Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сөз аудармасы



 Другие рефераты
Хаттама және аударма. Болашақ аудармашыларға кеңес Аудармашының кәсіби этикасы Аударма ережелері Ауызша, жазбаша аудармалар кезеңдеріндегі айырмашылығы

Жоспар:

Сөздік ұйқастық
Интернационалды және псевдоинтернационалды лексика
Сөз тіркесінің аудармасы
Көп мүшелі атрибутивті топтар
Фразеологиялық бірліктер
Суреттеу аудармасы
Сөз тіркесінің ауысуы
Сөйлем мүшелерінің ауысуы
Контестік ауыстырулардың құрылуы

Сөздік ұйқастық

Сөз аудармасы ең алдымен орыс тіліндегі мағынасы бойынша сәйкес келетін сөзді табудан басталады. Аударма теориясында, қандай да бір ағылшын сөзіне орыс сөзінің мағынасы бойынша жақын болуы – лексикалық немесе сөздік ұйқастық деп аталады. Ағылшын және орыс тілінің сөздік құрылымдары бірліктерін салыстыру кезінде, осы тілдердің сөздері арасындағы мағыналық қатынастардың екі негізгі түрлері анықталады. Ағылшын сөзінің мәні, толық орыс сөзінің мәніне сәйкес. Мұндай мәндердің ұйғаруы, барлығында дерлік жағдайларда, мәтінде ағылшын сөзінің қолданылуы аудармада осы орыс сөзі болып беріледі. Мұндай тұрақты тең бағалы сәйкестіктерді біз эквиваленттер деп атаймыз. Мысалға: London, Cypress, twenty, Monday, March – деген ағылшын сөздері орыс тілі эквивалентті сәйкестігінде: Лондон, Кипарис, понедельник, Март болады. Басқа тілдер эквивалентінде ұсынылған терминдер, жалқы есімдер, географиялық атаулар, сан есімдер, апта күндері атаулары мен ай атаулары т. с. с. Эквиваленттік сәйкестіктер тіл-тілде көп емес, себебі бірқатар сөздер – көп мағыналы. Жалпы, көп мағыналы сөздерді жеке мағынасынан ғана қарастырады.

Бір ағылшын сөзінің мағынасына, бірнеше орыс сөздерінің ұқсас болуы мүмкін, яғни берілген сөздің орыс тілінде бірнеше аналогтың сәйкестігі болады. Бұл ұқсастықтың түрі – варианттық немесе нұсқалық ұқсастық деп аталады.

Аударма жасағанда, аудармашының ең басты мақсаты – контекстте берілген мәтіндегі сөздерді мағынасына қарай бірнеше лексикалық ұқсастықтардың арасынан бір ғана контекстке сай келетін сөзді тауып аудару. Мысалы: “Anti-war sentiment was high among the delegates”. Сөздік бойынша “sentiment” деген сөздің төрт мағынасы берілген: 1) Сана-сезім, қатынас, көңіл-күй, пікір  2) Сентименттер

3) ой 4) тост. Берілген төрт нұсқаудың біреуі ғана үйлесімді. Осыған орай, аудармашыға дәл ұйқасатын нұсқаудың бірін таңдауы қажет. Мүмкін ол не «қатынас», не «көңіл-күй» болуы мүмкін, осыған таянып, аудармашы бұл сөйлемді былай аударуы мүмкін: «Анти соғыстық көңіл-күй делегаттардың арасында өте жоғары болды». Бірақ, бұл сөйлемнің структурасын өзгертіп, өзгеше де жеткізуге болады: «Делегаттар соғысты тұжырымдап, талқылады».

Көбіне, сөздікте берілген кейбір лексикалық нұсқаулы ұйқастықтар, аудармашыны қанағаттандырмайды. Яғни, аудармашы олармеен қолдана алмайды, мысалға, стилистикалық себептер үшін. Контекстуалды мағынаны көрсету қиын, өйткені сөздік – тек бағытын ғана айтып береді, ал аудармашы өзі керекті сөзді табуы тиіс.

Неологизмдер.

Ағылшын және орыс тілдері, салыстырмалы сөздік құрылымында, ағылшын сөздерінің көбі, орыс лексикалық бірліктерінің арасында тікелей ұқсастығы жоқ екендігі анықталды. Мұнда кіретіндер – неологизмдер, спицификалық ұғымдар мен шынайы білдіруші сөздер және азбілікті есімдер мен атаулар жатады.

Аудармашылар іс-шара тәжірибе жүзінде бірнеше аударма тәсілдерді өндірген:

1. Транслитерация

2. Описательный перевод

3. Калькирование

Шетелдік форманы жеткізудің аудармада екі тәсілі бар: транслитерация және транскрипция. Бұл амалдың ортақ термині болып «транслитерация» табылады. Транслитерация – ағылшын сөзін графиктік бейне ретінде жеткізуге негізделген, яғни әріптерді жеткізу. Ал транскрипция – фонетикалық принцип ретінде негізделген, яғни, ағылшын атаулары дыбыстарды орыс әріптерімен жеткізеді. Соңғы тәсіл – ағылшын сөзінің айтылуын дәлме-дәл жеткізеді. Транскрипция тәсілі қазіргі кезде кең таралған, өйткені оның шығу тегі өзгеше ағылшындық архаикалық орфографиядан және естілуінің түнұсқауынан болады. Мысалға: Нью-Йорк, Уолл-Стрит, ағылшын тілінен орыс тіліне енген сөздер: леди, хобби, лобби, апартеид және т.с.с.

Аудармашы сөйлемдерді есте сақтау үшін, оларды минимумға дейін қысқартады. Мысалы: «lobby» сөзі: «Давление оказываемое на членов английского парламента в кулуарах парламента».

Калькирование – күрделі не жай географиялық атауларды жеткізуге қолданылады. Мысалы: New South Wales – Новый Южный Уэльс. Тұрақты сөз тіркестерінің калькированиесі өте кең таралған. Мысалы: People of good will – люди доброй воли. On the brink of war – на грани войны.

Жалпы және жалқы есімдер.

Аударма тәжірибесінде осы күнге дейін жалпы және далқы есімдерді жеткізу аудармасында ортақ алынған қатаң шарттары жоқ. Әр түрлі жалпы және жалқы есімдерді аудару кезінде жалпы және жалқы есімдер транскрипция арқылы жеткізіледі. Бұл принцип біршама өмірге кейін енгізілді, партия, профсоюз және т.б. біріккен ұйымдар атауларынан басқа. Мысалы: Edwards – Эдвардс, Maryland – Мэрилэнд, Downing Street – Даунинг Стрит, Morning Star – Морнинг Стар, Interprid – Интерприд (авианосец).

Саясат партиялары, профсоюз және тағы да басқа біріккен ұйымдардың атаулары міндетті түрде аудармаға түседі. Мысалы: Amalgamated Engineering Union – Біріккен машина салушылар профсоюзы. Federal Bureau of Investigation – ФБР. Civil Rights Congress – Азаматтық құқық үшін күрес конгрессі.

Бірақ көбіне жалқы есімдер екі элементтен тұрады – жалқы және жалпы есімнен. Жалпы есім элементін аударғанда, мұнда төрт әртүрлі жеткізу амал-тәсілдерін қарастыруға болады:

  1. Жалпы есім тек қана транслитерацияға түседі. Бұл тәсілді транслитерацияға түсіп жатқан сөз – оқырманға жеткілікті білікті болса ғана қолданылады. Мысалы: Fleet Street – Флит Стрит, Kansas City – Канзас Сити.
  2. Жалпы есім бір мезетте аударылады да, транслитерацияланады да. Бұл тәсілді басты мақсатпен оқырманға бұл сөздің формасы таныс емес болып, мәтінін аша алмаса қолданылады. Мысалы: Black Hills – Горы Блэк Хиллс, Holly Loch – бухта Холли Лох.
  3. Жалпы есім элементінің аудармасы: The Atlantic Ocean – Атлантический океан, Richard the Lion Heart – Ричард Львиное Сердце.
  4. Жалпы есім элементі қосылады. Ағылшын мәтіндерінде жалпы және жалқы есімдер – жалпы есімнің элементісіз жиі қолданылады. Өйткені ағылшын оқырманына мұнда не жайында айтылып жазылғаны жеткілікті түсінікті. Ал орыс аударма оқырманына – түсіндірмелі сөздер енгізуге тура келеді. Мысалы: Park Lane – улица Парк Лейн.

Интернационалды және псевдоинтернационалды лексика

Орыс тілі мен ағылшын тілдерінде формалары ұқсас, мағыналары бірдей сөздер көп. Бұл сөздер тілдерде бір тілден екінші тілге кірме сөз болып ауысудың немесе әлдебір үшінші тілден ауысудың нәтижесінде пайда болған. Мысалы: contrast, control, diagram, dialect – контраст, контроль, диаграмма, диалект. Негізінде интернационализмдердің аудармасы, егер бұл сөздердің мағынасы бірдей болса, аса көп қиындық келтірмейді. Бірақ аудармада интернационалды сөзді қолданған кезде, оның орыс тілінде қаншалықты таралғандығына және аударылып жатқан мәтіннің стиліне сәйкес келуіне назар аударған жөн. Аудармашыға формалары ұқсас, бірақ мағыналары әр түрлі ағылшын және орыс сөздерімен жиі кездесіп қалуға тура келеді. Жалпыға мәлім мысалдар мыналар: “compositor”, бірақ мағынасы «композитор емес, «теруші»; ал “conductor” сөзі тек қана «кондуктор» мағынасында ғана емес, «дирижер» мағыынасында да қолданылады. Псевдоинтернационалды сөздердің мағыналарының айырмашылығының ең маңызды және көп кездесетін жағдайы болып олардың заттық-қисындық мазмұнының үйлеспеуі табылады.

Соған қарамастан осындай айырмашылықтардың 4 түрін бөліп көрсетуге болады:

  1. Орыс сөзі ағылшын сөзімен барлық мағыналарда емес, тек 1-2 мағынада ғана сәйкес келеді. Мысалы: орыс тіліне ағылшын тілінен енген “meeting”, яғни «митинг» сөзі ағылшын тілінде анағұрылм кең мағынаға ие. Ол : «жиналыс», «кездесу», «мәжіліс», «жекпе-жек», «грамафондық табақша» сияқты маыналарды бере алады. “Nation” сөзі «ұлт» деген мағынадан басқа, «халық», «ел», «мемлекет» деген мағыналарда жиі қолданылады.
  2. Орыс сөзінде ағылшын сөзінде жоқ мағыналар болаыд. Бұл әдетте сөз екі тілге де әлдебір үшінші тілден кірме сөз боып ауысқан кезде болады. «Аудитория» сөзінің екі мағынасы бар: а. Оқуға арналған бөлме, в. Сөз тыңдап отырған адамдар

“Auditorium” сөзі тек бөлмені білдіруге ғана қолданылады. Ал «аудитория» сөзінің екінші мағынасына (сөз тыңдап отырған адамдар) ағылшын сөзі “audience” қолданылады.

  1. Ағылшын сөзінде де, орыс сөзінде де сәйкес мағыналарынан басқа, өз мағыналары бар. «Корреспонденция» сөзі ағылшынның «correspondence» сөзімен ортақ «хат» деген мағынаны берсе, өз мағынасы ағылшын сөзінде жоқ — «газеттегі ағымды оқиғалар». Ал «correspondence» ағылшын сөзінің орыс сөзінде жоқ – сәйкестік, ара-қатынас, ан
    1234
    скачать работу


     Другие рефераты
    Абсолютная монархия во Франции
    Пенсионная система России
    Мен туған елімді сүйемін және Қазақ елінің қаһармандық тарихы
    Российские нобелевские лауреаты


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ