Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қырғыз Республикасының Су Кодексі

Үкіметі келесіні анықтайтын ережені бекітеді:
- су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жерлеріне ластаушы заттар мен қалдықтарды тастаудың жоғарғы көлемі;
- су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жерлеріне тастағанға дейін қалдықтарды және ластаушыларды тазалау үшін үрдістер мен стандарттар.

52 бап. Су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жерлеріне ластаушы заттар мен қалдықтарды тастауға рұқсат

1. Су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жерлеріне ластаушы заттар мен қалдықтарды тастауға рұқсат  Мемлекеттік су әкімшілігі мен уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органмен келісуден кейін қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен беріледі.
2. Су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жерлеріне ластаушы заттар мен қалдықтарды тастауға рұқсат  мынаны мазмұндайды:
- анықталған уақыт аралығында тастауға болатын ластаушы заттардың көлемі;
- картографиялық материалды қоса берумен және олардың сипаттамасымен тастау имараттарының орналасқан орнын сипаттау;
- рұқсат иесімен тастаулар мониторингі және кезеңділігі, онымен бұл мониторинг жөніндегі ақпарат қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органға берілуі тиіс;
- су нысанына тастау алдында өткізілетін және бұдан әрі де өткізілетін қалдықтарды және ластаушыларды тазалау үрдістерін сипаттау;
- қалдықтарды және ластаушыларды алдын ала және қорытынды тазалау бойынша барлық имараттарды, сондай-ақ тастау имараттары мен бақылаушы қондырғыларды салу және пайдалану жобасын сипаттау;
- тасталуы мүмкін ластаушылар көлемін немесе концентрациясын өзгерту не болмаса маусымды өзгерістерді қоса, су сапасына сәйкестігі, су нысандары мен су шаруашылығы имараттарын ластануын қысқарту немесе алдын алу үшін қажетті Қырғыз Республикасы Үкіметімен анықталған басқада шарттар.
3. Тастауға рұқсатта ластаушылар концентрациясын төмендету түрінде рұқсат иесі үшін шектеулер белгіленуі мүмкін.
4. Тастауға рұқсат үш жылдан артық емес мерзімге беріледі. Бұруға рұқсат қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның жазбаша рұқсатынсыз басқа адамға берілмеуі тиіс.
5. Қырғыз Республикасының су нысандарына және су шаруашылығы имараттарына тастауға рұқсат осы Кодекске және оларға сәйкес қабылданған Қырғыз Республикасының басқада нормативтік және құқықтық актілерімен беріледі және реттеледі

53 бап. Тастауға рұқсат алуға өтінім

1. Тастауға рұқсат алуға әр өтінім қажетті құжаттарды қоса берумен қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органға жазбаша түрде беріледі.  Өтінімді беру үшін құжаттардың тізбесі қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен анықталады.
2. Қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган тастауға өтінімді қанағаттандыру туралы шешімді қабылдауға дейін оны келісуі тиіс:
- уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органмен;
- Мемлекеттік су әкімшілігімен сол бір су шаруашылығы имараттарына қатысты суды жеткізуге келісімшарт иелерінің құқығына су шаруашылығына имараттарына тастауға рұқсат беру әсер етпеуін растауы тиіс.
3. Тастауға рұқсат алу үшін әр өтінімді қарастырғанда қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган ескеруі тиіс:
- Қырғыз Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес әзірленген және бекітілген ластаушы заттардың шекті мүмкін тастаулар нормативтері;
- сәйкес бассейндік жоспар;
- сәйкес су нысаны немесе су шаруашылығы имараттары және тастауға рұқсат беру нәтижесінде әлеуетті әсер етуді басқадай пайдалану;
- су классификациясы;
- осы Кодекстің 51 бабына сәйкес белгіленген ережелер.
4. 30 күн ағымында қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган жазбаша түрде өзінің шешімі туралы өтініш иесіне хабарлайды (келісу немесе бас тарту) Бас тарту дәлелденуі тиіс.

54 бап. Су нысаны, су шаруашылығы имараттары және су қорының жерлеріне қалдықтар мен ластаушы заттарды тастауға рұқсатты тоқтату, өзгерту немесе жоққа шығару

Қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мына жағдайларда Су нысаны, су шаруашылығы имараттары және су қорының жерлеріне қалдықтар мен ластаушы заттарды тастауға рұқсатты тоқтату, өзгерту немесе жоққа шығаруы мүмкін:
а) құрғақшылық не болмаса аз сулылық немесе төтенше жағдайлар;
б) рұқсат шартын бұзу;
в) рұқсат иесінің өтініші бойынша;
г) қоғамдастық мүддесінде бұл қажет болғанда;
д) су сапасының белгіленген стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет болғанда.

55 бап. Тастауға рұқсатты жаңарту

Рұқсат мерзімі аяқталуына бір ай бұрын рұқсат иесінің өтінімі бойынша тастауға рұқсат жаңартылуы мүмкін. Өтінім беру үшін құжаттардың тізбесі қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен анықталады.

56 бап. Ластаушы аумақтық көздер

1. Су ресурстарын дамыту, пайдалану және қорғау бойынша әр бассейндік жоспарда су нысандары мен су шаруашылығы имараттарын аумақтық ластану қауіпін тудыратын пестицидтер мен тыңайтқыштарды пайдалануда топографиялық шарттар бойынша суармалы жерлер аумағын анықтауы тиіс. Бассейндік жоспарда осындай ластанудың алдын алу, төмендету немесе азайту бойынша шаралар қарастырылуы тиіс.  Осы шаралар қаржылық қамтамасыз ету бойынша бағдарламалар мен оқу бағдарламалары, техникалық жетекшілік етуді тарату және дайындауды енгізуі мүмкін.
2. Суды пайдалануға рұқсат шарты суды пайдалану нәтижесінде аумақтық ластану мүмкін қауіпті ескеруі тиіс және су ресурстары ластануының алдын алу, төмендету және азайту бойынша рұқсат иесі қолдануы тиіс шаралардан тұрады.
3. Мемлекеттік су әкімшілігі аумақтық ластану мәселесін шешу үшін суды қорғау аймақтарын белгілейді және ластанудың аумақтық көздерінің алдын алу және төмендету үшін осындай аймақтарда шаруашылық қызметін реттеу жөнінде ережені бекітеді.

57 бап. Тастауға рұқсатты беруге, өзгертуге және жаңартуға әкімшілік құқық

Тастауға рұқсатты беруге, өзгертуге және жаңартуға өтінімдерді қарастыру үшін әкімшілікі төлем қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен алынады. Әкімшілік төлемнің көлемі қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның және басқада өтінімді қарауға тартылған мемлекеттік органдардың әкімшілік және басқада шығындар есебімен Қырғыз Республикасының Үкіметімен анықталады.

58 бап. Тастауға рұқсатты тіркеу

Қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган тастауға рұқсатты тіркеуді жүргізеді, оған енеді:
- осы Кодекске сәйкес берілген тастауға барлық рұқсатты нақты сипаттау, сондай-ақ кез-келген тоқтатулар, өзгерістер, жоққа шығарулар мен жаңартулардың бөлшектері;
- тастауға жаңа рұқсатқа қатысты қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органға барлық өтінімдерді нақты сипаттау;
- рұқсат шарттарына сәйкес рұқсат иесімен қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органға берген мониторинг бойынша ақпаратты нақты сипаттау;
- тастауға рұқсатта белгіленген шарттарды сақтауды қамтамасыз ететін қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның іс-әрекетін нақты сипаттау.

59 бап. Суды ластағаны үшін төлем

1. Су жөніндегі Ұлттық кеңестің ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Үкіметі табиғатты пайдаланғаны сияқты суға қалдықтар мен ластаушы заттарды тастағаны үшін төлем жүйесін белгілейді.
2. Тастауға төлем деңгейі су нысандары мен су шаруашылығы имараттарына қалдықтар мен ластаушыларды төменгі тастауға дейін қысқарту есебімен белгіленеді, сондай-ақ оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

60 бап. Су ресурстарын қорғау бойынша жұмысты өткізу

1. Егер ластаушы заттар немесе қалдықтар су нысанына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жерлеріне тасталғанда немесе тасталатаны болғанда, қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетіт мемлекеттік орган тиісті:
- су ресурстарын қорғау бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға міндетті жауапты тұлғаға жазбаша ескерту жолдауға;
- су ресурстарын қорғау бойынша өз еркімен жұмысты өткізуге.
2. Су ресурстарын қорғау бойынша жұмысты өткізген жағдайда қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган өз еркімен жауапты тұлға есебінен осыған байланысты шығындарды өтеуге құқы бар.

61 бап. Ластанудан жер асты суларын қорғау

1. Аумақты белдеудендіру жоспарында жер асты суларының сапасы үшін әлеуетті қауіпті немесе ластаушы учаскелер анықталады.
2. Мемлекеттік су әкімшілігі мен гидрогеология жөнінде уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының үкіметі ластанудан жер асты суларын қорғау бойыншаережені бекітеді

62 бап. Мұздықтарды қорғау

Мұздықтардың еруін жеделдетуге әсер ететін көмірді, күлді, майды немесе басқада заттар мен материалдарды пайдаланумен қызмет, сондай-ақ мұзды дайындауға байланысты қызмет пен мұздықтар немесе оның құрамындағы су сапасының жағдайына әсер етуі мүмкін қызметке тыйым салынады.

63 бап. Суды үнемдеу бойынша көтермелеу ынтасы

Мемлекет өткізілетін зерттеулер немесе жаңа технологияларды әзірлеу, суды тұынуды азайтатын, су ресурстарын ластаудың алдын алатын немесе төмендететін қондырғылар мен жаңа жабдық түрлерін құруды қамтамасыз етеді және ынталандырады.

64 бап. Судың төменгі экологиялық ағынына қойылатын талаптар

Қырғыз Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік су әкімшілігі мен қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның ұсыныстарын келісу негізінде судың экожүйесі мен балық қорларын сақтау мақсатында су нысандары мен анықталған өзендер үшін судың экологиялық ағынына қойылатын талаптарды белгілейді.

10 ТАРАУ. ҚОРҒАУ АЙМАҚТАРЫ

65 бап. Қорға

Пред.678910След.
скачать работу

Қырғыз Республикасының Су Кодексі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ