Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ тілі мен әдебиеті



Мұстафин Ғабиден (1902-1985)

Мұстафин Ғабиден (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Туған жері қазіргі Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданындағы Жауыр тауының етегі. Дін мектебіне беріліп, мұсылманша сауат ашқан Ғабиденді заман ағымының ағысын аңғарған әкесі он төрт жасында Спасск заводының табельшісі Мауқымның Жүсібі деген кісіден бір жыл орысша оқытады. Осы бір жыл зерек баланың келесі жылы осындағы бес жылдық орыс-қазақ мектебінің төртінші бөліміне түсуге мүкіндік береді. Бірақ төңкеріс тудырған аласапыран оған онда бір жылдан артық әрі оқуға мұрша бермей, ауылға қайтып келуге мәжбүр етеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Мұстафин, Ғабиден (1902-1985)

Мұстафин, Ғабиден (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Туған жері қазіргі Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданындағы Жауыр тауының етегі. Дін мектебіне беріліп, мұсылманша сауат ашқан Ғабиденді заман ағымының аңысын аңғарған акесі он төрт жасында Спасск заводының табельшісі мауқымның Жүсібі деген кісіден бір жыл орысша оқытады. Осы бір жыл зерек баланың келесі жылы осындағы бес жылдық орыс қазақ мектебінің төртінші бөліміне түсуге мүкіндік береді. Бірақ төңкеріс тудырған аласапыран оған онда бір жылдан артық әрі оқуға мұрша бермей, ауылға қайтып келуге мәжбүр етеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ

Қазақ ғылымымен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым, халкымыздыц тұңғыш тарихшысы Мухаммед Хайдар Дулати (Хайдар Дулат). Енді ғана есін жиып, тәуелзіздігін жариялағаннан кейін өткеніне үніле бастаған елдің тарихының өшкенін тауып, қайнар бастауын зерттеп-білу Хайдар Дулатисыз мүмкін емес. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіптен туркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеген европалық ғалымдардың қай-қайсысын алсак та, оған жүгінбей,еңбегіне соқпай кете алмайды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Мұхит Мерәліұлы (1841 — 1918)

Дарынды сазгер, әнші, ақын күйші Мұхит Мерәліұлының шығармалары Батыс Қазақстанның музыкалық дәстүрінде өзінің сәтті сазын тауып, ерекше орынға ие болды. Мұхиттың шығармашылық өнерін сөз еткенде, белгілі өнер зерттеушісі А. Затаевич “қазақ әндері саласында Мұхит халық музыка элементтерінен өзіндік мағынасы бар ән мектебін құрды”, — деп, дәл суреттеп жазған. Ал ол Мұхиттың өзін “қазақтың Баяны” деп атап өтті.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Мұхтар Бақтыгереев (1933)

1984-жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болған Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрының бір топ артистері арасыңда есімі кеңінен таныс Мұхтар Бақтыгереевтің өнердегі орны өзіндік деңгейге көтерілген айшықты да жетекші тұлға екендігіңде ешкімнің дауы болмаса керек. Кеудесі керік, ойы ұшқыр, шығармашылық қиялға бай, адуын да алымды өнерпаздың өмір жолы, өнер соқпағы өзінен кейінгілерге үлкен сабақ.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Мұхтар Мағауин

АЛДАСПАН Алтын жұмыртқа Қылыш шағында-ақ әдебиет көгінен жарқырап шалынған Мұхтар Мағауиннің жұлдызы бүгін де тым биіктен, тым дара көрінеді. Қырық жылдан кейін баспасөз бетін көрген бозым қаламнан туған “Бір уыс бидай» аталатын алақандай әңгімеден бастап, байсал тұста жазылған “Қыпшақ аруы» психологиялық әфсана хикаятына дейінгі аралықта қалың оқырманның рухани жауһарына айналған талай тамаша туындылар жазушының аты-жөнін Темірқазықтай әйгілегені күмәнсіз ақиқат. Еш күлбілтелемей, міңгірлемей мойындаған жөн. Ал қаламгердің кілең кереметтерінің ішінен сүзіп алар інжу-маржандардың көшбастаушысы ретінде ұдайы “Қобыз сарынын» ойланбастан ауызға алатыны бекер емес-ау. Оны жіті байыздап, тап басу үшін жанкешті жазушының жан-дүниесіне тереңірек бойлап, сыры сан қатпарлы, сан қабатты шығармашылық қазынасына қырағы жанармен үңілуің керек
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани-адамгершілік құндылықтар

Қазақ халқы аса күрделі проблемаға маңдай тіреді. Өз ұлтымыздың ішінен орыс және батыс мәдениетімен жете сусындаса да, ана тілінде «екі ауыз сөйлем құрай алмайтын, құраса да күнделікті тіршілік ауқымындағы жүрдім-бардым әңгімеден алыс ұзай қоймайтын және онысын кемшілік деп есептей бермейтін үлкен топ – «Космополит қазақтар» тобы пайда болды».
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 2846
МҰХТАР ӘУЕЗОВ (1897-1961)

М.Әуезов туындылары әлемдік әдебиеттің айдынына мөлдір бұлақ болып кұйылып, күллі адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды. Мұхтар Омарханұлы Әуезов казіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келді. Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен іргелес отырып, айналасындағы адамдармен достық көңілмен араласа білген. Әуездің өзі Абайдың өлеңдерін сүйіп оқыған, түрік, парсы әдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты, еліне қадірлі адам болған.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің тарихы

Мұхтар Әуезовтің ғалымдық жолы көпке белгілі. Ол жасынан-ақ жазушылық қызметпен бірге әдебиет туралы ой-пікірлерін жариялап, ескі жыр-өлеңдерді жинап, оларды зерттеу саласында да өнімді еңбек етті. Оның қаламынан қазақ халқының ауыз әдебиетіне арналған көптеген зерттеулер шықты. Ол ғылыми жұртышылық мойындаған фольклоршы болатын және өмірінің соңғы күндеріне шейін Ғылым Акедемиясының Әдебиет және өнер институтында ауыз әдебиеті бөлімін басқарды. Сонымен бірге Мұхтардың біздің ұлттық әдебиетіміздің тарихына, кеңес тұсындағы әдебиет дамуының өзекті мәселеріне арналған еңбектері де бірсыпыра.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 3436
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Лекция мақсаты: Мұхтар Әуезов шығармашылығының мәнін көрсету. Сұрақтар: 1. 1920 жылдар басындағы туындылары, ондағы қорғансыздар проблемасы. 2. Повестері. Пъесалары. 3. «Абай жолы» — тұңғыш роман-эпопея.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Мұхтар Әуезов әңгімелеріндегі тартыс

ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі рухани серпіліс қазақ сөз өнеріне аса дарынды үлкен шоғырды сыйлады. Алаш қозғалысы, оның тәуелсіздікке ұмылған қарқынды қадамдары, ұлт санасын оятудағы игілікті істері, жігерлі ұрандары – қазақ әдебиетінің даму бағытына да оң ықпал жасағаны баршамызға мәлім. Қоғамдағы алаштық идея – жаңа мазмұндағы сөз өнерін қалыптады десек, соны сипаттағы әдебиеттің аса дарынды өкілі ретінде Мұхтар Әуезовті атайтынымыз кәміл.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 2498
Мұхтар Әуезовтың Абай жолы романының әдеби көркемдігі

Алаш қайраткерлері ішінде коммунистік террордан тірі қалған жалғыз қазақ Мұхтар Әуезов еді. Ол ұлы толқынның рухани аманатын көркем әдебиетте толық қалдырған бірден-бір қаламгер. Бұл идея ең алдымен оның басты шығармасы “Абай жолы” романында жүзеге асты.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 4998
Мұхтар Әуезовтың Хан Кене трагедиясындағы Алашшылдық идеяның көріністері

Қазіргі кезде М.Әуезовтің бүкіл шығармашылық жолының өн бойында алашшыл көзқарастың созылып жатқаны жиі сөз болып жүр. Қаламгердің «Қараш-қараш оқиғасы», «Хан Кене», «Қилы заман» шығармаларынан ортақ ой-пікір жалғастығын, көзқарас сабақтастығын көреміз.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 2145
Мұқан Әбуғалиев (1927-2002 жж.) — журналист

Мұқан Әбуғалиев 1927 жылы 27 наурызда Семей қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Балалар үйін­де өскен балаң жігіт 16 жасында Шығыс Қазақстан облыстық “Ал­тай большевигі” газетіне курьер болып қызметке кіріседі. Курьер бола жүріп қолына қалам алып, газетке мақалалар жаза бастайды. Аз уақытта корректор, әдеби қызметкер, бөлім басты­ғына дейін көтеріледі. Мұқан Әбуғалиев облыстық “Коммунизм туы” газетінде 12 жыл жауапты хатшы, 5 жыл редактордың орынбасары, 15 жыл бойы редактор қызметін атқарыпты.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900-1973)

Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер. Әке-шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына жалданып, қой бағумен өткізген Сәбит өзінің талаптануымен хат танығанымен, мұғалім алдын көріп, жүйелі білім ала алмайды. Тек он сегізге толғанда, Омск қаласына барып, мұғалімдер курсында оқуға мүмкіндік туады. Оны бітіргеннен кейін ауылға барып, біраз мұғалім болады. Осында ауылды кеңестендіру жұмысына белсене араласып, таптық күрестің Көкшетау облысындағы оперативтік өкілі және партияның Ақмола губкомының нұсқаушысы қызметін атқарады. Бұдан кейін 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа түсіп, оны бітіріп шыққаннан соң, баспасөз орындарында жұмыс істейді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Мұқанов, Сәбит Мұқанұлы

ТАРЛАН ТАЛАНТ ТАҒДЫРЫ Мұқанов, Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер. Әке шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына жалданып, қой бағумен өткізген Сәбит өзінің талаптануымен хат танығанымен, мұғалім алдын көріп, жүйелі білім ала алмайды. Тек он сегізге толғанда, Омск қаласына барып, мұғалімдер курсында оқуға мүмкіндік туады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы

СЕЗІМ САЯСЫМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ТЕҢІЗДІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ТАМШЫДАЙ
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 8222
МӘДЕНИ МҰРА ҚҰНДЫЛЫҒЫ: МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ ЖӘНЕ ҰЛТ РУХАНИЯТЫ

Бүгін тәуелсіз Қазақстан Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын іс жүзіне асыру арқылы ұлт тарихын түгендеп жатқаны белгілі. Осы ретте біз тарихи тұлғаларымыз бен олардың атқарған істерін бүгінгі елдік мұраттар қажетіне жарата алсақ, маңызды болмақ. Алаш тұсындағы қоғамдық-саяси iсте Әлихан мен Ахмет сапынан табылған, осы екi тұлғаның әлеуметтiк-рухани қызметiне тыныс болған азаматтың бiрi – Мiржақып Дулатұлы. Ұлттық манифеске баланған “Оян, қазақ!” пен тұңғыш қазақ романының авторы жаңа руханият ғимаратын тұрғызу шарасының жуан ортасында жүрдi. Әдеби бiлiмдi өз бетiнше алған Мiржақып: “Адам ғылым мен өнер үшiн жаратылған емес, ғылым мен өнер – адам үшiн шыққан, адамның өзi тiршiлiгiне керек болған кезде ойлап тапқан нәрселер. Тiршiлiк – бәсеке, жарыс. Дүние – бәйге үлестiрушi. Озғанға қарай бәйге бередi. Дүниенiң iсi осылай болған соң, адамнан адам, жұрттан жұрт, ұлттан ұлт озсам дейдi”,-деген көзқарасты ұстанып, елге қызмет жасауға жұмылған жаңа руханияттың деңгейiн көтеруге атсалысты.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ МАМАНДЫҚ ДАЯРЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Қоғамдық дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанда ұлттық құндылыққа мән берудің маңызы зор. Осы үрдісті қолдау негізінде «Мәдени мұра» бағдарламасының берері мол. Шынайы сыр шерткен ұлттық мазмұны жоғары асыл құнды мұраларымызды болашақ ұрпаққа жеткізу жаңа кадрларымыздың қолында. «Мәдени мұра» бағдарламасы рухани мәдени өміріміздегі жетістіктерді іске асыруда айрықша үлес қосып отыр. Мәдени мұра бағдарламасы өнер мамандарының шығармашылық тәжірибесін дамытуға шынайы белсенділік танытып келеді. Мәдениетіміз ұлттық шеңбермен шектелмей әлемдік мәдениет кеңістігінде өмір сүруі тиіс. Мәдени даму үдесінің екі жағдайына басты назар аударуымыз қажет. Алдымен тұрақты дамуына мүмкіндік жасау, екіншіден жаңалыққа ұмтылуға іс-қимыл көрсету. Халықтың рухани мәдени байлықтарын қалпына келтіре отырып ұлттық байлыққа ұмтылдыруға ізгілікті еңбек етуіміз керек.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Мәтіннің мағыналық және тілдік құрамына бүтіндей жол табу коммуникативті жағдайлардың экстра-лингвистикалық факторлардың тізімі

Аударманың жалпы теориясы аударманың сапасының бағасы ретінде пайда болатын аударма нормалары түсінігін береді. Аударма лингвистикасы қатарында теориялық және нормативті бөлімдері бар. Аудармашы алдымен өз іс-әрекеттерінің мақсатын айқындап осы мақсатқа жету жолдарын іздеу керек. Бұл үшін аудармашы аударманың негізі теориямен, соныңішінде аудармашы өзі жұмыс жасап отырған саланы жетік білуі тиіс. Сондықтан нақты мәтін шарттарына сәйкес келетін аударманың қолайлы тәсілін қолдану және аударма процесінің нәтижесінде әсер ететін прагматикалық факторлардың тізімін табу да аудармашының маңызды жұмыстарының бірі. Аударма сапасы аударманың түпнұсқаға мағыналық жақындығы деңгейімен беріледі. Сондықтан түпнұсқа мәтіндері мен аударманың жанрлық-стилистикалық тәуелділікпен және аударма нұсқасын таңдауына әсер ететін прагматикалық факторларымен беріледі. Бұл аспектілер аудармашының стратегиясын анықтайды. Аударма нормасы бес түрлі нормативті талаптар нәтижесінде қалыптасады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Мәшһүр Жүсіп

Атақты ақын, ғұлама оқымысты Мәшһүр Жүсіптің көп қырлы талант екені елге мәлім. Қаршадайынан оқыған, оқып қана қоймай, көңіліне мол дүние тоқыған білімдар. Ақынның 1907 жылы үш бірдей кітабы – “Көп жасағаннан көрген бір тамашамыз”, “Хал-ахуал”, “Сарыарқаның кімдікі екендігі” атты жыр жинағы жарық көрсе, “Миғраж”, “Хаятбақшы”, “Қорқыт”, “Гүлшат-Шеризат” деп аталатын қисса-дастандарын, публицистикалық этнографиялық еңбектерін, халық ауыз әдебиетін жинаудағы қыруар жұмысын атасақ та жеткілікті.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Неологизмдердің аудармасы

Неологизмдер дегеніміз – тілде қоғамның және түсініктердің дамуына байланысты пайда болған жана сөздер жиынтығы. Осы неологизмдердіаудару технологиясы аударма тәжірибесінде өте маңызды мәселе болып табылады. Кейде белгілі бір сөздерді неологизмдер қатарына жатқызу уақыт талабына, қоғамның, ғылымның, техниканың және де әрине тілдің дамуына байланысты болады. Мысалы 100 жыл бұрын неологизмдер деп саналған самолет – ұшақ, летчик – ұшқыш сөздері және 50 жыл бұрын неологизм атанған телеведение – теледидар сөзі қазіргі таңда неологизмдер емес.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
НОМИНАТИВТІ ЖӘНЕ ЕТІСТІКТІ СӨЙЛЕМДЕР

Біз ілгергі тарауда жай сөйлемдердің логикалық-грамматикалық типтерін түгел атап шықтық. Осы топтарды өзге грамматикалық белгімен тағы бір даралау мүмкіншілігі бар. Сөйлемдер бастауышының зат есім немесе етістік (есімше) болуына қарай бірінен-бірі әрі грамматикалық сипаты жағынан, әрі функциясы жағынан ерекшеленеді: Қара көрінді — Көрінген қара. Жай сөйлемдерді осы белгісіне қарай топтап, даралауға негіз болатын олардың функция жағынан әрі қарама-қарсы келуі, әрі ұштас, сабақтас болуы. Мен кітап оқыдым — Кітап оқыған — мен. Меніқ оқығаным — кітап.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Нығмет Сауранбаев

Академик Нығмет Сауранбаев – қазақ тілі білімінің барлық салаларында қалам тартып, оның негізгі теориялық бағыт-бағдарын анықтап, іргетасын қалыптастыруға үлес қосқан санаулы ғалымның бірі. Бүгінгі таңда ғалымның есімі тарих қойнауында. Ал Н.Сауранбаевтың зерттеулері қазақ тілінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселелерін шешуге әлі де ғылыми-теориялық құндылығын жоймаған, жолбасшы ретінде пайдаланылып келеді. Бұл – ғалымның теориялық білімінің тереңдігінің, өміршілдігінің, өрістілігінің куәсі.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 2675
Нығмет Сауранбаев

Академик Нығмет Сауранбаев – қазақ тілі білімінің барлық салаларында қалам тартып, оның негізгі теориялық бағыт-бағдарын анықтап, іргетасын қалыптастыруға үлес қосқан санаулы ғалымның бірі. Бүгінгі таңда ғалымның есімі тарих қойнауында. Ал Н.Сауранбаевтың зерттеулері қазақ тілінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселелерін шешуге әлі де ғылыми-теориялық құндылығын жоймаған, жолбасшы ретінде пайдаланылып келеді. Бұл – ғалымның теориялық білімінің тереңдігінің, өміршілдігінің, өрістілігінің куәсі.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Нұрғиса Тілендиев (1925-1998)

Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы (1.4.1925, Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылы – 15.10.1998, Алматы, Алматы облысы Жамбыл ауданында жерленген) – композитор, дирижер, домбырашы. Қазақстанның (1975) және КСРО (1984) халық артисі, Қазақстанның Халық Қаһарманы (1998). Екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан. 1949-50 жылдарында Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы), 1950-52 жылдары Мәскеу консерваториясын (профессор Н.П.Аносовтың класы бойынша) оқыды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Нәзір Төреқұлов

Қазақ елінің, қазақ жұртының тағдыры сынға түскен тарихи кезеңдерде, алмағайып замандарда әсіресе қазақ оқығандары, ұлт зиялылары жанқиярлық еңбек көрсетті. Ұлт болашағын ойлап қам жеген, халқы үшін от пен суға түскен, азап шеккен, керек болса осы мақсатта басын бәйгеге тігіп, жан қиған да осы Алаш арыстары болды. Әсіресе, ұлттық тәуелсіздік үшін күресте олардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе біріктіріп, ел санасын оятудағы қыруар еңбегін ешуақытта ұмытуға болмайды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Олжас Сүлейменов

Олжас Сүлейменов 1936 жылы Алматы қаласында әскери қызметкердің отбасында дүниеге келген. Алдымен әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетін, сонан соң Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. Орыс тілінде жазады. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Арғымақтар» 1961 жылы жарық көреді. Осы жылы шыққан «Адамға табын, жер, енді» поэмасы О. Сүлейменов есімін әлемге паш етті. «Нұрлы түндер» (1962), «Шапағатты шақ» (1964), «Мешін жылы» (1967), «Қыш кітап» (1969), т.б. өлеңдер жинақтары жарық көрді. Оның таңдамалы шығармалары қазақ тіліне аударыльш, «Атамекен» деген атпен басылып шықты (1986).
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Он төрт жыл Ата Заңымызбен бірге

«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшілік азаматтық қоғам деп ұғына отыра отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз». (“ҚР Конституциясынан”)
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Ортағасырлық Түркі ғалымдары мен жазушылары

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТҮРКІ ҒАЛЫМДАРЫ МЕН ЖАЗУШЫЛАРЫ
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1390
Пред.678910След.


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ