Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ТҰҒЫР МЕН ҒҰМЫР

жолатар емес. Бір рет соққысы мұртты біреуінің дәл басынан тиді. Олар да жерден таяқ алды. Не бір боқтық сөздерді бірінен соң бірін тоғытып, екеуі екі жақтап қыса бастады. Батыр шыр көбелек айналып қорғанып жүр. Өзін ұстамақ болып тұра ұмытылған мұрттының қолынан ұрып пышағын түсірді. Осы кезде ту сыртынан ентіккен дыбыс пен қарға шақырлаған аяқ дыбысының тым жанынан естілгенін сезіп, қолымен қорғана жалт бұрылған кезде қарына қадалған пышақтан оң қолы жан кеткендей ұйып, шатқаяқтай беріп шалқасынан құлады. Көзінің қиығымен байқағаны – мұртты айналшықтап жерге үңіліп бірдеңені іздеп жүрген секілді. Батыр жан дәрмен сау қолымен жер тіреп тұрмақ болған кезде қолына әлде бірдеңе іліккендей болды; пышақ екен. Мұрттының іздеп жүрген пышағының үстіне құлапты. Батыр пышақты кезеніп орнынан тұрған кезде жағдай аяқ астынан өзгерді. Екі бұзақы төбелестің осымен аяқталғанын білдіріп, Батырдан көздерін айырмай, шегіншектеп, әлі есеңгіреп отырған қызыл бет жігітті орынынан тұрғызып кері қайтты. Кетіп бара жатып қолдарын алқымдарына тіреп, Батырға сес көрсетті. Онысы «сен енді өліксің» дегенді білдіруші еді.

Киімінің сыртына шыққан қанды көріп, грузин жігіті Батырға қамқорлық көрсетіп, тез түймесін ағытып, оң қолын жеңінен шығарып, қарының жоғарғы тұсынан орамалмен буып байлап тастады. «Ешкімге де арыз айтпа, одан ештеңе шықпайды» деп ақыл айтты.

Лагерьге келген соң, Батыр дәрігер Николайға барды. Бөрене құлап, қарына үлкен шегесі кіріп кеткен. Николай бастығынан рұқсат алып, Батырды ауруханаға жатқызды.

Бірақ лагерь бастығы төбелестің болғанын біліп қойыпты. Күзетшілер көрген екен. Тек, неге екені белгісіз, бұзақыларды емес, Батырды ғана жазаға тартты. Ауруханадан шығысымен, алдымен штрафзона болып есептелетін аралық лагерьге апарып қамады. Одан кейін соңғы этаппен Колымаға айдамақ. Штрафзонадағы жағдай өте ауыр еді. Тамағы күніне екі мезгіл және жарты сыбаға: қатқан нан мен ескіріп кеткен селедка. Барақтың іші өте салқын, ең төменгі нарда ұйықтау мүмкін емес. Тұтқындардың көбі ауру. Түнімен күркілдеп шығады. Надзирательдері шектен тыс қатал. Батыр Колымаға айдалар күнді тағатсыз күтті.

Этаптың аттануына бір апта қалғанда аралық лагерьге аяқ астынан дәрігер Николай келді. Батыр оның келісін әлде бір дәрігерлік көмекке байланысты шығар деп ойлаған. Олай болмады, оны да штрафзонаға жіберіпті.

– Не үшін? – деген сұраққа:

– Әйел мәселесіне байланысты, – дейді Николай өзінің философиялық кекесін жымиысымен.

Николай ажарлы жігіт болғандықтан, әйелдер арасында беделі бар. Бірақ бір ғажабы, қыздарды өзі емес, қыздар мұны айналдырады. Жап-жас медбике қыз үйіріліп соңынан қалмай жүрген. Соның қырсығы тиген секілді.

– Бақытсыздық сапарын бірге бастап едік, ақырына дейін бірге болайық, – дейді тағы да сол жымиыспен Батырға қарап.

Жүргелі тұрған кемелердің бірінде үлкен жарылыс болып, көп адам өліп, өзге кемелер де істен шығып, соған байланысты сапар жарты айдан астам уақытқа кешіккен болатын. Ақыры күздің алғашқы айында алды арты шақырымға созылатын қалың нөпір тұтқындарды теңіз жағасыман айлаққа жаяу айдап әкеліп, кемеге отырғызды.

Кеменің іші түрмемен бірдей. Трюмде қамалып отырғаның. Палубаға дәретке конвоймен шығасың. Онда да көретінің – бұлыңғыр аспан, басылмайтын сылбыр боз жаңбыр, қорғасын түсті шексіз, шетсіз теңіз айдыны, анда-санда су бетінде шоршыған дельфиндер. Бұрын кемемен жүрмегендердің бастары айналып, тамақ іше алмай, құсып, азап шеккендері де аз болмады.

Тек Николай ғана көңілді еді. Қайтадан дәрігерлік қызметке тағайындалуына байланысты кеме ішінде еркін жүруге рұқсат алған болатын. Сыртқа шығып келген сайын кеменің қай жерде келе жатқанын, енді қай жерге келетінін, теңіздің күндізгі, кешкі көріністерін айтып, әлденеге таң қалып басын шайқап отырғаны.

Бір бірінен айнымайтын сүреңсіз күндер жылжып өтіп жатты. Аурулардың ішінде өлім жиіледі. Мүрделерді қапқа салып теңізге тастайды. Бұл да өліктерді теңізге жерлеу рәсімі болып есептеледі.

Күн суыта бастады. Теңіз бетінен қалқыған мұздар көрінетін болды. Қанша жүзгендерін бір құдай білсін, бұлыңғыр аязды күндердің бірінде тұтқындарды әлдебір өзеннің сағасында жағаға түсірді. Әрі қарай жүзуге болмайды екен. Өзеннің бетін мұз басқан. Жарылысқа байланысты кеме ұзақ кешігіп, соның қырсығы тиіпті. Енді қақаған қыста тундра мен тайга арқылы жаяу жүру керек.

Этапты бірнеше топқа бөліп, қатар-қатар сапқа тұрғызып, бөлек-бөлек аттандырды. Шамасы, 50 градустық қақаған аязда жол жүру үшін басқаруға ыңғайлы шағындау топ тиімдірек болуы керек. Мыңан астам адамды тамақтандыру, оларға қоналқалы орын табу оңай емес екені белгілі.

Тундраның меңіреу табиғатында жібімейтін бір мейрімсіздік, адамға деген өшпенділік бар секілді. Күн ап-ашық болғанмен, шұғыласында жылу жоқ, керісінше, жарқырап, сұп-cуық ызғар шашып тұрғандай сезіледі.

Батыр тағы да өткен өмірін есіне алды. Осыдан 5 жыл бұрын неміс конвойларының қоршауында 200 шақырым жерге жаяу айдалса, енді соған ұқсас азапты сапар тағы да басталды. Тек мылтықтарын асынып, екі жақтап айдап келе жатқандар – өзінің сүйікті отанының күзетшілері. Қаталдығы немістерден кем емес. Қашпақ болсаң, бұлар да атып тастайды. Бірақ қашатын жер жоқ. Айдалада үсіп өлгің келмесе, осы топтан қалмауың керек.

Жол бойында бетін қармен, шөпшекпен асығыс бүркей салған өліктер де көріне бастады. Топ түнделетіп қоналқы жерге жетті. Алаулатып от жағылды. Тамақсыз ыстық шәй ішілді.

Шеткерірек отырған Батырдың қасына келіп жайғасқан әлдекім:

– Сәлем, – деді бұған бұрыннан танитын адамдай.

Бұрылып қарағанда таныды, өткенде төбелес кезінде жараланғанда өзіне көмек көрсеткен грузин жігіті екен. Біраз ұсақ-түйек әңгімеден кейін, ол Батырға бұрылып жақындай түсіп:

– Саған айтатын бір маңызды шаруа бар, – деді сыбырлай сөйлеп.

«Ол не шаруа» дегенді білдіріп Батыр оның жүзіне қарады.

– Станцияда сенімен төбелескен үш сілімтік бізге қарсы топтың адамдары болатын, – деді ол оттың қоламтасын қолындағы шыбықпен түрткілеп отырып. – Нағыз қорқау қасқырлар. Олар сені өлтіргілері келіп жүрді. Солардан аман сақтау үшін комендатураға айтып, сені штрафзонаға жіберткізген біздің шеф. Оған айтқан мен. Батыл жігіттерді ұнатамын. Ал қорқаулар батыл жігіттерден қорқады. Содан кейін қапысын тауып көзін құртқылары келеді. Бірақ қауіп-қатерден құтылған жоқсың, олардың әр жерде адамдары көп. Сені бір рет біз сақтап қалдық, бұдан кейін де бізден басқа ешкім сені қорғай алмайды. Бізге қосылуың керек. Жақсылап ойлан. Келіссең, кейін шефпен таныстырамын. – Грузин бұдан кейін мүлде көтеріңкі басқа дауыспен бүгінгі сапар, ауа райы, тундраның табиғаты төңірегінде басқа тақырыпқа көшті.

Мынау әңгіме Батырды қайран қалдырды. Басына өлім қаупі төнгенін, мұның өмірін сақтау үшін өзіне белгісіз біреулердің әрекет жасағанын білген емес. Штрафзонаға отырғызу, басқа лагерьге айдау – лагерь басшыларының әділетсіз шешімі деп қана ойлаған. Өнебойын үрей билей бастады. Грузин жігіті екеуі бір-біріне арқаларын тіреп, от басында қалғып-шұлғып таңды атырды. Жұрттың бәрі де бір-біріне арқаларын тіреп ұйықтауда.

Таң ата колонна жолға шықты. Бүкіл ішек-қарынды қалтыратып, сүйектен өткен суық ештеңені ойлатпайды. Тіпті шаршау да, аштық та жайына қалды. Бір сәтке болса да, жылынатын жер табылса дегеннен басқа арман жоқ. Беттері үсіген, сақал мұрттарына мұз қатқан тұтқындардың түрлері тым аянышты еді. Бірақ қолдарын, аяқтарын үсітіп, лектің соңында таяққа сүйеніп әрең келе жатқандармен салыстырғанда қалғандарының жағдайы шүкіршілік деуге болғандай.

Колонна төртінші не бесінші күні әлдебір мал қораға түнеді. Әбден бітуге қалған тұтқындарға мал қора қонақүйден кем көрінбеген шығар. Тұңғыш рет көздері ілініп, сәл-пәл болса да, естерін жиғандай болды.

Ақыры арып-ашып, жол бойы беттері шөп-шаламмен бүркей салынған өліктерін қалдырып, адам кейпінен айрылған тұтқындар тиісті жерге де келіп жетті. Лагерьдің иттерін абалатып, ілбіп басып қақпадан еніп жатқан тұтқындардың жүзінен ешбір қуаныш белгісі білінбейді. Үйткені олардың қуануға да, ренжуге де шамалары жоқ еді.

Лагерь тұрған жерде кен байыту фабрикасы бар екен. Тұтқындар қыс бойы шахтада жұмыс істеп, жаз шыға байытылған кенді кемеге тиейді. Енді біреулері, көбіне штрафниктер, орманнан ағаш кеседі. Бұл ең ауыр жұмыс болып есептеледі. Үйткені түкірік жерге мұз болып түсетін 50 градустан астам аязда далада жұмыс істеу нағыз тозақтың өзі болатын. Ал штрафник болу қиын шаруа емес, саясатқа қатысты артық айтқан бір ауыз сөзің бұл арада лагерь басшылығының құлағына бірден жетеді. Жаз ортасында өзен жағасына тоқтаған баржадан көмір түсіру де қауырт жұмыс. Үйткені кеме жүретін жазғы маусым өте қысқа. Сол қысқа мерзімде қыстық көмірді қалай да түсіріп үлгеру керек.

Осындай бір көмір түсіру кезінде Батырдың басына қара бұлт қайта үйірілді. Төменде көмір салып тұрған мұның үстіне палубадан темір бөшке құлап, қолы сынып Батыр ауруханаға түсті. Мұның қолына гипс салып, орап байлап жатқан Николай «палубадан темір бөшке құлады» деген сөзді естігенде қалт тоқтап:

– Бөшке қалайша құлады? – деді Батырдан көзін айырмай.

– Байқаусызда болар.

Николай үн-түнсіз Батырдың қолын орап байлады да, әлденеге басын шайқап, ойланып отырып қалды.

– Өткен айда, ауруханаға ауыспай тұрғанда дәл осындай оқиға менде де болды, – деді содан кейін. – Онда бөшке менің басыма құлаған. Екі бандюга мені өлтірмек болыпты. Бір құдай білсін оларға не жазғанымды. Оны солармен байланысы бар бір жігіт айтты. Мен құрыдым деп ойлағам. Бірақ менің бағыма қарай өткенде баржадағы техникалық спиртті ішіп өлгендердің ішінде әлгілер де бар еді. Құтқарған құдайдың өзі деп ойладым. Егер м

Пред.1112131415След.
скачать работу

ТҰҒЫР МЕН ҒҰМЫР

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ