Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

ың екі себебі бар, біріншіден, жоғарыда атап кеткендерімізге орай заң жобасын жасауға, мәтінін қалыптастыруға жеке депутаттың шама-шарқы жетуі шамалы; екіншіден, конституциялық занда заң шығару бастамасы құқығы заң жобасының мәтінін енгізу ретінде анықталғанымен Парламент қабырғасында оны заң жобасын әзірлеуге ұсыныс білдіру ретінде ұғынып, оны жүзеге асыру үшін заңи негіз қаланған. Нақты айтсақ, жоғарыда көрсетіп кеткен Мәжіліс Аппаратының заң жобалау жұмысы Орталығы заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныс түскеннен кейін оның мәтінін қалыптастыру үшін тиісті жұмыс бойынша депутаттарға көмек көрсету үшін дерлік құрылған, яғни ол депутаттарға бастамашылық білдірген заң жобаларын әзірлеуіне кұқықтық көмек көрсетеді, әзірлеуге өзі қатысқан заң жобаларын палаталардың жұмыс органдарында қарауына қатысады, өзі әзірлеуге қатысқан заң жобалары бойынша аталмыш Орталық ғалымдар мен мамандардың көзқарастарына шолу жасайды,  заң жобаларын әзірлеу мәселелері бойынша шетелдік Парламенттердің  тәжірибелерін саралап, оларды талдап, қорытады және т.б. Олай болса, бұл органның заң жобасын әзірлеуіне байланысты қатынастарды жетілдіріп және заң шығару бастамашылығы кұқығын анықтауға өзгерістер енгізе отырып бұдан 7 жыл бұрын халықаралық конференцияда депутат З.Федотованың депутаттардың заң жобасын қалыптастыруына көмек ретінде Парламент жанынан заңдылық Институтын құру керек деген ұсынысын осы заң жобалау жұмысы Орталығы арқылы қанағаттандыруға болады.

Депутаттардың тиісті құқықты жүзеге асыруына қарсы келетін келесі кері қадам - заң жобаларын енгізуде Үкіметтің оң қорытындысын алуы. Оң қорытындысын алмаса, заң шығару бастамашылығы құқығы да жүзеге аспайды. Депутаттар, әрине барлық заң жобалары бойынша Үкіметтің қорытындысын алуы тиіс емес. Оң қорытынды мемлекеттік кірісті қысқартатын немесе мемлекеттік шығысты ұлғайтатын заң жобалары үшін міндетті. Алайда, қазір қандай қатынастың болмасын құқықтық реттелуі көп жағдайда қаражаттың шығынымен байланысты болғандықтан, депутаттардың заң шығару бастамашылығы құқығын көбіне өзі дербес енгізе алмайды. Аталмыш заң жобаларын енгізуде Үкіметтің оң қорытындысын алуы міндеттілігі депутаттардың заң шығару бастамашылығы үшін тосқауыл болып табылатындығын Мәжіліс Төрағасының өзі де белгілейді: "Өкінішке орай, бүгінде депутаттардың бастамасы қандай да бір заң жобасының қабылдануы қосымша бюджет шығыстарын талап етеді деген сылтаумен үкімет тарапынан кедергіге үшырап отыр. Сөйте отырып атқару билігі өзі қаржы шығынын он есе көп талап ететін заң жобаларына оңды да, солды да бастамашылық білдіре алады".

Республикамыздың Парламентінің қолында заң жобасы жұмысын ұйымдастыратын, заң жобасын дайындайтын бүгінде дәл осындай жетік орган болмағанымен (Мәжіліс Аппаратының заң жобалау жұмысы Орталығын тура осындай орган деп әлі айта алмаймыз), Үкіметтің заң шығару бастамашылығы құқығын жүзеге асыруды жеңілдету, жеделдету, заң жобалау қызметін жетілдіру үшін Үкімет жанынан консультативтік-кеңесші орган - заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылған, бүгінде ол он тоғыз адамнан тұратын құрамда қызмет етеді. Бұл органның қызметінің басты мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті мемлекеттік органының заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі үсыныстарды жасау болып табылады. Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы Ережеге сәйкес бұл орган заң жобасы жұмысы бойынша мынадай қызметтерді жүзеге асыруға міндетті: - Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын, Мемлекет басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ елде жүргізіліп жатқан реформаларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметінің ағымдағы және перспективалық заң жобалау жұмыстарының жоспарын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;

-                                       заң жобалау қызметінің басым бағыттары туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметінің қарауына енгізу;

-                                       Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентінде заң жобаларының әзірленуі және жүруі процесінде туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

-                                       мемлекеттік органның өтініші бойынша мерзімдерді ауыстыру және тиісті жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарау;

-                                       Үкіметтің Парламент Мәжілісінен заң жобаларын қайтарып алу мәселелері бойынша ұсынымдарды алдын-ала әзірлеу;

-                                       заң кесімдерімен реттеліп қойған қатынастар  бойынша заң жобаларының тұжырымдамаларын және заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды аддын ала қарау т.б.

Қазақстан Республикасында заң жобасымен жұмысты ұйымдастыруда негізгі өкілеттік - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жүктелген. Ол ағымдағы және перспективадағы заң жобалау жұмыстары жобаларының орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті мемлекеттік органдарының заң жобалау қызметінің барысын ай сайын қорытындылайды, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық заңдардың жай-күйіне шолуларды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың заң жобаларын әзірлеу мерзімдерін бұзушылықгары болған кезде ол туралы Үкіметке хабарлай отырып, тиісті тәртіп бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды ұсынады.

Заң жобаларын әзірлеу уәкілетті мемлекеттік органдардың өз қалаулары бойынша жүзеге асырылмайды. Олар әдетте заң жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларына, сондай-ақ Мемлекет басшысы мен Үкіметтің жекелеген тапсырмаларына сәйкес әзірлейді.

Жалпы, заң жобаларын жасау процесінің соңғы кезеңі - заң жобасын мүдделі тұлғалармен келістіру болып табылады. Олай болса, келістіру Парламентке дейін жасалатын заң жобалары жұмыстарының аяқтаушы түйіні. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңның 15 бабы нормативтік құқық актілерінің дайындалған жобасы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберілетіндігін бекітеді. Сондай-ақ, бұл заң міндетті түрде келісуге тиіс мемлекет органдарының болуы мүмкіндігін көрсетеді. Ондай органдар "Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесінде" анықталған, яғни ереженің 11-тармағына сәйкес әзірленген заң жобасы Экономика және сауда министрлігімен - экономикалық орындылығы және жобаның мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкестігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша; Қаржы министрлігімен - жобаның қаржылық орындылығы және қамтамасыз ету мәселелері бойынша; Әділет министрлігімен - заңгерлік сараптама жүргізу және жобаның Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңнамалық кесімдерге сәйкестігін қамтамасыз ету үшін міндетті түрде келісіледі. Бұл органдардың келісімі Президент актілерінің жобалары мен Парламент депутаттарының заң жобасына қажет етілмейді. Егер келісім беруші орган ескертпелер жасап, онымен жобаны әзірлеуші уәкілетті орган келіспесе, заң жобасы жөніндегі келіспеушіліктер хаттамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы аталған ведомствоаралық комиссия қарайды. Түпкілікті шешімді Үкімет тиісті комиссияның дайындаған ұсынымы негізінде шығарады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамашылығы бойынша Казақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілетін заң жобалары бойынша түсіндірме жазба жасалады. Оны Үкімет Регламентіне сәйкес заң жобасын әзірлеген мемлекеттік орган дайындайды және ол жобаға әзірлеген мемлекет органдарының бірінші басшысы не оны алмастырушы адам, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Кеңсе басшысы виза қояды және Премьер-Министр не оны алмастырушы адам қол қояды.

Заң жобаларын дайындау заң шығару қызметінің біраз шамада нормативтік реттелмеген кезеңі болып табылады. Алайда, бұл оның маңыздылығын, күрделі де аса жауаптылығын жоймайды. Заң жобасын дайындау - бұл заң шығару қызметінің ең бір жауапты, мәнді кезеңдерінің бірі. Дәл осы кезеңде құқықтық реттеудің пәні анықталып, заң жобасының идеялары, тұжырымдамасы қалыптасады, заң жобасының мәтіні жасалады, дайындалған заң жобасы сараптама мен мақұлдаудан өтеді, заң шығарушы органға жіберілудің жолдама құжаттары дайындалады.

Мәжіліс Регламентіне сәйкес (25-тармақ) заң шығару бастамашылығы мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

-                                       Қазақстан Республикасы жаңа заңдары жобаларын енгізу;

-                                       Қазақстан Рес

Пред.1112131415След.
скачать работу

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ