Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

у заң шығару процесінің соңғы, қажетті кезеңі. Онсыз заң шығару процесі аяқгалды деп есептелмейді, онсыз заң күшіне енбейді.[6.35]

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, кең мағынада заң шығару процесі Парламентке дейін болатын іс-қимылдардан бастау алады, заң жобасымен жұмыс жөніндегі Парламентке дейінгі және Парламенттік кезеңдегі қызметтерді өз шеңберіне кіргізеді. Қысқаша алғанда - олар жинақы түрде заң жобасын негіздеу, жасау, Мәжіліске енгізу, қабылдау және қол қойып жариялау жөніндегі әрекет-қызметтер. Қазақстандық ғалымдардың бірі - Ю.В. Мальцев заң шығару процесін тек кең тұрғыда ғана түсіндіре отырып, оның алғашқы кезеңдері ретінде заңдарды жасауға негіз болатын процестерді, заңи реттелуге деген қажеттіктерді ашуды, реттеу сипаты мен бағытын, тағы басқаларын ұсынады. Және ол заң шығару процесін құрайтын әрекеттерді сатыларға топтай отырып, заң шығару процесінің үш кезеңін белгілейді. Біздің заң шығару процесін кең мағынада түсіндіретін анықтауымыз тиісті автордың пікірімен бірдей деуге болады. Соңдықтан, Ю.В. Мальцевтің заң шығару процесінің шегін ашатын қызметтерін кең мағынада заң шығару процесінің шекарасына кіргізе отырып, оның ұсынатын келесідей кезеңдерін тек қана мақұлдаймыз. Аталмыш автор ұсынатын заң шығару процесінің бірінші кезеңі - жобаға дейінгі кезең. Бұл кезең заң актісінің жобасын дайындау туралы шешімді қабылдауға себеп болған қызметті қамтиды. Бұл кезең мынадай әрекеттерден тұрады:

а)       өзекті жағдайларды зерттеу, белгілі бір қоғамдық қатынастың құқықтық реттелуінің объективтік қажеттіліктерін тану, мәселенің жеке және бірнеше адамның санасында көрінуін айқындау, зерттеу, өртүрлі әлеуметтік топтардың мақсаттары мен мүдделерін зерттеу;

б)      объективтік және субъективтік факторларды бағалау, нақты болжалған жағдайларда әртүрлі әлеуметтік факторлардың өрекеттерінің әсер ету және бағыттылық күшін анықтау;

в)      құқықтық реттеудің  пәні, мақсаттары мен бағыттарының шектерін анықтау;

г)       өзекті жағдайлардың оң және теріс кезеңдерін ашу, құқықтық реттеудің әртүрлі варианттарында сол кезеңдердің дамуын божамдау, жетілген құқықтық амалдарды таңдап алу;

д)      құқықтық реттеудің  мақсаттары мен бағыттарына сәйкес келетін жүріс-тұрыстың жетілген үлгілерін қалыптастыру;

е)       заңның идеяларын қалыптастыру және оның жобасы бойынша жұмыстың қажеттілігін негіздеу.

Екінші кезең - жобалы кезең. Бұл кезең заңның жобасын жасау туралы ресми шешім қабылдағаннан бастап, құқық шығарушы органның қарауына заң жобасын енгізумен аяқталатын қызметтерді қамтиды. Ол бірнеше сатылардан өтеді:

а)       заң жобасын жасау туралы шешім қабылдау;

б)      жобаны дайындау;

в)      жобаны талқылау;

г)       жобаны келістіру;

д)      жобаны пысықтау.

Үшінші кезең - құқық шығармашылығы шешімін қалыптастыру кезеңі. Бұл кезең заң актісін шығару жөніндегі әрекеттерді -жобаны құқық шығарушы органда талқылауға енгізгеннен, жариялағанға дейінгі әрекеттерді қамтиды. Бұл кезең бірнеше сатыдан тұрады:

а)       жобаны құқық шығарушы органның қарауына енгізу;

ә)       жобаны комитеттерде қарау;

б)      заң жобасын  пленарлық отырыста талқылау және мәні бойынша шешім қабылдау;

в)      заң жобасын бекіту;

г)       заң актісін жариялау".

Парламентке дейінгі кезеңдер Конституцияда бекітілмеген. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңда олардың біразы көрініс тапқан, ашып айтсақ заң актілерінің жобаларын дайындауды жоспарлау, заң жобаларын әзірлеу (дайындау), жобаны мүдделі органдармен және ұйымдармен келістіру. Заң жобасын Мәжіліске енгізгенге дейінгі әрекеттердің конституциялық реттелмеуі олардың маңыздылығын ерекше көрсетуге кедергі болмайды. Заң актісін Парламентте қарау және қабылдауға дейінгі кезеңдер расында да маңызы жағынан Парламент шеңберінде атқарылатын әрекеттерден кем соқпайды және күрделі әрекеттерді камтиды. Себебі, дәл осы кезеңдерде болашақта заң нысанын алатын құқықтық реттелудің пәні анықталады, тиісті шығармашылық қызметтің жемісі болып табылатын - заңның мәтіні жасалады, реттелуді қажет ететін қоғамдық қатынастарды зерттеу жұмыстары жүргізіледі, анықталған қатынасты құқықтық реттеудің ең орынды жетік жолдары анықталады. Нақ осы кезеңде заңның сапасы қалыптасады. Сонымен қатар, жобаны дайындау барысында жоғарыда аталғандардан басқа да мынадай әрекеттер жүзеге асырылады:

-        әлем елдерінің Конституцияларын, заңдылық актілерін, кажетті құжаттарды жинау;

-        оларды түбегейлі түсіну, зерттеу;

-        тиісті заң жобасына қатысты сәйкес баптарды талдау, байланысын анықтау;

-        заң жобасын құрастыру және оны мамандар мен сарапшыларға беру;

- тиісті мамандардың қорытындылары мен қоғам мүшелерінің мүдделерін ескеру.

Бұдан байқайтынымыз, заң шығарушы органға дейін, нақты айтсақ,заң шығару бастамасы құқығының жүзеге асуына дейінгі әрекеттер де асқан білімділік пен жауаптылықты қажет етеді.

Заң шығару процесінің сатыларын анықтауға байланысты өзгешелік Қазақстан ғылымында да кездесіп отырады. Тиісті мәселеге қатысты өзгеше пікірді қазақстандық ғалым С.К. Амандықованың еңбектерінен байқаймыз.[2.165] Ол заң шығару процедураларын келесідей бес сатыға тиянақтайды «Заң шығарушылық процесінің бірінші сатысы Парламентте заң шығару процесі сатысынан басталады. Бұл сатыда заң шығару бастамасының субъектілері Мәжілістің қарауына заң жобаларын енгізеді. Заң шығарушылық процестің екінші сатысы заң жобасын алдын-ала талқылаудан өткізу. Үшінші саты — заң жобасын Мәжіліс отырыстарында талқылау. Төртінші саты — заң жобасын Сенатта қарау. Бесінші саты — заңдарға Президенттің қол қоюы және олардың жариялануы».

«ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 3-тарауының мазмұны мен құрылымы қос палаталы Парламенттің заң шығару процесін келесідей көлемді сатыларға бөлуте болатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

1.      заң шығару бастамашылығы;

2.      заң жобасын Мәжілісте қарау;

3.      заң жобасын Сенатта қарау;

4.      қол қою жәнезаңды жариялау.

ҚР Парламентінің күрделі заң шығару қызметін осындай бес сатыға тиянақтауға болады. Заң шығару процесінің бұл сатылары -процедуралық әрекеттердің дербес кезеңі, тиісті нормативтік актіні жасауға бағытталған өзара тығыз байланысты әрекеттердің ұйымдық бөлшектенген кестесі. Заң шығару процесінің белгілі бір сатысының аяқталуы нормативтік актіні жасау жөніндегі жұмыстың жаңа бір дербес сатыға өткендігін куәландырады. Әрбір жаңа сатыда жасалып жатқан актінің жаңа сапасы пайда болады.

Заң шығару процесінің сатыларына жеке-жеке тоқталмас бұрын, заң шығару процесінің өзге жағын ашып қарауды жөн көріп отырмыз. Конституцияның 49-бабының 1-бөлімінде көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган. Бұл норма оның бірден-бір заң шығаратын орган болып табылатындығын бекітпейді. 53-бапта (4-тармақ) анықталғандай Қазақстан Республикасы Президенті және республикалық референдум туралы заңға сәйкес халық референдум арқылы заңдар шығаруы мүмкін. Олай болса, жоғарыда көрсеткен заң шығару процесінің түсініктері мен шектері тек Парламенттің заң шығару қызметіне байланысты мәселелер. Заң шығару процесінің Парламентке дейінгі және Парламенттік кезеңдері, сатылары Президенттің және референдум арқылы халықтың заң шығармашылығына жатпайды.

Республика заң актілеріне сәйкес қазақстандық заң шығару процесі екі түрде жүзеге асырылады: Мәжіліс - Сенат - бірінен соң екіншісі кезектілікпен қарау арқылы заң шығару және палаталардың бірлескен отырысында заң шығару. Конституцияның54-бабының 1-тармағына сәйкес Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы заңдар қабылдайды. Ал, 53-баптың 1-тармағы Палаталардың бірлескен отырысында Парламент ҚР Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетінін, конституциялық заңдар қабылдайтынын, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізетінін белгілейді. Сондай-ақ, палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің қабылдаған заңына Президенттің салған ветосы талқыланады (53-бап 3-тармақ) және Үкіметке сенім білдірілген жағдайда Үкімет енгізген заң жобасы қабылданады.

Заңдарды палаталардың кезектілікпен немесе бірлескен отырыста қарап, қабылдауы байланысты болатын заңды фактілер болып 1995ж. ҚР Конституциясында анықталған адамдар мен органдардың өздеріне тән заң шығару бастамашылығы құқығын пайдалануы болып табылады. Заң шығару бастамашылығы құқығы субъектісінің Парламент қарауға міндетті заң жобасын және Парламенттің өзге заң актісінің мәтінін ресми енгізуі заң шығару бастамашылығы болып табылады. Заң шығару бастамашылығы Мәжілісте ғана жүзеге асырылады және оған ие субъектілердің екі түрін көрсетуге болады: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Парламент депутаттары. 1993 жылғы Конституцияға қарағанда мұнда тиісті құқыққа ие болатын субъектілердің аздығы қоғам мүшелері арасында біршама қайшы, алуан пікірлер, сұрақтар туғызғаны белгілі. Бұл мәселеде

Пред.1112131415След.
скачать работу

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ