Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

алдыңғы кезекке қойылған негізгі сұрақ: заң шығару бастамашылығы құқығы субъектілерінің аз белгіленуінің себебі неде? Заң шығару бастамашылығы құқығы субъектілері қатарының қысқартылуын сол кездегі Қазақстандағы жағдаймен байланыстыруға болатын секілді. Әр кезде де уақыт өз талабын ұсынады емес пе? Демек, заң шығару бастамашылығы құқығы субъектілері қатынасының осылай реттелуі сол кезде орын алған жағдайлармен себептелген деп айтуға болады. Ол кезде қоғам дәл бүгінгідей тұрақтылық өлшемімен өлшенбегені ақиқат. Сондықтан қоғамда тұрақтылықтың тамырын тереңге салу үшін, ұлтаралық татулық пен келісімді қалыптастыру үшін заң шығармашылығы саласын түрлі авантюристік көзқарастардан, асыра сілтеушілік пен арандатушы көзқарастардан қорғау қажет болды деп жорамалдауға болады. Өйткені, кез келген құқықтық реформаның сәтті, жемісті болуы заң шығармашылығының нәтижесі — заңның мазмүнының сапалығына, заңның жұмыс істеу қабілеттігіне байланысты. Әрі өзгелер емес, тек аталған екі топтағы субъектілердің заң шығару бастамашылығы құқығы субъектілері ретінде танылуының қажеттілігі негізді болды, яғни Парламент депутаттары халықпен етене араласатын, сайлаушылармен кездесулер кезінде олардың ерік-мүдделерімен таныс болатын субъектілер ретінде танылса, Үкімет реформаларды жүзеге асыру үшін құқықтық реттелуге зәуір саланы байқай алатын субъект ретінде танылды. Конституцияда заң шығару бастамашылығы құқығына ие субъектілер ретінде Үкімет пен Парламент депутаттарының анықталуы, олар тек екі ғана тұлғалар деп есептеуге себеп болмайды. Үкімет пен Парламент депутаттары заң шығару бастамашылығы құқығы субъектілерінің екі түрі ғана. Өйткені, Парламент депутаттарының өздері — 116 адамды құрайды, ал Үкімет министрліктерді және заң жобасын әзірлей алатын өзге органдар мен тұлғаларды қосқанда біршама. 1995 жылғы Конституция бойынша Үкімет пен Парламент депутаттарына ғана заң шығару бастамашылығы құқығының тиесілі болуы өзге тұлғалардың тиісті құқыққа қатыстылығын жоймайды. Шынайы кажеттілік пікірлер молдығы, алуан-көптілігі орын алған жерде туындайтындықтан өзге субъектілер белгілі бір ерікті заңи рәсімдеуді Парламент депутаттары мен Республика Үкіметі арқылы жүзеге асыра алады. Парламент депутаттары мен Үкімет арқылы заң жобасын Парламент қарауына енгізу жоғарыда атап кеткеніміздей заң шығару аясын антидемократиялық, ұлтаралық, діни әрі мемлекетаралық араздықтарды тудыратын т.б. кері идеялардан сақтады. Өйткені, жанама түрде заң шығару бастамашылығы құқығын жүзеге асыру жағдайында Парламент депутаттары мен Үкімет қоғамның алға қойған мақсаттарына кайшы келетін пікірлерді Парламентке өткізбейтін сүзгіш іспеттес болды.

Бұған дейін де айтқанымыздай, 1995 жылғы Конституцияда заң шығару бастамашылығы күқығына ие субъектілердің тек екі тобының ғана бекітілуі — сол кездегі заман ағымының ұсынған талабы болды. Орын алған, кездесіп отырған кемшілік-қиындықгарға қарамастан ол өзінің тиісінше реттелуін ақтады деп айтуға болады. Бүгінде Үкіметтің және Парламент депутаттарының заң шығару бастамашылығы құқығын жүзеге асыруымен жүздеген заңдар қабылданып, құқықтық реформалардың жүргізілуіне өз септігін тигізуде. Бүгінгі қоғам 1995 жылға қарағанда орнықты тұрақтылықпен сипатталатындықтан заң шығару бастамашылығы құқығы субъектілерінің қатарын көбейтуге болады. Ашып айтсақ, тиісті құқыққа ие субъектілердің қатарына Республика Президентін, тек Жоғарғы Сотты ғана емес жалпы соттарды және халықты қосуға болады. Мысалы, тиісті құқықты халықтың жүзеге асыруы үшін Республика азаматтарының кемінде 50 мың санының бекітілуі. Парламентке заң жобасын енгізуші субъектілердің қатарына Республика халқын қосу - бұл қажетті қадам. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы, негізі ретінде танылған халықтың мемлекет істерін басқаруға, өздерінің мүдделерін заңды реттеуге тікелей қатыстырылмауы мемлекет үшін кемшілік болып табылары хақ. Әрі қоғам мүшелерінің қандай-да бір ерікті заңи рәсімдеуге араласпауы қоғамның демократиялығын жандандыру жолында жіберілген қара сызат болмақ. Ал, жалпы соттарға тиісті құқықты жүзеге асыруға құқық беруді олардың азаматтардың арыз, шағымын қарап, шешу мүмкіндігімен байланыстыруға болады. Конституцияда бекітілгендей азаматтар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы. Демек, жергілікті соттар халықпен тікелей байланыста, қатынаста бола отырып, олардың ерік-мүдделерін тану қабілеттігіне ие.

Заң шығару бастамашылығы құқығын Парламент депутаттары Парламент Мәжілісіне заң актілерінің жобасын енгізу туралы шешімін тиісті ұсыныспен рәсімдеу арқылы, ал Үкімет Парламент Мәжілісіне заң актілерінің жобасын енгізу туралы шешімін тиісті қаулысын шығару арқылы жүзеге асырады. Кейбір елдерде заң шығару бастамашылығы құқығы заң жобасының мәтінін енгізумен қатар заң шығару туралы ұсыныс білдіруді түсіндірсе, бізде конституциялық заң дәрежесінде заң шығару бастамашылығы құқығы заң актісінің дайын мәтінін енгізуді білдіреді. Демек "ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңның заң шығару бастамасын анықтайтын ережесіне орай заң актісінің мәтінін дайындау, жасау Парламент қабырғасынан бөлек, тыс жүзеге асырылады деп тұжырымдауға болады. Алайда, өзге актілерді саралау заң шығару бастамашылығы құқығын жүзеге асыруға қатысты конституциялық заңға сәйкес келе бермейтін сәттердің кездесіп отыратындығын куәландырады. Ашып айтар болсақ, Парламент регламентінің ережесі Парламент депутаты тарапынан заң шығару бастамасы жасалған кезде бастамашы Мәжіліс төрағасының атына ұсыныс рәсімдеп, онда заң актісінің жобасын әзірлеудің қажеттігін ашып көрсететінін бекітеді. Сондай-ақ, регламентте Мәжілістің жалпы отырысында ол ұсыныс қаралып, Мәжіліс заң актісінің жобасын өзірлеуге келіскен жағдайда Мәжіліс заң жобасының бастамашысын қажетті ұйымдық, ақпараттық және басқа да көмекпен қамтамасыз ететіні, бас комитетті белгілейтіндігі реттелген. Бұған қоса ҚР Парламенті Мәжіліс Аппаратының заң жобалау жұмысы Орталығы туралы Ереже де заң жобасының мәтінін дайындауды депутаттардың ұсынысы негізінде тиісті Орталық жүзеге асыратынын белгілейді. Демек, бұл актілер депутаттардың заң шығару бастамасы құқығы деп заң жобасының мәтінін енгізуді емес, заң жобасының мәтінін әзірлеу туралы ұсыныс білдіруді, ал Үкімет жүзеге асырған жағдайда заңда анықталғандай заң жобасының мәтінін енгізуді көрсетеді. Олай болса, іс жүзінде бізде де кейбір шет мемлекеттеріндегідей заң шығару бастамашылығы құқығы заң жобасының мәтінін енгізумен қатар заң шығару туралы ұсыныс білдіру ретінде ұғынылатын, жүзеге асырылатын болғаны да. "ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға қайшы келетін тұстары болмаса, заң шығару бастамашылығы құқығы ретінде Үкіметтің және Парламент депутаттарының заң жобасының мәтінін енгізумен қоса Парламент депутаттарының заң шығару туралы, яғни заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныс енгізуді түсінуді біз тиімді шара болмақ деп ұғынамыз. Мұндай қорытындыға келуімізді келесідей жағдайларға сүйене отырып негіздейміз: заң шығару бастамасы құқығы ресми түрде ҚР Үкіметі мен Парламент депутаттарына тән болғанымен, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңды зерделеу заң жобасын әзірлеудің бірнеше мүмкін жолын көрсетеді:

1.                 Парламент депутаттарының әзірлеуі;

2.                 мемлекеттік органдардың әзірлеуі;

3.                 шарттық негізде әзірлеу (оның ішінде конкурстық негізде);

4.                 ұйымдардың әзірлеуі.

Тиісті заңның 14-бабына сәйкес заң жобасын әзірлеуші уәкілетті орган (Үкімет деп қорытынды жасауға болады) жобаны дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының міндетін атқаратын өзінің бөлімшелерінің біріне тапсырады. Ол жұмысқа жобаны дайындайтын органның заң бөлімшесінің қызметкерлерінің міндетті қатысуы талап етіледі. Казақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамашылығы тәртібімен дайындалатын заңдар жобаларының әзілеушілері бұл актіге сәйкес Парламент депутаттарының өздері болып  табылады. Ал, Үкімет заң жобасын дайындауды өзіне бағынысты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсыра алады немесе оны дайындауды шарттық негізде мамандарға, ғылыми мекемелерге, жеке ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына, соның ішінде шетелдіктерге тапсырыс бере алады. Сондай-ақ, Үкімет балама заң жобаларын дайындауды жүзеге асыруы мүмкін. Бұл жағдайда ол балама жобалар дайындауды бірнеше мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсыруға немесе олардың дайындалуын шартты негізде, оның ішінде конкурс бойынша бірнеше ғылыми ұйымдарға немесе ғалымдарға тапсыруға құқылы.

Аталған жағдайлардан байқайтынымыз Парламент депутаттары заң жобасын әзірлеуді өздері ғана жүзеге асырады.  Олар белгілі бір тұлғаларға өтініш жасауы мүмкін, бірақ міндеттей алмайды. Ал, келесі жағдайда, Үкімет заң жобасының мәтінін Мәжіліске енгізеді, ал оны әзірлеуді көптеген тұлғалар (мемлекеттік органдар мен ұйымдар, шарттық негізде, конкурстық негізде өзге де тұлғалар) атқарады. Мұның себебі - халық қалаулыларының заң жобасын әзірлеуді өзге субъектілерге беруінде заңи қатынастың, байланыстың жоқтығы. Ашып айтсақ, депутаттардың заң жобаларын әзірлеуге тапсырма мен тапсырыс беру құқығының, ал келесі жақтың ондай тапсырманы орындау міндетінің жоқтығы.

Демек, заң шығару бастамасы құқығын Парламент депутаттарының (Үкіметті қоспағанда) Мәжіліске дайын заң жобасының мәтінін енгізу ретінде анықтаудың өзі депутаттардың тиісті құқықты өте сирек қолдануының бір себебі болады. Ал, депутаттардың заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныс білдіруін заң шығару бастамасы ретінде түсіну тиімді әрі шынайы өмірде жүзеге асырылуы мүмкін шара болмақ. Он

Пред.1112131415След.
скачать работу

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ