Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ тілі мен әдебиеті



Қадырғали Жалайыр

Жалайыр тайпасынан шыққан ортағасырлық ғұламалардың тағы біреуі әрі бірегейі — Қадырғали Жалайыри. Қадырғали Жалайыри Бабыр кайтыс болған 1530 жылы Оңтүстік Қазақстанда, Отырар-Түркістан маңында дүниеге келген. Ата-бабалары Қарахан заманынан бері үздіксіз хан нояндары, уәзірлері, қолбасылары болып қызмет атқарған. Қадырғали ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жетік игеріп, Шығыстың классикалық озық әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын терең білген «Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөзге қанық көптеген кітаптар оқыған адаммын», — деп жазды ол «Жылнамалар жинағында».
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қажығұмар Шабданұлы

ШАБДАНҰЛЫ, ҚАЖЫҒҰМАР Жазушы, ақын, драматург. Қытай қазақтары жазба әдебиетінің негізін қалаған тұлғалардың бірі болып саналады. Жазушылық таланты, адами адалдығы және өз көзқарастарына қатаң беріктігі үшін әсіресе Қытай қазақтары арасында зор беделге ие.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қазіргі қазақ жарнамаларының тілдік ерекшеліктері

Ана тілі – ұлттықтың, елдіктің қамалы. Тіл – халықтың ажары, базары, бағы. Ұзын ғасырларға тамыры бойлаған ұлттық мәдениетіміздің шырыны да, салт пен санамыздың сәні де, дәстүрімізбен ұлттық табиғатымыздың мәйегі де – тіл.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1308
Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы (қазақ баспасөз материалдары негізінде)

Контраст принципі тақырыпатта ғана емес, логоэпистемалар қолданысы арқылы газет мәтіндерінің өзінде де сақталады. Олар (логоэпистемалар, клишелер, мәтіндік реминисценциялар) оқырман назарын аудартып, зейінін ұстап тұру үшін қолданылады, яғни адресатпен байланыс орнату қызметін атқарады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1384
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДРАМАТУРГИЯ

Қазіргі қазақ драматургиясы – қазақтың XX ғасырдағы классикалық әдебиеті дамуының заңды жалғасы. Драматургия – көркем әдеби тек (драма, трагедия, комедия) жанрларының өнернамалық жүйесі. Қазақ сөз өнеріндегі дәстүрлі негізі әдебиет шығармалары мен фольклор мұраларында (би-шешендер сайыстары, ақындар айтыстары, жар-жар, беташар, алтыбақан, т.б.) негізі қаланған ұлттық сөз өнерінің бұл саласы қазақтың рухани мәдениетінің әлем өркениетіндегі көрнекті орнын да танытты. Драматургия шығармалары қаламгерлердің тарихи кезеңдердегі халық тағдырын көркем шындық поэтикасы зандылықтары аясында бейнелеуімен ерекшеленеді. Драматургия туындылары (пьесалар, спектакльдер, либреттолар) арқылы әдеби тек саласы драма жанрларының (драма, трагедия, комедия) теориялық ерекшеліктері саралана айқындалады. Драматургия ұғымының аясында театр сахналарындағы туындылар мен деректі, ғылыми-фантастикалық, көркем фильмдердің де қойылымдық-режиссуралық көркемдік шешім ерекшеліктері айқындалады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қазанғапұлы Тәттімбет

Қазанғапұлы Тәттімбет (1815-1860) — қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына карасты Дастар тауының етегі, Мыржық ауылы, Қызылжал қыстауы. Бұл жерді Мөшеке бұлағы деп те атайды. Мөшеке Тәттімбеттің үлкен әкесі. Тәттімбет небәрі 45 жас ғұмыр кешіп, дүние салған соң, Қарқаралы жеріндегі Түндік өзенінің бойына, Бабалы мен Арқалық тауларының ортасындағы алқапқа жерленген. Бұл — Тәттімбеттің әкесі Қазанғапқа арналып салынған зират. Ішінде үш қабыр-бесікше бар. Бірінде — Қазанғаптың өзі. Екіншісінде — Қазанғаптың бәйбішесі, Тәттімбеттің анасы Қалайы. Үшіншісінде — Тәттімбет жатыр.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қазақ газетінде көтерілген мәселелер

«Қазақ» – қоғамдық –саяси және әдеби газет 1913 жылы 2 ақпаннан бастап Орынборда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған. Тиражы –3000, кейбір мағлұматтарда 8000-ға жеткен. Бірінші редакторы белгілі ғалым, жазушы, қоғам қаураткері Ахмет Байтұрсынов, екінші редакторы қоғам қайраткері, жазушы Міржақып Дулатов бастырушы «Азамат» серіктігі. Кәрімов баспаханасында басылып тұрған. Газеттің 1918 жылғы сандарының редакторы Жанұзақ Жәнібеков.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1099
Қазақ лексикографиясы. біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері

Біртілді оқу сөздігіндегі лексикографиялық құрастырма негіздері туралы ілім. Лексикографиялық құрастырма негіздері туралы Р.Түсіпқалиева былайша жазады: «Үлкенді-кішілі сөздіктерді жасауда атқарылатын қызметтің, істелетін істің біртекті болмайтындығына әліге дейін жеткілікті назар аударылмай келеді. Мысалы, сөздікті түзудегі атқарылатын қызметтің бірі - таза филологиялық қызмет. Мұнда әртүрлі атаулық бірліктерге анықтама беріліп, талдау жасалады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 2039
Қазақ мақал-мәтелдерінің гендерлік сипаты

Қазақ халқы рухани дүниеге, қазынаға бай халық. Оның қай түрін алсақ та, тәлім-тәрбиесі мол, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өcиеті ерекше. Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал-мәтелдері.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1130
Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздерi

Қазақ сөз мәдениеті туралы түсінік, ұғым, пайымдаулар ғылыми пән ретінде өмірге кездейсоқ келмегені белгілі. Тілдің қасиеті, сөз құдіреті жөніндегі өмірден түйген түйінді ойларын (тіл туралы мақал-мәтел, фразеологиялық сөз орамдарын т.б.) халықтың метатілдік рефлексиясы деуге болады. Әсіресе сөз мәдениетіне қатысты мақал-мәтелдердің мазмұнындағы терең пайымдаулар тілдің қоғамдық-әлеуметтік тіршілігімен байланысты екенін айқын аңғартады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 2943
Қазақ тілі дыбыстық жүйесінің А.Байтұрсыновқа дейінгі зерттелуі

Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады. Демек, нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1236
Қазақ тілі жайында бірер сөз немесе Қазақ тілі туралы ой толғау

Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры да. Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие. Бұл ретте Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға және республикада қолданылатын өзге де тілдер үшін жағдай жасауға бағытталған.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қазақ тілі морфологиясы жөніндегі ілімдердің қалыптасуы мен дамуы

Зерттеу жұмысының бірінші тарауы «Ы.Е.Маманов зерттеулерінің грамматикалық негізі» деп алынып, бұған қатысты негізгі мәселелер бес тармақта қарастырылды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1950
Қазақ тілі фонетикасы

1. Қазіргі қазақ тілінің зерттеу нысаны мен міндеттерін ашу. 2. Қазақ тілінің жалпы халықтық әдеби тіл екендігі.Қазақ тілінің тарихи даму жолы.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 3236
Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі принциптері

Қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөз таптастырудың үш принципі бар: 1. семантикалық, 2. морфологиялық, 3. синтаксистік.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 4207
Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің функционалды-семантикалық категориясы

Қазақ тілінде нақтылы-жақты сөйлемдер 1 және 2-жақ тұлғасындағы есімдіктер арқылы көрініс табады. Мен, сен, біз, сіз есімдіктері бастауыш қызметінде жұмсалған сөйлемдер әрдайым белгілілік мәнінде жұмсалады, себебі аталған есімдіктер сөйлеу актіне қатысушыларды білдіріп, ең анық, нақты, белгілі болып табылады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1844
Қазақ тіліндегі буын үндестігі

1. Сингармонизмге жалпы түсінік 2. Буын үндестігі 3. Дауыстылардың үндесуі 4. А. Байтұрсынов және Х.Досмұхамедов қазақ тіліндегі сингармонизм заңдылығын алғаш зерттеушілер
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1086
Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты тұрақты сөз тіркестерінің этномәдени уәждемесі

Диссертацияның кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеу нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері айқындалып, жұмыстың ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңызы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар зерттеу барысында қолданылған әдістер, пайдаланылған тілдік дереккөздер, жұмыстың жариялануы туралы мәлімет беріледі.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 3269
Қазақ тіліндегі коммуникативтік фразеологизмдердің мәнмәтіндік негізі

Тіл-тілдегі сөйлем құрылымды фразеологизмдер мақал-мәтел және мақал-мәтел емес коммуникативтік фразеологизмдер болып екі үлкен жүйеге топтасады. Мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдер өзінің дербестігі жағынан мәнмәтінде жеке хабар беруші сөйлем түрінде қолданылады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1240
Қазақ тіліндегі төрт түлік малға байланысты қолданылатын тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаты

Қазақ тіл білімі ғылымында тұрақты тіркестерді тақырыптық топтарға бөліп, оларды әр түрлі бағытта қарастыру кең үрдіс алып келеді. Кез-келген тілдік құбылыстың, соның ішінде тұрақты тіркестердің табиғатын оның тілдік заңдылықтарына ғана сүйеніп емес, сонымен қатар халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына байланысты да қарастырған дұрыс секілді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 2298
Қазақ терминографиясының тарихындағы Алаш кезеңі

Терминологиялық сөздіктер тарихын сөз етер болсақ, оны «алаш» зиялыларының қайраткерлік қызметімен байланыстырмай өту мүмкін емес. Мысалы, қазақ терминографиясындағы алғашқы сөздіктердің қатарына жатқызылып жүрген сөздіктерге алаштықтар шығарған, 1927 жылы жарық көрген Н. Қаратышқановтың «Пән сөздері» мен 1931 жылы Қызылорда қаласынан басылып шыққан «Атаулар сөздігі» жатады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1464
Қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты

Халықтық географиялық терминдерді фоносемантикалық тұрғыдан қалыптастырудағы глоттогенез мәселесінің рөлі. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы сөз қорының белгілі бір бөлігін географиялық терминдер құраған. Алғашқы жер - су атаулары тілдің шығу дәуірінде адамзаттың қауымдастық тіршілігі үшін бірінші кезекте үлкен маңызға ие болған. Сол себепті халықтық географиялық терминдерді глоттогенез мәселесімен байланысты қарастыруға болады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1437
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ӘДЕБИЕТТІҢ ӨЗІНДІК СИПАТЫ

ХV-ХVІІІ ғғ. қазақ әдебиеті Алтын Орданың ыдырап, қазақ хандығының өмір сүрген дәуірін қамтиды. Қазақ хандығының өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардан ерекшелігі — оның анағұрлым кең және берік этникалық негізі болды да, оған қазақ халқын құраған этникалық топтардың бәрі дерлік қосылды. Сөйтіп, қазақ халқы тілі, территориясы жағынан тұтастанып қалыптасты. Сондықтан ғалымдар қазақтың таза өз тіліндегі төл әдебиеті ХV ғ. басталады деп есептейді. Бұған себепкер болған жай — 1456 ж. Шу бойында қазақ хандығының құрылуы, осының нәтижесінде қазақ халқының тарих сахнасына шығуы.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қазақ әдебиеті - тұлғаның рухани дамуының бастауы

Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы - ұлттық мәдениетінің маңызды белгісі болып табылады. Осы арқылы ол ұлттың ұлттық тәрбиесінің ерекшеліктерін білеміз. Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырып, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 2165
Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі, көне Түркі ескерткіштері

"Ежелгі дәуір әдебиет" (VII-XIV ғғ.) деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің, ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың алғашқылары деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін (VII ғ.), "Қорқыт" (VIII ғ.) және "Оғыз-наманы" (IX ғ.) атаймыз.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 4472
Қазақ әдебиетіндегі айтыс өнерінің өзіндік өрнегі

Қазақ әдебиетінің қайталанбас хас ерекшеліктері аз емес.Осы орайда ауыз әдебиеті үлгілерінің кемел жазба әдебиетке ойысу, ұласу үрдісін тану, табу, ғылыми негізден айқындап көрсету - әлемдік әдебиеттануда тек қазақ әдебиетінің теориялық тарихының ғана еншісі болып көрінеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 2846
Қазақ әдебиетіндегі даналық үрдіс

Даналық – адамды басыбүтін және үнемі баурайтын соңғы лебіз, соңғы дау. Даналық өне бойы өткенге көз тастап, тарихқа үңілумен болады, адамның, қоғамның, халықтың қазіргі күйіне өткен шақ және болашаққа қарап, салыстырады, сынайды. Белгілі ғалым Кант айтқан, адамға керек, адамға адам болудың, адам болып өмір сүрудің, қандай қиын жағдайда да адам болып қалудың жолдарын көрсететін философия бөлек, ол- даналық философиясы.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1021
Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры

Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 2061
Қазақ әдебиетіндегі терме жанрының қалыптасуы мен дамуы

Қазақы сөз арнау дәстүрі түрлі жанрлық, тақырыптық сипатымен өзге түрік халықтарына қарағанда өте бай. Ең бастысы байырғы рухани құндылықтарымыз таза, бастапқы пішінін жоғалтпай бүгінгі күні жалғасын тауып отыр. Қазақы сөз арнау заман өзгерісіне байланысты тақырыптық жағынан түрленіп, мазмұны тереңдеп, өлең жүйесі күрделеніп отырды. Бұл заңды құбылыс.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 951
Қазақ әдебитеті пәні бойынша ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары

Қазақ әдебиетінде өзіндік айтулы із қалдырған белгілі жазушымыз Ғабиден Мұстафин: «Ең ұзақ сөйлемнің де соңынан қойылатын нуктесі бар» (9. с. 15) дегендей, мұғалімдер мен оқушылар үшін еңшешуші соңғы нүкте – Біріңғай ұлттық тестілеудің көрсеткіші. Біріңғай ұлттық тестілеудің көрсеткіші. Біріңғай ұлттық тестілеудің сапалы өтуі алдымен мұғалімдер мен оқушылардың уақытты тиімді пайдалануында.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 3037
Пред.16171819


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ