Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

публикасының қолданылып жүрген заңдарына өзгертулер, толықгырулар енгізу және олардың күшін жою туралы заң жобаларын енгізу;

-                                       Республика Парламентінің заңдарды күшіне енгізу мәселелері жөніндегі нормативтік қаулыларының жобаларын енгізу.

Ал, Ресейдезаң шығару бастамашылығының төрт келесідей нысандарын көреміз:

-                                       Мемлекеттік Думаға заң жобаларын және заң жобаларына түзетулер енгізу;

-                                       жаңа федеративтік конституциялық заңдар мен федеративтік заңдарды өзірлеу және қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;

-                                       қолданымдағы заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы немесе олардың күшін жойылды деп тану туралы заңның жобасын ұсыну;

-                                       РФ Конституциясының ережелерін өзгерту мен қайта қарау туралы ұсыныстар енгізу.

Бұл екі мемлекеттегі заң шығару бастамашылығының жүзеге асырылуы нысандарына байланысты мынаны айтуға болады: ҚР заң шығару бастамашылыгы әрқашанда актінің жобасының мәтінінің болуын шамалайды, ал Ресейде заң шығару бастамашылығының үшінші және төртінші нысаны ұсыныстың да заң шығару бастамасы болуы мүмкіндігін көрсетеді. Заң шығару туралы ұсыныс енгізу де заң шығару бастамасы ретінде ұғынылатын елдерде заң шығару процесінің бірінші сатысы болып - заңның жобасын дайындауға бастама білдіру танылуы мүмкін. Осы мақсатта (заң жобасын дайындау үшін) арнайы жұмыс тобы құрылады немесе заң жобасын дайындауды заң шығарушы органның өзінің комитеттерінің біріне тапсыра алады. Заң шығару бастамашылығының бұл нысанында бастамашы заңның жобасын өзі дайындамайды, ол тек заңның тақырыбын ғана ұсынады. Заң шығару бастамашылығының бұл нысанымен В.М. Сырых өзінің келіспейтінін көрсетеді: өйткені, мұнда заң шығару бастамашылығының пәні жоқ, тек құқықты қалыптастыру процесі ғана ғана жүргізіледі, - дейді ол.

Заң жобасын қарау, заң жобасы бойынша қорытындылар әзірлеу тәртібін тиісті тұрақты комитет өзі дербес белгілейді. Қорытынды әзірлеу мерзімі заң жобасы тиісті комитетке келіп түскен күннен бастап 30 күннен кем болмауы керек. Ал, Республика Президентінің жедел деп белгілеген заң жобасы үшін тұрақгы комитетте қаралу мерзімі 7 күннен аспауы керек. Егер заң жобасы екі және одан көп комитетке жіберілген болса, онда олардың бірі бас комитет болып белгіленеді. Әдетте, бірінші аталған комитет бас комитет болады. Комитеттің және палата Аппаратының заңдар бөлімінің қорытындылары жалпы отырыстың қарауына енгізу үшін Палата Бюрасына жіберіледі. Бюро олар бойынша 3 түрлі шешімнің бірін қабылдайды:

1.      заң жобасын жалпы отырыстың күн тәртібіне енгізу туралы;

2.      заң жобасымен жұмысты жалғастыру туралы;

3.      оны қабылдамау және қабылдамаудың дәлелді негіздемесімен бірге заң жобасы бастамашылығы субъектісіне қайтару туралы.

Заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібіне енгізілгеннен бастап жобаны талқылаудың 2-ші кезеңі жүзеге асады. Жобаның Парламент палаталарының пленарлық отырысында қаралуы барысында заң жобасы бірнеше рет (кейде бір рет, кейде міндетті екі рет немесе одан да көп) пысықталады, оқылымнан өтеді. "Оқылым" заңды талқылау мен кезеңдік қабылдауды білдіреді. Жай заң жобасы бойынша бір немесе бірнеше оқылым өтуі мүмкін, ал конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін және конституциялық заң жобасы бойынша кемінде екі оқылым өтуі міндетті. Егер палата нақты жобаға қатысты басқа шешім қабылдамайтын болса, Палатаның жалпы отырысында заң жобаларын қарау бір оқылымда жүзеге асырылады. Бірінші оқылым - болашақ заңның негізі ретінде жобаны қағидаттық қабылдау болып табылады. Бұл оқылым барысында заң жобасының жалпы концепциясы, оның негізгі ережелері талқыланады, оны қабылдау мәселесі шешіледі, түзетулер түрінде ұсыныстар мен ескертпелер айтылады. Баяндаманы бірінші болып заң жобасы бастамашысы, кейін тұрақты комитеттің төрағасы (қосымша баяндама) жасайды. Мәжіліс талқылау нәтижелері бойынша үш түрлі шешімге келуі мүмкін: 1)егер оқылым барысында Палата тапсырылған жоба оның тұжырымдамасын немесе жекелеген баптарының мазмұнын өзгертетін түзетулерді талап етпейді деп таныса, Мәжіліс оны мақұлдайды. Мақұлдау Мәжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Бұл жағдайда заң жобасы Сенатқа өтеді. 2)заң жобасының негізгі ережелерін мақұлдау және заң жобасына түзетулерді, жекелеген баптарды немесе тұтастай жобаны алып тастау немесе толықтыру туралы ұсыныстар мен ескертпелермен жұмыс істеу үшін заң жобасын түрақты комитетке қайтару. Бұл жағдайда заң жобасы екінші оқылымға өтеді. Түзетулер бюджеттің шығыстарын арттыруға не кірістерін кемітуге апарып соғатын болса, онда заң жобасын қарау тапсырылған комитет Үкіметке енгізілетін түзету мазмұнын табыс етеді. Бұл жағдайда Үкіметтің қорытындысы қажет етіледі. Регламентпен Үкіметтің қорытынды беру мерзімі белгіленген (10 күн). 3)заң жобасын қабылдамау, яғни жобаны бастамашыға қайтару. Егер белгілі бір мәселе бойынша балама заң жобасы енгізілген жағдайда, ол бастапқы заң жобасымен бір мезгілді талқылануға жатады. Қажетті дауыс санын алғаны (Палата депутаттары жалпы санының көпшілігінің даусын) екінші оқылымға әзірленеді.

Егер бірінші оқылым болашақ заңның негізі ретінде жобаны қағидаттық қабылдау болса, екінші оқылым - жобаны заң ретінде қабылдау болып табылады. Екінші оқылым заң жобасына деген түзетулерді қарауға арналған. Заң жобасының екінші оқылымы кезінде бас комитеттің төрағасы немесе осы заң жобасы бойынша тұрақгы комитет мүшесінің бірі, не Үкіметтің өкілі баяндама жасайды. Бұл оқылымдағы бір ерекшелік - баяндама бойынша жарыс сөз өткізілмейді және заң жобасын қарау кезінде жазбаша тұрде енгізілген түзетулер ғана қаралады. Әрбір түзету дауысқа жеке-жеке салынады. Егер жобаның бір бабына бірнеше түзету енгізу ұсынылса, онда олардың ішінде алдымен қабылданылуы немесе қабылданылмауы өзге түзетулер туралы мәселені шешуге мүмкіндік беретіндері ғана дауысқа салынады. Енгізілген түзетулермен бірге заң жобасының әрбір бабы не тарауы немесе бөлімі жеке-жеке, ал содан соң бүкіл жоба тұтастай дауысқа салынады. Сондай-ақ, палата тұтастай заң жобасы бойынша бірден дауыс беруі мүмкін. Екінші оқылым нәтижесі бойынша екі түрлі шешім қабылданады: екінші оқылым нәтижесі бойынша Мәжіліс заң жобасын мақұлдамайды, пысықтауға қайтарады немесе Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен мақұлдайды. Мақұлданған заң жобасы бойынша бас комитет төрағасы мен Мәжіліс Аппаратының тиісті бөлімдері басшыларының қолы қойылып мақұлданған күннен бастап 10 күн ішінде Сенатқа жолданады. Заң жобасын Сенатта қарау - заң шығару процесінің келесі сатысы. Сенатта заң жобасы Мәжілістегідей рәсімдерден өтеді. Жоба Сенат Аппаратында тіркеліп, Сенат төрағасы арқылы тұрақты комитет пен Сенат Аппаратына қорытынды әзірлеуге жіберіледі. Кейін ол Бюро арқылы Сенаттың жалпы отырысының қарауына енгізіледі. Жобаның Сенатта қаралуының жалпы мерзімі -Сенатқа келіп түскен күннен бастап әрі кеткенде 60 күн. Талқылау қорытындылары бойынша Сенат мына шешімдердің бірін қабылдайды:

1.         Мәжіліс мақұлдаған заң жобасын қабылдайды;

2.         Мәжілістен келген заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, оны Мәжіліске қайтарады;

3.         Заң жобасын қабылдамайды. Бұл жағдайда да заң жобасы Мәжіліске кайтарылады.

Жоғарыда көрсетіп кеткеніміздей,ҚР заңдылығында келісу рәсімдері бекітілген. Республика Парламентінде келісу рәсімдерінің жүзеге асуының негізі - Сенаттың үсынған өзгертулерімен және толықтыруларымен Мәжілістің келіспеуі, ал себебі - Палаталар арасында заң жобалары бойынша туындаған келіспеушіліктерді еңсеру, жою, белгілі бір келісімге келу. Республика Конституциясының 61-бабының 5-тармағында көрсетілгендей Мәжіліс Сенаттың өзгертулерімен, толықтыруларымен не келіседі, не келіспейді. Нәтижесі - келіссе заң қабылданды деп есептеледі, келіспесе - келісу комиссиялары құрылып, келісу рәсімдері жүзеге асырылады.

Заңды Президентке қол қоюға ұсыну және оған Президенттің қол қоюы - бұл Парламент қабырғасында қызу талас-тартыстардан, талқылаулардан өткен заңға Президенттің қояр нүктесі. Ол екі нысанда болуы мүмкін: Парламент қабылдаған заңға қол қою немесе қол қоймай кері қайтару. Республиканың заңдары Президент қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Парламент қабылдаған заңдар қабылданған күннен бастап 10 күн ішінде Парламент палаталарының әрқайсысының төрағаларының қолдарымен, сондай-ақ егер заң жобасын Үкімет енгізсе Премьер-Министрдің қолымен алдын-ала бекітіліп, Республика Президентінің қол қоюына ұсынылады. Ол 15 жұмыс күні ішінде заңға қол қойып оны жариялайды не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін Парламентке қайтарады. Аталған мерзім ішінде қайт

Пред.1112131415След.
скачать работу

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ