Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ тілі мен әдебиеті



Шығарма тілін лингвистикалық талдаудың сипаты

Шығарма тілін лингвистикалық талдау әдеби туындының эстетикалық табиғатын, көркемдік қырын түсінуге құбылыстардың көптеген мәселелерін шешуге тигізеді. М. Жұмабаевтің шығармалары тіліндегі тілдік құралдар мен олардың семантика-стилистикалық жақтары бүтіндей лингвистикалық талдауға түскен жоқ. М. Жұмабаев прозасы мен өлендеріңдегі тілдік құралдар лексикалық деңгей элементтері мен одан жоғарғы тілдік қабаттардағы бірліктермен шектелмей, жүйелік құрылымдағы барлығы тілдік деңгей элемнттері мен дыбыстың көркем әдебиеттегі поэтикалық қызметімен де ұштастырылады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1085
Шығыс-Қазақстан: танымал есімдер - Ақын жазушылар

Менің аңдауымша, бір кезде орыс мәдениетінің өсіп- өркендеуіне Пушкин әсері қандай болса, бүгінгі Орта Азиялық көркем ойдың, іргелес халықтарымыздың күллі рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов әсері де дәл сондай болды. ( Шыңғыс Айтматов)
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 4093
Шыңғыс Айтматов

Тарихи танымы мен рухани дамуы есте жоқ ескі замандардан бермен қарай сабақтасып жататын қазақ-қырғыз ұлыстарының ұлағат биігінен орын алған ортақ мұралары туралы сөз болғанда, ойға оралатын құндылықтар шоғыры адамзат өрке­ниетінің өзекті бір бөлшегін құрайтынын байқаймыз. Санадан туындайтын салт пен дәстүр, таныммен сабақтасатын тылсым сырлы толғаулар жүйесі тоғысатын тұстарда да қазақ пен қырғыз жұртының рухани үндестігі менмұндалап тұрады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1108
Шәді ақынның діни тақырыптағы дастандары

Қазақ елініњ оқу мен өнерді үйренуініњ аса қажет екенін насихаттап, халық тарихына, ел-жұрттыњ тұрмыс жаѓдайына баса назар аударѓан , сонымен бірге арѓы - бергі хандарымыздың өмірбаянына үњіліп, бізге шама-шарқынша жеткізген зиялы ақындарымыздыњ бірі – Шәді Жәњгірұлы. Ақын 1855 жылы Оњтүстік Қазақстан облысыныњ Созақ жерінде д‰ниеге келген.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 276
Шәкәрім және Пушкин

Шәкәрім шығармалары туған халқына қайтып оралды, ақынның өмір бойы армандағаны да осы еді. Өзі айтқандай “Жаз шығып, жаманшылық жоғалғанда” өлең дастандары, қарасөздері баспа жүзіне түгел шығып, жылдар бойы аңсап күткен оқушысының қолына тиді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1341
Шәкәрім қажы мен голландық Альвин Бимбоэс

Жауыннан соң байтақ даладан жамырай бері жүгіретін сансыз жылғалар Есіл өзенін жаз бойы әлдерінше молықтырып жатады. Ақмоланың көшелерінен көте­рілетін шаңнан тұншыққан жұрттың еркін тыныстайтын жері де осы маң. Үнемі үс­тінен қызыл әскер киімін тастамайтын Альвин Бимбоэстің де Ақмола политотделіндегі күндізгі нұсқаушылық жұмысынан соң, хал-қадерінше дем алатын маңы осы өзен жағалауы.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 671
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858—1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ. Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді. Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)

Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы. Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбаевтың қолында тәрбиеленді. Бұл жағдай Шәкәрім Құдайбердиевтің дүниеге көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шыңдалуына зор әсер етті. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, Батыс, Шығыс әдебиетін зерек білді. Жеті жасынан бастап өлең жазып, өмірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Шәкәрім Құдайбердиевтің Ләйлі-Мәжнүн дастаны

Ш. Құдайбердиевтің «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны – нәзира үлгісінде жазылған төл шығармасы
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1500
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847-1920)

Шәңгерей – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасып, дамыған қазақ жазба әдебиеті өкілдерінің бірі. Ол Батыс Қазақстан облысының қазіргі Орда ауданында, Жасқұс құмында – хан ордасында дүниеге келген. Жәңгір ханның немересі. Ақын өзінің бір өлеңінде «Алпыс бөлме, жүз есік» көк орданың ішінде дүниеге келгенін айтады. Әкесі Сейіткерей Шәңгерей бес жасқа келгенде қайтыс болған. Бірақ жас Шәңгерей ауқатты ортада жетімдік көрмей өседі. Жасынан оқып, білім алады. Өнерге, өлең сөзге жас кезінен әуестенеді. Ордадағы медресені бітіріп, мұсылманша білім алғаннан кейін, Астраханьдағы реальды училищиге түседі. Одан кейін Орынбордағы Кадет корпусында екі жыл оқиды. Орыс тілін үйреніп, орыс әдебиеті, мәдениетімен танысады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған. Атасы өз заманының беделді адамдарының бірі болған, заман ағымын аңғарғыш, оқу — өнердің маңызын жақсы түсінген Балқожа би 5 жасар Ыбырайды Орынборда ашылмақ болған, болашақ орыс- қазақ мектебіне жаздырып қойды. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі — Ыбырай болған.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің «желкілдеп өскен көк шөптей» жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған. Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихындағы орны

Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 3232
Ыбырай Жақаев

Ыбырай Жақаев! Қазақ халқының бұрынғы, қазіргі мемлекетіміздің тарихындағы ірі, іргелі тұлғалардың бірі. Еңбек сүйгіштіктің, адамдықтың, адалдықтың, азаматтықтың өлшемі. Мен таңғаламын: Ыбекең күріштен дүниежүзілік рекорд жасады. Ал көршілес Ақтөбе облысынан Шығанақ Берсиев тары дақылынан сондай әлемдік ірі көрсеткішке қол жеткізді. Қазақтың осы екі қара шалының, еңбектің пайғамбарларының дүниежүзілік рекорд жасауы кездейсоқтық па, әлде заңдылық па? Елдің, жердің, судың қасиеті ме, әлде ата-бабаның аруағының құдіреті ме. Бәрінің де қатысы бар сияқты мұнда. Оның үстіне күріш, тары керемет дақылдар ғой. Күріштен жағымды, жұғымды, жеңіл, денсаулыққа пайдалы әлденеше тағамдар дайындауға болады. Шығыс халықтарының дендерінің сау болып, көптеп өсіп-өнуінің салиқалы себебі осы күріште деген де пайым бар.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Ырықсыз етісте жасалатын құрылымдар

Ағылшын тіліндегі пассивтік құрылым үлкен жүйелілікті көрсетеді. Жанама толықтауыш пассивтік құрылымның сақтаушысы бола алады. Ол септік жалғауларының жойылуының және бірнеше есімдіктер мен жалпы зат есім топтарының арасында формальді айырмашылықтың болмауының қорытындысы болып табылады. Мысалы: Mr. Winkle stooping forward with his body half doubled up, was being assisted over the ice by Mr. Weller. Бұл мысалда to assist баяндауышы жанама толықтауыш болып тұр. Уинкл мырза Уиллер мырзаның көмегімен жартылай еңкейіп, мұз үстімен жүріп өтті. Аудармада пассивтік құрылымның сақталуы үшін лексикалық трансформацияларға көз жүгірту керек: In fact, being with here tonight was really an adventure, and somehow quite a wonderful adventure. But being an English adventure it was liable to be rained upon and at this very moment down the rain came.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Ярослав Мудрый (980-1054)

Ярослав Мудрый (980-1054) Киевтің ұлы кінәзі Владимер 1 Святославичтің және кінязиня Рогнеданың баласы . Шветконунгі Олованың қызы Ингегердеге үйленген . Өмірінің бірінші жартысын Ярослав Киевтің тағына таласпен өткізді. Кәмелеттік жасқа келеген соң әкесі Ростов кнәзі қылды 1013 жылы үлкен ағасы Вышеслав қайтыс болған соң Ногород кнәзі болды.1014 жылы Ярослав Киевке салық төлеуден бас тартқаны үшін әкесінің қаһарына ілінді.Киев Новгородқа шабуыл жасауға дайындалды .Бірақ,1015 жылы 15 шілдеде әкесі Владимер Святославич аяқ асты қайтыс болды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Ғабдуллин Серік (1937 ж.)

Серік Ғабдуллаұлы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Шымқора ауылында 1937 жылы 17 тамызда туған. Ел қатарлы орта мектепті аяқтап, ауылшаркашылығында жұмыс жасап, отбасын құрғанннан кейін Алматы қаласындағы ҚазМУ-дің филология факультетіне түсіп, оны 1966 жылы бітіреді. Сол жылы облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетіне қызметке орналасты. Кіші әдеби қызметкерден бөлім меңгерушісіне дейінгі журналистік жолда кәсіби мамандығын ұштап, табиғи талантын таныта білді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Ғабиден Мұстафин (1902-1985)

Мұстафин, Ғабиден (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Туған жері қазіргі Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданындағы Жауыр тауының етегі. Дін мектебіне беріліп, мұсылманша сауат ашқан Ғабиденді заман ағымының аңысын аңғарған акесі он төрт жасында Спасск заводының табельшісі мауқымның Жүсібі деген кісіден бір жыл орысша оқытады. Осы бір жыл зерек баланың келесі жылы осындағы бес жылдық орыс қазақ мектебінің төртінші бөліміне түсуге мүкіндік береді. Бірақ төңкеріс тудырған аласапыран оған онда бір жылдан артық әрі оқуға мұрша бермей, ауылға қайтып келуге мәжбүр етеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Ғабит Мүсірепов (1902-1985)

Социалистік Еңбек Ері, Қазак КСР Ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, кемел суреткер Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, «Жаңажол» мекенінде дүниеге келген. Бала кезінде ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Қостанай уезі, Обаған болысындағы екі кластық орыс мектебін, Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищесін бітіреді. 1923 жылы Орынбордағы рабфакқа окуға түсіп, орыс және әлем әдебиетін, ұлттық әдебиет үлгілерін кұмарта оқиды. Сөз өнерін тандауына осы оқу орнында бірге оқыған Сәбит Мұқанов әсер етеді. XIX ғасырдағы орыс классиктері Гоголь, Чехов, Горький бағыты сол жылдары көкірегіне ұялап, жазу талабы ояна бастайды. Алғашқы ұзақ әңгімесі «Тулаған толқында» қабырға газетінде жарияланады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Ғабит Мүсірепов «Адамның анасы» (әңгіме)

( Горькийден) Менің сол жақ бүйірімнен қара бұлт қаптап, түтіндетіп келе жатыр. Бұлттың салмағы жерге батқандай, жер қайқандап қабағын шытқандай болады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Ғабит Мүсірепов «Айгүл қойшының күндері» (әңгіме)

КСРО Жоғарғы Советінің депутаты Айгүл түбекке қайтқан отарының соңында сылпылдап келе жатқалы бүгін үшінші тәулік. Қалай есептесең олай есепте, әр тәулікте жалқау жылжыған жиырма төрт сағат уақыт бар. Ол көңіл аударары кеп қала уақыты емес, көз тартары жоқ дала уақыты. Үнсіз өтіп жататын уақыт.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Ғабит Мүсірепов «Айжан қойшының түндері» (әңгіме)

Бүгін Айжан құм мұхитының ортасында жалғыз өзі қалып еді. Күн жылынса-ақ малшының арқасы кеңейе бастайды. Жыл бойы елден-жұрттан шет жүретін малшылар орталықтағы ойын-күлкі түгіл, көбінесе үйреншікті көлемде ақыл айтып, үйреншікті көлемде ұрсып жіберетін жиналыстарды да сағынады. Оның үстіне орталықта үйлері бар, бала-шаға, кәрі-кұртаңдары да бар емес пе?
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Ғабит Мүсірепов «Ана жыры» (әңгіме)

Жұмақта әйел жынысынан жалғыз жаралған Хауа қыздың ылғи іші пысып жүретін еді. Осынша кең, осынша бай, осынша көркем дүниенің осынша кең, осынша бай, осынша бос тұрғаны, осынша қызығы жоқтығы жаратылысы әйел, бірақ өзінің әйел екенін әлі білмейтін Хауа қыздың ішін пыстырады. Күні-түні тыншыға алмайды, көңілсіз-ақ.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Ғабит Мүсірепов «Ана кесімі айнымайды» (әңгіме)

(Горькийден) Қала көптен бері қоршауда тұрған. От төгіп, өлім еккен күшті жау қаланың шыбын жанын алқымына әкеліп қалған кезі еді. Қаланың іргесінде ғана жылтылдаған жау оттары қала халқының жүрегіне инедей қадалатын. От айналасында ербиіскен ұзын көлеңкелер жұрт көңілін қатты шошытатын. Қала ауыр күрсінуде, халық үнсіз күйінде еді. Жау шеңбері қысып келіп, арандай азулар қоң етіне найзадай кіріп бара жатқанын көріп отырған жұрт ауырсынды, бірақ қайыспады!
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» (әңгіме)

Әйтілес аппақ, ақ қарбас, соқыр қарт етектей сақалын балуан бармақтарымен саладай тарап отыр еді. Күмістен құйғаңдай тұп-тұтас ақ сақалы кеудесін жауып:
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Ғ.Мүсірепов (1902-1985). Шығармашылық өмірбаяны. Әңгімелері, тақырыбы, идеясы. Горькийден аудармалары. Жазушы шығармаларындағы Ана образы («Ананың анасы», «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Ер ана», «Ақлима», «Жапон әңгімелері»). «Қазақ солдаты романы». Қайрош образы. Романның көркемдік сипаты. «Оянған өлке» романы, тақырыбы, идеясы. «Ұлпан» романы, тақырыбы, идеясы. «Кездеспей кеткен бір бейне», ондағы Еркебұлан-Сәкен тағдыры. Пъесалары. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Ақан сері-Ақтоқты», «Амангелді», «Болашаққа аманат», ондағы Сырым Датов бейнесі. Шығармашылығының зерттелуі.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қабанбаев Марат (1948-2000 ж.ж.)

Марат Қабанбаев 1948 жылы 22 наурызда Зайсан ауданындағы Қараүңгір ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін құрылыста бір жылдай жұмыс істеп, содан соң аудандық газетке жұмысқа орналасқан. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін «Лениншіл жас» газетінде, «Жалын» баспасында, Қазақ ССР баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте қызмет істеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қабдеш Жұмаділов

Жазушы өмірінің елеулі кезеңдері • 1936-жыл, 24-көкек. Жазушы Қабдеш Жұмаділов Тарбағатай тауының күнгей бетіндегі Малдыбай бұлағының бойында дүниеге келді. • 1944-1947 жылдар. Өз әкесі салдырған Сібетідегі бастауыш мектепте оқыды. • 1949-жыл. Шәуешектегі жеті жылдық қазақ мектебіне оқуға түсті. • 1952-1956 жылдар. Шәуешек гимназиясында оқыды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қабылдау, сезіну және ойлау іс — әрекетін білдіретін кейбір етістіктер

Аударманың лексикалық трансформацияларын қарастыру барысында тағы бір басты назар аударатын жайт ағылшын тілінде қабылдау, сезіну және ойлау іс — әрекетін білдіретін танымал етістіктердің аударылу ерекшеліктері болып табылады. Жас аудармашылар ағылшын тіліндегі to see, to believe, to understand және to feel етістіктері бір мағыналы емес екендіктерін ұмытпау қажет, яғни оларды үнемі көру, сезу, сену, түсіну, деп аудара берген қате болады. To see, to believe, to feel етістіктері газетті – публицистикалық стильде түсіну, ойлау, қарастыру, санау (ойлау мағынасында) деп аударылса, to understand етістігі әдетте сomplex object (күрделі бастауыш) айналымдарында орыс тіліндегі клише – формуласына – мәлім болғандай деп аударылады. Мысалы: Ch.P. Snow is understood to be a great promoter and populariser of Soviet Literature in England – Мәлім болғандай, Чарльз Сноу кеңес әдебиетін Англияда танымал етіп жүр.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қадырғали би Жалайыри және Қасым хандығы

Қазақтардың өзімен өзі болып, өзін танып болудағы ерекше орын алатын тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселесі егемендігін алған Қазақстан Республикасы үшін мәдениет саласыдағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Тарихи жад қайталанбас мәдени дәстүрлер мен құндылықтарды сақтау және оны көбейту түрлі өркен ұрпақтарын біріктіретін байланыстырушы жіп болып саналады. Ол мәдени мұраның ең бір маңызды құрамдас бөлігінің бірі ретінде қажетті әлеуметтік функция атқарады, ұлтжандылық сезімін, идеялық-ізгіліктік және эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың, ғылымның, білім мен мәдениеттің даму мақсаттарына қызмет етеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1525
Пред.1112131415След.


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ