Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

Қазақстанның бірінші Конституциясын қабылдады. Өтпелі, күрделі жағдайларда мұндай актілер қабылдау,әрине,зор еңбектің жемісі. Бұларға қоса, Жоғарғы Кеңестің XIIшақырымы 1990 жылдың 24 сәуірінде "Қазақ ССР-нің Президенті қызметін тағайындау және Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылдап, Қазақстанның алғашқы Президентін сайлады, Семей облысындағы ядролық полигонда сынақтарды тоқтату туралы қаулы қабылдады, Қазақстан Республикасының дербес азаматтығын белгілейтін "Азаматтық туралы" заң, нарықтық экономика талаптарына сай заңдылық жүйесін қалыптастырды, ақша айналымының құқықтық негіздері мен нысандарын белгілейтін "Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі туралы" заң шығарды. Қызмет еткен жылдар аралығында, яғни 1990 жылдың сәуірінен 1993 жылдың желтоқсанына дейінгі кезеңде Жоғарғы Кеңес 265 заң қабылдаған. Міне, осының бәрі де XIIшақырымдағы Жоғарғы Кеңестің орасан жұмыстар тындырғанын дәлелдейді.

XIIIшақырымдағы Жоғарғы Кеңеске сайлау 1994 жылдың наурызында жаңа сайлау заңы негізінде баламалық тұрғыда өтті. Бұл Жоғарғы Кеңес Қазақстан тарихында тұңғыш рет халықпен сайланған депуттардан құралған, тұрақты негізде қызмет еткен орган еді. Алайда, бұл Жоғарғы Кеңес те өзін-өзі таратқан XIIшақырымдағы Жоғарғы Кеңестің жүріп өткен ізінен шыға алмады. Кеңес заманында КПСС-тің тапсырмасы бойынша жұмыс істеген Парламенттің қызметіндегі кемшіліктер және кезеңдік жұмыстың кері нәтижелері бұл сайланған Жоғарғы Кеңестің іс-әрекетінде де өз көрінісін бермей қоймады. Сондай-ақ, депутаттардың алмасып отыруы тетігінің жоқтығы мен сол кездегі өтпелі кезеңнің күрделі жағдайына қарай көзқарастары алшақ депутаттық корпустық болуы және заң шығармашылық жұмысында біршама депутаттардың жеткілікті тәжірибесінің болмауы да XIIIшақырылымдағы Жоғарғы Кеңестің қызметіне әсер етпей қоймады. Ақыр аяғында, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты 1995 жылдың наурыз айында Орталық Сайлау Комиссиясының елдің заң шығару органына сайлауды ұйымдастыру жөніндегі кейбір шешімдерінің Конституцияға сәйкес келмейтіндігі туралы қаулы қабылдады. Нәтижесінде 07.03.1994 жылы және 22.01.1995 жылы сайланған Iдепутаттардың өкілеттіктері Конституцияға сәйкес емес деп танылып, Жоғарғы Кеңес таратылды.

XIIшақырымдағы Жоғарғы Кеңес секілді XIIIшақырымдағы Жоғарғы Кеңестің қызметінде де құптарлық ештеңе болмады, өздерінің конституциялық тағайымдарын орындамады деуге болмайды. Жоғарғы Кеңестің әрбір шақырылымы өздеріне берілген уақыт ішінде Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастыру мен дамытуда өз үлесін қосты. XIIIсайланған Жоғарғы Кеңес өзі жұмыс істеген уақыт аралығында (1 жыл ішінде) 8 заң қабылдады. Олардың бірі - ерекше маңызы, мән бар заң актісі Азаматтық Кодекс (жалпы бөлімі) еді. Сонымен қатар, атқару билігімен дұрыс, оң қатынас қалыптастырылды. Ал, бұлар ескерілмей, тиісті бағамын алмай қалатын жағдайлар емес.

1995 жылдың аяғында халық пен оның өкілдері заң шығару билігінің кәсіби органы - екі палаталы Парламентті құрды. Ол сондай-ақ жоғары өкілді орган. Парламенттің жаңаша құрылуының әдісі, оның кәсіби құрамы "өкілдікті" сипаттайтын белгі ғана емес, ол сондай-ақ халықтың еркін білдіретін Парламенттің қызметінің жемісті болуының қажетті шарты болып табылады. 1995 жылы және 1999 жылы құрылған Парламент бұрынғылардан тек екі палаталы құрылымы ғана бойынша емес, сондай-ақ партиялық құрамы бойынша да өзгеше. Егер Жоғарғы Кеңестер тек бір ғана -коммунистік партия мүшелерінен тұрса, кейінгі Парламенттер үшін көппартиялық сипат тән. 1995 жылы сайланған Парламентте алты саяси партиялардың өкілдері болды. Олар: Қазақстанның халық бірлігі партиясы (17 адам), демократиялық (12), коммунистік (2), социалистік партиялар (2), Қазақстанның халықтық кооперативтік партиясы (2) мен Халық Конгресі партиясы (1).

Партиялар тұрғылықты халықтың әр түрлі топтарының еркін білдіреді, әрбір партияның қоғам өмірінің тиісті салаларына қатысты өз көзқарастары мен пікірлері болады. Ал, шынайы Парламентаризм халықтың түрлі жіктерінің мүдделері, пікірлерінің сан алуан өрісі тоғысқан, еркін шығармашылық ахуалы үстемдік еткен жерде ғана туындайды. Оның үстіне сапалы заң шығару процесі үшін сындарлы саяси оппозицияның болғаны да пайдалы, өйткені ақиқат пікірталасынан туындайды ғой. Демек, заң шығарушы органда кәсіби, әлеуметтік көзқарастары мен саяси бағдары, кәсіптік даярлық деңгейі жағынан түрлі адамдардың болуы мемлекет алдында тұрған мәселелерді шешу барысында терең, жан-жақты, дәйекті ой-пікірлердің, негіздемелердің туындалуына себеп жасайды.

Парламентаризм мәселесін зерттеу 1995 жылғы Конституцияға сәйкес құрылған қос палаталы Парламенттің бірінші және екінші сайланымының да заң шығармашылығына қосқан үлесін ашып көрсетуді қажет етеді. 1996 жылдың 30 қаңтарынан 1999 жылдың 29 карашасына дейінгі кезеңде бірінші сайланған Парламент 500-дей заң қабылдады. Оның ішінде 17 конституциялық заң, 5 кодекс қабылдады (қылмыстық кодекс, қылмыстық істер жүргізу кодексі, азаматтық кодекс (ерекше бөлім), азаматтық істер жүргізу кодексі, қылмыстық атқару кодексі). Сондай-ақ, азаматтарға қатысты және экономикалық салаға байланысты біршама маңызды зандар қабылдады. Экономика саласына бағытталған "Валюталық реттеу туралы", "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Табиғи монополиялар туралы" т.б. зандар республикамызда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, экономиканы жандандыруға база жасады, зор ықпал етті деп айтуға болады. Ал, мұндай заң актілерінің қабылданып, бүгінде өмірде іске қосылуы бірінші сайланған Парламенттің заң шығармашылығының шынайы көрсеткіші болып табылады.

Екінші сайланған Парламент өз қызметін 1999 жылдың 1 желтоқсанынан бастады. Бұл Парламент негізгі заңымызға енгізілген өзгертулерге сәйкес Палаталарының өкілеттік мерзімі ұзартылған, жаңа сайлау ережелеріне сәйкес құрылған орган болды. Парламент депутаттарының құрамына төрт саяси партияның өкілдері енді. Парламент осы уақытқа дейін қабылдаған 300-ге тарта заңдардың ішінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы", "Мемлекеттік қызмет туралы" заңдар, Әкімшілік құқық бұзушылықтартуралы Кодекс т.б. маңызды актілер барын айта кеткен жөн болар. Бұл заңдардың кейбірінің қабылданылуы жеңіл, жылдам болса, келесі бірі - ұзақ уақытқа созылып, кідіріп барып қабылданды. Мұның дәлелі ретінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңды келтіруге болады. 1999 жылдың аяғынан қызмет ете бастаған Парламент жұмысының мұндай көрсеткіші - халықтың күткен біраз үмітінің ақтала басталғанының және қазіргі Парламенттің жемісті нәтижелерінің көрнекі дәлелі.

Шетел мемлекеттерінің Парламентаризмін зерттеуде олардың конституциялары Парламенттің өкілеттіктерінің көлемдерін белгілейтінін кездестіруге болады. Заң қабылдау жөніндегі өкілеттіктер Парламенттердің жалпы құзыреттерінің ең алғашқыларының, негізгілерінің бірі ретінде танылады. Біраз елдердің Парламенттері заң шығармашылығынан өзге қаржылық құзыреттерге де ие. Ал, келесі бір елдерде Парламент тіпті соттың құзыреттерін де атқаратыны белгілі. Мысалы, Англияда Парламенттің жоғарғы палатасы - жоғарғы сот инстанциясы ретінде ресми бекітілгені бәріне аян. Парламент құзыретінің мұндай әртүрлілігі мынадай пікір айтуға себеп болады: әр елде Парламент жағдай бола қалса, біздің ошақ қасы сарапшыларымыз мұны демократиялық нормалардың бұзылуына балар еді. Егер олардан Францияның жайын сұрай қалсаң, Еуропаның осынау мемлекетіндегі демократияның салтанаты туралы айтып тауыса алмас еді".ҚР Парламентінің заң шығармашылығы қызметінің аясына Конституцияның 61-бабының 3-бөлімінде аталған 11-тармақшаға жиналған қоғамдық қатынастар кіреді. Олар:

1)       жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелеріне мен жауапкершілігіне;

2)     меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;

3)       мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;

4)                 салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;

5)                 республикалық бюджетке;

6)                 сот қүрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;

7)                 білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;

8)                 кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;

9)                 қоршағанортаны қорғауға;

10)            республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;

11)            мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қатынастар.

Конституцияда бұл қатынастар "аса маңызды" деп, ал он бір тармақшаға кірмейтін өзге қатынастар заңға тәуелді актілермен реттеледі деп бекітілген. Заң шығару пәнін құрайтын нақты 11-тармаққа жиналған мәселеге байланысты қатынастарға "аса маңызды қоғамдық қатынастар" деген мәртебе беру, өзге қатынастарды маңы

Пред.678910След.
скачать работу

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ