Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қырғыз Республикасының Су Кодексі

у аймақтарының түрлері

1. Қорғау аймақтарының түрлеріне жатады:
- санитарлық қорғау аймақтары;
- ағыстың құрылу аймақтары;
- жер асты суларын қорғау аймақтары;
- су қорғау аймақтары;
- төтенше экологиялық жағдайлар мен экологиялық  апаттардың аймағы.
2. Әр бассейндік жоспар қолданыстағы қорғау аймақтарды сипаттаудан тұрады және қажет болған жағдайда жаңа қорғау аймақтарын құру бойынша немесе қолданыстағы аймақтар шекарасына өзгерістер енгізеді.
66 бап. Санитарлық қорғау аймақтары

1. Санитарлық қорғау аймақтары  ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамту үшін үстіңгі және жер асты су нысандарынан алу үшін, сондай-ақ емдік мақсаттар үшін пайдаланылатын су нысандары мен су шаруашылығы имараттарының айналасында белгіленеді. Санитарлық қорғау аймақтары сол су нысанын қоса сәйкес су шаруашылығы имаратының айналасындағы аумақты алады.
2. Санитарлық қорғау аймағының орналасқан жері, көлемі мен режимі уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органмен келісілген, бассейндік жоспар мен әзірленген жоба негізінде сәйкес жергілікті мемлекеттік әкімшілік органымен анықталады.
3. Санитарлық қорғау аймағының көлемі, орналасқан орны мен режимін анықтау тәртібі туралы ереже уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органмен әзірленеді және Қырғыз Республикасының Үкіметімен бекітіледі.

67 бап. Ағынды құру аймақтары

1. Өзендер құрылатын аумақ ағынды құру аймағы болып табылады. Ағынды құру аймағы қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның және Мемлекеттік су әкімшілігінің ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Үкіметімен анықталады.
2. Ағынды құру аймақтарында тыйым салынады:
- қалдықтарды сақтау қоймасын, үйінділерді, жерлеу орындарын, малды қорымы және басқада шаруашылық нысандарды орналастыру, олар су ресурстарының сапасына зиян әсер етуі мүмкін;
- су нысандарының, мұздықтардың және қарлықтардың мұзды бетін өндірістік, тұрмыстық және басқада қалдықтармен қоқыстау, сондай-ақ оларды мұнай өнімдерімен, улы химикаттармен және басқада зиян заттармен ластау.
3. Шаруашылық және басқада қызметті ағынды құру аймағында жүргізуді шектеу және тыйым салу тәртібі Қырғыз Республикасының Үкіметімен белгіленеді.

68 бап. Жер асты суларын қорғау аймақтары

1. Жер асты суларын ластау үшін әлсіз аумақ жер асты суларын қорғау аймағы болып табылады.  Жер асты суларын қорғау аймағы гидрогеология жөнінде бойынша уәкілетті мемлекеттік органның және Мемлекеттік су әкімшілігінің ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Үкіметімен белгіленеді.
2. Жер асты суларын қорғау аймағында шаруашылық және басқада қызметті жүргізуді шектеу және тыйым салу тәртібі Қырғыз Республикасының Үкіметімен белгіленеді, қоса:
- жерлерді ағынды сулармен суару;
- жер асты суларын алу;
- ерітінділер мен химикаттарды сақтайтын немесе пайдаланатын өнеркәсіптік немесе коммерциялық кәсіпорындарды пайдалану;
- қалдықтардың үйінділер орналастыру;
- гидрогеология жөнінде бойынша уәкілетті мемлекеттік органның және Мемлекеттік су әкімшілігінің ұсынысы бойынша басқада қызмет түрлері (Қырғыз Республикасының Үкіметіме анықталған).

69 бап. Су қорғау аймақтары

1. Қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлектетік органдардың және жергілікті мемлекеттік әкімшілік органымен келісу бойынша Мемлекеттік су әкімшілігі су нысандарына зиян келтіретін немесе су ресурстарын ластауға мүмкіндік беруіне байланысты нақты қызмет түрлері шектелген немесе тыйым салынған су нысандарында су қорғау аймақтары белгіленеді.  Осындай қызмет түрлеріне жатады:
- мал шаруашылығы фермаларын орналастыру және пайдалану;
- пестицидтерді, ұйымдастыру және химиялық тыңайтқыштарды қолдану және пайдалану;
- өнеркәсіптік өндіріс кәсіпорындарын пайдалану;
- қалдықтарды сақтау, қайта өңдеу жән бұру;
- құрылыстарды салу.
2. Суды қорғау аймақтарында жеке және заңды тұлғалардың су ресурстарын пайдалану және қорғау режимін және басқада шаруашылық қызметті сақтауды мемлекеттік бақылау Мемлекеттік су әкімшілігімен, қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен және жергілікті мемлекеттік әкімшілік органымен жүзеге асырылады.

70 бап. Су нысандарында төтенше экологиялық жағдайлар мен экологиялық апаттар аймағы

Қырғыз Республикасының Президенті «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қырғыз Республикасының Заңына сәйкес кез-келген су нысанына қатысты төтенше экологиялық жағдайлар немесе экологиялық апаттар аймағын жариялау туралы шешім қабылдауы мүмкін.

11 ТАРАУ.   ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

71 бап. Су басу, құрғақшылық, селдің өтуі мен сырғыма туралы біртұтас ақпарат жүйесі және алдын алу

1. Мемлекеттік су әкімшілігімен, төтенше жағдайлар жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган мен гидрометерология бойынша уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Үкіметі жергілікті, бассейндік және ұлттық мәні бар су басу, құрғақшылық, сел өтуі мен сырғыманың жақындағы және орта-жедел мүмкін қауіптер туралы мемлекеттік органдар мен қоғамды ескерту үшін  Су басу, құрғақшылық, селдің өтуі мен сырғыма туралы біртұтас ақпарат жүйесін құрады.
2. Су басу, құрғақшылық, селдің өтуі мен сырғыма туралы біртұтас ақпарат жүйесі соңғы жылдарға және ағымдағы болжам мәліметтерінен тұрады:
- су басу, сел өту және сырғыма туралы;
- құрғақшылық туралы;
- жоғарғы таулы көлдерді қоса табиғи су нысандарының жағдайы және орнықтылығы туралы;
- өзендерде қорғау дамбалары мен су қоймаларында бөгеттерді қоса негізгі су шаруашылығы имараттарының жағдайы мен орнықтылығы туралы;
- халық үшін су басудың, құрғақшылықтың, сел өтудің және сырғыманың қауіпі туралы.
3. Қырғыз Республикасының Үкіметі Мемлекеттік су әкімшілігінің ұсынысы бойынша су басудың, құрғақшылықтың, сел өтудің және сырғыманың қауіпі туралы ақпараттың ұлттық жүйесінде айтылған ақпаратты тарату туралы ережені бекітеді.

72 бап. Су басудан, сел өтуден және сырғымадан қорғау

1. Бассейндік жоспар су басудан, селдің өтуінен және сырғымадан адам өміріне мен мүлігіне  қауіпті азайту немесе ескерту қажет аумақтарда тыйым салу және шектеу жасалуы тиіс мүмкін су басу, сел өту және сырғыма қауіпті аумақтарды және іс-әрекет түрлерін анықтайды.
2. осы баптың 1 тармағында белгіленген аумақтарда бассейндік жоспарға сәйкес тыйым салынады:
- Мемлекеттік су әкімшілігінің жазбаша келісімінсіз мүмкін су басу, сел өту және сырғыма қауіпті аумақтарда ғимараттар мен имараттар салуға;
- Мемлекеттікс у әкімшілігінің жасбаша келісімінсіз су басуға, сел өтуге және сырғымаға әкелуі мүмкін анықталған қызмет түрлерін жүзеге асыруға.
3. Мемлекеттік су әкімшілігі төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірігіп су басу және сел өту қауіптерінен халықты және өнеркәсіп аймақтарын, адам өмірін және мүлікті, ауыл шаруашылығы жер-суларын қорғау бойынша имараттарды салу және пайдалану бойынша жыл сайынғы бағдарламалар мен жоспарларды әзірлейді. Осындай бағдарламалар мен жоспарлар қаржыландыру көзін қамтамасыз ету есебімен шешім қабылдайтын су жөніндегі Ұлттық кеңеске ұсынылуы тиіс.

73 бап. Төтенше жағдайлар оқиғаларына шараларды жоспарлау

1. Мемлекеттік су әкімшілігі төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірігіп өткен жылдар мәліметтері мен бассейндік жоспарлар негізінде аумақтарды су басу, сел өту және сырғыма оқиғаларына іс-шаралар жоспарын дайындайды және кезеңді түрде жаңартып отырады.
2. Су басу, сел өту және сырғыма жағдайларына жоспарлар анықтайды:
- су басу, сел өту және сырғыма туындағаны туралы халықты ескерту және жариялау үшін ақпарат жүйесі;
- су басу, сел өту және сырғыма жағдайында жоспарлардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар;
- азаматтық халықты көшіру бойынша шаралар жүйесі;
- көшірілген адамдарды азық-түлікпен және тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шаралар.
3. Төтенше жағдайларды жою тәртңптері мен процедуралары «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғау туралы» Қырғыз Республикасының Заңымен және Қырғыз Республикасының басқада нормативтік құқықтық актілерімен анықталады.

74 бап. Құрғақшылық немесе аз сулылық

Құрғақшылық немес аз сулылық кезеңінде Қырғыз Республикасының Үкіметінің құқы бар:
- су ресурстарын пайдаланумен байланысты кейбір немесе барлық қызмет түрлеріне шектеу енгізіледі;
- тастауға рұқсат және суды пайдалануға рұқсат иелері үшін пайдалануды лимиттеу немесе шектеу;
- құрғақшылық пен аз сулылыққа ұшыраған аумақтарда жаңа басымдылықтар енгізіледі.

12 ТАРАУ. БӨГЕТ ҚАУІПСІЗДІГІ

75 бап. Бөгетті пайдаланушылар мен иелерінің жауапкершілігі

Бөгеттің иесі мен пайдаланушы жауапкершілік атқарады:
- бөгеттің қауіпсіздігі үшін;
- бөгетті қауіпсіз пайдалану және техникалық қызмет көрсетуге;
- бөгетті дұрыс пайдаланбау нәтижесінде келтірілген залал.

76 бап. Бөгетті классификациялау

1. Қырғыз Республикасының бөгеті, гидроэнергетикалық тағайындаудағы бөгетті қоса су жөніндегі Ұлттық кеңеспен бекітілген және Мемлекеттік су әкімшілігімен ұсынылған белгілерге сәйкес үш санатқа бөлінеді:
- республикалық мәндегі бөгеттер;
- бассейндік мәндегі бөгеттер;
- аудандық мәндегі бөгеттер.
2. Бөгетті классификациялау үшін белгілер негізделеді:
- бөгет биіктігіне;
- жиналған су көлеміне;
- бөгет бұзылған жағдайда су ресурстарының қоғамдастығы, мүлігі мен сапасы үшін қауіпке;
- бөгет бұзылған жағдайда әлеуетті шығындар мен мүмкін залалдар көлеміне;
- су сапасының мүмкін өзгеруінде;
- бөгет бұзылған жағдайда әлеуметтік-экономикалық

Пред.678910След.
скачать работу

Қырғыз Республикасының Су Кодексі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ