Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу

ді. Құм – бабалардан қалған «көз», д а л а: «осы жермен бабам көшкен, құм көшкен, көшкен құмға үміт, арман мінгескен».
«Көшкен құмға» ақын неге бабасын теңейді дегенге келсек, КӨШ сөзінің құрамында мекенжайды, отырған орнын өзгерту, ауыстыру [ҚТӘС, 338] деген мағынаны білдіретін сема бар. Ал ҚҰМ – түрлі минералдар мен тау жыныстарынан тұратын өте майда түйіршікті, борпылдақ, шөгінді жыныс [ҚТТС,467]. Болмаса ол борпылдақ болуымен байланысты жауын-шашынды былай қойғанда, жел мен дауылдың әсерінен «орнын өзгертіп» отырады.
Ақын, құмның «көшпелі» қасиеті арқылы халқымыздың «көшіп жүріп тіршілік ететін, отырықшы емес» [ҚТӘС, 392] салтын суреттеп отырған жоқ, тарихты жаңғыртады: «Мынау жалпақ Нарын құмы, артты ақынға нардай арман», «Мен – зергермін асылды құмнан соғар, керегі жоқ алтынның, күмістің де». Асыл – көріктеу құралдары, әдеби тілі, құм – халықтың тағдыр-талайы деген мағынаны астарлайды. Сол уақытта ашықтан-ашық «көшпенді жұрт» деген тіркесті қолданса, ол өлеңнің ескіліктің қалдығы ретінде бейбіт заманның бет-бейнесін бұзған сөз саналып, тіпті жарияға жол таппайтын-ды.
Біздіңше, біріншіден, оның ескі ақын болуына дала табиғаты ықпалын тигізсе, екіншіден, атасы – Нәжімеден қарт тәрбиесінің де маңызы зор екенін Жұмекеннің «қаршадайынан бірге өскен» туыстарының естеліктері де расқа шығарады. Нәжімеден қария ақын болған екен. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан баласы Сабыреденнің ұлы, немересі Жұмекен жастайынан ертегі-жыр тыңдаған, атасының сөзімен айтқанда, «құлағына асыл сөз жетіп» өскен.
Тіл-тұлғаның жады тіл жүйесінің заңдылықтары мен фразеологиялық қазынасын ана сүтімен бойға дарытумен қатар, ұланғайыр білімді түрлі мәтіндерден алады, яғни өз ғұмырында оқыған сан алуан кітаптар мен білімді түрлі мәтіндерден алады, яғни өз ғұмырында оқыған сан алуан кітаптар қайтсе де оның жадында ізін қалдырады [16,30]. Жұмекеннің Асан қайғы, Қорқыт, Абай, Мұхтар, Махамбет сияқты ұлттық әдебиет өкілдері Қадыр айтқандай «атасының қойнында өскен баланың бүйрегі қазағына бұрып», өзі де сол тұрпатты әдебиет жасауға мүмкіндік берген. Айталық, ақын тілінің негізгі материалы ұлттың тыныс-тіршілігінен алынады. Айталық, «ақ аспан төсегінде ай аунайды, жабысып жамбасына жабағы бұлт», «ағылшы бір, ақ нөсер, әжелердің, ұршығының жібіндей дір-дір етіп», «қырларындай таспаның қыры өткір қияқтың, ала бұлты аспанның айран шалап сияқты», «шайырындай бураның боз жусанның бүршігі, бүкірейген қу бұта – саусағындай кемпірдің, т.б.
Жабағы қой мен түйенің көктемде қырқып алған, суық маусымда өскен, ұйысқан жүні болса, Жұмекен тұтасып, ұйысып қалған, қою бұлттың қалпын соған, бірде айран шалап, қазақтың ұлттық тағамы ақтан жасалатын сусынға ұқсатады. Ұршық – малды күзеп, оны жуып, кептіріп, түтіп, киім тоқитын жіпке айналдыратын қазақ киім фабрикасының станогы. Мұны тек табиғатқа қатысты сөз, теңеу дей салу жеткіліксіз, ақын бұлар (теңеулер) арқылы өз танымындағы дүние бейнесінің қазақ жері кеңістігіне құрылғанын тұспалдайды.
«Шифоньерден көрсетті алып, тұз түйген сол шүберекті әлі күнге жүр сақтап…», «шешіп алып түйіншегін белбеудің, шағыл құмын жас қабірге септі жұрт, …неткен асыл ұғым едің ырым сен?», «мен де сүйем топырағымды, бірақ сенше сүймеспін: қоныс іздеп, көше алмаспын сен құсап, топырағымды белбеуіме түймеспін», ескішілдеу шешем есті болса да, әкеміздің өлген күнін сол санап Тоғызыншы май сайын Сары майға пісіреді шелпегін – бұлар ырым-тыйымға тоқтап, аттамайтын, тіпті кей жағдайда Құран тілінше жазсақ, «бұзауды Тәңір жасап алумен өздеріне қастық қылатын» /Бақара, 51;52/ қазақтың психологиясы.
Бірақ Жұмекен лексиконында этномәдени мәні күшті, өлеңдерінің тамыры («елім – шырша, тамырында жалғасым») «менің атамекенім» деген мағынаны білдіретін ұғым ақынның туған жері – Қошалақ атымен жол табады. Ақын қазақтың жаны – «тамырдан нәр ұрлап», бүгінгі көзбен бағаласақ, ұлттық идеяны көтерген. Осы сипатын ақын туралай танытудың өзін жөн көрмей, уақыттың талабына жауап бермейтін, қолданыстан шыққан деген ұғымды білдіретін ескі ұғымы арқылы түсіндірген: ескіңді айтып езіл демес еш адам, ескі болса да – өз еліңнің ескісі. Ескіліктің қалдығы деп, қалдығы кәрі әкесін қуып шықты, т.б. Шынында, қоғамның талабы ескілікті (ұлт тарихы, мәдениеті) құртуды көздейтін, ал Жұмекен ойынша, ұлтыңды ұмыту – «тамырынан жұлыну, халқынан айырылу». Қоғамының рухани сұранысын өтей алмай, заман жаңалығын жырға қоспаған ақын саналуының мәнісі сонда.
Ақын мен қоғам арасындағы қатынас (коммуникация) деп аталатын 2.3. тараушада Жұмекеннің өмір сүрген дәуірі қазақ еліндегі қоғамдық-саяси күштер арасындағы «мылтықсыз майдан» ретімен жүзеге асқан идеологиялық қайшылық, қақтығысымен сипатталады.
Жазушы М.Әуезов жазғандай бірі «жұртты жем қылуды» көздеген отарлаушы өкімет болса, бірі «елдік іздеу» мұраты үшін қуат-күшінен айырылған ұлттық рухты қайта тірілтіп, қазақтың әдебиеті мен мәдениетін өзіне қайтару үшін күрескен ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілдері, ақын-жазушылар болды. Әрине, алдыңғысы сан жағынан сансыз да, соңғысы санаулы болатын (М.Мағауин, Ә.Кекілбаев, С.Сматаев, А.Сейдімбек, Ж.Нәжімеденов, М.Мақатаев, Қ.Мырзалиев, Ж.Жақыпбаев т.б.).
Әлеуметтік ой-санада екі түрлі бағыт өмір сүрді: бірі – құлданушы совет өкіметі мен коммунистік партияның идеясын насихаттаушы, екіншісі ұлтшылдық сананы ұлықтаған ұлттық, Жұмекенше анықтасақ, «маусымдық» және «тамыр» әдебиет. Расында, маусымдық әдебиет қазір тарих парағында қалған 70-жылдық кеңес өкіметімен бірге жоғалды. Ал «тамыр» әдебиеттің «ерлік өмірбаяны ескірмей» (Жұмекен), «оқушысы құрымай, өзі де құрымайтыны» (Мұқағали) – уақыттың өзі дәлелдеген шындық.
Отаршылдық сананы мойындамаған қазақ қаламгерлері «ескі ерлердің қайратымен сұрапыл, Туды күнің бұрқырап бір шығатын, жұл бұғауды жүректінің қолынан, Ашу-кектің арыстаны, тұр, атыл!» деген күрескер рух идеясын кейіпкерінің ой елегінен өткізіп, соның аузымен баяндайды.
Өйткені ол кезде ұлттық сананы жаңғырту саясатын ашық түрде жүргізу мүмкін болмағандықтан, қаламгер қауым әрқилы әдеби әдіс-тәсілдерге арқа сүйеген. Немесе «ашық мәтінмен жазу өнерді әмсе мұратқа жеткізбейтін» болған соң, «тілге көнбейтін нәрселерді емеурінмен, иегімен айтып», «көз көретін деңгейге түк қалдырмай, тереңірек көмуге» ұмтылды. Ақынның «сен әуелі тереңірек көр, үңіл», «Тілге көнбес нәрселерді кейде мен Емеурінмен, иегіммен айтамын» дейтіні сондықтан.
«Ақын және қоғам» контексіне сай астарлы мәтін сипаты атты 2.4 тараушада Жұмекеннің қоғамымен қатынасы астарлы мәтін негізінде тану жолдары белгіленеді. Жұмекен ұлттық тұрғыдағы мақсатына жету үшін, адами болмысты молекулалық, тіпті микромолекулярлық деңгейде зерттеуді құптады. Ол ұстанған поэтикада глобальдық емес, молекулярлық үстем түсті. Бұл дүниені бұрыннан бар филологиялық ракурстар мен өлшемдер арқылы қарастырмай, әр дыбысты нотаның он алтыдан бір бөлшегіне дейін ұсатып, екшеп, ежіктеп қарастыратын музыкадан келген Жұмекендей сирек ақындардың ғана қолынан келуі мүмкін іс еді. Яғни Жұмекен мысқалдап жиналатын ақиқаттан күллі адами тіршіліктің қыр-сырын түгел ашатын кең қарымды панорама – өзінің «Адамнамасын» сомдады [17,12]. Оның осы қасиетін таныған ғалымның бірі С.Қирабаев еді. Ғалым Жұмекен «Ғұмыр ертегісі» өлеңінде тышқан мен мысық ойынын суреттейді. Оны тышқанның қанша өмір сүретінін мысық қана біледі деп, «тым құрыса қартайып өле алмаған тышқандардың ғұмырына абыржиды. Өлең соңында ол оқырманына:
Қағып тастап кекілді,
Мына өмірден бақыт тауып не түрлі,
Сенің бүйтіп жүргенің де, жігітім,
әлдекімнің тоқтығынан секілді, – деген ой тастайды. Қазақ тағдырын сырттан пішіп отырған отаршылдықты меңзейді», – дейді [18,191].
Отарлаушы өкімет қазаққа «менің де ұлтым, менің де әдебиетім болды деген сөздің өзін айтқызбай (М.Мағауин), керек десеңіз, «өз тарихын өзінен жасырып, қорлап» (Е.Бекмаханов), басына билік бермеген болса, осындай ойды жеткізуде мысықты нысанаға алуы ақынның тапқырлығын аңғартады.
Онысында негіз бар: Мысық тұқымдасы – (Felidae) – жыртқыштар отрядына жататын жануар. Қазба және осы кездегі барлық түрінің дене бітімі ықшам, бұлшық еттері жақсы дамыған, аяғы ұзын болмағанмен, күшті, тырнақтары жиырылғыш [ҚСЭ, 248].
Ұйықтап жатқан мысықты оятуға, өлтіруге болмайды, киесі ұрады деген сөз бар. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. мысықты шапанында ұйықтап жатқан мысықты оятпау үшін, шапанының етегін кесіп алыпты дейтін аңыз да бар. Бұл – мысықтың қасиетін көрсететін дерек. Дегенмен, тілімізде қалыптасқан тұрақты тіркестердің беретін мағынасы мұнымен сәйкеспейді:
Мысық боп тыңдады – Қорқып, бұғып, үрейленіп тыңдады; Мысық көмбе қылық – Көңірсітіп, бықсытып жүрер, пыш-пыш әңгімесі бар, сасық қулығы бар кісі туралы айтылады; Мысық көмбесі жоқ – Бүгері, бұқпантайы жоқ, ақ көңіл деген мағынада; Мысық тілеу – Арамдық, жамандық ойлау мағынасында.
Қазақ әдебиеті тарихында, әсіресе 20-ғ. басындағы қазақ ақындарының өлеңдерінде заман аңғарын аңғартуда бернелеу көп қолданылғанда, жыртқыш жануардың тырнағы назарға алынған. Ол С.Дөнентаев өлеңдерінде кездеседі: «Бұл заман байқағанға күштінікі, тырнақты, азулы мен тістінікі».
Жұмекен жұртты жем қылуды көздеген отаршылдықтың озбыр саясатын мысықтың жыртқыштық қасиетін б е р н е л е у арқылы мегзеп отыр. Оған қарама-қарсы тышқан – отар елдің
Пред.678910
скачать работу

Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ