Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Депозиттік теория негіздері

нші сатысы 2006 жылдың үшінші тоқсанына дейін іске асырылуы керек. Екінші сатыда Халық банкі CUP карточкаларын шығаруды бастайды. Анықтама үшін: CHAINA UNION PAY компаниясы Қытайдағы штап — пәтері Шанхай қаласындағы жалғыз процессингілік компаниясы болып табылады. Компания 2002 жылы 80 – нен астам ішкі ұлттық қаржы компанияларының қатысуымен құрылған акционерлік қаржы институты ретінде құрылды. CUP – тің 20 филиалы мен дүниежүзі бойынша 160 — тан астам банк – мүшелері бар. Елде 959 милионнан астам төлем карточкалары шығарылған, оның ішінде 40,4 млн кредиттік, 919 млн дебеттік карточкалар бар. Компания мөлшері бойынша көш басшы болып табылады. «Қазақсатан Халық Банкі» АҚ — өз клиенттерінің игілігі үшін 80 жылдан астам уақыт табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі. Банк VISA International және MasterCard International төлем жүйесінің карточкаларын шығарады және Қазақстандық пластикалық карточкалар нарығының тұрақты көш басшысы болып келеді. Банктің айналымдағы карточкаларының жалпы саны 2,4 млн бірліктен асты.
Сейфтік операциялар, ол банк өз клиенттерінің – жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың материалдық және өзге де құндылықтарының сақталуына мүдделілігін арттыру мақсатында сейфтік депозитарийдің абонент жәшігін келісім – шарт негізінде жалға беру қызметін ұсынады.
Маңызды құжаттар мен құнды заттарды банк депозитарийінде сақтаудың сөзсіз артықшылығы – сенімділік пен қауіпсіздікке кепілдік беріледі. Бұған қосымша банк депозитарийінің тағы бір басымдығы – құндылықтар мен құжаттарды анонимді түрде сақтау мүмкіндігі және сақтауға салынған заттың құнын жариялау мүмкіндігі. Абоненттік жәшіктерді жалдау мерзімі шектелмейді, клиент оларды өзі қалаған мерзімге пайдалана алады. Бүгінгі күні Банк сейфтік депозитрийдің абонент жәшіктерін неғұрлым кең таралған көрсеткіштер бойынша ұсынады. Жалға берілетін абонент жәшіктерінің түрлері мынадай: кіші сейф, орташа сейф, үлкен сейф.Қазақсатан Халық банкі депозитарийінің сейф жәшіктері барлық жұмыс күндері ашық болады. Жалға берілген сейф жәшігін клиент өзі жеке пайдалана алады немесе тиісті түрде рәсімделген сенім хат негізінде әрекет жасайтын өз өкілдері арқылы қол жеткізуге болады. Сейфтік депозитарий қызметі үшін клиент белгіленген тарифке сәйкес комиссиялық сыйақы төлейді, сыйақы мөлшері жалға берілген жәшік мөлшеріне және пайдалану мерзіміне байланысты болады. Банк абоненттік жәшіктерді рұқсатсыз ашудан сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді. Абонент жәшігінде сақтаулы құндылықтарды клиент қайтыс болу жағдайын ескере отырып, кез келген адамның атына өсиет етуіне болады немесе мемлекетке мұраға қалдыра алады. Абонент жәшігінде сақтаулы құндылықтарды клиент сақтандыру ұйымдары арқылы да сақтауына болады. Жылжымайтын мүлікті пәтер, үй, жер, сату-сатып алу операциялары бойынша төлемді қолма – ақшамен жүргізу үшін клиенттерге сейфтерді пайдалану мен қатар делдалдық қызмет ұсынылады. Аталған қызмет сатып алу – сату мәмлесіне қатысушыларға, яғни Сатып алушы мен Сатушыға тікелей көрсетіледі немесе мәмлені іске асырушы және Банкпен жасалған Жеке сейфті жалға беру туралы шарты бар фирманың өкілі арқылы ұсынылады. Қолма – қол ақшаны сейфке салуды Сатып алушы Сатушының және Банк қызметкерінің қатысуымен жүргізеді. Жылжымайтын мүлікті сатып алу – сату мәмлесі болмаған жағдайда ғана Сатып алушыға сейф ішіндегілерді алуға рұқсат етіледі. Сатушы сейфтен қолма-қол ақшаны алуды Сатып алушының қатысуымен және нотариалды расталып, техникалық инвентаризациялау бюросында тіркелген жылжымайтын мүлікті сатып алу – сату туралы шарт ұсынған жағдайда жүргізіледі. Қолма – қол ақша сейфтен алынғаннан кейін Жалға беру шартының талаптары орындалған болып есептеледі.
Аударымдары «Жеке тұлғалардың жедел есеп айырысулары», «Экспресс- аударыдар», Маниграмма жүйелері боцынша жүргізу. «Экспрессс- аударыдар» жүйесі бойынша ақша аудару, Қазақстанның өз ішінде банк бұл жүйе бойынша ұлттық валютамен және банк шоттарын ашпастан жеке тұлғалардың ақшасын бір-біріне аударады. Жедел аударымдар республика аумағы бойынша 10-15 минуттің ішінде іске асырылады. Аударылатын ақша сомасы шектелмейді. Аударым сомасының пайда болуын тиісті құжаттармен дәлелдеу талап етілмейді. «Money Gram» жүйесі бойынша жеке тұлғалар аударымын қолма – қол шетел валютасымен іске асыру. Маниграмм Халықаралық ақша аудару жүйесі Банкте 4 жылға жуық сәтті қолданылып келеді және жедел жұмыс істейтін әрі сенімді жүйе болып табылады. Халық Банкінің бөлімшесінен рәсімделген жеке тұлғаның шетел валютасындағы ақша аударымы 10 -15 минуттың ішінде кез келген шетелге және «Money Gram» жүйесінің пунктері орналасқан Қазақстан аумағы бойынша жөнелтіледі. Ақшамен қатар клиент алушыға жеделхат түрінде жазылған, көлемі он сөзден аспайтын мәтіндік хабарды тегін жібере алады.
Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасына сәйкес резидент және бейрезидент жеке тұлғалардың Халық Банкі арқылы Қазақстанға немесе Қазақстаннан жіберілетін бір жылғы аударымдарының сомасы 10 000 АҚШ долларынан аспауға тиіс және бұл аталған аударым ақшасын жеке тұлға бір операциялық күнде бір рет ғана жүргізе алады.Мұндай аударымдар кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызметпен және жылжымайтын мүлікке құқық иеленуімен байланысты болмауға тиіс. Сонымен қатар Қазақстан аумағы бойынша шетел валютасындағы бір жолғы аударымдар тек резиденттер арасында немесе бейрезиденттер арасында ғана жасалады. Аударым үшін түрленетін комиссиялық сыйақы аударылатын ақша мөлшеріне қарай ұсталады.
«Жеке тұлғалардың жедел есеп айырысулары» жүйесі бойынша ақша аударымдары (теңгемен және АҚШ долларымен), Банк жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар атына жасайтын ақшалай аударымдарын «Жеке тұлғалардың жедел есеп айырысулары» деген жүйемен жүзеге асырылады. Аударым теңгемен де, АҚШ долларымен де жүргізіледі. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жедел аударымдар Банктің ішкі жүйесі бойынша бір күннің ішінде банк шотын ашу арқылы немесе шот ашпастан – ақ жүргізіле береді. Карточкалық шотқа немесе интернет-шотқа ақша аудару бір банктік күннің ішінде іске асырылады. «Жеке тұлғалардың жедел есеп айырысулары» жүйесі бойынша ақша аударуды Халық банкінің Қазақстан аумағында орналасқан барлық бөлімшелері мен құрылымдық бөлімшелері жүргізе алады.
Кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау. Банк өз клиентінің қолма-қол ақшасы мен шаруашылық қызметтен алынған түсімін оның банк шоттарына қабылдап отырады. Клиенттің өткізген қолма-қол ақшасы операциялық күннің ішінде түскен болса, сол күні бірден шоттарға аударылады, егер ақша операциялық күн аяқталған соң келіп түссе, клиент шотына келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей есепке алынады. Клиенттерге қолма-қол ақша беру алдын ала берілген өтінімге сәйкес орындалады, сонымен қатар Банк қолма-қол ақшаны өтінім түскен күні бірден бере алады, бірақ бұл жағдайда ұсталатын комиссиялық сыйақының тарифі жоғары болады. Кассалық аппараттарын салық органдарында тіркеуден өткізуге тиіс клиенттерге Банк олардың шотқа түсірген қолма-қол ақшасының сомасы туралы растамалық анықтама береді.
Негізгі қызмет түрлері:
1. Заңды және жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
2. Заңды және жеке тұлғалардан салым қабылдау;
3. Заңды тұлғаларға транзиттік шоттар жүйесін ашу;
4. Заңды тұлғаларға жинақтау шоттары жүйесін ашу;
5. Бөлімшелер клиенттеріне ағымдағы лимиттелген шоттар жүйесін ашу арқылы агенттік қызмет ұсыну;
6. Аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару, оның ішінде зейнетақылық төлемдер жөніндегі тапсырмаларын орындау;
7. Кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау;
8. Банктің кез келген бөлімшелерінен заңды тұлға өкілінің басқа бөлімшеде ашылған клиент шоттарынан қолма-қол ақша алуы;
9. Инкассация және бағалы жүкті сүйемелдеу қызметі;
10. Шетел валютасымен қолма-қол ақшасыз айырбастау операцияларын жүргізу,
11. Әртүрлі шетел валютасымен халықаралық аударымдар;
12. «Клиент-Банк» қашықтықтан қол жеткізу жүйесі бойынша операциялар жүргізу;
13. Тазартылған алтын құймаларын сатып алу және сату;
14. «Жалақылық жоба» бойынша қызмет көрсету клиент қызметкерлерінің жалақысын олардың жеке шоттары мен төлем карточкалры арқылы аудару және беру;
15. Жеке тұлғалардың төлемдері мен аударымдарын «Жеке тұлғалардың мерзімдік есеп айырысулары», «Экспресс аударымдар», мониграмма жүйелері бойынша жүргізу;
16. «Жеке тұлғалардың жедел есеп айырысулары» жүйесі бойынша түсетін жеке тұлғалар төлемдерін жинақтау және өңдеу;
17. Жол чектері мен коммерциялық чектерді сату және сатып алу;
18. Вексельдік операциялар: домицилиация және вексельді инкассоға қабылдау;
19. Сейфтік операциялар: клиент құжаттары мен құнды заттарын сақтау, оның ішінде сейф жәшіктері мен шкафтары, үй жайларды жалға беру операциялары;
20. Қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын жүргізу;
21. Құжаттамалық операциялар жүргізу және банктік кепілдемелер беру;
22. Корпоративтік клиенттер үшін арнаулы сервис;
23. Шоттардың жай-күйі туралы ақпарат алу.
Халық Банкінің ақпараттық технологиялары, 2005 жылы Халық Банкі CRM(customer relationship management) концепциясын жүзеге асыру жолындағы алғашқы қадам болып табылатын, бизнесті орталықтандырудың стратегиялық үздісін бастайды. Сапа мен операциялар жүргізудің жылдамдығы сияқты банк қызметін көрсетуді бағалаудың клиенттер үшін маңызды белгілері Банкті орталықтандыруды бастауға итермелеген негізгі себептердің бірі болды. Стандар
Пред.1112131415След.
скачать работу

Депозиттік теория негіздері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ