Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу

(қазақ елі) бейне-жанын қойып, былайша айтқанда екеуінің «тартысын» суреттейді. Дәлірегі, адамның мінезін, құлқын, ғамалын екінші нәрсенің мысалында көрсетіп айту бернелеу болады [19,161]. Жұмекен де отаршыл үкіметке мысықты балап отыр.
Ақын тура тұрмыстың өзіндегідей «жүрек байғұс тулап ұрып, ұшып тұр, тышқан құсап алдындағы мысықтың» – деп, отар елдің тағдырын тәбет-тамақ-нәпсі алдындағы тоқ мысықтың «арбауына» түскен, болмысын, бойын үрей (құлдық психология) билеген тышқанға теңейді, ұқсатады. Сөйтіп, «мысыққа ойын, тышқанға өмір керек» деген сөзді «бүгіп» қалғанымен, сөз түсінетін кісі сөз ыңғайынан осы философияны шығарады.
«Тыныштық деп газеттер майдалады» дегенмен, «майдан әлі жүріп жатқан секілді» (Жұмекен) деген сөзінің мәнісі – осы. Қоғамның ұстанған саясатын дер кезінде бағалай білген ақын қоғамымен келісе алмайды: «Мысықтарға ұнамады тырнағым». Ақынның тырнағы – «ұрланып» айтқан шындығы. Оның бір парасы – мысық пен тышқан «ойыны» арқылы «ойран» сап отырған осы өлең.
Мысық-Құдай. «Ал, біреудің орта жасы? Расы, тәбетіне байланысты мысықтың!». Қанша мәрте соғар екен жүрегім?! Бірақ, бірақ… мысықтардан шошынам!». Мысық-билік. «Жиырма бесте менің әкем түсіпті, Тырнағына соғыс деген мысықтың». Мысық-тірлік, мысық-табан саясат! Мысық-идеология. «Жауыздық пен арамзалық бүгінде әр есіктің түбінде, аузын аңдап әр іннің, әр елдің бір сылдыратып бұтасын, аш мысық боп дүниені кезіп жүр. Мысық-тәбет! Мысық-тілек! Мысық-көз! Мысықтардың елі сын-ды ұрулы, сен де ұқпадың күн барында кіруді: көксегенің – ұрлық, ұрлық, кіл ұрлық. Осылайша Жұмекен мысықтың тырнағы (деталь) арқылы өз қоғамының ұстанған саясатты әшкерелеген. Бұл әдіс – ақынның бір өлеңі ғана емес, барлық өлеңіне тән қасиет.
2.5. Ақын қолданысындағы мәдени бірлік, көріктеу құралдарын мағыналық талдау. Сөз өнеріндегі теңеулермен қатар, образды сөздердің бір түрі – ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жалпыхалықтық лексика-фразеологиялық қазынаға еніп, нормаға айналған тіркестер. Қаламгер оларды еркін жұмсағанда, сөзінің мағыналы әрі әсерлі болуымен қоса, ұлттық сипатын арттыра түсуді көздейді. Бұл ретте жасалу механизмі бұрынғы, бірақ ішкі мазмұны жаңа болып шығады. Жұмекен қолтаңбасынан осыны көруге болады: «тағдыр шүберек емес түсетұғын жыртысқа», «өнер – шоқпар емес басар тақымға» – бұл қазаққа таныс образ.
Жұмекен жыртыс сөзін 5 рет пайдаланып, осы қорға жыртысқа түсу деген жаңа мағына қосып отыр. Яғни жыртысқа қатысты мата бөлігі деген семаны активтендіреді. «Абырой, атақ түскен сын-ды жыртысқа, сол жыртыстан құр қалған бір ағайын; Уысымда бір жапырақ бұлт жатты, тиген үлес екен деймін жыртыстан».
Бірақ «өмір жыртыс емес, түсетұғын жыртысқа» деу арқылы жыртысқа түспеу дегенді де айтады: Ішке тартып біреуді, ал біреуді сырт ұстап, сырғақтаған тірлігің сынға түсті бұл тұста; ант етемін нан тістеп, ант етемін бұлт ұстап, тағдыр – шүберек емес түсетұғын жыртысқа. Туған халық үшін сынға төтеп беру, ұсақтамау, сағы сынбау, үмітінен айырылмау – жыртысқа түспеу деген мағына ғана емес, «ата ұлынан адамның ұлына айналған» ақынның азаматтық ұстанымы.
Жұмекен өкше лексемасын онға тарта қолданғанда, жалпыхалықтық тіл қазынадағы (жоғарыда санамаланған) мағынаға жаңа мағына жамайды. Өкше басар жас мөлшері жақын, тетелес деген мағынаны берсе, Жұмекен а я қ а л ы с мәнде жұмсайды: «түгел қаттап етегін, қадап басып өкшесін, тізеңді аттап өтеді әрі аунатып бөксесін».
Өкшеге батқан – ауыртпалық, қиыншылық мағынасын өкшені күйдірмеу арқылы білдіреді: «Жасаған саған, балам, қиянатым: өкшеңді ыстық құмға күйдірмедім». Өкшеңді көтер – фразеологиялық сөздік көрсеткен анықтама бойынша, тез кет, яғни бұйыру мағынасын береді. Ал, Жұмекендегі өкше көтеру тіркесі – онымен «омоним» болады. Өйткені дыбысталуы бірдей болғанымен, білдіретін мағыналары әр басқа. «Көтергенмен өкшемді көре алмадым, Келер күннің ауласы биік екен». «Өкше көтерудің» астарын ақын енді бірде өзі анықтайды: «Күн – Жексенбі, кітап қарап шкафтан көтердің сен өкшеңді.
Ақынның сөз ыңғайына қарағанда, «өкше көтеру» – е ң б е к т е н у, алға ұмтылу. Ендеше, «кім бізді бұл күннен іздесе, келер күн төрінен табады», – деп өзі жырлағандай, ақын «ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» (А.Байтұрсынов) десе де, келер күн тағдырына ортақтасудың, танудың мүмкін емесін айтқысы келген. Өкше алдыру – шаршаған деген мағынадағы Жұмекен қаламының қолтаңбасы: «Екеуі де болдырған, (Шәйді өзің қой жылдам); бірі – өкшесін алдырған, бірі белден – шойырылған.
Жұмекеннің көркемдік әлемін дәйектейтін көркемдік әлемінің табиғатпен сабақтастығы (тілдік сипаты) атты 2.6. тараушада ақынның табиғат құбылыстары арқылы ақындық ұстанымының берілуі сөз болады. Ол ұлттық сананы жаңғыртуды көздеген ақын болғаннан кейін сөздің астарлы мағынасына арқа сүйеді. Және оның ақынды түсініксіз қылып, қиянаттан құтқарған жері көп болды. Соның бір парасы қазақ→топырақ, ақын-ұрпақ→тамыр; астар→тамыр, жел→заман ағымы, маусым→кеңестік идеология түрінде көрініс табады, астарланды.
Айталық, Жұмекен т а м ы р сөзін 142 рет қолданған. Әрине, ақын тамырды тура мағынасында сөз етумен қатар, оны дамытады. Бұл ретте ақын жай ауыспалы мән тудырып қана қоюды көздемейді, сол арқылы прагматикалық мақсатын (ақындық ұстаным) – «өмірбаянының ескірмеуінің» мәнісі ұлттық ұстанымы мен ұлттық идеясында екенін жеткізуді ойлаған. Бірақ онысы өзі айтқандай, «келе-келе, көре-көре танылады». Яғни Жұмекен өлеңіндегі тамырға қатысты тіркеспен түгел танысып шыққанда ғана, тамыр сияқты «өсімдіктің су мен қоректік заттарды жеткізіп тұратын мүшесі» [ҚТТС,580] ұл мен ұлттың арасындағы қатынасқа да «қызмет» етіп кеткені байқалады.
Әлбетте, өсімдіктің тамырына «жан бітіріп», адам мүддесіне қатыстыру халық даналығынан бастау алады: тамыр жайды – өріс алды, қанат жайды; тамырына балта шапты – түп тамырымен құртты, жойды; түп тамырымен құртты – мүлдем жоқ қылды, ештеңесін қалдырмады; тамырын басты – сөз тартты, ыңғайын байқады, т.б.
Сонымен қатар, тамырластық (бауырластық, туыстастық), тамырлы (тамыры көп), тамырлық (алыс-беріс жасап жүретін дос-жаран), тамыр-таныс – (көңілдес дос-жаран) тіркестері бар. Тамыр білдіретін осы мағына негізінде ғалым Н.Уәли қазақта «тамырластық институты» барын дәлелдегені белгілі. Түптеп келгенде, тамыр сөзінің әлеуметтік мән алуы оның ақиқат дүниедегі тамырдың өсімдіктің өмірін сақтау жолындағы «қоректік заттарды жеткізушілік» қызметімен байланысты. Осы мағына (сема) активтеніп, өмір көзі, тіршіліктің символы ретінде тамырға сергек (мажор) сипат дарытқан.
Демек, Жұмекеннің кешегі көшпенді қазақ халқының жалғасы, бүгінгі ұрпағы екенін тамырмен тұспалдаған. Қазақтың дүние-танымынан хабардар адам тамырдың туыс-жақынмен барабар ұғым екенін білсе керек. Тамыр – ақыннан «тараған» сөздің шындығы жатқан «жүректің түбі». Ғылым тілімен айтсақ, астарлы мағына. Оны мына өлең жолдары дәлелдейді: Сұр бөстекке шөгіп алып сексен боп, қабағын сәл көтеретін қабарып: «тамырыңды көрсет!» дейтін қадалып, кетсе біреу әлдеқалай көп сөйлеп; Сөйтіп, киіп кетуші еді төтеден – бет-пердеңді көтер дегені екен ол, қарияның әлгі сын-ды «әмірін», келе-келе, көре-көре таныдым».
Тамыр көрсету, яғни тамыр басу арқылы сөз ыңғайы байқалады. Ақын тамырын көрсетіп, Махамбеттер сияқты «абайламай» «Мен, мен едім, мен едім» десе, кеңестік цензураның «мысық саясат-тырнағына» тап болып, өлеңі өтпейтінін біліп отыр. Сондықтан тамырын көрсетпек емес, қалғаны – өтірік:
«тамырыңды көрсет!» деген сөз жалғыз, «Өтірікті қой!» дегенге бара-бар». Ақын тамырын табуды оқырманының еншісіне қалдырған: «Ақылдыға қайғы алдырсам деп едім, ақымақты ойландырсам деп едім». Жұмекен жырының тамыры, «Мен – Қазақпын» идеясы тарайтын тұс. Оның мәңгілігінің мәнісі осында. Оны Құран кәрімдегі Ібрахим сүресімен де негіздеуге болады: Көркем сөз (Алладан басқа Тәңір жоқ деген сөз) т а м ы р ы м ы қ т ы, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді /14;24/. Тамырдың ұлттық сөзге қатысты мәнін мына дерек те дәлелдейді: қазақтың бары да, жаны да ауылда қала бермек. …Сондықтан, қазір көптеген жас ақындардың, драматургтердің, прозашылардың еңбектерін оқығанда, қалада жазылғандықтан, тамырсыз, нәрсіз көрінеді [20]. Олай болса, Жұмекен жұмсаған тамыр сөзінің мәні қазақ, қазақтың идеясы дегенге саятыны сөзсіз.
Алайда туған заманында жұмекенді тану әдістемесінің (методология) осы ретпен жүйеге түспегенін біріншіден, ақынның зерттелуіне қатысты сөз, пікір атаулы дәлелдесе, екіншіден, ақын гүлдің монологын («Гүл мұңы») сөз етіп, гүл тағдыры-тамырын жырға қосу арқылы өзінің тамырының-өлеңінің тағдырын жырлаған: Тегі менің шын екен жаралғаным өзге боп, Көрінеді екенсің сорың үшін көзге көп; Бәрі сені қызықтап жатқанымен, шын ұнап, Келсең егер көңліне – қояды екен жұлып ап; Танисың-ау жақсыны, ей, саусақтар, әмірлі, Сипай ма екен маңдайдан жұлу үшін тамырды. …Төбемде – өмір, Түбімде – ажал жатқан секілді…
Қорыта келе, Жұмекеннің тілін тілтанымдық адамтану парадигмасы аясында зерттеу оның (тіл) қозғаушы күшін тілдік емес мәнділіктермен қатар қарастырып, Жұмекен туған топырақ, өскен орта және қоғамымен қарым-қатынасының көрсеткішін көрсететін тілдік бірліктерінің (әлеуметтік мағына алған) жиілігін айқындап, семалық деңгейд
Пред.678910
скачать работу

Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ