Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

сын мақұлдамаған Мәжілісте жүзеге асқаны жөн. Бұл жол дұрыс, әділ секілді. Егер де екі палатаның бірлесіп қарайтын мәселелері сақталатын болса, онда екеуінің біреуін ғана тарқату мүмкін емес.

ҚР Парламентінің заң шығару қызметін Конституция, "ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заң және өзге актілер реттейді ("Нормативтік күқықгық актілер туралы" заң, Парламент, Сенат және Мәжіліс регламенттері). Бұлардың ішінде Конституцияның орны бөлек. Ол заң шығармашылығына, ағымдағы заңдылықтардың дамуы мен қызмет етуіне зор әсер етеді. Заң шығармашылығына қатысты айтсақ, Конституция жоғарыда көрсеткеніміздей заң шығармашылығының пәні болып табылатын қатынастар шегін, заң шығармашылығының жолдарын, заң шығару тәртібін, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, Парламенттің заң шығармашылығына өзге органдардың қатысын анықтайды. Сонымен қатар, Конституция ағымдағы заңдылықтың қоғамдағы өзгермелі жағдайларды ескеруіне бағдар бере отырып оған әсер етеді. Яғни, бұл дегеніміз Конституцияның өзі белгілі бір объективтік және субъективтік қажеттіктермен қажеттеле отырып, тиісінше қажеттілік ұсынған талаптарға өз мазмұнында көрініс бере отырып, ағымдағы заңдылықтарға бағдарлық негіз болады. Демек, заң актілері өзгермелі жағдайдың кейбір ескі ережелерінен бас тарта отырып, Конституцияда бекітілген жаңа идеяларды өздерінің мазмүны мен дамуы үшін бағдар етіп алады. Конституцияның заң шығармашылығын қоса, жалпы ағымдағы зандылықтардың дамуы мен қызмет етуіне әсері туралы мәселеге белгілі ғалым, академик М.Т. Баймаханов кеңінен тоқталады. Осы орайда академиктің келесідей бірнеше пікіріне тоқталғанды жөн санап отырмыз: «Күрделі көп деңгейлі жүйеде аса маңызды рөл конституциялық реттеу нысандарына беріледі. Нақ солар бүкіл құқықтық жүйенің (тұтастай және әрбір буынын жеке) сипаты мен бағыттылығын анықтайды (тым болмасаанықтауға тиіс). Өз кезегінде соңғылар конституциялық реттеу нысандарымен жобаланған, айқындалған, белгіленгендерді нақты мазмұнмен толықтырады. Олар Конституциямен және конституциялық реттеумен анықталғанның шегінен шықпауы тиіс және олармен тікелей, сондай-ақ жанама түрде қайшылықта болмауы керек. Конституцияның ағымдағы заң актілеріне қатысты келесі қызметі оның заң актілерінің ары қарай дамуына мәнді әсер етуінде: бір жағдайларда Конституция заң актілерінің нормалары мен институттарының қай бағытта дамуы тиістілігіне тікелей немесе жанама бағдар берсе, ал келесі жағдайларда заңдардағы терең өзгерістер мен реформаларға бастамашылық етеді. Әдетте әрбір жаңа Конституция (әсіресе радикалдық) өзіне тән құрылтайшылық қасиеттердің күшіне байланысты біршама жаңа институттар енгізеді, ескілерін ауыстырады, олардың арақатынасына түзетулер енгізеді. Ағымдағы зандылықтардың ары қарай дамуы бірінші кезекте қолданымдағы Конституцияда мазмұндалған нұсқаулардан басталады».[25.15]

Жоғарыда айтқанымыздай,заң шығару процесін регламенттер де реттейді. Алайда, заң шығару тәжірибесініңрегламент нормаларына сәйкес келе бермейтіні және регламенттердің өздерінде де қайшылықтар, кемшіліктердің ішінара болса да кездесіп отыратыны белгілі. Тиісті тәжірибедеқалыптасқан кемшіліктерді жоюдың шынайы мүмкіндіктерінің бірі болып -аталған актілерді тиісті деңгейге көтеру және заң шығару практикасын регламенттік нормалармен нақты сәйкестікке келтіру табылады. Өйткені, белгіленген процедуралар - бұл нысан мен әдеттерді құрметтеу ғана емес, олар - заңның жетілген, қисынды тиянақталған және қалыптасқан қоғамдық қатынастарды өзгерту мен нығайтудың ықпалды құралы болуы үшін қажетті шарттар да.

Парламент қабырғасындағы үйлесімдік, бір ауыздылық-дамудың кепілі. Жаңа заң шығарушы органның аз ғана уақыт ішінде тек Үкімет, Президентпен ғана емес, сондай-ақ әртүрлі саяси құрылымдармен - саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, түрлі ұйымдармен үйлесімділік пен түсіністікте белсенді әрекеттер жасауға қабілетті екенін байқадық. Мысалы, "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Саяси партиялар туралы" заң жобасымен жұмыс істеу барысында тиісті саяси ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдерінің қатысқаны мәлім.

Парламент биліктің өзге тармақтарымен, қоғамдық ұйымдармен ұтымды жұмыс істеуге және ішкі бірлік пен палаталардың келісімді байланысын сақгауға шақырылған орган. Ол бәрінен бұрын атқару билігінің күшті және бақыланатын билік болуына көмектесуі керек. Себебі, нақ атқару билігінің өзі мемлекеттік биліктің үш тармағы жүйесінде негізгі жүзеге асырушы күш болып табылады, ал ол күшсіз әрекет ететін заңдар болмайды. Олай болса, заңдылық, реформа немесе қоғамның жаңаруы да болмайды.Көпұлтты халқымыздың игілікті болашағы үшін заңдылық алғышарттарын жасау да Парламенттің алдыңғы кезекті міндеті.

 

 

2 - тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

2.1. Парламенттің заң шығару үрдісінің шегі мен сатылары

 

Елдің серпінді даму кезеңіне шығу үшін біз пайда болған оңды нышандарды бекітіп, саяси, экономикалық және әлеуметтік ахуалды біржола тұрақтандыруға тиіспіз. Мұны Парламенттің негізгі саяси міндеті деп қараған жөн. Бұл оны қабылдайтын заң актілерінде дәйекті түрде жүзеге асырылуы керек.

Біздің мемлекетімізде шынайы демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негізгі шарты болып зандылық актілерін дайындау, қабылдау және әрекетке енгізудің тиімді тетіктерін терең теоретикалық әзірлеу мен тәжірибелік қолдану болып табылады. Заң және оны жасаумен байланысты қызмет әрқашанда қоғам дамуының барлық кезеңдерінде басты назарда болуы қажет.

Кез келген дамыған елдерде заңдар сол елдің құқықтық жүйесінің негізін құрайды. Сондықтан да зандарды дұрыс қолдану үшін, тәжірибелік қызметте олармен дұрыс басшылық жасау үшін олардың қалай әзірленіп, қабылданатынын, күшіне енуі мен өз күшін қалай жоятынын, заң шығармашылығы мен заңдарды жүзеге асырудың заңдық техникасы қандай екенін білу қажет және де көптеген нормативтік актілерден қажетті заңды қалай табу керек екенін, сондай-ақ оны дұрыс түсіну мен дұрыс қолдануды ұғыну қажет.

Заңдар күрделі қызмет нәтижесінде дүниеге келеді және әрекеттегі зандылыққа қосылады. Ол күрделі қызмет жалпы түрде заң шығармашылығы деп аталады. Заң шығармашылығы - бұл құқық құру процесін аяқтайтын, нәтижесінде заңдар заңи күшке ие болатын және әрекет етуге кірісетін құзыретті органдардың қызметі.

Заң шығармашылығы - бұл өте күрделі процесс. Ол заң актісінің сапалы және мұқият дайындалуы үшін, қажетті құжаттар жинау үшін, социологиялық және өзге де зерттеулер жүргізу үшін, қабылданатын заң актісінің болашақтағы тиімділігін жоспарлауды талдау үшін қажетті жағдайлардың жасалуын талап етеді. Заң шығармашылығы әртүрлі сала мамандарының ұжымдық шығармашылығының жемісі болып табылатын күрделі де көп еңбекті керек ететін процесс.

Ю.В. Мальцев заң шығармашылығына мынадай анықтама береді: "заң шығармашылығы - бұл алдымен танылғанды тұжырымдау жөніндегі, фактілік қоғамдық қатынастардың прогрессивті дамуын бір арнаға бағыттау жөніндегі қызмет".

Заң - заң шығармашылығы қызметінің нәтижесі, жемісі болып табылады. Заңдар қоғамдық қатынастардың тұрақтылығын кдмтамасыз ете отырып, қоғамның дұрыс дамуына, дұрыс қызмет етуіне жағдай жасайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына себеп болады. Яғни, қоғамдық дамудың, қатынастардың барлық жақтарына әсер етеді. Заң шығармашылығы тиісті мамандардың бір тобының ұжымдық іс-әрекетімен жүзеге асырылады. Заң шығармашылығы да қоғамдағы кез-келген құқықтық құбылыстар секілді белгілі бір қажеттіктің, мұқтаждықтың салдары. Заң шығармашылығына деген қажеттіліктерді көптеген факторлар туындайды. Өйткені, заң шығармашылығы саяси, экономикалық, құқықтық, идеологиялық және т.б. факторлардың әсерінде болатын шығармашылық қызмет. Заң шығармашылығының өзі құқықтық реттелуге деген қажеттіліктермен себептеле отырып, тиісті шығармашылық кезінде белгілі бір қажеттіліктерді туындайды. Ашып айтсақ, заң шығармашылығы кезінде мынадай қажеттіліктер туындайды: тиісті қоғамдық қатынастарды нормативтік-құқықтық реттеуге деген қажеттілікті білдіретін әртүрлі әлеуметтік факторларды зерттеу; құқықтық нормаларды қалыптастыру кезінде әлеуметтік және ұлттық құрылымдардың, тұтастай алғанда қоғамның түрлі мүдделерін анықтау және мұқият ескеру:

-                                   құқықтық нормаларды жасау процесінде ғылымның, техника мен мәдениеттің жетістіктерін пайдалану; жобаланудағы құқықтық норманы бұрынғы ұқсас ережелермен және өзге мемлекеттердің құқықтық жүйесімен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық өмірдің өзге де реттеушілерімен салыстырмалы талдау жасау;

-                                   жобаланудағы норманың тиісті құқық жүйесінің өзге де нормаларымен байланысын және өзара қатысын анықтау;

-                                   құқықтық нормаларды жасаудың ұйымдық нысандары мен процедураларын жетілдіру;

-                                   қоғамдық қатынастардың тиісті тобын құқықтық реттеудің ең жақсы қолайлы варианттарын анықтау үшін және осы қатынастарға құқықтық әсер етудің неғұрлым тиімді ны

Пред.678910След.
скачать работу

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ