Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шал ақын — Тілеуке Құлекеұлы

екенi есiмде. Жас ақынның өлеңдерiн бала кезiмде оқығаным да бар едi. Сол Мәнжүр-ағайдан қан майданда жүргенде естiдiм деп “Бұхарда көрдiм бұлама” — деген Шал ақынның өлеңiн жатқа айтты. Таң қалуымда шек жоқ, дереу жазып алдым да, Шал ақынға шөбере саналатын академик Қошанов Аманжолды сөз еттiм. Бұл кiсi шет жерде көп жүрiп, барлаушылық қызметте болғандықтан, қазақ зиялыларын бiле қоймайды екен. Жеңгемiз “Жезкиiктi” айтуға шебер болып шықты. Сол ән арқылы тезiрек танысып кеттiк. Өлеңдi жазып алып, Алматыға келген соң Аманжолға оқыдым.

“Бұхарда көрдiм бұлама,
Ташкентте көрдiм сұлама.
Саған да есен жетермiн
Есiлдiң қызы жылама”-

- деген өлең жолдары ерiксiз тыңдатты, әрi қарай өлеңнiң қызғылықты әзiлдiң, махаббат ләззәтiнiң ғажайып мезеттерiнен туатын, қыл сезiмнiң құштарлы шағын паш ететiн жерлерiне келгенде Шал ақынның құдiрет күшiн тағы да бiр жаңа қырынан байқайсың. Ол — эротикалық өлеңдер. Бұл саладағы ақын бабамыздың алар орны ерекше, әзiлдiң атасы десем, эротикалық өлеңнiң нағыз бабасы да осы Шал ақын.
Эротика дегенiмiз — махаббат майданындағы от сезiм мен жан толқытқан әрекеттердi сыйпаттау. Һау Ана мен һау Ата тиым салған жемiстi жеп қойып, жәннаттан қуылса да, жер бетiнiң жаңа жұмағы махаббат сырын ашты. Үрiм-бұтақ тарады, бұл да болса алланың рахматы деп махаббат пен ғадауаттың бал ләззатына бөлендi. Эротика — айқаласқан тайталас сәттегi сезiм селiнiң сыпайы толғағы, ол порнография, яғни былапыт, дөрекi тiлмен көсiлтетiн күнәһар емес, нағыз пiрадар тiлмен ашық айтылатын сыпайыгер, ләззәтшiл, рахатшыл мезеттердiң суретi. Осы заңдылықтарды өзгеден артық бiлгендей Шал ақын атамыз қазақ поэзиясында эротикалық өлеңдердi тудырды. Ақындықтың бұл саласында оның алатын орыны ерекше. “Өлшеуiнен асырса боғы шығады” — деп Абай атамыз айтқандай, әзiлшiл ақын өлшем мен мөлшерден аспайды, дөп басады. Негiзiнде Шал ақын орта бойлының ерекше сындарлысы, аққұба жiгiттiң асқан сұлу сырбазы болса керек. Құдайым оған қоса үздiк әншi, суырып салма — импровизатор ақын еттi, байырғы өлең сөздiң-қисса, дастандардың телегей теңiзi еттi. Бұл сегiз қырлы, бiр сырлылыққа қандай сұлу мас болмас. Ақынның сұлу десе шабыты ерекше төгiле кетер ғашықшылдығы да аз болмаған-ау. Оған дәлел Күлiмжан қызбен айтысындағы:

“Таулардың мен көрмеген аңы бар ма,
Түлкiнiң мен көрмеген таңы бар ма?!”-
деген сөздерi мен кемпiрiне айтқан:

“Шал ақын Орта жүздiң мен емес пе ем,
Он бесте ұрғашыға кен емес пе ем.
Мен саған жиырмамда болдым жолдас,
Құрытқан бар қуатты сен емес пе ең”-
деп өкiнiштi әзiлмен айтқаны ел ауызында берiк сақталды.

“Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар” — деп Абай атамыз айтқандай, Шал ақын да махаббат әзiлiнiң тамаша үлгiлерiн жасап кеттi.

“Сұлу қыз көрсем қатты қуанамын,
Ән арнап, күй төгiлтiп дуаладым.
Айқарып, ақ тамақтан сүйiп, құшып,
Армансыз аршын төсiн уаладым”-

- деген ләззәттi мол рахатты шақтың тамаша көрiнiстерiн тап осылай кiм келтiрдi. Ел ұстазы, дарынды ақын, зиялы қауымның ең көрнектi өкiлi Ахмет Байтұрсынов: “Табиғат iсiнен шыққан жаратынды нәрселердiң бәрi табиғат дүниесi болады” — дейдi. Ендеше эротикалық сезiм дүниесiнiң сүйкiмдi ұғымдарынан порнографияны ғана көрiп, бiлместiкке салынып көпе-көрнеу жиiркенгенiмiз дұрыс болмас. Махаббат базарының сәттi мезеттерiмен, қайталанбас сезiм толқындарын кiм бастан кешпедi, ол да Алланың хикматы, пайғамбар сүннәтi, жаратылыстың махаббатшыл мезетi емес пе.

Тек соны сөз сарасына сыйғызып әдемi қалпында айта бiлсе, оны әбестiкке жатқызбау ләзiм. Бұл тұрғыда Шал ақын теңдесi жоқ ақын. “Сұлуынан жылуы” — дегендей, ақын бабамыздың кей өлеңдерi ашық айтуға жеңiл болмаса да, жүрекке жабыса қалады. “Жасырған жемiс тәттiлеу” — дегендей, “жасырып” айтар тәттiлiгi бар өлеңдердi Шал ақын армансыз төгiлтiп өттi, сонымен қазақ поэзиясын байыта түсер дара жол салып, қазақтың эротикалық өлеңдерiнiң тамаша үлгiлерiн жасап кеттi. Сан салалы тақырыптарда әлеуметтiк, азаматтық, зиялылық маңызы бар өлеңдерiне терең үңiлсек Шал ақынның айрықша ерекшелiгi әзiлiнде. Фәлсәфасы мен әзiлiнде табиғат пен әлеумет араласып жатады. “Әйел туралы” деген өлеңiнде әйелдiң үш түрiн айта келiп:

“Үшiншi — ашып атар, жатып iшер…
Бастама етiк көрпiлдек,
Сиыр жапасы сырпылдақ,
Сормандай ерге жолығады”-

- дейдi. Өлеңiнiң әдемiлiгi “Көрпiлдек” пен “Сырпылдақта”. Сирек айтылатын әдеби де әдемi сөздер, табиғи дыбыстарды естiп тұрғандай сезiнесiң, бiр мырс еткiзбей қоймайды, ал өлең ақ өлеңмен жазылып отыр, формасы да ерекше.
Кәрi тарлан ұлғайған шағында да:
“Шалыңның екi көзi жайнап жатыр,
Кеудемде нәпсi, шiркiн, қайнап жатыр”, — деп көз жұмғанша табиғи жаратылымдылықтың жанды сезiмдерiн еш бiр суытпай кеттi. Әзiлi жарасып қартайғанша ғашық-тық сезiмдер мен фәлсәфасын әдемi түрде араластырып өттi.
Шал ақынның ақындық дариясында сан салалы талай арна бар. Олардың ең бастысы — қазақтың тұңғыш ойшыл ақындарының бiрi болғандығы. Ол өмiрдiң сан көрiнiстерiн жырына арқау етiп өз дәуiрiнiң әлеуметтiк, психологиялық, философиялық суреттерiн жасап, үлкен ойшыл ақын екенiн танытты.
Шал ақын психологиялық портреттер жасаудың көш басын-дағы айрықша дарын, оның Абылай ханды, әкесi Құлекенi айтса-тарихты паш еткенi, өмiрдiң жарқыны мен салқынын суреттесе, халықтың хал-ахуалын терең ойлағаны. Адам өмiрiнiң әр жастағы ерекшелiктерiн айту да Шал ақынның үлкен поэзия-лық саласы.Осының бәрiн топшылай келе, бүкiл творчествосына әдемi әзiл өзек болды дер едiм. Бiрлi-жарым әзiл барлық ақын-да бар, ал бүкiл жырына жаңылмас ырғақ, тарықпас арна бол-ғандай көркем әзiлдiң жиынтығы Шал ақында ғана. Сондықтан да оны әзiл сөздiң атасы деуiм, өзiнiң қазақ поэзиясында ерекше үлгi қосқан саласын айтқаным. Бұл ойым оның барша еңбектерiнiң азаматтық үлкен ойшыл, кемеңгерлiк орнын ешқандай кемiтпесе керек, қайта айқындай түсер. Шал ақынның поэзиясы абайға апарар ХУШ-ғасырдағы ең құтты қадамдардың бiрегейi деп бiлемiн. Уытты әзiл iздегендер Шал ақынды оқысын.

КӘКIМБЕК САЛЫҚОВ,
ақын, қоғам қайраткерi.

“ЖАТ ТА ЖАҚЫН БОЛАДЫ, ТАНЫС БОЛСА”

Қадiрлi ағайын! Тағдыр қалауымен қазақ ауылында өскен немiс баласының құлағына Шал ақынның есiмi, жаңылмасам, тұңғыш рет сонау 50-шi жылдардың басында шалынған. Қаратал деген көршi ауыл төңiрегiнде сонау Бұхар-жырау заманында Құлеке батырдың Тiлеуке деген ақын ұлы болып, ол кейiн қалың жұртқа “Шал ақын” аталынып, бүкiл алашқа аты әйгiлi болды дегендi ең алғаш өзiмiздiң жерлесiмiз, ауылдасымыз, өз кезiнде кеңiнен танымал ақын ағамыз Ғалым Малдыбаевтан естiгенмiн. Сол кездiң өзiнде-ақ Шал ақын айтыпты-мыс деген бiрен-сараң өлең жолдары да жадымда қалған. Мысалы:

Кедейлiк ер жiгiтке намыс емес,
Жоқ болса, досың дағы таныс емес.
Немесе:
Ағайын жат болады, алыс болса,
Жат та жақын болады, таныс болса.

Шал ақынның есiмi мен оның кейбiр шығармашылық әуендерi менiң бұрынырақ жазылған әңгiмелерiмде оқта-текте ұшырасып жатады. Мысалы, осыдан отыз жыл бұрын жарық көрген “Ауыл шетiндегi ағаш үй” атты әңгiмемде ұйқысыздық пен сарылудан сарғайған ақын Ғалымовқа Шал ақынның рухы елес бергендей болады. “Осы өлкеде екi жүз жылдай бұрын Есiлдiң жағасында шошайған шағын киiз үйдi мекендеп тiршiлiк еткен — кейiнгiлер Шал ақын деп атап кеткен Құлеке батырдың баласы, өз жерлесi — өкiнiшке толы өмiр туралы, тән мен жанды жұртта қалған көнектей тырыстырған кәрiлiк туралы өлеңiн мұның құлағына тынымсыз сыбырлап тұрғандай-тын”.
Қысқасы, қазақ ауыз әдебиетiнен сәл-пәл хабары бар Едiл немiсiне Есiл өңiрiнiң көне көз қариясы Шал ақын жат болмай, Белинский айтқан “бейтаныс таныс” болып шықты. Қазақ халқында Абайдан бұрын да неше түрлi дүлдүл ақындардың болғанын сол балалық кезiмде де бiлетiнмiн. Және олар қандай көп десеңiзшi! Оның үстiне қандай ақындар! Өлеңдерi түгiл, аттарының өзi немiс баласының шақшадай басына сия бермейдi екен. Жиенбет жырау, Ақтанбердi, Тәттiқара дейсiз бе, әлде Бұқар жырау, Дулат, Шортанбай, Махамбет, Шөже, Шернияз, Сүйiнбай, Майлықожа дейсiз бе┘ әйтеуiр, қазақтың кеңбайтақ даласына әзер сыйып жатқан көл-көсiр рухани байлық. Оның бәрiн бiлу, бәрiн игеру тiптi мұмкiн емес.
Ал, солардың iшiнде Шал ақынның өзiндiк орны бар екен. Қалың қазақтың арасында өскеннен соң қазақтың жершiлдiгi, патриотизмi жұқпай қоя ма? “Апырай, бiздiң жақта да тiптi екi-үш ғасыр бұрын мықтылар болған екен ғой!” — деп iшiмнен масаттанып та жүретiнмiн. Бiрақ Шал ақын жайында түсiнiгiм саяз едi. Кейiнiрек, жылдар өте әртүрлi жинақтардан, топтамалардан, зерттеулерден Шал ақын туралы мағлұматымды кеңейткен болдым. Ақындығы өз алдына, ол түйсiк-түсiнiгi, көрген-бiлгенi көп, дүниетанымдық көзқарасы бар ойшыл-философ екен.

Дүние деген осы,
Жоқ қой мәңгi досы,
Егер болса досы,
Әкемнiң құламас едi қосы, — дейдi Шал ақын.

Ал, жақсы мен жаман туралы, дiн туралы, әйел туралы, кәрiлiк, жалпы өмiр туралы айтқандары да соның дәлелi. Көп қазақтай ол да өсиет, ақыл айтуға шебер екен де, мiнеу, сынау, кекету, мұқату, әзiлдеуге келгенде тiлiнiң оты, уы, қыршаңқылығы бар екенiн айғақтап, тiптi шабыттанады екен.
Таяуда бума-бума қағаздарымды ақтарып отырсам, тор көз мектеп дәптерiнен жұлынған, сарғайып қалған бiр парақ шықты. Он шумақ өлең екен. Тақырыбы: “Шал ақынның сөзi”. Аяғында “Ерғали қарттың ауызынан 1967 ж. августың 10 күнi жазылып алынған”, — деген сiлтемесi бар. Ауылымызда Ерғали деген қария болған. Ол да менiң б

12345След.
скачать работу

Шал ақын — Тілеуке Құлекеұлы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ