Қосжарнақтылар класы
ң саны 5-тен болады және олар бiр түрлерiнде бiрiккен, ал екiншiлерiнде бос орналасады. Кейбiр түрлерiнде тостағанша жапырақшалары, тостағанша асты жапырақшаларының болуына байланысты екi қатар шеңбер түзiп орналасады мысалы, шыршай (гравилат — Geum), қазтабан (лапчатка — Potentilla), бүлдiрген (земляника — Fragaria) туыстары. Күлте жапырақшаларының түсi өсiмдiктiң түрiне қарай әрқилы болады: қызыл, сары, ак, көк тағы басқаша. Күлтелерiнiң әрқайсысы гүл тұғырына бос орналасады, тек кейбiр түрлерiнiң ғана күлтелерi бiрiккен болады. Аталықтарының саны көп және олар 5 қатар тiзiп орналасады. Аналықтарының саны жемiс жапырақшаларының санына тiкелей байланысты болады. Жемiс жапырақшаларының саны бiр гүлдерде көп, екiншi гүлдерiнде шектеулi, ал үшiншiлерiнде бiреуден болады. Аналық жатыны бiр ұялы, екi ұялы немесе көп ұялы болады. Раушангүлдiлердiң бiреулерiнде жатын жоғарғы, екiншiлерiнде ортаңғы, ал үшiншiлерiнде төменгi болады.
Раушангүлдiлер бунақденелiлермен айқас тозаңданады.
Раушангүлдiлердiң жемiстерi де алуан түрлi. Олардың жемiстерi құрғақ және шырынды болады. Сонымен раушангүлдiлерден жалған жемiстердiң әртүрлi формаларын кездестiруге болады. Раушангүлдiлердiң әртүрлi өкiлдерiнде аналықтарының саны бiрдей болмайды. Бiр түрлерiнiң гүлдерiнде бiр ғана аналық болады, мысалы, шиеде(вишня — Cerasus), қараөрiкте(cлива — Prunus), сарыөрiкте(абрикос — Аrmeniaca), шабдалыда(персик — Persica), мойылда(черемуха — Padus) және тағы басқалары да. Мұндай гүлдерден сүйектi шырынды жемiс түзiледi. Екiншi бiр түрлерiнiң гүлдерiнде аналықтарының саны көп болады. Бұл жағдайда аналықтар гүл табанының орталық бөлiгiнде орналасады. Мұндай аналықтың әрқайсысынан кiшкентай жемiс пайда болады. Ал тұтастай гүлден көптеген жаңғақшалар — құрғақ жемiстер немесе көп сүйектi шырынды жемiстер пайда болады. Мұндай құрғақ жемiстердi қазтабаннан (лапчатка — Potentilla), ал шырынды жемiстердi таңқурайдан (ежевика, малина — Rubus) кездестiремiз.
Әдетте аналықтары көп болып келетiн гүлдердiң табаны жемiстерiнiң пiсiп жетiлуiне байланысты ұлғайып шырынданады. Бұл орман бүлдiргенi(земляника лесная – Pragаria vesca) мен итмұрындарда(шиповник — Rosa) айқын байқалады. Алма(яблоня — Malus), алмұрт(груша — Pyrus), шетен(рябина — Sorbus), долана(боярышник — Crataegus) секiлдi түрлерiне жемiстiң ерекше түрi — алма жемiс тән. Раушангүлдiлерге жататын өсiмдiк гүлдерiн формула түрiнде жазуға болады.
Тобылғының(таволга — Spiraea) гүлiнiң формуласы: * ♂♀ Т(5)К5А ∞ Ж.5
Жемiсi – бiрiккен таптама (листовка)
Бүлдiргеннiң (земляника – Pragаria) гүлiнiң формуласы* ♂♀ Т(5+5)К5А∞ Ж∞
Жемiсi — көп тұкымша.
Итмұрынның(шиповник — Rosa) гүлiнiң формуласы: * ♂♀ Т5К5А∞Ж∞
Жемiсi — көп жаңғақша.
Алманың(яблоня — Malus) гүлiнiң формуласы: * ♂♀ Т(5)К5А∞ Ж(1-5).
Жемiсi — алма.
Қараөрiктiң(слива — Prunus) гүлiнiң формуласы: * ♂♀ Т(5)К5А20 Ж.1
Жемiсi- сүйектi шырынды жемiс.
Қазтабаның(лапчатка — Potentilla) гүлiнiң формуласы: * ♂♀ Т(4+4)К4А ∞Ж∞.
Жемiсi — көп жаңғақша.
Кейбiр раушангүлдiлердiң гүлсерiктерi төрт мүшелi болады. Мысалы, тiк қазтабанның (лапчатка прямая – Potentilla recta) тостағанша және күлте жапырақшаларының саны 4-ден болады. Тiк қазтабан ылғалдығы жоғары, ашық жерлерде, орман шетiнде және бұталардың арасында өседi.
Раушангүлдiлердiң табиғатта кең таралган аса маңызды өкiлдерiнiң бiрi итмұрын(шиповник — Rosa).
Орманда жол жағасында, таудың төменгi жөне ортаңғы белдеулерiнiң күнгей беткейiнде итмұрын бұтасы кездеседi. Оның гүлдерiнiң түсi әрқилы болып келедi. Бiр түрлерiнде қызғылт, екiншiлерiнде ақ, ал үшiншiлерiнде сары болады. Гүлдерi iрi әрi хош иiстi. Итмұрынның сабақтары, гүлдерiнiң және жапырақтарының сағақтары, жапырақтарының ортаңғы жүйкелерiне дейiн тiкенектермен жабылған. Бұл тiкенектер өсiмдiктi шөппен қоректенетiн жануарлардан сақтайды.
Итмұрынның гүл тұғыры «бокал» тәрiздi ойыс болады. «Бокалдың» шетiнде тостағанша, күлте жапырақшалары және аталықтары орналасады. Ал «бокалдың» iшiнде аналықтары орналасады. Тек аналықтың мойны мен ауызы жоғары көтерiлiп көрiнiп тұрады. Гүлдерiнiң ашық түсi және аталықтарының тозаңдықтарында пiсiп жетiлген тозаңдары өздерiне бунақденелiлердi елiктiредi. Бунақденелiлер гүлдiң тозаңдарымен қоректенiп, аналықты тозаңдандырады.
Күзде итмұрындардың гүлдерiнен сарғыш немесе қызғылт түстi етжендi «жемiстерi» пiсiп жетiледi. Жемiстерi ұлғайған гүлтабанынан дамиды. Итмұрынның нағыз жемiстерi ұлғайған гүлтабанның iшiндегi ұсақ жаңғақшалар. Олар «бокал» тәрiздi гүл тұғырының iшiндегi аналықтың жатынынан түзiледi. Гүл тұғырының iшкi жағында жабысқақ түктер болады. Шырынды гүл тұғырының құрамында көптеген витаминдер болады.
Итмұрынның жапырақтары таққауырсынды күрделi. Бiр сағақта 5-7 жапырақша орналасады.
Қазақстанда итмұрынның 24 түрi өседi. Итмұрындарды сәндiк үшiн бақтарда өсiредi. Көптеген сәндi сорттары шығарылды. Оларға шайлы, полиатты, майлы раушандар тағы басқалар жатады. Майлы раушан сортының күлтелерiнен жұпар иiстi раушан майы алынады.
Раушангүлдердiң табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы. Раушангүлдiлердiң көбiсi өте маңызды жемiс ағаштары. Халық Шаруашылығында ең маңыздысы алма, алмұрт, шабдалы, миндаль, шие тағы басқалар. Бұталардан кең таралғандары долана, итмұрын, шетен, тобылғы, кәдiмгi таңқурай(малина обыкновенная – Rubus idaeus), қожақат таңқурайы(ежевика – Rubus caesius), қойбүлдiрген(костяника — Rubus saxatilis). Бұлардың басым көпшiлiгi тамаша сәндiк өсiмдiктер. Оларды парктерде, скверлерде және көше бойларына арнайы отырғызады. Әсiресе көктемде гүлдеген кездерiнде олар айналасына ерекше сән бередi. Итмұрындардың мәдени түрлерiнiң күлтелерiнен парфюмерия өндiрiсiнде қолданылатын эфир майы алынады. Мойыл (черемуха — Padus) жемiсiнiң, тамырының, қазтабанның тамырсабағының дәрiлiк қасиеттерi бар. Сонымен бiрге сарыөрiктiң (абрикос — Armeniaca), шабдалының (персик — Persica), қараөрiктiң (слива — Prunus), бадамның (миндаль — Amygdalus) қышқыл және тәттi дәндерiнен алынатын майларын медицинада қолданады.
Бұршақтар тұқымдасы (бобовые — Fabaceae)
Бұршақтар тұқымдасында 12 мыңдай түр, 490 туыс бар. Бұл тұқымдасқа бiр жылдык, көп жылдық шөптесiн өсiмдiктер, бұталар және ағаштар жатады. Жапырақтары мен гүлшоғыры әртүрлi. Бiрқатар түрлерiнiң жапырақтарының түп жағында бөбешiк жапырқтары болады. Ал кейбiр өсiмдiктерде, мысалы, асбұршағында(горох — Pisum) ол кәдiмгi жапырақтардан көп үлкен. Бұршақтар тұқымдасына негiзiнен күрделi жапырақтар тән. Мысалы беде(клевер — Trifolium), жоңышқа(люцерна – Medicago), түйежоңышқа(донник — Melilotus) жапырақтары үш кұлақты күрделi жапырақтар. Асбұршақ (горох — Pisum), қытайбұршақ(соя — Glycine), үрмебұршақ(фасоль — Phaseolus), ағаш қараған(карагана древовидная – Caragana arborescens), ақ акация (робиния — Robinia), сиыржоңышқа (вика — Vicia) жапырақтары қауырсын тәрiздi күрделi жапырақтар. Бөрiбұршақтың (люпин — Lupinus) жапырағы саусақсалалы күрделi жапырақ.
Бұршақтар тұқымдасына шашақ (бөрiбұршақ, түйежоңышқа — донник — Melilotus) және шоқпарбас (беде — клевер – Trifolium) гүл шоғырлары тән. Бұршақтар тұқымдасының гүлдерi бұрыс гүлге жатады. Гүлсерiгi қосарланған: тостағаншасы 5 бiрiккен жапырақшалардан тұрады, күлтесiнiң саны 5. Оларың 2-уi бiрiгiп, 3-уi бос орналасады. Күлтесiнiң ең үлкенi — желкен, 2 бүйiрiндегi бос орналасқаны — ескекше, ал 2 төменгi бiрiккенi — қайықша деп аталады (29-сурет). Қайықшаның iшiнде 10 аталықпен қоршалған, бiр аналық орналасады. Көптеген өсiмдiктерде аталықтарының 9-ның жiпшелерi бiрiгiп кетедi де, 1-еуi бос қалады. Кейбiр бұршақтар тұкымдасының аталықтарының бәрi жiпшелерi арқылы бiрiгiп кетедi немесе аталықтарының барлығы бос орналасады.
Гүлiнiң формуласы: % ♀♂ Т(5)К3+(2)А(9)+1 Ж1
Жемiсi — бұршақбас (боб). Бұршақбас бiр жемiс жапырақшасынан пайда болатын бiр ұялы жемiс. Бұршақбастың көпшiлiгiнiң тұқымдарының арасы көлденең перделермен бөлiнiп тұрады. Мұндай жемiстi бұнақұты немесе бөлшектi бұршақбас деп атайды. Бұршақтар тұқымдасының бiрқатарының жемiсi спиральтәрiздi ширатылған болып келедi (кәдiмгi жоңышқа). Қақырамайтын бiр тұқымды бұршақбаста кездеседi. Мысалы құнды малазықтық өсiмдiктiң бiрi эспарцеттiң жемiсiн дәл осындай бiр тұқымды бұршақбас.
Егiн шаруашылығы тәжiрибесiнде — бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшелiктерiнiң маңызы аса зор. Мысалы, олардың тамырларында түйнектер түзiледi. Топырақтан бұршақ тұқымдас өсiмдiктер тамырларының клеткаларына тамыр түктерi арқылы бактериялар өтедi. Олар ауадағы бос азотты бойына сiңiредi. Бактериялар тамыр клеткаларының бөлiнуiне жөне көлемiнiң ұлғаюына әсер етiп, нәтижесiнде түйнектер түзiледi. Организмдердiң екеуiне де пайдалы мұндай селбесудi симбиоз деп атайды (гректiң «симбиозис» — селбесiп өмiр сүру деген сөзiнен алынған). Өсiмдiк қураған соң топырақ құрамындағы азоттың мөлшерi, яғни топырақтың кұнарлылығы артады. Бұршақтар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң барлық мүшелерi белоққа бай болады.
Мәдени жағдайда бұршақтар тұқымдасынан егiстiк және көкөнiс дақылдары ретiнде асбұршақ(горох — Pisum), үрембұршақ (фасоль &
| | скачать работу |
Қосжарнақтылар класы |