Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу

sh; жаратынды нәрсе. Оның танымдық сипаты жаратушының «адамды әлемге артық етуімен» байланысты. Ендеше, «адамдағы тіл, тілдегі адамды» бір-бірінен ажырату білімділік емес. Оны дүние түсінігіне ыңғайлап, түсіндіріп, зерттеу де, тілді тіл біліміне меншіктеп беру де – бергі мәселелер.
Тіл-тұлға – тілдің ғана емес, тіл бойындағы халықтың таным-мәдениеті мен дүниетанымының тұтынушысы. Әсіресе, тілді шығармашылық деңгейде меңгерген элитарлық тіл-тұлғаның басты ерекшелігі – бұл. Әдебиетші А.Әлім тілімен айтқанда, «қазақ жазушысына» қарағанда, «ұлт жазушысын» жоғары қоямыз. Ұлттық элитарлық тіл-тұлғаның айқын белгісі: уақыттың сынына төтеп беріп, қай уақыттың да талабына жауап бере алады.
Осы тұрғыдан қарасақ, кезіндегі ұлы Абай сияқты Жұмекеннің де «еленбеген ерекшелігі» – ұлттық болмысы. Ол ақынның ақындық ұстанымы ретінде күллі шығармашылығынан табылмаса да (ішінара ізделіп), қазақ атты халқымен бірге өмір сүруде. Алайда ақынның «мәңгілігінің» мәнісі осында екені айтылудан кенде.
Ұлттық әдебиет халықтың әдеби тілімен жазылып, өн бойында мәдени код жатады. Оны әр қаламгер әр түрлі пайдаланады. Жұмекен болса, мәдени кодты – ұлттық қасиетін танытатын ақпараттарды 60-ж.әдебиетке келген М.Мағауин, Ә.Кекілбаев, М.Мақатаев, т.б. қаламгерлер сияқты астарлауға пайдаланған ақын.
Мысалы, Жұмекен өлеңдерінде қазақтың тұрмыс-тіршілігіне қатысты тұлып сөзін 7 рет пайдаланған. Негізі т ұ л ы п – қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің түсініктемесіне қарағанда, 1. зат. Әр түрлі аң, мал терілерінен тігілген сырт киім, ішік; 2. зат. Жас төлі өлген малдарды алдарқату үшін, ішіне шөп, сабан тығылған бітеу тері [ҚТТС, 272] деген мағынаны береді. Екеуі де тура мағынасындағы денотаттар. Дегенмен, тұлыптың екінші заттық атауы ауыс мағына жасауға бейім.
Оны фразеологиялық сөздікте берілген мынадай тіркестер дәлелдейді: тұлыпқа мөңіреу – алданыш етті, жұбанды; тұлыпты місе қылғандай – әдетте сиырдың бұзауы, түйенің ботасы өлгенде терісіне шөп тығып, тұлыптап қойып, сауар кезде көрсетеді, сиыр, я інген сол тұлыпты иіскеп те ииді [ҚТФС, 522]. Осы анықтамаға сүйеніп, тұлып сөзінің құрамындағы мағыналарды (сема) былайша жіктеуге болады:
1. Сиырды бұзауы, түйенің ботасы өлгенде терісіне шөп тығып, тұлыптап қояды;
2. Тұлыпты сиырға (түйе) сауар кезде көрсетеді;
3. Сиыр (інген) сол тұлыпты иіскеп те ииді;
4. Алданыш етеді, жұбанады.
Енді осы мағынаны (сема) Жұмекеннің қалай қолданып, дамытқанын түсіндіру үшін оған мағыналық талдау жасау қажет. Осы ретте әңгімені ақынның тұлып «тарихын» суреттеген «Тұлып» атты өлеңінен бастау керек.
1. Сиырдың бұзауы, түйенің ботасы өлгенде терісіне шөп тығып, тұлыптап қояды: Өлең «Қызыл бұзау арам қатты, Терісін сыпырып ап әжем желге кептіріп: Қолдан бұзау жасап қойды қайтадан теріге әлгі шөп тығып» деп басталады. Бұл жерде тұлып – өзінің тура мағынасында қолданылып тұр. Яғни бұзаудың «терісін желге кептіріп», оған «шөп тығып», «қолдан бұзау жасау» – тұрмыс-тіршілігі малмен байланысты қазақ үшін қалыпты жағдай.
Міне, ақынды ойлантқан – осы қалыпты жағдай: «Қызыл бұзау – қызыл тұлып атанды, Көзі орнынан шөп көрінді сарғайып – Шөпке тоймай өліп пе екен ол қасқа?! Тұлып деген – ойыншық па, басқа ма, Сезім туды екі ұдай, егіз біткен шоқыдай; Түк ұқпадым – қалың ойға малтып қап; Неткен, неткен масқара: Жетектеуші ем момын-қызыл байғұсты, тұрдым енді қолтықтап».
2. Сиырға (түйе) сауар кезде көрсетеді: «Қайтқан сайын өрістен сол тұлыппен аңырап кеп көрісті ол».
3. Сиыр (інген) сол тұлыпты иіскеп те ииді: «Иіскелейді, түртеді, ыңырсиды, көкірегі ұлып құр, Жалпақ тілмен жалай-жалай берген соң, тулақ болды түгі түсіп тұлыптың.
Ақынның тұлып тулақ болды деуінің мәнісі сиырдың сенімінің шама-шарқын не көрсетеді, дәлірегі төмендетеді: тулақ – үстіне жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін жүні алынбай қатырылған шикі тері [ҚТТС,255]. Соған қарамастан,
4. Алданыш етеді, жұбанады: «Кейін ұқтым пәлсафасын тірліктің, Соңғы талшық ойдың нәрін жаңа алдым: Алданғаны емес екен, жоқтығы екен амалдың.
Ақын осы тұста адамды тануға ауысады: «амалдың жоқтығынан» елдің де «мөңірейтінін» айтады: «Жұбау тапты ел тұлыптарға мөңіреп, бауырына бала кеткен талай жан; шүкір айтып әр күн сайын он рет, алданатын қара іздейді маңайдан». Қара болу – сүйеніш, медеу, алданыш болды; Қара көру – ес санау, пана тұту [ҚӘТС, 272] мағынасын білдірсе, Жұмекен тұлыптың «орнын» сол дәрежеге көтереді. Адамға соншалықты үміт, сенім ұялатардай мәні барына тамсанбайды, әлеуметтік жағдай мәжбүрлеген шындықтың өзі екеніне кәміл сенеді. Шынында, сол кездегі елдің дәмеқор көңілін көрсетудің тәсілі: «Бөркін иіскеп қаза болған ұлының, Қария отыр өзін алдап амалдап; Жаңа шықтым сол үйден мен, табанда, Мен де өзіңнің ұлыңмын ғой деп алдап; Қара жерде қаза, мұңлық көптігі – Көңіл – жұбау талшық етсе бір атым. Қаза болған ұлының бөркін иіскеуі – қарияның өзін-өзі алдауы емес, өзін-өзі жұбатуы: Әжем тұлып жасағаны шөп тығып, Қызыл сиырды алдау емес, жұбату, Жұбатулар жаса, көңіл демеулер..
Жұмекен «тұлыпқа мөңіреу» өз-өзіңді алдау емес, жұбату дегенге тоқтайды. Біздіңше, өлең оқиғасы алдау мен жұбану үрдісі үстінде, қарама- қайшылығында дамиды. Адам болсын, мал болсын, алданбаса, жұбанбас та еді. Өлең олардың «жұбау тапқанын» айтады. Демек, ақын өлеңі конфлиткіге құрылып, «қорадағы» тұлыптан әлеуметтік мән табу барысында, ақынның өз қаламына тән тіркес тудырған: «сенем саған, жасқа келдім біршама – Сенем саған – талғамымыз бір сана; Сенем саған: көп сөзіңнің көзінен Шөп көрініп тұрса да; Сенейінші саған, Қабыл, ал, алдым – аздығы емес ақылдың, аздығынан амалдың».
Қазақ тілінде көз бен шөпке қатысты көзге шөп салу тіркесі бар. Онда жай алдау емес, опасыздықтың реңкі бар: Ерлі-зайыпты адамдардың біреуі опасыздық жасады, басқа біреумен көңілдес болды (көбінесе әйелмен байланысты). Ал көзден шөп көріну – Жұмекен алғаш қолданып, қазақ әдеби тілінің лексикалық қорына енгізіп отырған тіркес. Бұдан Жұмекеннің сөзді шығармашылық деңгейде меңгерген элитарлық тұлға екені көрінеді.
Жұмекен «Тұлып» лексемасын басқа өлеңдерінде осы мағынада қолданады: «Қайтіп бүгін бұл ырыс тисін бірден, Жебір қолға саумаған – иісіндірген?! Бір тамшыға біреу жүр құны қалып, Біреу шықты, әнеки, тұлып алып»; «Тырсиып жатты алдында қара тұлып, Алдау мен мазақтаудан жаратылып. Иісі бар сол тұлыпта ботақанның, әйтпесе тебер еді нар атылып». «Бұлақ та жалт-жұлт етіп күлім қақты, Ебелек екі көзде діріл қақты; Ұқпады не болғанын Қара нар тек: Алдында пәре-пәре тұлып жатты».
Тұлыптың жасалу технологиясы, оның мәнінен бейхабар адам үшін, бұл – түсініксіз көрініс, қазақ үшін, таныс образ. Өлеңді оқыған қазақ тұлыпқа малдың исінетінін біле қояды. Осы ретпен мына өлеңнің қазақ шаңырағы ғана емес, ұлттың тағдырының «тұлыпқа мөңірегендей» қалпын көрсететінін аңғарамыз: «Өзін-өзі жаулаған ел, о, тәңірі, Тұлып иіскер орынына ботаның; Саулы інген-ел, о, бақытты ел, сорлы жұрт, О, тордағы торғайлардың Отаны!..
Бақытты да, сорлы ел – Кеңес Одағы (15 одақтас республика), оның құрама командасындағы қазақ жұртының символы. Бақытты болатыны – коммунистік саясатпен өмір сүріп, коммунизмге жетуді ойлаған, көңілі тоқ;
сорлы болатыны – өз жаратылыс, тегін тәрк етіп, ата-бабасын, дінін, тарихын ұмыту арқылы «өзін-өзі жаулап», өз ұлтына тән қасиеттен айырылды. Кеңес Одағының идея-идеологиясын жаттап өскені – «бота орнына тұлып иіскеген саулы інгендей» өзін-өзі алдағаны. Бірақ идеология цензурасынан асып кете алмайды, жалтақтап сөйлейді, құлдық психология санасын жайлап алған: «тордағы торғайлар». Яғни тұлыптың «тордағы» (отар) ел тірлігінен алынуы және ауыспалы мағынада жұмсалуы басқа емес, сол елдің (қазақ) тағдырын қамтуымен астасып жатыр.
Тұлып бар үмітін алдау, жұбатуға жеңдірген елдің көкейін ауыстырып, метафоралап, қоғамының қытығына тимейтін қалыпты атмосфера жасаған. Бір жағынан, бұл – ақын монологы, «қабырғамен кеңесу». Екінші жағынан, тұлыпты көз қылып, астары (мәні) арқылы елдің халін жеткізген. Осыдан-ақ ақынның ойлау логикасының кең, кемелдігі көрінсе, суреттеу шеберлігі де байқаймыз.
«Сөз қолданыстың адамтанымдық сипаты» атты 1.3. тараушада сөзді өнерге жетектеп әкелетін тақырып, идея екені, ал оның адамды танудан туындап, адамды тануға, ұлтты танудың көзі болатыны Жұмекен өлеңдері негізінде дәлелденеді.
Поэзияның прозалық шығармаларға қарағанда, адам дүние-танымын жағдаят (ситуация) үстінде таныту жағынан «тынысы» тар. Дегенмен, қазақ поэзиясында оқиғалы өлең жасаудың үздік үлгісін ұсынған Жұмекен болды.
«Тасыр емен тақырыпты жай таңдар, түйгенімді айтам бар» дегеніне қарағанда, бұған Жұмекеннің прагматикалық мақсаты (ақындық ұстанымы) үстемдік еткен. Оған екінші жағынан, ақынның ойлау (логика) диалектикасы да ықпалын тигізген. Бұл – Жұмекеннің оқиғалы өлеңдерінің барлығына тән қасиет. Демек, Жұмекенді түсіну үшін, оның ойлау логикасына, сөз қолданыс ерекшелігіне аса мән беру керек.
Жұмекен өлеңдерінің оқиғасы бір-біріне байланыссыз, тіпті айтпағы соңғысөзіне (концовка) мүлде қатыссыз көрінеді. Айталық, «Тез, тез» атты өлеңі ақынның әкесінің әлсіз жатқан көршісіне дәрі әкелу үшін Қошалаққа жұмсаған жерден басталады.
«Бар ізгі от өзінде қалғандай», «асығыс» дәрі іздеп шығады. Сапар үсті ақын көршісінен гөрі әлдекімнің тағдырын ойлап, шын
12345След.
скачать работу

Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ