Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шал ақын — Тілеуке Құлекеұлы

iр әңгiмемнiң кейiпкерi. Өзi өлең жазатын. Сол кiсiден осыдан дәл отыз бiр жыл бұрын Шал ақынның қырық жол өлеңiн жазып алған екенмiн.

Адамға талай жердi көрген артық,
Танысып, әркiмдердi бiлген артық,
Мысырға патша болып, отырсаң да,
Болмайды туып өскен жерден артық.

Ерғали қарт әрбiр шумақтан кейiн теке сақалын салалап, басын шайқап қойып, “бұл да сөз-ақ!”деп тамсанып отыратын. Кейiнiрек, сол кезде жазып алған Шал ақын өлеңдерiн баспадан шыққан үлгiсiмен салыстырып қарасам, көбiнесе белгiлi текстердiң аздаған өзгешiлiгi бар варианттары екен. Сол бiр жапырақ қағаз менде осы күнге дейiн сақталып келiптi.
Осыдан менiң пайымдауымда екi қорытынды шығаруға болады. Бiрiншiден, Шал ақынның ғибратты өсиет, нақыл сөздерi халық ауызында осы кезге дейiн қадiрлi заттай сақтаулы екен. Екiншiден, егер екi жарым ғасыр бұрын өмiр сүрген қазақ ақынына немiс азаматы кәдуiлгiдей мән берiп, шын ықыласымен сөзiн қағазға түсiрiп, оны отыз жылдан астам уақыт бойы сақтап жүрсе, бұл да Шал ақынның құдiрет рухы бар екенiне дәлел бола алмай ма?
Жиналып отырған зиялы қауымның алдында айтайын дегенiм осы едi. Рахмет!

ГЕРОЛЬД БЕЛЬГЕР,
Жазушы

АҚЫНДАР АТАСЫ

Шал ақын туралы сөз бастауды ең әуелi сонау Шоқан Уәлихановтың — “Менiң бабам Абылай ханның замандасы, Арғын,Атығай iшiндегi Бәйiмбет табынан шыққан Шал ақын қазақ халқының тегi, қазақ халқын құраған рулар жәйлi аңыздарды жинақтап, тамаша эпос жасады” — деген қазақ әдебиетiне қатысты сөзiнен бастағанды жөн көрдiк. Үйткенi, тарихта қағаз бетiне түсiп жазылып қалған нәрсе, тасқа басылған таңбадай өшпейтiн, кейiнгi ұрпақтың игiлiгiне тиетiн асыл заттар ғой.

Мiне, бұл Шал ақынның сол заманда сауатты, оқыған, дүние танымы мол, хақымыздың ескi тарихынан хабардар болғанын дәлелдейдi. Шал ақынның азан шақырып қойған аты Тiлеуке екен болашақ ақын жастайынан зейiндi, ұғымды болып өседi. Шаршы топтарды қариялар айтқан көненiң нақыл сөздерiн, өзiнен бұрынғы жыраулардың жырларын, санасына сiңiрiп құлағына құя жүредi. Осындай бiлгiштiгiне орай, бiрге жүрген құрбылары, әзiлкеш жеңгейлерi “Сен кексесiң, шалсың”- деп, қағытады екен. Ол кезде жас келiндер үлкендердiң, қайындарының атын атамай басқадай өздерiне лайықты ат қойып солай атап кеткен ғой. “Тiлеуке” дегенде аталары Тiлекенiң аты аталып кетедi деген ұятты әдептi ұстап, жеңгелерi Тiлеукенi Шалға лайықсың деп, Шал деп атапты. Сол атақпен Шал ақын атанып кеткен екен дейдi. Оның тағы да бiраз варианттары бар.
Шал ақынның әкесi Құлеке батыр Тәңiрбердiұлы (Ел iшiнде Тәйiрберлi дейдi) жоғарыда айтылған Атығай iшiндегi Бәйiмбеттен кейiнгi бесiншi буын (Бәйiмбеттен-Жоламан, Жоламаннан-Дәулетей, Дәулетейден-Тәңiрбердi, Тәңiр-бердiден-Құлеке) болады. Ол Абылай ханның ширек ғасырдай ұақытта ең жақын қадiрлес досы, сенiмдi батыры, беделдi елшiсi болып, орта жүздiң iшiндегi ел бастаған. Қолбасшы адамы болғаны тарихтан белгiлi.
ХIII-ғасырдың бiрiншi жартысындағы Жоңғар шабуылының бас кезiнде әр бiр себептердiң салдарынан жеңiлiс тапқан- Шу, Сыр бойындағы қазақтардың бiразы арқаға, жайық өңiрiне қарай үдере көшкен ғой. Сол үдере көштiң iшiнде Атығай рулары да болған. Жоғарыда айтылған Құлеке, Тiлеке (Тiлеке Құлекенiң ағасы) ауылдары көштерiн Көкшетау маңындағы Азат бекетi маңында тоқтатып, сол жерде бiрнеше жыл тоқтап тұрып қалады. Халқымыздың туған жерiнен, суынан айрылып үдере көшуi, артынан жау қуып аса бiр қырғынға ұшыраған тұсын ата тарихымызда “ақ табан шұбырынды, алқакөл сұлама” деп атаған. Мiне, сол қырғыннан құтылып азат қонысына келiп орныққан тұста 1748-жылы өмiрге Тiлеуке (Шал ақын) келедi.
Ендi елiн, жұртын түпкiлiктi қонысқа орналастыру үшiн ел басылары жер, қоныс таңдап байқаса, Есiл өңiрiн естектер, қалмақтар аралас игерiп жатқанын көредi. Өмiрге қолайлы өлкеге өз ұлыстарын орналастыру мақсатында Құдайбердi, Бәйiмбет ұрпақтары Есiл өңiрiн ата жауы болып келе жатқан қалмақ пен естектерден босату науқанына кiрiседi. Сол соғыстарда Құлекенiң ағасы Тiлеке және Мендеке, Жантелi тағы сол сияқты батырлар қаза табады. Бұл жөнiнде ел ауызында осы күнге дейiн ұмытылмаған бiрнеше аңыз әңгiмелер бар. Ақыры Құлеке бастаған Құдайбердi, Бәйiмбет ел басшылары Есiл өңiрiн босатып өз елдерiн Есiлдiң екi жақ жиегiне түгелiмен орнықтырады. Бұл осы күнгi аумақтық түсiнiк пен айтқанда Шал ақын, Есiл аудандарының жерi.
Құлекенiң қоныс тепкен жерi осы күнгi Сергеевка қаласының тұрған жерi. Осы ауылдың түстiгiнде бiр шақырымдай жерде өзеннiң үстiне төне орныққан, ол кезде кiшi-кiрiм таудай көрiнетiн биiк шың болатын (тың игеру кезiнде ол жер тас карьерiне айналып бүгiнде мүжiлген қаңқасы ғана қалған). Сол шыңның астында аюдың апаны болып, сол апаннан Құлекенiң балалары бiрнеше аю алады да әлгi шыңның аты — Аютас аталады. Құлекенiң ауылы “Аютастағы ауыл” (кейiн Аютас ауылы) атанып кетедi. Осы айтып отырған Аютас аулының орнын 1898-99- жылдары жаңа көшiп келiп жатқан қарашекпендiлерге беретiн болып Аютас аулын түгелiмен Есiлдiң оң жағасындағы қалың орманның iшiне көшiрiп тығады да ол орға село салынып “Сергеевка”деп аталады.
Мiне, осы ауылда Шал ақынның балалық шағы, арқыраған ақындық өмiрi, қартайған шағы өтiп 1819 жылы бұл дүниеден өтедi. Ақынның қабiрi Аютастың қарсы бетiндегi екi жүз жылдан артық ата бабаларымызды қойнына алған зират-қорымда болатын. 1969-жылы осы қорым Сергеевка су қоймасының астында қалды. Шал ақынның ақындық шығармашылық мән-жәйiне тоқтау — әдебиеттi, поэзияны зерттеушiлерiнiң iсi ғой. Менiң айтайын дегенiм: — Шалдың жаңа типтегi ақын екендiгi, оның жыраулық үлгiсiнен шығып, қазақтың сүйiктi, ырғағына айналған қара өлең буындарын енгiзiп, қазақ әдебиетiндегi зор бетбұрыстың атасы болғанын осы заманның әдебиет-поэзия зерттеушiлерiнiң де мойындап отырғандығы. Мәселен: филология ғылымының докторы Ж.Тiлепов — “Қазақтың ақындық поэзиясының бастауында тұрған Шал ақын осы дәстүрдiң төлбасы, әрi көшбасы болып танылған. Ол қазақ әдебиетiнiң айтыс өнерiнде шығармасы сақталған бiрiншi ақын” — дейдi де — өз заманының деңгейiмен қарағанда бiлiмiнiң дәмiн молынан татқан оқымысты адам — деп бағалайды.
Ұлы ғалымымыз Шоқан Уәлихановтың жазуынша Шал ақын — қазақтың шығу тегi жәйлi барлық аңыздардың басын қосып жыр еткен үлкен эпопеяның авторы, терең ой, биiк парасат-пайымның иесi және Алаштан тараған хандар мен ру басыларының, тайпалардың генеологиясын Құдайбердi батырға дейiн таратып айтады екен. Бiрақ менiң қолымда бұл эпос жоқ — деген екен. Эпикалық жыр жазу үшiн тарих ғылымының астарына үңiлу қажет қой. Сондықтан Шал ақынның:

Мен өзiм талай сөздi хатпен жазғам
Әзiлден мерт болады артық қазған
Өткен iске өкiнсем өмiрiм зая
Тұяққа iлiнгендi қайта жазбан -
деп келедi де
Дария сия болса, қамыс қалам
Жержүзi қағаз болса рахаттанам -

деп өзiнiң оқу, жазу өнерi бар екенiн анықтайды.
Ал, белгiлi қоғам қайраткерi, ақын Кәкiмбек Салықов “Шал ақын сегiз қырлы, бiр сырлы, онда бәрi бар” — деп келедi де: “Ол айтыскер, суырып салма, импровизатор, қолы тиген жердi жұлып алар, көзi түскен жердi үзiп алар, өткiр экспромт иесi, тапқыр сөздiң үздiк шеберi, ауыз әдебиетiнен жазба әдебиетiне көше бастаған қазақ поэзиясының көш басындағы кеменгерi” — деп бiледi. Ал, филология ғылымының докторы, профессор Ө.Күмiсбаевтың айтуынша — “қазақтың он бiр буынды қара өлеңiнiң құдiретiн Абайдан бұрын бiр ғасыр ерте танытқан (Шал) қарт шеберлердiң бiрi — осы Шал ақын” деп қортындылайды.
Айта кететiн бiр жағдай, Шал ақынның шығармышылық асыл дүниесiнiң бар екенiн Шоқан бастап берген болса, Қазақстаннан тыс жерде Хасен Шаяхметұлы Ғали атты түркi халықтарының тiлi мен әдебиетiнiң бiлгiрi, үлкен ғалым XX-ғасырдың басында-ақ Шал ақынның бiраз туындыларын хатқа түсiрiп үлгерген екен. Ол қазақ университетiнiң кiтапханасында сақталған екен. Оның бержағында тұңғыш рет 1929-жылы “Жаңа әдебиет” журналында, 1958-жылы “Қазақ әдебиетi” газетiнiң 28 қарашасында Ғ.Малдыбаевтың жариялаған 8 өлеңi жарық көрген. Әрине, ел iшiнде Шал ақынның өлеңдерiн бiр күн айтып, тауыса алмайтын құймақұлақ ақсақалдарды тыңдаған да едiк. Бiрақ бiздiң әттегенайымыз да қалмайды ғой. Солардың аузынан жазып алсақ, Шал өлеңiнiң қоры осы күнгiден де молырақ болар едi. Әсiресе, 1930-40 жылдарға дейiн өмiр сүрген ақсақалдарымыз: Ақымның Есқағы, Әбушахманның Бiржаны, оның бер жағындағы Шегеннiң Сәкенi, Досмағұл, Қарып, Әбдiр, Қошан, Сұраған, Баянтайдың Жүнiсi, Асылтайдың Ерғалиi, Елеусiздiң Ғаббасы тағы сол сияқты қасиеттi шалдарымыз Шал ақынның сөздерiн, өлеңдерiн майын тамызып айтып отырушы едi. Ол кезде тоталитарлық басқару жүйесiнде ескiден келе жатқан елiмiздiң асыл заттарына, бiлгiр адамдарына, тарихи тұлғаларға мән бергiзбеу, оларға көңiл бөлген адамдарды ескiнi құндаушы, жаңашыл жолдан шегiну деп өрескел сөгiске ұшыратқаны мәлiм. Соған қарамастан, сол заманның өзiнде Шал ақынның творчестволық iзiн зерттеу мақсатында 1964 жылдың күзiнде ауданымызға КАЗГУ-дiң аспиранты Мұхтар Мағауиннiң келуi, оның Шал өлеңiн жақсы бiлетiн Жантiлеудiң Қошанымен кездесуi, үлкен iске түрткi болады. Мұхтардың өзiнiң айтуынша -“Шал атамызға тиiстi ақсақалдың аузынан шыққан асыл сөз, қымбат мағлұматтарды таңбаға түсiрiп, не керек, қарияны сарқа тауыспасам да, қатемдi түгел тауып, қаншама дерек, өлең жазып алып едiм — дегенi арқылы атамыздың шығармаларының өмiрде екiншi рет тiрiлуiнiң басты себебi болып едi.”
Атақты жазушы “Жұлдыздың” бас редакторы, Шал ақынның еңбегiн ғылыми тұрғыдан тiк тұрғызған Мұхтар Мағауиннен қолдау сұрадық. Сол сияқты өзiмiздiң сүйiктi газетiмiз “Солтүстiк Қазақстан” да үнемi 5 жыл бойы Шал ақын туралы жазылған мақалаларды үзбей берiп тұрды. Газеттiң редакторы Бахыт Мустафинге де айтатын алғысымы

12345След.
скачать работу

Шал ақын — Тілеуке Құлекеұлы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ