Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қосжарнақтылар класы

ралған өкiлдерiне кәдiмгi қышабас (сурепка обыкновенная – Barbarea vulgaris), егiстiк қанатжемiс (ярутка полевая — Thlaspi arvense), кәдiмгi жұмыршақ (пастушья сумка обыкновенная – Capsella bursa — pastoris), шығыс мейiрбикесi (свербига восточная — Bunias orientalis), т.б. жатады.

Кәдiмгi қышабас (сурепка обыкновенная – Barbarea vulgaries) жабайы шомырға ұқсас.

Қышабастың жағымды иiстi, сары түстi гүлдерi жабайы шомырдың гүлдерiне қарағанда ұсақтау. Қышабастың жемiсi бұршаққын, оның екi жақтауының арасын тiкесiнен бөлiп тұратын пердесi болады. Осы пердеде тұқымдары жетiледi.

Қышабас – арамшөп. Көкек айының соңында және мамыр айында шалғындарда, жолдың жағасында және егiстiк жерлерде гүлдейдi. Жерге түскен дәндерi күзде өсiп, қысқа сабақты жертаған түзетiн жапырақтар бередi. Келесi жылы көктемде буынаралықтары, ұзын сабақтары жетiлiп өсiмдiк гүлдейдi.

Кәдiмгi жұмыршақтың (пастушья сумка обыкновенная – Capsella bursa — pastoris) ұсақ ақ гүлдерi болады (24-сурет), жемiстерi қалта тәрiздi үшбұрышты бұршаққыншалар. Жемiсi тез пiсiп жетiледi, әрi жерге түскен дәндерi бiрден өседi. Тұқымынан сол жаздың өзiне тағы да жаңа өсiмдiктер пайда болып жемiс бередi. Бiр жаздың өзiнде кәдiмгi жұмыршақ 3 – 4 ұрпақ бередi. Сондықтан күзде жертаған жапырақтары бар көптеген жас өсiмдiктердi кездестiруге болады.

Кәдiмгi жұмыршақ мал жүрген жерлерде, қора – қоқыстың айналасына, жолдың бойында және егiстiкте өседi. Сондықтан кәдiмгi жұмыршақ бүкiл жер бетiне түгел дерлiк таралған.

Ал кейбiр түрлерi өте көп мөлшерде тұқым байлайды. Мысалы сарбасқурайдың  бiр түбi жылына 6000-нан 110000 дейiн, аса үлкен болып өскендерi тiптен 770000 дейiн, тұқым бередi. Сондықтан да орамжапырақтар тұқымдасының өкiлдерi егiстiктiң күресуге қиын арамшөптерi.

Орамжапырақтар тұқымдасына төмендегiдей  мәдени өсiмдiктер жатады: орамжапырақ (капуста — Brassica), тарна (брюква — Brassica napobrassica), бақша шомыры (редька огородная – Raphanus sativus), шалғам (редис – Raphanus sativus var. radicula), шалқан (асханалық сорт — репа – Brassica rapa), мал азықтық шалқан (жемшөптiк сорт) (турнипс – Brassica rapa), далалық  қыша (сарептская горчица – Brassica juncea), ақжелке(хрен обыкновенный — Armoraia rusticana) және т.б.

Орамжапырақтарға жататын өсiмдiктер жақсы бал жинайды. Кейбiр орамжапырақтарға жататын өсiмдiктерден тамақа немесе техникалық мақсатта пайдаланылатын май алынады.Май алу мақсатында қышан немесе арыш өсiрiледi.

Егер сендер гүлiнiң құрылысы жағынан орамжапырақтар тұқымдасына сәйкес келетiн, таныс емес өсiмдiктi кездестiресiңдер, оның атын өсiмдiктi анықтауға арналған кесте бойынша анықтаңдар.  Орамжапырақтар  тұқымдасына жататын кейбiр өсiмдiктердi, осында келтiрiлген карточкалар бойынша анықтауға болады, бiрақ сендер өсiмдiктi анықтауға арналған кестемен бәрiбiр танысуға тиiссiңдер.

Өсiмдiктi анықтауға арналған кесте – тезадан және аттитезадан тұрады. Теза цифрмен, ал антитеза 0 – мен белгiленген. Өсiмдiктi анықтау үшiн алдымен тезаны содан соң антитезаны түгелiмен оқып шығып бiр – бiрiмен салыстырады, содан соң  олардың анықтап отырған өсiмдiкке белгiлерi сәйкес келетiнiн таңдап алады. Егер таңдап алған тезаның немесе антитезаның соңында цифр тұрса, онда анықтаудың одан әрi жалғастыру қажет. Ол үшiн цифрмен көрсетiлген сiлтеме арқылы келесi тезаға көшедi. Осылайша таңдап алынған тезаның немесе антитезаның соңында туыстың аты берiлгенше анықтау жалғастырыла бередi. Түрдi анықтауда сол жоғарыда көрсетiлген тәсiлмен жүргiзiледi. Түрдiң атынан кейiн оны ғылымға алғаш рет таныстырып, сипатап жазған ғалымның аты жөнi  жазылады.

Соның нәтижесiнде тұқымдастың, туыстың, түрдiң ғылыми (латын тiлiндегi) атын және олардың орысша (мүмкiндiгiнше қазақша) баламаларын табады. Төменде орамжапырақтар тұқымдасының бiр қатар түрлерiн анықтауға  арналған кестенi келтiремiз. Ондағы мақсатымыз, өсiмдiктердi анықтауға арналған кестенiң қалай құрастырылғанымен және оны пайдаланудың жолдарымен таныстыру.

 

 

Құлқайырлар тұқымдасы (семейство мальвовые — Malvaceаe)

Құлқайырлар тұқымдасына 1600 түр, 85-тей туыс жатады. Қазақстанда табиғи жағдайда 18 түрi (7 туыс) кездеседi. Құлқайырлар тұқымдасының өкiлдерi барлық құрлықтарда өседi. Негiзiнен олар тропикалық аудандарда, әсiресе Оңтүстiк Америкада кең таралған. Гүлдерi үлкен, жалғыздан, сиректеу топтасып, жапырақтың қолтығында немесе бұтақтарында орналасады. Гүл серiгi қосарланған, 3 тостағанша асты жапырақшасы болады. Өзара бiрiккен 5 тостағанша және бос орналасқан 5 күлте жапырақшалары бар. Аналықтары мен атлықтарының саны көп. Жоғарғы жатынды. Жемiсi қауашақ немесе бiр тұқымды жаңғақшалар. Гүлiнiң формуласы: :    * ♀♂ Т3+(5)К(5) А5+5Ж2-5  немесе  ∞

Құлқайырлар тұқымдысының өкiлдерi негiзiнен шөптектi өсiмдiктер. Сиректеу бұталары мен ағаштары да бар. Жапырақтары жай сиректеу күрделi және сабаққа кезектесiп орналасады. Жапырақ тақталары тұтас немесе саусақсалалы тiлiмделген.   Бөбешiк жапырақшалары түсiп қалып отырады.

Тұқымдастың ең маңызды туысы мақта (хлопчатник — Gossypium). Мақтаның 66-га жуық түрi бар олардың ең маңыздысы және мәдени жағдайға ендiрiлгенi кәдiмгi мақта (хлопчатник мохнатый – Gossypium hirsutum). Шыққан жерi тропикалық және субтропикалық аймақтар. Мақта — жiп иiруге қажеттi талшық беретiн құнды өсiмдiк. Оны Индияның батысында бiздiң эрамыздан 3 мың жылдай бұрын еге бастаған. Жiп иiруге мақтасы — талшығы пайдаланылады, олар дәндерiн тығыз жауып тұрады. Бiр дәнде 7 мыңға дейiн талшық болады. Талшықтары таза клетчаткадан тұрады. Олар бiрклеткалы, ақ немесе сары түстi болады, ұзындығы 60 мм дейiн жетедi. Мақта өсiмдiгi 70—75%-ке дейiн жiп иiруге (мата тоқуға) қажеттi талшық бередi. Дәндерiнен 20-25%-ке дейiн тамақка пайдаланылатын және техникаға қажеттi сапасы жоғары май алынады. Күнжарасында 30%-ке дейiн белок болады, сондықтан да оны малға жем ретiнде бередi. Қозапаясын отынға пайдаланады. Мәдени жағдайда мақтаның 5 түрi себiледi.

Қазақстанда мақтаның үш түрi егiледi. Упланд немесе орташа талшықты мақта, талшығының ұзындығы 35 мм жетедi, ал жуандығы 17-20μ аспайды. Бұл түр Мексикадан шыққан. Гуза немесе қысқа талшықты мақта. Талшығының ұзындығы 15-25 мм, ал жуандығы 25-40 μ дай болады. Шыққан жерi Иран және Орта Азия. Ұзын талшықты мақта. Бұл түр Египет немесе жiңiшке талшықты мақта деген атпен белгiлi. Талшығының ұзындығы 40 мм, кейде оданда асып кетедi. Талшығының жуандығы 12-18 μ аспайды. Бұл түрдiң сорттарынан сапалығы ең жоғары жiптер иiрiледi және маталар тоқылады. Осындай мақтаның жiбiнен тоқылған маталар жiбектей сусылдап тұрады. Ұзын талшықты мақта Оңтүстiк Америкадан, оның iшiнде Перуден шыққан.

Тұқымдастың басқа туыстарынан талшық алынатын өсiмдiк ретiнде маңыздылары кендiр бөрiтарағы (кенаф – Hibiscus cannabinus) мен теафраст бұйдакендiрi (канатик теофраста – Abutilon theophrasta). Бұл өсiмдiктер ертеден кендiр деген атпен Қытайда, Орта Азияда, Кавказда, Қазақстанда мәдени жағдайда өсiрiледi. Кендiрдiң сабағының құрғақ салмағына шаққанда 15-18 % жiп иiруге жарайтын талшық алынады. Талшығы жуан, берiк, бiрақ ол қапшықтар тоқуға «арқан есуге, шпагаттар иiруге ғана жарамды». Кендiрдiң тұқымынан 18-20 % дейiн техникалық май алынады. Тұқымының сығымын концентрленген жем ретiнде малға бередi. Тыңайтқыш ретiнде де пайдаланады. Сонымен бiрге кеңдiрдiң талшығынан қағаз жасайды және құрлыс жұмыстарында изоляциялық материал ретiнде пайдаланады. Жабайы түрлерi егiстiктiң, әсiресе мақта егiлетiн алқаптың арамшөптерi. Құлқайырлар тұқымдасының маңызды өкiлiнiң бiрi дәрiлiк жалбызтiкен (алтей лекарственный – Althea officinales). Ол биiктiгi 1 м шамасында болатын көпжылдық шөптесiн өсiмдiк. Маусым айынан қыркүйекке дейiн гүлдейдi. Шалғындарда, өзендердiң жайылмасында, көлдердiң, каналдардың жағалауында өседi. Мәдени жағдайда да өсiрiледi. Дәрiге сүректенбеген тамыры мен шөбiн пайдаланады. Тамырында көмiр сулар, крахмал, каучук тектес заттар, витамин С, илiк заттар тағы басқалар болады. Жапырақтары мен гүлдерiнде жоғарыда аталғандардан басқа эфир майы болады. Тұқымдасқа жоғарыда аталған түрлерден басқа дәрiлiк өсiмдiк орман құлқайыры (просвирник лесной – Malva silvestris), сәндiк өсiмдiк, арамшөп мавритан құлқайыры (просвирник мавританский – Malva mauritaniana), сәндiк өсiмдiк, арамшөп Тюринген хатмасы (хатьма тюрингенская – Labaera thuringiana), арамшөп үшқатар бөрiтарақ (гибискус тройчатый – Hibiscus trionum) жатады. Айдаршөп (шток – Роза — Alcea) туысының өкiлдерi Қытай раушаны деген атпен белгiлi. Оның жабайы түрлерiнiң күлте жапырақшаларынан бояу алынады. Мәдени түрлерiн горшоқта өсiрiп жұмыс орындарын көгалдандырады.

Раушангүлдiлер (розоцветные — Rosaceae) тұқымдасы

Жалпы сипаттамасы. Раушангүлдiлер тұкымдасында 115 туыс, 3000-дай түр бар. Оларға ағаштар, бұталар жөне шөптесiн өсiмдiктер жатады. Бұл тұқымдастың гүлдерiнiң, гүлшоғырларының,  жемiстерiнiң және жапырақтарының құрылысы алуан түрлi. Раушангүлдiлерде бөбешiк жапырақтар болады.  Бұл әсiресе шөптесiн түрлерiне тән. Тұқымдастың гүлдерi дұрыс гүл болып табылады. Раушангүлдiдердiң гүлдерiнiң басты ерекшелiгi олардың гүл табанының пiшiнiнде.  Бiр түрлерiнде гүлтабаны дөңес, екiншiлерiнде жалпақ, ал үшiншiлерiнде ойыс болады. Гүлдiң барлық мүшелерi  гүлтабанына белгiлi бiр жүйеде орналасады. Раушангүлшлердiн гүлсерiктерi қосарланған, 5 мүшелi (сиректеу 4 мүшелi) жөне олар гүлтабанына спираль бойымен орналасады. Гүл серiктерiне тостағанша және күлте жапырақшалары жататыны сендерге 6  сыныптан таныс. Тостағанша жапырақшаларыны

12345След.
скачать работу

Қосжарнақтылар класы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ