Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан тарихы



Латын Америка елдері. 1910-1917 жж. мексикалық революция

Латын Америка елдеріне кіретін мемлекеттердің өзара ұқсас белгілерімен қатар бірқатар ерекшеліктері де бар. Аймақтың жетекші елдер қатарына Бразилия, Мексика және Аргентина жатады. Чили, Перу, Венесуэлла, Колумбия, Уругвай орташа дамыған елдер болып есептеледі. «Артта қалған» елдер тобына Боливия, Парагвай, Орталық Америка елдері кіреді. Негізінен Кариб бассейнінде орналасқан Еуропалық мемлекеттердің (Ұлыбритания, Франция, Нидерланды) отарлық иеліктері ерекше топты құрайды. Алайда, өзгешеліктеріне қарамастан бұл елдердің барлығы аз немесе көп мөлшерде әлемнің дамыған мемлекеттеріне экономикалық жағынан тәуелді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Манаш Қозыбаев

Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздіктің таңы атты, тарихшылардың жұлдызды сәті туды. Манаштың екінші тынысы ашылды. Ол, өз әріптестерімен бірге “Еркін көшкен елің қайда, ел қорғаны – ерің қайда” деді де, қолына қаламын алып, ереуіл атқа ер салып, сайын дала кезіп, үйдегі-түздегі архивке үңгей бойлап, өткен ақтаңдақтар ізіне түсті. Сөйтсек, “мінсіз таза теруерт су түбінде жатады, мінсіз таза асыл сөз ой түбінде жатады” екен. “Алаш алаш болғалы алаша атқа мінгелі, ала-шұбар ту байлап. Алашқа ұран бергелі Әлім еді ағасы,” - деп Мұрат Мөңкеұлы айтқандай, М.Қ.Қозыбаев ел тарихшыларының ноқта ағасы ретінде көш бастай жөнелді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 322
Мақсат – қоғамды инновациялық тұрғыда жаңарту

Бүкіл әлем ғылымның же­тіс­тіктерінің арқасында ғана ал­ға қарай дамуға, бәсекеге қа­білетті адами капиталдың әлеу­етін көтеруге, жаңа заманда өз орнын белгілеп алуға болатынына көз жеткізіп, сол бағытта әрекет жасап, ғылым­ды дамытуға, оның жетістіктерін өмірге енгізуге мүдделі болып отыр. Бүгінгі күні еліміз өз да­муының жаңа кезеңіне аяқ басты. Елбасымыз Н.­Ә.На­зар­баев Үкіметтің кезектен тыс мәжілісіндегі сөзінде Үкімет­тің және барлық мемлекеттік органдардың басты міндеті – халқымыздың әл-ауқатын жақ­сартуды қамтамасыз ету екенін атап өтті. Таяу бесжылдықта Қа­зақстан табысы жоғары дең­гейлі елдер тобына енуі қажет. 2016 жылға қарай ІЖӨ деңгейі жан басына шаққанда кемінде 15 мың долларға жетуі тиіс. Бұл үшін экономика жыл сай­ын кемінде 7 пайыздық өсім көрсетуі керек.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Мемлекеттік Ту

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің бірі Мемлекеттік Ту. Оның авторы – суретші Ш.Ниязбеков. Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түсті таңдауы – Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп-өркендеудің, өмірдің бейнесі.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Мен туған елімді сүйемін және Қазақ елінің қаһармандық тарихы

Дайындық кезеңі:Шараны өткізбес бұрын төменгі сынып оқушылары үшін кітапханада хабарландыру ілінеді. Оқырмандар арасында туған ел, жер, Отан, туралы оқыған кітаптары бойынша сурет салу сайысы жарияланады. Шара өткізілетін күні осы сайыстың қорытындысы шығарылады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 5018
Меркі - түркілердің ежелгі мекені

Меркі - тарихы терең, табиғаты таңғажайып өлке. Оңтүстігінде асқақтап Алатау тұрса, одан бастау алатын мың - мың бұлақ тау етегін гүл-бәйшешекке толтырып, сылдырай төмен ағады. Мың тарамданған кішігірім өзендер Меркінің солтүстігінде жатқан құмға барып сіңеді, құрдымға кетеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 1157
Монғолия Қазақтары

«Ата жұрт», «Атамекен» деген аяулы атауларды қаршадайымнан жадыма сіңіріп өссем де, дәл мағынасын енді ғана толық сезіне бастағандаймын. Әр қазақтың жүрегіне ұялаған, ата жұртқа деген сағынышы, сол бір қасиетті мекенге алғаш ат басын тіреген әр қазақтың ой толқуы мен тебіренісін, қуанышы мен мұңын мен де басымнан кешіріп келемін!
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 1020
Моғолстан мемлекеті

Моғолстанның құрылуы, жер аумағы. XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 1557
Моғолстандағы Дулат әмірліктері

Қазіргі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтарын Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай иемденгені белгілі. Алайда ол өзінің ұлысына келмей, уақытының бәрін ұлы хан Үгедейдің қасында өткізді. ХІІІ ғасырдың 40-жылдарының басында Шағатай мен Үгедей бірінен соң бірі қайтыс болған соң Шағатай ұлысында төре тұқымдарының таққа таласқан ұрыс-жанжалдары өршіп кетті. Арықбұқа, Құбылай, Алғу, Қайду тәрізді тарихи тұлғалардың осы ұлыстағы өзара тартыстары Шағатай ұлысында жергілікті тайпалар мен олардың әмірлерінің ықпалдарын күшейте түсті. Осы ұлыста 1309 жылдан 1318 жылға дейін билік құрған шағатайлық Есен-Бұға ханның тұсында көшпелі дулат тайпалары аса ықпалды тайпаға айнала бастады. Айта кетер бір мәселе – Шағатай ұлысында екі Есен-Бұға хан таққа отырды. Біз әңгімелеп отырған солардың алғашқысы.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Моңғолдар жаулап алуының зардаптары

Шыңғыс-хан әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Орасан зор регионның экономикасы құлдырап кетті.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы

Мемлекеттің құрылуы. XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан – байтақ жерін иеленген еді. Моңғол тайпалары әлеуметтік–экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын, «орман халқы» және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. «Орман» тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы . Ұлыстардың құрылуы

Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді. 1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Мыржақып Дулатов

Дулатов Міржақып (1885 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы – 1935 жылы туған, Карель АКСР-ы (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы), Беломорск ауданы, Сосновец темір жолы стансасында жерленген, 1996 жылы еліне әкелініп, қайта жерленді) – көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. 1920-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көнкеті өкілі.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 605
Мұстафа Кәмәл Ататүрік

Ататүрік былай дейді: "Мен үшін ең ұлы қорғаныс ұясы, ең ұлы көмек көзі - ұлтымның кеудесі. Сондықтан да мен ұлтымның кеудесін ешкімге бастырмау үшін барымды саламын!"
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 1518
Мұстафа Шоқай

Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны негізінен анықталып келеді. Бірақ әлі де белгісіз, дүдәмал тұстары бар. Ол әлі анықтала жатады деп ойлаймын. Мұстафа Шоқай сияқты қазақ тарихына ғана емес, бүкіл әлем тарихына із қалдырған адамның өмірбаяны ұзақ жылдар зерттеле түспек. Дауы да болар әлі, бауы да ( кейіннен анықталған жері деген мағынада) болар. Сондықтан да қазіргі белгілі материал­дарға негіздеп, өзім зерттеген, қоғамға таныс материалды өрбітіп, осы кезеңге байланысты айтып бергім келеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 1114
Мұхамед-Салық Бабажанов

Бұл күндері тұлғалардың тоқырап тұрған кезі. Елдің рухани өмірінде жалтақ тіршілік, жағымпаз сөз, екіжүзділік, мәнсіз-мағынасыз әңгіме, берекесіз іс белең алған. Қарабасының пайдасы үшін дүйім елдің мүддесін сатып жіберетін сатқындық секілді азғындау шектен шығып тұрған кезде заманында еліне адал қызмет етіп, азаматтығымен жалпақ жұртқа танылған тектi, зиялы тұлғалар туралы еріксіз ойланасың.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 940
Мұхаммед Хайдар Дулати

Қазақ ғылымымен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым, халкымыздыц тұңғыш тарихшысы Мухаммед Хайдар Дулати (Хайдар Дулат). Енді ғана есін жиып, тәуелзіздігін жариялағаннан кейін өткеніне үніле бастаған елдің тарихының өшкенін тауып, қайнар бастауын зерттеп-білу Хайдар Дулатисыз мүмкін емес. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіптен туркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеген европалық ғалымдардың қай-қайсысын алсак та, оған жүгінбей,еңбегіне соқпай кете алмайды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 1426
Нарманбет Орманбетұлы мен Алаш партиясының қозғалысы

Қоғамдық өмірге белсене араласқан Н.Орманбетұлы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтық үн көтерілген 1905 жылғы Қоянды жәрмеңкесіндегі атақты Қарқаралы петициясына қатысушылардың бірі болды. «Патша өкіметі бұл акцияны барып тұрған саяси күрес деп тауып, жергілікті басқару органдарынан бақылауды күшейтуді талап етеді. Дала генерал-губернаторы хұзырхатты ұйымдастырған адамдарды анықтап, олардың үстінен іс қозғау жөнінде Қарқаралы уезінің бастығына нұсқау береді. Уез бастығы Оссовский өзінің тексеру жұмысытарының барысында хұзырхатты дайындағандардың басшылары Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев екендерін дәлелдеп, қазақ тілінен орыс тіліне аударған Т.Нұрекенов болғанын да анықтап, олардың үстінен іс қозғап, арттарынан аңдушылар қойды».
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Наурыз — бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің мерекесі

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ — Енді бірнеше күннен кейін халқымыз Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын мерекелеуді бастайды. Осы ұлық мейрамның маңызы туралы, ерекшеліктері жайлы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Өстемір Бектөреев былай деп әңгімелейді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Наурызбай батыр

Құттымбет (Құтпанбет) ұлы Наурызбай (1706-1781) жоңғар басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан атақты батырлардың бірі, белгілі қолбасшы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Мекені Алматы қаласы маңындағы Жалпақтөс, Серіктас деген жерлер.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 460
Ноғай ордасының күшеюі және әлсіреуі

Алтын Орда ыдыраған кезде, яғни ХІV ғасырдың соңына қарай «ноғайлы жұртына» жататын ру-тайпалардың үлкен бөлігі маңғыт тайпасының және осы тайпаның билеушісі Едігенің бастауымен Ноғай ордасының негізін қалады. Осы орайда ескере кететін бір мәселе – сол кезеңде Едіге есімді бірнеше тұлғаның болуы. Атап айтсақ, оның алғашқысы Едіге Танашұлы, Әмір-Темір жорықтарына қатысып, Ұлытауда жерленген. Екінші Едіге – Ноғай ордасын негіздеген Едіге Балташықұлы, үшінші Едіге – Әмір-Темірге туыс Барлас Едіге, төртінші Едіге – Тәуке ханға жақын болған Едіге би.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Нәзір Төреқұлов

Қазақ елінің, қазақ жұртының тағдыры сынға түскен тарихи кезеңдерде, алмағайып замандарда әсіресе қазақ оқығандары, ұлт зиялылары жанқиярлық еңбек көрсетті. Ұлт болашағын ойлап қам жеген, халқы үшін от пен суға түскен, азап шеккен, керек болса осы мақсатта басын бәйгеге тігіп, жан қиған да осы Алаш арыстары болды. Әсіресе, ұлттық тәуелсіздік үшін күресте олардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе біріктіріп, ел санасын оятудағы қыруар еңбегін ешуақытта ұмытуға болмайды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 1306
Оккупациядан кейінгі кезеңдегі Жапонияның саяси және экономикалық қарқынды дамуы

Жапонияның 50 жж саяси өмірінің ереркшеліктері. 1949 жылдың шілде−тамыз айларында Жапонияда жапондықтарды үш инцидент қатты алаңдатты. Олардың барлығы темір жол мәселелеріне байланысты жапондықтардың әлеуметтік табының әркелкіленуіне байланысты болды. Біріншісі денесі теміржол желісінде табылған мемлекеттік Симояма темір жолының президентінің өлімі болды. Екіншісі Токио қаласының Митака станциясында жүргізушісі жоқ электрі пойыз адамдарға бағытталды. Және соңғысы Мацукава станциясына жақын жерде пойыз апаты болды. Барлық жағдайларда кінә профодақ белсенділері, коммунистерге тағылды. Есида тергеу жүргізбей жатып−ақ коммунистер қоғамдық тәртіпсіздік орнатып жатыр деген мәлімдеме жасады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Олимпиада тарихы

Азия ойындары (сондай-ақ азиада аталатын) — төрт жыл сайын 1951 жылдан бері Азия елдерінің барлығында атлеттер арасында өткізілетін спорт жарысы. Есептеу Нью Делиде өткен бірінші Ойыннан жүргізіліп келеді. Ойындардың жалпы ұзақтығы — Ашылу және Жабылу салтанатын қоса кем дегенде 7 және ең дегенде 16 күннен артық емес. Ойын Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен (АОК) реттеледі. Азия ойындарының эмблемасы, туы, ұраны мен әнұраны Кеңес меншігі болып табылады. Жарыстар өз елін білдіретін Ұлттық Олимпиада комитеті бастайды. Мемлекеттік ту мен әнұран марапаттау рәсімінде бірге жүреді. Он алтыншы ойын 2010 жылы 12-27 қарашада Қытайда Гуанчжоуда өтеді. Бұл жерде Азия ойындарында бірінші рет Крикет өтеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Ольстер дағдарысы және ұлттық мәселелер

Ольстер дағдарысы және ұлттық мәселелер. 1921 ж. Ирландия Республикасы құрылғаннан кейін Ұлыбритания өзінің құрамында халқының үштен бірі католик дініндегі ирландықтар мен үштен екісін Шотландия мен Уэльстен шыққан протестанттар құрайтын аралдардың алты солтүстік графтығын (Ольстер) алып қалған болатын. Екі діни қауымның арасында қарым-қатынастар әдетті дау-дамайлы болып келетін. 1968 жылы католиктік азшылықтың азаматтық құқықтар үшін қозғалысы басталды. Бұл ереуілді қуып таратудан кейін Ольстерде жаппай тәртіпсіздік басталды. Тәртіп орнату үшін Ұлыбритания Ольстерге әскер енгізді. Ирландияның республикалық армиясы, жасырын экстремистік ұйым, ағылшын солдаттарына қарсы террормен жауап берді. Британ үкіметтерінің келесі үш он жыл ішіндегі жанжалды шешу жөніндегі әрекеттері бүлікшіл графстволарға тыныштық әкелмеді. Католиктер мен протестанттар арасындағы қақтығысулар жалғаса берді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Он бес жасар ерлiк

1941 жылы 22 маусымда Фашистiк Германия соғыс жарияламастан жасалған келiсiмдi бұзып, КСРО аумағына басып кiрдi. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Гитлерлiк Германия осы уақытқа дейiн Еуропаның Көптеген мемлекеттерiн басып алған болатын. Герман империясы шикiзат үшiн, азық-түлiк базасы ретiнде қуыршақ мемлекет құруды көздедi.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Орта ғасырдағы Тараз қаласы, кейбір тарихи мәселелері

Тараз қаласының көптен күткен 2000 жылдық мерей той мерекесі ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.Осыған байланысты Тараз тарихының көпті толғандырып жүрген кейбір мәселелері туралы ойларын ортаға салу үшін бұл мерей тойға тек Қазақстан ғалымдары ғана емес, әлемнің талай түпкірінен бір қатар ғұламалар да ат басын тіреді. Осы орайда Тараз тарихы жайлы көптеген пікіплер айтылып, ұсыныстар жасалды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 1427
ОРХОН – ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Орхон – Енисей ескерткіштерінің зертелу тарихы ХVII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ең алғаш рет (1662ж.) Орхон – Енисей жазуы жөнінде хабар берген адам – Амстердам қаласының бургомистрі Н.Витзен. 1697 жылы Тобыл қаласының бояры С.Ремезовтың «Сібір қалаларының шөл далалары мен таулы жерлерінің чертежі» атты еңбегі жарық көрді. Сол еңбекте талас бойындағы «Орхон тасы» жер атап көрсетілді. Көне түркі жазба нұсқауларын зертеуші ғалымдардың пікірі бойынша, осы жер 1896-1898 жылдардағы талас ескерткіштері табылған тұсқа сай келеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Осман империясы

III Сәлемнің реформалары. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Осман империясы құлаудың аз-ақ алдында тұрды. Билеуші топтар осы дағдарыстан реформа арқылы шықпақ болды. Реформашыларды III Сәлімнің сұлтан ( 1789-1807) қолдады. 1792 -1796 жылдары Сәлім армияны қайта құру туралы үкім шығарды. Әскери қызметтен бас тартушылардың иеліктері қайтарылып алынатын болды. Әскери инженерлік училищелер ашылды, шетелдік нұсқаушылардың көмегімен 23 кеме қатарына соғыс флоты құрылды. Оқ-дәрі зауыты, қару-жарақ қоймасы, киім және аяқ киім тігетін фабрикалар салынды. Батыс Европалық ғылыми трактаттар мен әскери ережелер түрік тіліне аударылды. III Сәлім жүргізген шаралар « жаңа жүйе» деген атқа ие болды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері

А.Л.Ж.И.Р. (орыс. Акмолинский Лагерь Жён Изменников Родины — Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) — cонау 1937-ші жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Пред.678910След.


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ