Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан тарихы



Абылай хан

АБЫЛАЙ, Әбілмансұр (1711 [Ресейдеректеріңде 1713] - 23.5.1781, Оңтүстік Казақстан, Арыс жағасы) - ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі - Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. А. - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 1169
АБЫЛАЙ ХАН (1711-1781)

АБЫЛАЙ, Әбілмансұр (1711 [Ресейдеректеріңде 1713] — 23.5.1781, Оңтүстік Казақстан, Арыс жағасы) — ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі — Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. А. — Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыкқана жауы шақ келмейтін батыр болып, Канішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Абылай хан мирасқорлары билік еткен кезеңдегі Орта жүз аумағындағы саяси жағдай. ( XVIII ғ. аяғы- XIX ғасырдың басы)

Уәли хан билік еткен жылдардағы Орта жүз. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүз бен Ұлы жүздің аумағында ұзаққа созылған саяси дағдарыс басталады. Ол ақыр аяғында қазақ хандығының саяси жүйесінің ыдырауына және оның өз тәуелсіздігінен айырылуына әкеп соқты. 1768 – 1774 жылдардағы орыс–түрік соғысының барысында Россия әскерлері Қырым мен Ноғай даласын басып алды, ал 1783 жылы Қырым хандығы тіршілік етуін тоқтатты. Россия Алтын Орданың мұрасына және Евразияның барлық халықтары арасындағы басты рольге жекедара дәмелене бастады. Бұл Россияның Орталық Азияға, соның ішіндегі Қазақстанға экспансияшылдық саясатын жеңілдетті.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Абылай хан тұсындағы Бөгенбай батыр

Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 749
Австро-Венгрияның құрылуы

Австрия империясы өзінің қарамағындағы славян халықтарына үстемдігін сақтап қалудың жолын қарастырды. Ол үшін 1867 жылы Венгр магнаттарымен келісім жасады. Венгрия дербес корольдікке айналды. Бірақ ол осы империяның ішінде қалды. Бұл келісім бойынша Венгрияға Сейм құруға рүқсат берді. Мұндағы мақсат Австрия империясы әлсірей бастағандықтан Венгрияның ірі магнаттарына сұйену керек болды. Бірігіп басқаратын корольдік қалыптастырды. Келісім бойынша Австрия империясы конституциялық бюрократтық дуалистік мемлекетке айналып Австро-Венгрия деп аталатын болды. Австра-Венгрия деп аталатын дуалистік мемлекет ұлттық негізде құрылған жоқ.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
АЛАШ АВТОНОМИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпықазақ сиезі өтті. Осы сиезде қазақ автономиясы мәселесі бойынша Х.Ғаббасовтың баяндамасы тыңдалып, талқыланып, сиез бір ауыздан саяси аумалы-төкпелі шақта қазақты әр елде қалдырмай біріктіру мақсатында мынадай қаулы қабылдады: «1) Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі – халқы қазақ-қырғыз , халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Алаш партиясының мұраты — отандық білім мен ғылымды негіздеуші күштер

Алаш тарихы – жаңаруға ұмтылған, тарихи сабақтастықты үзбеген, білім мен елшілдікті басым бағыт еткен ұлттық серпілудің тарихы. Сондықтан біз Алашты ауызға алған сайын осыдан 90 жыл бұрынғы саяси қозғалыс пен күресті ғана емес, бүгінімізді ертеңге жалғайтын жасампаздық істерімізді сараптағанымыз дұрыс. Алаш – біздің ұлтқа, дәстүрге қаншалықты адал екенімізді салмақтайтын ар өлшемі. Алаш – өткен тарихтың ғана олжасы емес, бүгінгі ұрпақтың да елдік іске олжа салар мүмкіндігі. Алаш – әлемдегі қазақтың да, қазақ ішіндегі әлемнің де тұтастығы, үйлесімділігі.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Алаш партиясының саяси-құқықтық идеяларының тарихи маңызы

1917 жылғы көктем мен жаз айлары қазақ қауымының қоғамдық-саяси өмірінің барынша жанданған кезеңі болды. Ол бірнеше бағытта: халық өкілдерінің ақпан революциясынан кейін мемлекеттік құрылысқа қатынасу,ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар құру,әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламаларын жасау және елдің саяси өміріне араласу бағыттарында көрініс тапты. Әлихан Бөкейханов,Мұхамметжан Тынышбаев,Мұстафа Шоқайұлы қазақ халқының либералдық-демократиялық топтары ретінде В.Ленин «қос өкіметтілік» деп анықтаған саяси симбиоздың уақытша «тұтастығына» жат адамдар болған жоқ.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Алаш партиясының қайраткерлері және қазіргі тілдің мәселесі

Қазақ халқының тарихында Алаш қайраткерлерінің алар орны ерекше. Олар өз ұлтының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен, туған елін отаршылдықтың бұғауынан босатып, тәуелсіз мемлекет құру үшін ақтық демі қалғанша күрескен асылдар еді. Жалпы, қазақ халқының тарихында азаттық аңсап, өз елінің тәуелсіздігін қорғаған тарихи тұлғалар аз емес. Әйтсе де, Алаш қайраткерлерінің олардан бір үлкен айырмашылығы мен ерекшілігі бар. Бұған дейінгі бостандық үшін басын бәйгеге тіккен ұлы тұлғалар өз мақсаттарын ақ найзаның ұшымен, алмас қылыштың жүзімен жүзеге асырмақ болса, Алаш қайраткерлері өркениетті елдердің дәстүрімен күресті партия құрып саяси жолмен жүргізді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған қазақтың саяси-демократиялық қозғалысы. Қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, қазақтардың егіншілікке жарамды жерлерінің Ресейден келген қоныс аударушыларға берілуі, Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі осы кезеңнің нақты көрінісі еді. Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатының осылай асқынуы қозғалыстың тарихи негізі болып табылады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған қазақтың саяси-демократиялық қозғалысы. Қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, қазақтардың егіншілікке жарамды жерлерінің Ресейден келген қоныс аударушыларға берілуі, Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі осы кезеңнің нақты көрінісі еді. Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатының осылай асқынуы қозғалыстың тарихи негізі болып табылады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Алтын адамға тереңірек үңілсек

“Мәдени мұра” бағдарламасы шеңберінде Есік қорық-мұра¬жа¬йын ашуға байланысты былтыр күз¬де Президент Әкімшілігі Бас¬шысының орынбасары, “Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес төр¬аға¬сы Мәулен Әшімбаевтың ар¬на¬йы келіп, Алтын адам табыл¬ған өңірде отырыс өткізіп, жер жағдайын өз көзімен көріп қайт¬қанын біліп, шынымды айтсам, аса қатты қуандым.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 1490
Алтын Орда дәуіріндегі Қазақстан

Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, монғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол 1155 жылы ірі ноян Есугей баһадүр отбасында туылған. Темучин ер жете келе қол астына монғолдың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 жылы көктемде Онан өзені жағасында Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғысхан деген атпен монғол ұлысының әміршісі етіп жариялайды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 965
Алтын орда – Астана!

Алыс-жақын сапарлардан еліңе оралғанда ең әуелі ұшақ төмендей бастағанда қызыл-жасыл шамдары жарқыраған қаланы көресің. Бұл жай ғана қала емес, Қазақстанның әлемге саясатын тарататын бас қаласы – Астанасы. Бұл қаланы бейне бір жұмақтың қақпасы секілді қабылдайсың. Әр сапарда жүрегіңе орнықтырып алып кетесің. Өйткені Астана бейне – бір ертегідегі қала сипатты. Анау құс жолы биігінен қарасаң Астана ғажайып жаһұтқа ұқсайды. Өйткені мұндай қаланы көрген де арманда, көрмеген де арманда. Шындығы осы.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Алтын Орданың соңғы өрлеуі және ыдырауы

Алтын Орданы сақтап қалу дегеніміз, шын мәнінде, байырғы Жошы ұлысының тұтастығын қалпына келтіру еді. Мұны Ақ Ордаға хан болған Ұрыс хан да, оның қарсыласы Тоқтамыс та жақсы түсінді. Сондықтан олардың екеуі де Ақ Орда тағымен қанағаттанбай, Алтын Орда тағына отыруға күш салды. Ұрыс хан өлген соң, көп кешікпей-ақ Тоқтамыс таққа отырды. Алтын Орда тағын күшпен иемденбек болған Мамайды жеңіп, оны өлтірген соң, ол Алтын Ордадан бөлінуге әрекет жасаған Астрахан хандығына тойтарыс беріп, оны Алтын Ордаға қайта қосып алды. Алайда Мамаймен Күлік (Куликово) даласында 1380 жылы болған ұрыста қол жеткізген жеңіске масаттанған Мәскеу князі Димитрий Донской бастаған орыс княздіктері Тоқтамысты да Мамай тәрізді таққа кездейсоқ келген тұлға ретінде қабылдап, оған бағынудан бас тартты.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Алғашқы адамның қалай пайда болғаны туралы

Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Алғашқы қазақ газеттерінің тарихы

Кез келген әдебиет бір күннің төңірегінде өрбитін немесе белгілі бір тарихи кезеңнің оқиғасын баяндайтын тар ұғымды дүние емес. Мәдениеті бай елдердің әдебиеті де қаз тұрып, қалыптасқанша қоғамның дамуы секілді толып жатқан өзгерістерді қорытындылай келіп, алдымен өз халқының, кейін жалпы адамзаттың ортақ игілігіне айналды. Бұл заңды құбылыс.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 808
Алғашқы қазақ мұнайшылары және ағайынды нобельдер

Адамзат баласы, қазақтар мұнаймен қашаннан таныс, қалай пайдалана бастады? Тарихи деректерге назар аударсақ Таяу Шығыс елдері тұрғындары осыдан 6000 жылдай бұрын мұнайды қару-жарақ жасауға, құрылыс материалдарын (битум, асфальт) дайындауға пайдалана бастаған. Кейін б.д.д. 347 жылдары Қытай бамбук ағаштарын пайдаланып жер астынан мұнай өндіреді. Ал Каспий теңізіндегі, оның төңірегіндегі мұнай туралы мәліметтер жазба деректерге V ғасыр­ларда енген. Олай болса жергілікті тұрғындардың оны көне заманнан-ақ мүмкіндігіне қарай пайдаланғаны белгілі болады. 1927 жылы Қазақстан мұнай кәсіпшілігінде еңбек еткен, қазақ жастарына арналған алғашқы «Мұнай» атты оқу­лығында С.Шарипов: «Орал-Жем аймағындағы мұнай 40-50 жылдан бері ізделген. Одан арғы жерде де, сондағы тұрғын қазақтар мұнайдың бар екендігін білген, керегінше пайдаланған. Құдық қазып, не болмаса жердің не судың үстіне шығып жатқан мұнайды алып жұмсаған. Ол мұнаймен қазақ кәсіп қылмаған.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Амантайұлы Қарасай батыр

Алтынайұлы Қарасай (1589-1671) – қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 1051
Америка Құрама Штаттарында әлеуметтік – саяси тарихында

Америка Құрама Штаттарында әлеуметтік – саяси тарихында қоғамдық – саяси құрылым және құқық мәселелері бойынша идеялық пікір таластардың өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталатын екі кезеңді аңғаруға болады. Оның алғашқы кезеңі ХVІІІ ғасырдың басынан бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейін созылған отар қоныстардың метрополияға бағыныштылығымен сипатталса, екінші кезеңі тәуелсіздік үшін күреспен айқындалып, ХІХ ғасырдың екінші жартысын қамтиды. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында өздерін штаттар (яеғни мемлекеттер) деп атаған колониялар мен метрополиялар арасындағы шиеленіс салық салу мәселесіне байланысты күшейе түсті.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Америка Құрама Штаттарындағы либералдық–саяси ағымдар

ХVІІІ мен ХІХ ғасырларда қоғамдық өмірдің демократиялануымен әлеуметтік – саяси теориялардың да мазмұны өзгерді. Саясат ұғымы да жаңа маңызға ие, болды: егер бұрын ол мемлекеттік билік қызметінің саласын ғана қамтыса, енді ол қоғамдық қатнастардың кең ауқымын білдірді. Қоғамдық санада сциентизмнің (лат. scientia – ғылым) белең алуына орай, саясаттанушылар мен құқықтанушылар өз концепцияларында методология мәселелеріне үлкен көңіл қоя бастады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Антигитлерлік коалацияның құрылуы

Тегеран кездесуінің қорытындыларын бостандық сүйгіш бүкіл адамзат, ең алдымен Совет Одағының, Құрама Штаттардың, Великобританияның халықтары жоғары бағалады. Совет үкіметінің басшысы Москваға қайтып келгеннен кейін АҚШ президентінен телеграмма алды, онда былай делінген: «Мен конференция мейлінше табысты өтті деп санаймын және ол біздің бірлесіп соғыс жүргізуге ғана емес, сондай-ақ келешек бейбітшілік ісі үшін де толық ынтымақтасып жұмыс істеуге қабілетті екенімізді қуаттайтын тарихи оқиға болғанына кәміл сенемінң. И. В. Сталин бұл телеграммаға 6 декабрьде жауап қайтарды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Араб мемлекеті

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздігін баянды ету, ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің 1997 жылғы қазан айындағы “Қазақстан – 2030” деген халыққа арналған Жолдауында бұл міндеттер айқын тұжырымдалған. Осындай жауапты да күрделі міндеттерді табысты орындап шығу жолында адамзат тарихындағы саяси – экономикалық қуатты мемлекеттердің құрылуы, нәтижелі билік құруы мәселелерін жете зерттеп, олардың үлгісінен тағлым алудың маңызы зор.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 7039
Ассамблея мүшелерімен жүздесті

17 сәуірде Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жанов Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) мүшелерін қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Қабылдауға Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Бобров, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орын­басары, Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, сондай-ақ Қазақ­стан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Юрий Тимощенко, Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған Мәжіліс депутаттары және «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері қатысты.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
АСТАНА

Бүгінде жас қазақ мемлекетінің астанасы ретінде әлемді тамсандырып отырған Астана қаласы жайлы деректер көп. Ол Есіл өзенінің оң жағасындағы жазық жерге орналасқан және Есіл өзенінің көшкен ел аттылы-жаяу өте беретін бұл тайыздау жерін Сарыарқа қазақтары Қараөткел деп атаған.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Астанамен бірге солтүстігімізге қазақтың тәуелсіз рухы да келді

– Алдан Зейноллаұлы! Сізбен әңгіме Ас­тананың ұлтқа берген тағылымы жайын­­да өрбитіндіктен, ең әуелгі са­уал­­­ды осы төңіректе қойсақ Астананың мем­­­лекет тарихындағы рөлі қандай деп ой­лай­сыз? – Жалпы, әлемде «астаналар тәлімі» деп ата­­латын зор философиялық ұғым бар. Бұл – тек түркі дүниесіне ғана емес, Азияға да, Еуропаға да – бүкіл адамзат баласына тән ортақ ұғым ретінде қалыптасқан құ­бы­лыс. Өйткені «Сенің астанаң географиялық жа­ғы­нан қай жерге орналасады? Сол ас­та­на ұлт­ты, мемлекеттің тәуелсіздігін қалай қам­та­масыз етеді?
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Атамды мақтан етемiн

Жеңiс бiзге оңайлықпен келген жоқ. Ел басына қиын-қыстау күн туғанда, азаматтар соғысқа аттанды. Дәл сол саптың iшiнде менiң нағашы атам да болған. Атам Жолдас Жаңылысов Құрылыс ауылында 1924 жылы дүниеге келген. Әскер қатарына 18 жасында қабылданады. 1943 жылға дейiн жаяу әскер дайындайтын училищеде оқып, әскери ойын түрлерiн үйренедi. 95 дивизияның № 290 атқыштар полкiнде қол пулеметiнiң оқ атушысы болған. Атақты Курс түбiндегi шайқаста Белград, Смоленск қалаларын жаудан азат етуге қатысады. Ұлы жеңiстi Германияның астанасы Берлин қаласында қарсы алады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Атбасар өңірі мен Алаш партия қозғалысы

Алаш қозғалысына қатысты әрбір дерек біз үшін маңызды болуы тиіс. Өйткені бұл ұлт-азаттық қозғалыс халқымызды ұйыстыруға, дербес мемлекет құруға, ең бастысы – ұлтымыздың рухын көтеруге арналған ұлы шара еді. Тәуелсіздік алған жылдан бері қарай Алаш қозғалыс туралы жүйелі зерттеулер жүргізіліп келеді. Бұл құптарлық қадам. Өйткені осы айтулы қозғалыстың тарихын тану – халқымыз жүріп өткен жолдарды саралаумен бірге, ұлттық болмысымызды түгендеу болатындығы сөзсіз.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Ауған соғысы - Саңлақ жауынгер

Әділ Бектасұлы Әбдіхалықовтың өмір жолына қарап отырсаң қарапайым ғана ортада, әділ онжылдықты бітіріп, әскер қатарына азаматтық борышын өтеуге шақырылады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 2224
Ауғандағы соғыс

1978 жылы сәуірде Ауғанстанда, кейін сәуір революциясы деп аталған төнкеріс болды. Билік басына ауған коммунистері – Ауғанстанның халық-демократиялық партиясы келді. Өкіметті жазушы Нұр Мұхамед Тараки басқарды. Бірақ бірнеше айлардан кейін партия билеушілері арасында күрес басталады. 1979 жылы тамызда партияның екі көсемдері Тараки және Амин арасында күрес басталады. 16 қыркүйекте Таракиді орнынан түсіріп, партиядан шығарып, түрмеге жабады. Көп кешікпей ол қайтыс болады. Бұл жағдайлар Мәскеудің наразылығын тудырды. Партия ортасында жаппай тазалау мен жазалау да наразылықты тудырды. Амин Ауғанстанға кеңес әскерлерін революциялық өкіметті нығайту үшін сұрады. 1979 жылы 12 желтоқсанда кеңес басшылары оның сұрауын қанағаттандырады. Бірақ Амин өкімет басынан кету керек болды . Кеңес әскерлері Ауғаныстанға енгізілді. Амин президент сарайының штурмы кезінде граната жарылысынан қаза табады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
12345След.


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ