Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

зы төмен қосалқы деп ұғынуға ықпал етеді. Белгілі ғалым профессор Ғ.С.Сапарғалиев осы орайда «ғылым және ғылыми-техникалық прогресс саласындағы қатынастар аса маңыздылардың қатарында көрсетілмеген. Олардың қоғам, мемлекет үшін төтенше маңызын дәлелдемесе де болады», - деп пікір білдіреді.[26.192] Бұл пікірмен келіспеуге болмайды. Өйткені, бүтінгі өмір аса маңызды қоғамдық қатынастар шеңбері Конституция белгілеген 11-тармаққа жинақталған мәселелердің шегімен шектелмейтінін көрсетіп отыр. Ғылымда тиісті кеңістікті кеңейту қажет деген пікірлер де кездеседі. Алайда, аса маңызды қоғамдық қатынастар кеңістігін кеңейту ең бір тиімді шешім деп айта алмаймыз. Өйткені, тиісті қатынастар шегін кеңейтсек, олардың тобына бірнеше қатынастар қосылар. Заң шығармашылықтың ауқымы кеңейе түсер. Бірақ мұндай жол тек бүгінгінің ғана қажеттігіне жауап берер. Ал, ертеңгі күні ше? Қоғам дамуына, жалпы даму заңдылығына сәйкес ертеңгі күні аса маңыздылар қатарына адамзат, мемлекет, қоғам үшін мәнді, маңызды өзге де қатынастар кіруі мүмкін емес пе? Сол кезде Конституцияның 61-бабының 3-тармағына қатысты, бүгінгі күнде туып отырған сұрақ-сауалдар, пікірлер тағы да қайталанып келуі әбден мүмкін. Сондықтан да, заң шығармашылығының аясына кіретін 11-тармаққа жинақталған қатынастарды сақтай отырып, 61-баптың үшінші тармағын мынадай редакцияда өзгерткен дұрыс болар: "ҚР Парламенті мынадай қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар шығаруға құқылы: (аталмыш 11 тармаққа жинақталған қатынастар тобы). Өзге қатынастар заңға тәуелді актілермен реттеледі." Яғни, ұсынып отырғанымыз "аса маңызды" сөзін алып тастау.

Ал, жалпы заң шығарудың пәнін бұрынғыдай шексіз қалдырмай нақты мәселелер шегімен шектеудің өзі белгілі бір қажеттіліктен туындап отыр. Заң шығару кеңістігін шектеуге қандайда бір қоғамдық қатынастарды заңмен емес заңға тәуелді актілермен реттеу мақсатты, тиімді болатыны ескеріліп жол беріліп отыр. Кейбір кездері Парламенттің ұзын сонар заң шығару сатыларына соқпай жедел түрде нормативтік актілер шығарып, белгілі бір қоғамдық қатынастарға әсер етуді қажет ететін жағдайлардың кездесіп отыратын сәттері де болады. 1996 жылдың 29 тамызында Конституция күніне арналған жиналыста жасаған баяндамасында Елбасы заң шығару кеңістігінің шектелу мәселесіне арнайы тоқталып өтті. "Парламенттің заң шығару құзыретінің аясы мен шегін нақты анықтау...заң шығарушы өкіметті нашарлатпайды, қайта оның неғұрлым мақсаткерлікпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды, заң шығару жұмысының пәрменділігі мен сапасын арттырады, оны қатаң конституциялық негізге қояды. Ал, бұл өз кезегінде, елдің конституциялық зандылық тәртібін нығайтады. Нақты белгіленген өкілет-құзыреттігі бар Парламенттің саяси жүйені тұрақсыздықган, біздің білетініміздей, Парламенттік республикалардың іргесін жиі-жиі шайқап отыратын тұрақсыздықтан құтқаруға қабілетті екендігін де есте ұстау қажет", -деп айтты. Н.Ә. Назарбаевтың бұдан біраз бұрынырақ, 1996 жылдың 30 қаңтарында Парламенттің бірінші мәжілісінде сөйлеген сөзінде де осы мәселеге тоқталғаны белгілі.[13.23] Нақтырақ айтсақ, ол: "бұл (яғни заң шығару қызметінің шегін белгілеу) дұрыс қадам, өйткені әрбір мемлекеттік орган тек өзіне ғана тән өкілеттіктерді жүзеге асыруға тиіс", - деген еді. ҚР Парламентінің жалпы өкілеттіктерін бес топқа бөлугеболады:

1.                                                                Конституцияның 53-бабында бекітілген бірлескен отырысында қаралатын өкілеттіктер;

2.                       Алдымен Мәжілісте кейін Сенатта қаралатын өкілеттіктер (54 бап);

3.                       Сенаттың айрықша өкілеттіктері (55 бап);

4.                       Мәжілістің айрықша өкілеттіктері (56 бап);

Басқа палатаның қатысуынсыз, дербес шешілетін өкілеттіктер (57 бап). Бұл өкілеттіктерді ашып қарау Парламент тек заң шығару қызметін жүзеге асырып қана қоймайтындығын көрсетеді. Парламент пен оның депутаттарының өкілеттіктері заң шығарушылық қызметпен ғана шектеліп отырған жоқ, алдағы уақытта да конституциялық даму процесінің талаптарына сәйкес оның белгілі бір саладағы рөлін арттыру үшін оның құзыреті әлі де өзгеруі, нақтылануы мүмкін.

Парламенттің негізгі - заң шығармашылығы өкілеттіктері палаталардың бірлескен отырысында және алдымен Мәжілісте кейін Сенатта қаралатын отырыстарда жүзеге асырылады. Жай зандарды қабылдау Мәжілісте және Сенатта кезектілікпен қарау арқылы жүргізілсе, конституциялық заңдарды қабылдау, оларға толықтырулар мен өзгерістер енгізу, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, заңға қатысты Президенттің қарсылықтарын қарау және дауыс беру палаталардың бірлескен отырысында жүргізіледі. Бірлескен отырыста бұдан өзге 11-тармақта анықталған өкілеттіктер атқарады.  Осы палаталардың бірлескен отырысында қаралатын мәселелер төңірегінде біраз пікірлер айтылып жүр. Бір көзқарастар мұндай мәселелерді, яғни Парламенттің екі палатасының бірлесіп қарап, шешетін мәселелерді алып тастау керек, екі палатаны бір мәселемен байлап қоюға болмайды, палаталарды біржола бөлу керек деген бағыт ұстанса, келесі бірі  -  бірлескен отырыста қаралатын мәселелердің бәрін емес, тек кейбіреулерін ғана бөлу керек дейді, ал үшінші біреулері -қазіргі заңи бекітілген амалды ең бір дұрыс жол ретінде бағалайды. Осы тұста айта кететіні - Палаталардың бірлескен отырыста қарайтын мәселелерді толық не ішінара ажырату туралы пікірлердің негізі -  Парламентті таратудың себебі болатын жағдайлар. 1995 жылғы Конституцияның 50-бабының 3-бөліміне енгізілген толықтырулар бойынша Мәжілістің он депутаты бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және  біртұтас жалпы ұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады. Яғни, пропорционалдық сайлау жүйесі арқылы Мәжіліске партия өкілдері кіреді. Осыған байланысты оппозицияның рөлі күшейе түседі. Ал, оппозиция,әрине,өзінің саяси әрекетін жасау арқылы Үкіметке, Президентке ыңғай келген жағдайда қыр көрсетуі мүмкін. Сондай-ақ, әртүрлі ерікті білдіретін партиялардың өкілдері арасында да Парламенттің ішінде келіспеушіліктер болуы мүмкін. 63-бапқа сәйкес Парламент палаталары жеке бөлек емес, бірге таратылады. Ал, Президенттің Парламентті тұтастай таратып жіберуі қолайсыз жағдай түғызуы мүмкін. Бір палатаның туғызған келеңсіздіктерінің көлеңкесі келесі палатаның өміріне түспеуі үшін тиісті пікірлер ұсынылып отыр. Екі палатаның бірдей таратылмауы үшін олардың бірлесіп қарап, шешетін мәселелерін толығымен алып тастап, палаталарды біржола бөлу керек деген пікірмен келісуге болмайды. Себебі, Парламент Сенат пен Мәжілістен тұратын заң шығару қызметін жүзеге асыратын, халықтың еркін білдіретін бір орган. Парламент әртүрлі органдары жеке емес, бірлесіп қызмет ететін, өмір сүретін біртұтас организм іспеттес. Ал, бір бағытта қызмет атқарып отырған, тынысы бір біртұтас организмнің органдарын бөліп тастау қалай мүмкін болмаса, Парламенттің де палаталарын мүлдем ажырату солай болмайды. Сенат пен Мәжіліс дербес жеке құрамдар емес, олар заң шығару қызметін жүзеге асыратын Парламенттің ішкі құрылымдары, палаталары. Сондықтан да, біртұтас орган ретінде олардың бірлесіп қарайтын, шешетін мәселелері әркезде де болуы керек. Ал, келесі - бірлескен отырыста қаралатын мәселелердің бәрін емес, тек кейбіреулерін ғана бөлу керек деген пікірмен келісуге болады. Жоғарыда аталғандай, Парламентте оппозицияның ролінің күшеюі Үкіметпен, тіпті Президентпен де қарым-қатынаста өз ықпалын тигізуі сөзсіз. Ал, Парламент пен Үкіметтің арасындағы дау-дамай көбінесе расында да Парламентті тұтастай таратылуы жағдайына қояды. Ал, мүндай жағдайды болдырмау үшін екі палатаның бірлесіп қарайтын мәселелерін толық емес, ішінара ажырату тиімді. Конституцияның 53-бабында палаталардың бірлескен отырысында шешілетін мәселелер тізбегі берілген. Олар - 13. Бұлардың барлығы Парламенттің таратылуына қауіп тудыра бермейді. Қауіп тудыратын жағдайлар: Парламенттің Үкіметке сенімсіздік біддіруі, Премьер-Министрді тағайындауға екі рет келісім бермеу, Парламенттің өзге билік тармақтарымен келісімге келмеуі және өз ішіндегі келіспеушіліктер. Олар Конституцияның 63-бабының 1-бөлімінде көрсетілген. Олай болса, Парламенттің толық таратылып кетуіне жол бермес үшін таратылуға қауіп төндіретін мәселелерді ғана бірлескен отырыстан алып тастау керек. Нақты айтсақ, 53 баптың 6, 7-тармақтары - Үкіметке сенімсіздік білдіретін жағдайлар, 5 тармақ - Президенттің Премьер-Министрді тағайындауына келісім беруі (тек Премьер-Министрге ғана қатысты бөлігін), 2-тармақ -республикалық бюджетті және Үкімет пен Есеп комитетінің есептерін бекіту, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу және 13-тармақта бекітілгендей өзге де өкілеттіктерге сәйкес Үкімет ұсынған заң жобасының Мәжілісте қабылданбауына байланысты Премьер-Министрдің бірлескен отырыста Үкіметке сенім білдіру мәселесін қоюы. Бұл мәселелер палаталарда бөлек қаралғаны дұрыс. Үкіметке сенімсіздік білдіру екі палатада жеке жүргізілуі керек. Сенімсіздікті екі палатаның екеуі де білдірсе бүкіл Парламент таратылады, ал сенімсіздікті біреуі ғана білдірсе таратылу мәселесі туғанда сол сенімсіздік білдірген палата таратылғаны жөн болмақ. Премьер-Министрге, республикалық бюджетке қатысты да осы жол дұрыс секілді. Ал, Үкімет енгізген заң жобасын Мәжілістің қабылдамауына байланысты Премьер-Министрдің Үкіметке сенім білдіру мәселесін қоюы тиісінше заң жоба

Пред.678910След.
скачать работу

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ