқ. Нәтижені көрмесе де, «үмітсіз – шайтан» философиясымен алға ұмтылады: «Жатыр үміт бірде өшіп, бір күні өсіп».
Мекке – Асанша айтсақ, Жерұйық, қазақтың өз ордасы. Түйенің ұлы сапары – тәуелсіздік идеясы. Жантақ, сораң, қаңбақты (қазақ тіршілігінің көздері) қарбытуы ақынның тәуелсіз күнге дайындалып жүрген жайы: «Кім бізді бұл күннен іздесе, келер күн төрінен табады». Сол күні желіден асып кете алмағанымен, бірақ оны осылайша астар-айламен жеңген: «аңдата алса, қаламның ізі нені, соған сайып күн кештік біз үнемі». Дегенмен, осыған желі мен түйе мүдделерінің бір-бірін қиып өтпейтін, қайшы келетін күрес үстінде өрбігеніне ақын бақилы. Бұл – ақынның қайраткер тұлғасының көрсеткіші.
«
12345След.
скачать работу

Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ