Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шал ақын — Тілеуке Құлекеұлы

сайыновты алсақ, ол Үкiлi Ыбырайдың шөбересi, оған қоса, Молдакеңнiң ең жақын шәкiртi болып өттi. Көкшетауда Бiржан сал — Ақан серi — Үкiлi Ыбырай — Молдақмет — Мұса деген сал, серiлiк жалғастыққа ешкiмнiң таласы жоқ. Оған қоса Ырысбайдың Тоқымына, Досмағамбеттiң Қапарына, Сәрсенбайдың Қожахметiне, Бимырзаның Қасымына, Үкiлi Ыбырайдың Есебiне, Жауардың Уәлиханына, Жақыптың Рақымбегiне кездессе ғой. Онда қоржындары лықсып толар едi. Бұл кiсiлер ақындық өнердiң Сарыарқадағы сұңғыла бiлгiрлерi ғой.
Мұса Асайынов асқақ әншiлiгi Үкiлi Ыбырай бабасына тартып туған жүйрiк болса, Молдекеңнен үйренгенi көп ауыз әдебиетiнiң де сыр сандығындай көкiрегi алтын қазына-тын. Мен Шал ақынның өлеңдерiн бала кезiмде сол Мұсаның жақын ағалары, Ұлы Отан соғысынан оралмаған тамаша әншi Сақайдың Өмiржаны деген ағамыздан естiдiм. Жұрт ол кiсiнi де Ыбырайдың аруағы дарыған әншi дейтұғын, сұлу, сымбатты, тайпалма жүрiсi де Ыбырайдың көшiрмесi саналатын. Сол өлеңдердi бертiн өзiмнен төрт, бес жас қана үлкен бөлем Мұсаның айтқанынан жазып алып, есiме сақтадым. Жас кезiмде өзiм де айтып жүрушi едiм. Сол “Шал ақынның әнi” — деп аталатын өлең былайша басталатын:

“Мен өзiм Шал да болсам қатқан шалмын,
Сақалға меруерт, маржан таққан шалмын.
Бозбала iшiң күйсе тұз жалашы,
Қойнына талай қыздың жатқан шалмын”.

Кiм шырқаса да тыңдаған жұрт дүркiреген жылқыдай дабырлы дүбiрмен қол соғатын. Кiм шырқаса да қайталатпай қоймайтын. Бiздерге бұл өлең, өлең сөздiң шыңы мен сыры көрiнетiн, құпиясыз жалауы саналатын. Балалық шақтың сындай ән бесiгiнде өткенi де бақыт екен. Осы күндерде пайғамбар жасынан асып кетсем де Шал ақын бабамыздың әнiн жиi орындаймын, жасара түсем, қасара түсемiн. Осы өлеңнiң әнi де Шал ақыннан аман-есен жеттi деп, белгiлi ақын Сұлтанмұратұлы Әмiре мен Молдекең кеңесiп отырғанда құлағым шалғаны бар. Әнi де әйгiлi әндер қатарын-дағы дүние, “Қыз-Жiбек” операсындағы Бекежанның ариясына ұқсас-тын. Ал, негiзiнде ән сарыны Шал ақыннан жетуi мүмкiн. Не де болса бұл өлең қос ғасырды араға салып, бiздерге жеттi. Бұл да сирек кездесетiн дарын иесiнiң өлместiкке жол салған өнерiнiң шын белгiсi деп ұғынамын. Дарқан дарынның сарқылмас шапағаты да осы шығар.
Молдақмет атамыз “Халық жауы” атанған Үкiлi Ыбырайдың өлеңдерiн есiк, терезенi жауып тастап, авторын атамай үйретсе, Шал ақынның күлдiргi өлеңдерiн өзi айтпай жас шәкiрттерi Мұса Асайынов, Тұрсынбай Кәкiмовке үйрететiн. Ал, өзi Шал ақынның:

“Сөйлеп қал, сөйле тiлiм, арыс келдi,
Алдыңа сөйлетұғын намыс келдi,
Сөйлеп қал, қызыл тiлiм осындайда,
Қысқарып ұзын дүние қарыс келдi”-

деп басталатын өлеңiн нақышына келтiрiп, өз сарынымен бүлкiлдете жөнелетiн. Содан кейiн осыған ұқсас Үкiлi Ыбырайдың “Заулап қал, тiлiм мүдiрмей” атты өлеңiн асқақтата шырқайтын, содан соң өзiнiң “Дүние” атты өлеңiмен бiр топшылайтын. Бұл көрiнiс ендi ойлап тұрсам ғасырлар жалғасы, асыл өнер өркенi, ұрпақтардың сабақтастығы iспеттес көрiнедi. Кейбiр ағаларымыз Шал ақын Кеңес үкiметi кезiнде “қағажу көрiп келдi” десе, тап осы тұжырымға мен жапа-тармағай қосыла қоймаймын. Қазiр де Кеңес үкiметiнiң салдары ма, 250 жылдық мерейтойы туралы не бiлемiз? Олай емес, “сабақты жiп сәтiмен” дегендей әр iстiң сәтi бар, таратудың кемдiгiнде болды, Шал ақынның бар мүлкi әлi тегiс жиналған жоқ, ұлы дарынның асыл қазынасын байыпты көрсетердей үлкен топтама ғана жасалды. Ал iзденiс әлi бола бермек. Өзiм өскен Есiл, Көкше өңiрiнде Шал ақынның өлеңдерiне тиым, һәм кедергi бар деп естiмедiм. Мәселе зерттеудiң аздығында. “Әр елдiң Абайы бар ғой Мұхтары болса” — деп Жамбыл атамызға жоритын қанатты сөз бар. Мен бұл сөздi Жәкеңнiң өлеңдерiн өте көп бiлетiн, жатқа айтып қызықтыратын ардақты ағамыз марқұм Евней Арыстанұлы Бөкетовтен естiп едiм. Сол ұғымға жүгiнсек, Шал ақынның да Мұхтары туды, тек ол Әуезов емес, одан кейiнгi буынның ең көрнектi ұлдарының бiрi Мұхтар Мағауин. Кiшi Мұхтарға үлкен алғыс айту зор мiндет, Шал ақынның аруағы қолдап жүрсiн демекпiн.
Осы орайда бiр айтылатын әңгiме 1955 жылы Мәскеудегi Түстi металл және Алтын институтын бiтiрiп, Жезқазғанға барар жолда елге — Солтүстiк Қазақстан облысы бұрынғы Октәбiр ауданы, Мәриевке кентiне келiп, бiраз күн ағайынды араладым. Сол жолы Молдекең бар, өмiрден ерте өткен тамаша жазушы Ермек Қонарбаевтың әкесi Ләмәлидiң үйiнде өте-мөте қызғылықты кеш болды. Ләмәли ақсақал менiң жеңгем Зейнидiң әкесi — құдамыз едi, әрi Молдакеңдi зор сыйлайтын кiсi, әрi менiң оқу бiтiргенiм бар салтанат тәуiр-ақ өттi. Бiздi басқарып келген Есiл өлкесiне белгiлi жiгiт Қыстаубай Борақаев ағамыз және сол кездегi Ленин атындағы совхоздың азаматы, мұғалiм Жылгелдi Мұқанов деген жiгiт бар-тын. Сол кеште он жылға сотталып, жетi жылды өтеп үйiне келе жатқан бiр тамаша кiсi ұшырасты, аты-жөнi есiме түспедi. Кеште Шал ақын туралы көп сөз болды.
Молдекең: “Атығай әулетiне айтар бiр назым бар, Шал ақынның өлеңдерiн айтпайсыздар, ал бiздiң ауылда ол аруақты бабамызды бiлмейтiн бала да жоқ” — деп қатты кеттi. Ләмәли ақсақал көне салды. Дәлел болсын дедi ме, Молдекең маған “Шал ақынның әнiн” айтқызды. Жамиғат әжептәуiр дуылдасып қалды, Молдекең өзi де Шал ақынның данагөй өлеңдерiнiң бiр-екеуiн бүлкiлдетiп бәрiмiздi дүр сiлкiндiрдi. Осы кезде әлгi сотталып, ақталып келе жатқан, орта жастағы сымбатты қонақ: “Молдеке, рахмет, ата бiздiкi, бiрақ өлең шiркiн Ақан Серiсi, Үкiлi Ыбырайы бар Қарауыл атаңызға қонған ғой, сiзден Шал ақын жайлы ұлы сабақ алып қалдық. Жасымда өзiмнiң де бiр қағарым бар едi” — деп, дайын домбырамды көп түземей шырқап салды. Қанша қажып келе жатсадағы думанның қызығы дүние-дүрмектiң бар әрекеттерiн ұмыттырғандай, айтқан әнi өте әдемi шықты. Әннiң аты “Тық, тық басқан”. “Осы өлеңдi жасымыздан Шал ақындiкi — деп өстiк. Молдеке қалай қарайсыз?” — дедi. Молдекең күлкiсiн жия алмай отырған күйi, әндi қайта орындатты. Содан кейiн ән құмар, өзi де әншi Ермек өтiнiп үшiншi рет айтқызды. Жаттап алғыш құдайдың бергенi бар, мен әндi жаттап алған сияқтымын. Әсiресе, қайырмасындағы

“Гекку-гекку, Гекку-гәй,
Геккугәйдiң етiгi-ай.
Тық, тық басып кетуi-ай!
Қыз қалқаның ауылының
Жетер ме едiм шетiне-ай!”-

- деген сөздердi бiр айтқанда өмiр-бақи ұмытылмастай әсер қалдырды. “Тық-тық” басып кетiп бара жатқан сұлу қыз елестейдi, ал дыбыс “құлақтан кiрiп бойды алады”.
Молдекең көп ойланып отырды да: “бұл әннiң кiмдiкi екенiн бiлмеймiн, бiрақ, Керей жаққа барғанымда үйренiп келдiм” — деп, Ыбекеңнiң баяғыда бiр айтқанын естiп едiм. Кейiн бұл өлеңдi үшты-күйлi жоғалтып алдым, өз әуестiгiм болмады, Жантiлеудiң Қошаны анық-қанығын бiлетiн шығар”, — деп сөзiн аяқтады.
Таң сәрiде ерте тұрып Молдекеңнiң домбырасын алып, “сенек” — деп аталатын ауыз үйге шығып кетiп, әндi екi iшекке төгiлтiп, сөзiн қағазға түсiрiп өзiме өзiм айтып берiп отырғанымда дәрет алуға Молдекең шықты да, айтқанымды құптап, бiр-екi жерiн түзеттiрiп кетiп қалды. Дәрет алып келгеннен кейiн: “Жаттыға бер, жөнiң дұрыс, шәй үстiнде айтасың” — дедi, шефтiң айтқаны заң, шәй үстiнде орындап бердiм.
Сонда отырып жұрт таңданғанда Молдекең “тұқым қуалаушылық қой өнер — деген. Кәкiжанның ұлы атасы Ерторы ағамыздың Ақан Серiнiң жаңа өлеңдерiн жаттампаздықпен аты шықты. — Ереке, кешегi әндi ұмытып қалдым, еске түсiршi” — деген Ақан-ағаңның сұрағын бұлжытпай орындайтын грамафоны дерсiң, сол қасиет немересiне дарыған да” — деп жақын шақырып, бетiмнен сүйдi. Тау-кен инженерлiк дипломы бар жас ақынға бұл мақтау зор қуаныш бiлдiрдi, атамның өнерiн де естiп, көкiрегiм жылынып қалды. Бұл өлеңдi Жезқазғанға келген жылдары айтып жүрдiм. Өлеңнiң сөздерi де, әнi де әлi есiмде, күлдiргi өлеңнiң ғаламаты — деуге болады. Жезқазғанда Ордабай Исаев деген көршi ағамыз жаттап алып айтып жүретiн, ол кiсi “Кәкiмбектiң әнi” дейтiн. Шындығы Шал ақындiкi болуы көп күмән келтiрмейдi.

Әлгi ақсақал алғашқыдай емес күнгiрт күйiн үштi-күйлi жойып, ашыла бастады да, Шал ақын жайлы жақсы әңгiме айтты. “Бiр байдың баласы, атын атамаймын, осында ұрпақтары отыр, алған жарының қыз белгiсiн дау етiп пәленi Шал ақынға жауыпты. Сонда ерке ақын осынау әндi шығарыпты” — деп желдiрте жөнелдi.

“Тәубаға кел, тәубаға,
Құнсыз iстi даулама.
Сақинасын бермей ме
Кететiн қыз сауғаға”-

- деп шырқап манағыдан бетер күлдiрдi. Бұл әннiң әуенiн жаттамадым, “Тық, тық басқан” басқа әнге жуытар емес. Жаңа әндi бiрнеше рет айтылғаннан кейiн сөзiн жазып алып, Ермек марқұм тамаша орындап бердi. Бұл әндi көбiне үлкендер жоқ, әйелдер жоқ жерде Ермекке айтқыза берушi едiк, сөзi қойын дәптерiмде сақталыпты. Ол кезде қойын дәптерге түсiрiп алып әлектенушi едiм. Осы дәстүрiм үлкен пайда бердi. Шал атамыздың тағы бiр өлеңi Мұса-ағайдың айтуынан жазылып қалыпты. Шал ақынның “Бұхарда көрдiм бұлама” — деп басталатын өлеңiн жас кезiмде бiр естiгенiм болатын. Онда ерекше назар аудармап едiм, “бұламасы” мен “сұламасын”ұқпаған шығармын.
1997 жылдың қысында Жезқазғаннан поезбен келе жатып, Мұстафа Шоқай ағамыздың немере iнiлерiнiң бiреуiне тап болдым. КГБ-ның запастағы полковнигi екен, бiз сияқты Мәскеу жақтан Кеңес Одағы ыдыраған соң елге келiптi. Таныса келе туған жерiм Солтүстiк Қазақстанда дегенге елең етiп, Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандас досы болған, туған жерi Есiл бойындағы қазiргi Сергеев ауданының бiр ауылындағы Мәнжүр деген досын есiне түсiрдi. Досы әскерден оралмапты. Мәнжүр ағайдың фамилисы есiмде жоқ, бiрақ, бiр сыныпта орта мектепте оқыған Әгiр қыздың соғыстан оралмаған ақын ағасы

12345След.
скачать работу

Шал ақын — Тілеуке Құлекеұлы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ