Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

сандарын жасау үшін орынды және мүмкін жағдайларда әлеуметтік эксперименттер жасау. Д.А. Керимовтың анықтаған бұл қажеттіліктерін орындамайынша заң шығармашылығында жетістікке, тиімділікке қол жеткізу мүмкін емес. Себебі, заң шығармашылығы - бұл тек заң шығарушылардың ғана толық еркіне байланысты қызметтер жүйесі емес, заң шығармашылығы - ол сондай-ақ, заң шығарушылардың еркіне бағынбайтын сыртқы ортаның, объективтік факторлардың өсерінің нәтижесі де. Сыртқы орта, объективтік факторлар заң шығармашылығын туындайды, оның жемісі - заң актісінің мазмұнының қалыптасуына әсер етеді, заң шығармашылығын жетілдіреді. Сондықтан да заң шығармашылығының жоғары деңгейде болуы, құқықтық нормаларының ертеңгі күні әрекетті, тиімді болуы заң шығармашылығы кезінде туындалатын өзге қажеттіліктермен бірге сыртқы орта мен объективтік факторлардың терең зерттелуі мен жан-жақты танылуын, зерттеу, тану негізінде алынған ілімді ұтымды пайдалануды қажет етеді. Өйткені, олар занды реттелуге деген пісіп жетілген қажеттіліктерді көрсетеді.

Заң шығармашылығы - бұл нәтижесінде заңдар заңи күшке ие болатын және әрекетке кірісетін құқық қүрушылық қызмет. Оны әдетте мемлекеттің жоғары өкілді органы мен халық жүзеге асырады. Заң шығармашылығындағы негізгі түйін - келешекте заң -жоғары заңи күшке ие құжат болатын жобаны заң шығарушы органның қабылдауы. Бүкіл халықтық дауыс беру өткізу кезіндегі заң шығармашылығының сипаты ерекше: мұнда заң тікелей халықпен қабылданады. Қандай жолмен жүзеге асқанына қарамастан заң шығармашылығы заң шығару процесіне дейін және заң шығару кезінде болатын әрекеттер мен қатынастарды қамтиды. Нақты заң шығару процесіне дейін жүзеге асатын әрекеттер туралы айтсақ, заң түрінде реттелуді қажет ететін қажеттіліктерді анықтау, анықталған қажеттіліктерге сәйкес заң жобасын қалыптастыру, ғылыми, сараптамалық дайындау т.б.

Заң шығармашылығы заңдарды қабылдау нәтижесіңде оны Республикамыздың біртұтас заңдылық жүйесіне қосу жөніндегі қызмет. Зандарды жасау, қабылдау белгілі бір процедураның, яғни заң шығару процесінің болуын шамалайды. Ал, заң шығару процесі - бұл заң жобасын енгізу, өңдеу, қабылдау жөніндегі сатылардың кезектілігі, жүйесі. Кеңес заманында және одан кейін де заң шығару қызметі мен заң шығару процесі түсініктерін бөле жара қарап, олардың жігін ашуға ұмтылатын пікірлердің кездесіп  отыратын жайлары бар. Жұмыс заң шығару процесіне арналғандықтан, бұл екі ұғым оның мазмұнында жиі кездесіп отыратындықтан, тиісті ұғымдарды бөлетін, көлемін салыстыратын пікірлерге тоқгалып кетуді, олар бойынша өз көзқарасымды білдіруімді жөн санап отырмын. Олай болса, заң шығару қызметі мен заң шығару процесін ажырататын ғалымдардың бірі - кеңестік ғалым Ш.К. Вильчинскас. Оның есептеуінше, заң шығарушылық қызмет заң шығару процесіне қарағаңда біршама көлемді құбылыс, себебі соңғысы (заң шығару процесі) заң жобаларының қозғалысының белгіленген тәртібімен шектелген және заң шығару қызметінің процедуралық жағын білдіреді, көрсетеді. Яғни, тиісті пікір авторының ойынша заң шығару процесі заң шығарушы орган кдбырғасында заң жобасы бойынша жүргізілетін әрекеттерді қамтиды. Ал, заң шығару қызметі одан кең болғандықтан заң шығарушы органға дейінгі әрекеттерді қоса қамтиды, демек ол Парламент қызметінің шегімен шектелмейді.[8.26]

"Заң шығару процесі" мен "заң шығару қызметін" бөлетін ғалымдардың келесі бірі - И. Елекеев. Оның пікірі Ш.К.Вильчинскастың пікіріне қарсы келеді. Нақты айтсақ, ол заң шығару қызметін заң шығару процесінің негізгі бөлімі ретінде қарайды, яғни заң шығару процесін заң шығару қызметіне қарағанда кең, көлемді құбылыс деп есептейді және ол өз пікірін заң шығару процесінің мына қызметтерден: әлеуметтік қатынастардың белгілі бір тобын құқықтық реттеуге деген қоғамдық қажеттіктерді анықтау, оларды құқықтық реттеудің бағыттылығы мен тәсілдерін негіздеу, заңды қабылдаудың нәтижелерін болжау, т.б. әрекеттерді қамтитын заң шығаруға дейінгі қызметтерден басталатындығымен, ал заң шығару қызметінің заң жобасын Парламентке енгізгеннен басталып, промульгациямен, яғни мемлекет басшысы заңға қол қойып оны жариялаумен аяқталатындығымен дәлелдейді. Тиісті автор бұл дәлелдемесіне сәйкес заң жобасын енгізгенге дейінгі әрекеттерді заң шығару процесіне қоса отырып, оны заң шығару қызметінен көлемді, кең жағдайға қояды. Біз алғашқы және кейінгі ой-пікірлерді қоса, жалпы заң шығару қызметі мен заң шығару процесін бөлетін, көлемін салыстыратын көзқарастарды дұрыс деп құптай алмаймыз. Себебі, олар өзара байланысты, бірінсіз екіншісі болмайтын, ажырамас қүбылыстар. Ал, Парламент қабырғасына дейін болатын әрекет-қызметтерді жалпы заң шығармашылығынан тыс қалдырмай, оларды заң шығару процесіне байланыстырып, жалпы заң шығару процесі үғымын екі мағынада түсінуді ұсынамыз: тікелей мағынада және кең мағынада.[9.35]

Тікелей мағынада заң шығару процесі Республика Парламенті қабырғасында басталатын, жүзеге асырылатын қызметтерді қамтиды. Ол еліміздің негізгі заңында бекітілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігінде белгіленгендей, ол заң шығару бастамасын оның субъектілерімен жүзеге асыру құқығынан, яғни заң жобасын Мәжіліске енгізуден басталады. Олай болса, тікелей мағынада заң шығару процесі - бұл Парламенттің заңдар шығаруға бағытталған қызметтерінің жинақталған, кезектілікпен жүзеге асырылатын сатылары, тәртібі. Заң шығару бастамашылығы құқығы оның бірінші сатысы болып табылады. Тікелей мағынада заң шығару процесі: біріншіден, Парламенттің заң шығару қызметінің процессуалдық жағын білдіреді, екіншіден заң шығару жөніндегі әрекеттердің бір-бірімен жалғаспалы байланысы және кезектілікпен жүріп отыруының реті болып табылады, үшіншіден, ол Конституциямен, заңдармен, регламенттермен нормативті реттелген сатыларды көрсетеді. Оның нормативті реттелуіне көз салсақ, заң шығару процесі (тікелей мағынада) - бұл заң жобасын Парламентке енгізгеннен басталып оны жариялаумен аяқталатын нормативтік процедуралар. Бұл процедуралар Конституция нормаларынан өзге "Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңмен, Парламент, Сенат және Мәжіліс регламенттерімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентімен реттелген. Сондай-ақ, Конституцияның 62-бабының 8-тармағында "Республиканың заң және өзге де нормативтік актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен реттеледі" деп белгіленген. Ал, мұңдай арнаулы заң болып "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының заңы табылады. ҚР конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі ретінде Республика Конституциясы заң шығару процесінің негіздерін белгілейді және заң шығару бастамасы құқығы субъектілерінің шегін анықтайды. "ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңда Конституцияда бекітілген негіздер кең ашылған және нақтылана түскен. Заңның үш тарауы Республика Парламентіндегі заң шығару процесіне арналған. Заң шығару процесін нақты бүге-шігесіне дейін Парламент, Сенат және Мәжіліс регламенттері реттейді. Ашып айтсақ, палата регламенттері пленарлық мәжілістерді өткізу, мәселелерді қарау, дауыс беру және шешімдерді қабылдау тәртібін белгілейді, Палата органдарын, депутаттардың өкілеттіктерін жүзеге асыру тәртібін анықтайды және Парламент палаталарының заң шығару қызметін нақты, анық үйымдастыруға көмектеседі. Парламент регламенті түгелдей заң шығарушы органның қызметін, тиісті мәселелерді қарау кезіндегі палаталардың өзара қатынасының тетіктерін ұйымдастыруға бағытталған.

Заң шығару процесінің тұрақты нормативтік реттелуі біріншіден, зандардың мазмұнды дайындалуын қамтамасыз ететін өзара байланысты институттардың жүйесін белгілеуге мүмкіндік береді; екіншіден, қоғамдық пікірді, халықтың еркін біддіруін көрсету мен оны пайдаланудың демократиялық нысандарын бекітуге; үшіншіден, заң жасау мен қабылдау процесінде мемлекеттік биліктің жоғары органдарының қызметінің әртүрлі нысандарын қолдануды көрсетуге мүмкіндік береді.

Кең мағынада заң шығару процесі Парламент Мәжілісінде заң шығару бастамашылығы құқығын жүзеге асырудан басталатын әрекеттерден өзге оған дейін болатын, нақты айтсақ, заң шығару бастамашылығы құқығын жүзеге асырғанға дейін атқарылатын әрекеттерді де қамтиды. Парламент шегінде болатын қызметтер, жоғарыда аталғандай Мәжіліске заң жобасын енгізуден бастап, занды жариялаумен аяқталатын іс-қимылдар болса, оған дейін жасалатын әрекеттер - бұл заңи реттелуге деген қажеттіліктерді анықтау, оларды зерттеу, заңды қабылдауға себепші болатын, ықпал ететін жағдайларды бағалау, заңды қабылдаудың мүмкін нәтижелерін саралап, салмақтау, заң жобасын жасау, оны сараптамадан өткізу, келістіру және тағы басқалары. Олай болса, заң шығару процесін кең мағынада түсіну оның екі кезеңді: Парламентке дейінгі және парламенттік кезеңді қамтитындығын көреміз.

Ғалымдар арасында заң шығару процесіне қатысты көзқарастар әртүрлі болғандықтан, оның шекарасын да түрліше анықтау кездеседі. Заң шығару процесінің шекарасы қандай болуы оның сатыларына, сондай-ақ заң шығару процесі ұғымын қалай түсінуге байланысты. Біраз жоғарыда атап кеткеніміздей, заң шығару процесін заң шығару органының ішінде жүргізілетін әрекеттермен түсінетін ғалымдарды заң шығару процесінің шекарасына қатысты мынадай көзқарас ортақтастырады: заң шығару процесі - бұл субъектілерінің бірі заң шығарушы орган болып табылатын құқықтық қатынастарда жүзеге асырылатын әрекеттер. Ал, бұл әрекеттер үшін заң шығарушы органның қатысуы міндетті. Бұдан байқайтынымыз, тиісті көзқарасты қолдаушы ғалымдар заңдарды жасау процесін заң шығарушы органның қызметінің шеңберімен шектейді. Заң шығару процесін білетін адамға мұндай пікірдің жеткіліксіз негізделгенін байқау қиын емес. Себебі, заң шығару процесі жобаның заң шығарушы органда ғана өтуі процедурасымен бітпейді. Бұл түсінік бойынша заң шығару процесінің шеңберіне заңға қол қою, жариялау секілді ең бір маңызды кезең қосылмайды. Заңдарды ресми жарияла

Пред.678910След.
скачать работу

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ