Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ тілі мен әдебиеті



Сөз таптарының орын басуы

Сөз таптарының орын басуы әдетте ағылшын және орыс тілдерінде сөз қолданулары және сәйкестік нормаларына байланысты болды. Кейде сөз таптарының орын басуы орыс тілінде сәйкес мағынасы бар сөз табының жоқ болуынан да пайда болады. Мысалы: The actions of Congress and North Carolina and Tennessee statesmen aided by gifts of wise conservationists, have set his land aside as Great Smoky National park – Тенесси және Солтүстік каралина штаттарының мемлекеттік қызметкерлерімен конгрестік және табиғатты сүйіп, оны сақталуының барлық маңыздылығын түсінетін адамдардың зор еңбектерінің арқасында Смоки – Хилл өзенінің жағасындағы бұл алқап ұлттық саябаққа айналды. Салыстырмалы түрде қарағанда conservationists – сөзі орыс тіліне лексикалық сәйкестікке ие болмағандлықтан ондағы айтылып тұрған мағынан толық ашып көрсетуді талап етеді. Сонымен қатар артық сөз қосу және есімшені қосу сияқты грамматикалық өзгертулерді орындауға тура келді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер

Педагог қызметіндегі жеке әдістемелік мәселенің жүзеге асуы «Сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер»
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1090
Сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер

Педагог қызметіндегі жеке әдістемелік мәселенің жүзеге асуы «Сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер»
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 493
СӨЗДЕРДІҢ ТІРКЕСУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН БАЙЛАНЫСУ ФОРМАЛАРЫ

Мақсаты: Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формаларын түсіндіру. Сөз тіркесіне енген сөздерді байланыстыру үшін тілде мынандай тәсілдер жұмсалады: 1. Жалғаулар (септік, тәуелдік, көптік, жіктік жалғаулар). 2. Шылаулар (жалғаулық, септеулік), 3. Сөздердің орын тәртібі, 4. Интонация. Осы амалдарды біз былай топтап атаймыз: қосымшалар синтетикалық тәсілдер деп, шылаулар, сөздердің орын тәртібі, интотацияны аналитикалық тәсілдер деп аталады. Осы аталған тәсілдерді қолданып сөз тіркестерін құрауда тілдің қалыптастырған формасы бар. Сөздердің тіркесу формасы 5 түрлі: 1) қиысу, 2) матасу, 3) меңгеру, 4) қабысу, 5) жанасу .[13-б]
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Мағына жағынан қарағанда, сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деу өте ұшқары айтылған нәрсе. Себебі, бастауыш, баяндауышы жоқ сөйлем де белгілі мағына береді. Өйткені, бір сөйлемді бір сөйлем толықтырады. Байланыссыз еш нәрсе жоқ. Олай болса, сөйлем мүшесін тұрақты, тұрақсыз деп бөлу дұрыс емес. Сөйлемнің барлығы да тиянақты. Сөйлемдегі сөздің барлығының да белгілі орны бар, белгілі мағынада қолданылады. Бірінен бірі бөлек, жеке алып қарағанда ғана, олардың тиянағы жоқ болады. Бұлай байланыссыз қарау диалектика жолы емес.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Сөйлем мүшелерінің алмасуы

1 ереже: Қазақ тіліндегі әр сөйлемді ағылшынға аударудың алдында ондағы тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін тауып, олардың орналасу тәртібін анықтау. Мысалы: Қазіргі кезде колледж және басқа курстар көптеген жастарға, қабілетті студенттерге жақсы іскерлік инвитициясы болып табылады – баяндапуыш тобы, көптеген жастарға қабілетті студенттерге – толықтауыш тобы, қазіргі кезде пысықтауыш көптеген қабілетті басқа жақсы іскерлік – анықтауыш тобы. Сөз тәртібі: пысықтауыш+бастауыш+толықтауыш+баяндауыш. Ағылшын тіліне аударсақ: At present a college or other twining programs are good business investments for many bright, young students. Word order: adverb + subject +predicate + object.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Сөйлемдерді талдау. Ағылшын, қазақ тілдеріндегі сөйлем түрлері

Cөйлем талдаудың танымал жолы сөйлем мүшелері арқылы жүзеге асады. Ал сөйлем мүшелерін зерттейтін ғылым синтаксис деп аталады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 5 сөйлем мүшелері бар. Оның 2-еуі тұрлаулы, 3-еуі тұрлаулы мүшелер. Егер сқйлем тек тұрлаулы мүшелерден тұрса, ол сөйлем грамматикалық негізде құрылған деп аталады. Main parts- тұрлаулы мүшелер
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
СӨЙЛЕМДЕРДІҢ СӨЙЛЕУ МАҚСАТЫНА САЙ ТОПТАСУЫ

Сөйлем болмыстағы қатынастарды білдіру үшін ғана жұмсалмайды. Кісінің тіл арқылы катынас жасауы пікір, ой айтумен катар екінші кісіден пікір білу, информация алу үшін сөйлеуіне немесе басқа біреуді іске қосу, жұмсау максатына да байланысты болады. Сөйлеудін осы максаттары тілде сөйлемнін тиянақты формалары арқылы көрінеді. Сөйлемдер сөйлеу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті, сөй-лемдер деп топталады.[58-б]
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
СӨЙЛЕМНІҢ ЛОГИКАЛЫҚ-ГРАММАТИКАЛЫҚ ТИПТЕРІ

Сөйлем болмыстағы заттардың түрлі-түрлі қатынастарын білдіреді. Бұл қатынастар топталып, абстрактыланып, белгілі логикалық зандылықтарға, фигураларға түсіп, ойда бекітіледі. Осы қорытылып, абстрактыланған қатынас сөйлемнің синтаксистік мағынасы болады. Бұл логикалық негіз өз сапасына қарай сөйлемнің белгілі тілі грамматикалық типтеріне сыйысып орныққан. Сондықтан сөйлемдерді осы белгісіне қарай топтауды логикалык-грамматикалық топтау деп атаймыз. Бұл топтаудың элементтері В. А . Богородицкийдің «Общий курс русской грамматики» (М.—Л., 1935), А. М. Пеш-ковскийдің «Русский синтаксис в научном освещении» (М., 1956) деген еңбектерінде басталды да, бұл идеяны теориялык жағынан тиянақтап орнықтырған В. Г. Адмони . Бұл топтау сөйлемдердің абстрактылық-грамматикалык, мағынасын ашып танытуға көп септігін тигізетіні сөзсіз.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕСІ-БАЯНДАУЫШ

Баяндауыш жеке я бірігіп келіп негізінде мына сөзден құралады: етістік, зат есім, сын есім, есімдік, шылау, үстеу, құрама сөздер. Негізгі сұраулары: Не қылды? Кім? Не? Қандай? Нендей? Қанша? Неше? Неткен? Не қылған? Қайда? Неде?
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕСІ — ПЫСЫҚТАУЫШ

Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің бірі – пысықтауыш. Пысықтауыштар – қимылды, сынды айқындайтын сөз. Мұны анықтауыш , толықтауыштардан бөлгенде тек қана мағынасына, сөз табының жігіне қарай бөлгеміз. Пысықтауыш тек қана үстеулердің, көсемшелердің және шылаулы сөздердің (қалай, қайтіп, қашан, кім үшін, не үшін, неліктен, не мақсатпен, кім арқылы, не арқылы, кімнің арқасында) сұрауына жауап береді. Сонымен қатар, пысықтауыштар септік жалғауының бұрма сұрауларына, есімдердің, етістіктердің шылаулы түрлерінің сұрауына жауап береді. Пысықтауыштар басқа сөйлем мүшесінен әлдеқайда абстракттанған сөздер. Бұлардың да түп негізі объект, зат болған. Оны байқау үшін, кеше, бүгін, ертең, өте, аса, қолма-қол сияқты үстеулердің этимологиясын қараса болғаны. Кеше-нің түбірі – кеш, бүгін – бү-күн, өте – өт (етістік), қолма-қол – қол мен қол.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕСІ — ТОЛЫҚТАУЫШ

Анықтауыш пен толықтауыштың негізі бір, екуі де объект, екеуін де анықтауыш деуге болар еді. Бірақ, анықтауыш абстракт та, толықтауыштың объект екендігі анық көрініп тұрады. Толықтауыш объектінің объектілігін сақтаған, дегенмен, алғашқы табиғи объект пен мына объектінің айырмасы үлкен. Мұндағы объект неше түрлі құбылысқа айналып кеткен. Бұл құбылыстың барлығы да қоғамдағы қарым-қатынастың сәулесі. Толықтауыштың мағынасын, маңызын сұрауға қарай айырамыз. Ілік жалғауынан басқа септік жалғауларының тура сұрауы толықтауыштың сұрауы болады: кімге, неге, кімнен, неден, қайдан, кімде, неде, қайда, кімді, нені, несін, кіммен, немен.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕСІ-АНЫҚТАУЫШ

Бастауыштың көрінісін тура көрсететін баяндауыш болса, сол баяндауыштың да, бастауыштың да кемтігін толтыратын: анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш. Бұлар субъектінің тура сәулесін емес, қосымша сәулесін көрсетеді. Бұл көріністі бұрма, абстракт көрініс дейміз. Бұларды осы жағынан қарап, тұрлаусыз мүше деген дұрыс. Бастауыштан басқа барлық сөйлем мүшесі субъектінің болмысын көрсетеді. Бірақ, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш субъектінің болмыстық қасиетін негізінде көлденеңнен көрсетеді. Анықтауыш болатынның негізгісі – сын есім, ол өзі абстрактқа айналып кеткендіктен, оның объект екенін табу өте қиын болады. Тек зат есімнен жалғау арқылы, жұрнақ арқылы болған анықтауыштың объект екендігін табу оңай.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Тіл көгермей, ел көгермес

Мемлекеттік тіл саясатын мемлекеттік билік жүзеге асыратыны белгілі. Алайда, бұл бұқаралық іске айналғанда ғана көздеген мақсатына жете алады. Тек кез келген басшы ғана емес, кез келген азамат тіл тағдырын мемлекет тағдырымен астастыра қарауға үйренуі қажет.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы

І.1Тілдік тұлға және оның мәдени құзіреті Қазақ сөз мәдениеті туралы түсінік, ұғым, пайымдаулар ғылыми пән ретінде өмірге кездейсоқ келмегені белгілі. Тілдің қасиеті, сөз құдіреті жөніндегі өмірден түйген түйінді ойларын (тіл туралы мақал-мәтел, фразеологиялық сөз орамдарын т.б.) халықтың метатілдік рефлексиясы деуге болады. Әсіресе сөз мәдениетіне қатысты мақал-мәтелдердің мазмұнындағы терең пайымдаулар тілдің қоғамдық-әлеуметтік тіршілігімен байланысты екенін айқын аңғартады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Тіл мәртебесі ұлықталды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Қазақ тілі – ана тілі» атты байқау өткізілді. Қазылар алқасын комитет төрағасының орынбасары С.Нұрлыбай басқарып, Тілдерді дамыту басқармасы, Руханият орталығының қазақ тілінің оқытушылары төрелік етті.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Тілді қорғау – елдің бірлігін қолдау

Жуырда Алматы қалалық әкімшілігінің арнайы рұқсатымен ана тіліне жанашыр азаматтардың бас­тамасымен мемлекеттік тілді қолдау мақсатында митинг өткізілді. «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына еліміздегі тіл жанашырлары, ұлт зиялылары, партия, қоғамдық ұйым мүшелері мен қала тұрғындары, жастар қатысты. Жиында мемлекеттік тіл аясында қордаланып қалған қадау-қадау мәселелер көтерілді. Бұл шараға Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қабдеш Жұмаділов, Тұрсынбек Кәкішев, Дулат Исабеков, Смағұл Елубай, Асылы Осман, Қазыбек Иса сынды қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар келіп, мемлекеттік тіл төңірегіндегі ой-пікірлерін ортаға салды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен қызметі

Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 2593
Тайманұлы Исатай (1791-1838)

Тайманұлы Исатай (1791-1838) – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. Халық батыры И.Тайманұлы 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы «Тайман жалы» деген жерде дүниеге келген. Исатайдың анасы Есентемір руының Тағашы бөлімінен. И.Тайманұлының төртінші атасы Ағатайдың (Тайман-Бегәлінің -Боқай-Ағатай) есімі қалмақтарға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі үшін Беріш руының ұранына айналған Исатайдың жастық шағында оған ықпал жасап, қамқорлық еткен әкесі, Тайманның інісі — Жабал Бегәліұлы.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Тайыр Жомартбаев (1884-1937 ж.)

Тайыр Жомартбаев 1884 жылы Семей облысының Шыңғыстау (қазіргі Абай ауданы) Мұқыр ауылында дүниеге келген. Тобықты ішінде – Көкше руынан. Мұқыр ауылы бір кездерде «Бірлік» , қазір «Шәкәрім» деп аталады. Көкбай медресесінде хат таныған. Бірден оқуға қаражат болмаған соң, Тайырға Жақия Зұлқарнаев деген байдың жұмысын істеуге тура келеді. Пысық Тайыр өзіне міндетті жұмысты да істеп, бай баласымен мектепке барып жүріп, білім көзін аша түседі. Ақыры сауат таныған ол 20 жасында ауылына қайтып келіп, ескі қоныс «Баян қорық» деген жерде мектеп ашады. 1911 жылы медресені бітіріп, өзімен бірге оқыған татар қызы Адғия Фахрлислашқызы Ормановаға үйленіп, «Жаңа Семейде» ашылған мұсылман мектебінде сабақ берді. Жастар тәрбиелеуде жаңашыл, прогресшіл Тайыр Семейдегі 12 мешіттің имам-хазіреттеріне ұнай қоймайды, ақыры түрткіге түсіп, соққыға жығылып, жұмысын тастауына тура келеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Талаптан Ахметжан жазушы-драматург

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Теректібұлақ ауылында туған. Мамандығы инженер бола тұра, әдебиетке өзінің таланты арқылы білек сыбана араласқан көпқырлы кісілік келбетімен, адамгершілік ар-ожданының биіктігімен көптің көңілінен шығып, жүректерден орын алған қазақ әдебиетіндегі сырбаз тұлға, жазушы-драматург. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының соңынан бастап әңгімелері баспасөз беттерінде жарияланды. Алғашқы әңгімелерін мектеп-интернаттың жоғары сыныбында жүріп жаза бастады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Талғат Бигелдиновтің еншісіне ерекше тағдыр бұйырған

ҚАЗАҚТЫҢ ТЕКТІ ҚЫРАНЫ Ол тағдыр – қазақтың текті қыранының тағдыры. Қыран бүркіт қашан да мәрт келеді. Қыран мекені қияда. Қыран аңсары – күн астындағы шексіз, шетсіз кеңістік. Қыран самғауы зеңгір көктің төрінде. Қыранның шырқау биікті көксемейтін күні жоқ. Мұзбалақ қыран тұғыры – мәңгілік мұзарттар. Қазақтың текті қыраны, жеті қат көкте жаумен қисапсыз жағаласқанда жүрегі әсте шайлығып көрмеген, ел бағына туған қаһарман ұланы Талғат Бигелдинов даңқының, соны сүйіншілеп қуанған халық мерейінің биігі екі дүркін Кеңес Одағы Батыры жұлдыздарының сөнбес жарығымен сараланады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Таразы ақын

Асыл тастың су түбінде жатпайтыны секілді Таразы ақынның суреті табылып, 2009 жылы баспасөз беттерінде бірінші рет жарияланды. Табылды деп отырғанымыз, халыққа жария етілгенін айтқанымыз ғой. Әйтпесе бұрыннан бар сурет. Осыдан бір жарым ғасырдай уақыт бұрын патша өкіметінің адамдары түсірген фотосурет Таразы ақыннан тараған ұрпақтардың үйінде сақталып келді. Оқырман қауым сонау ХІХ ғасырда патша өкіметінің адамдары Ақтөбеге, оның ішінде Шалқар маңына келіп суретке түсіретіндей бұл тұлға соншалықты кім болды екен деп ойлауы мүмкін. Сурет кімнің қолында сақталған? Жалпы Таразы ақын деген кім? Бұрын Шалқар өңірінде болмаса, басқа жерлерде Таразының есімі көп айтыла бермейтін. Таразы — ақын, ақындығымен қатар сол кездегі қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді тікесінен айта білген қазақтың батыл қызы һәм кәдімгі Есет Көтібарұлының сыйлы келіні.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
ТАРИХ-И РАШИДИ

Көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы, ақын, ғұлама ғалым М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты әлемге әйгілі еңбегі – XIV ғасырдан XVI ғасырдың орта кезеңіне дейін, яғни бірнеше ғасырды қамтитын энциклопедиялық сипаттағы еңбек. Бұл кітаптың жазылу мәдениеті, ғылыми маңызы, тың әрі бізге беймәлім деректерінің молдығы, этнографиялық, этникалық, географиялық, археологиялық мәліметтерінің сонылығы, тарихи оқиғаларды нақты әрі айқын баяндауы оқырманды да, зерттеушілерді де тәнті етеді. Дулати өзіне дейін Тұраннан шыққан тарихи тұлғаларды толық дерлік қамтыған. «Тарих-и рашиди» ақындық қуат, жазушылық шеберлікпен, көркем де айшықты тілмен жазылған мемуарлық туынды. Оқырман Орталық Азия мәдениеті, әдет-ғұрпы туралы танымдық мәліметтермен таныса алады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Тоқа Шоңманұлы

(1830-1914 жылдар) Шоңманұлы Тоқа қазіргі Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданындағы Көктал өзенінің бойында дүниеге келген. Арқада Тоқа деген ру аты да бар. Сол Тоқа руынан айырып атау үшін үзеңгі тұтастары күйшіні Сайдалы Сары Тоқа деп атап кеткен. Тоқа өз төңірегінде ел-жұртқа әділдігімен танылған, өнерпаз күйшілігімен даңқы шыққан. Оның іреп айтатын уытты тілі, өз дарын да көбейтіп баққан. Тоқаның екі жылдай жер ауып, айдауда жүріп қайтуы да өз заманының зорлық-зомбылығымен көп беттескенің аңғартады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Тоқтар Әубәкіров

Қыран қазақ Тоқтар Әубәкіров туралы мақала жазамын деген ой үш ұйықтасам түсіме кірген емес. Биылғы Баспасөз күнін “Егемен Қазақстанның” ұжымы Қосшы ауылының іргесіндегі Нұра өзенінің жағасында қарсы алды. Сонда сөзден сөз шығып отырып, әңгіме қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров туралы да өрбіп кетті. Бір топ журналист Тоқтар туралы әлде аңыз, әлде ақиқатқа бергісіз біраз жайдың басын шалғанбыз.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Тоқтар Әубәкіров (1946)

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді. Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Тынышбаев Мұхаммеджан (1879-1937)

Тынышбаев Мұхаммеджан (1879-1937) – қоғам қайраткері, қазақтың тұңғыш теміржол инженері, тарихшы ғалым, ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты, Қоқан автономиясының басшысы, Алашорда үкіметінің мүшесі. Туған жері – бұрынғы Жетісу облысының Лепсі уезіне қарасты Мақаншы – Садыр болысындағы Жыланды тауының етегі, қазіргі Алматы облысының Қабанбай ауданы. Оқып, білім алу үшін уез бастығының тізіміне қазақтың кедейі түгіл, бай баласының ілуде, біреуі зорға ілігетін сол бір қиын кезде кедей шаруа Тынышбайдың баласының Верный қаласындағы ерлер гимназиясының екі жылдық дайындық класына алынуы айтарлықтай ерекше оқиға еді. Тағдыры тартқан тосын сыйдың мәні «балам оқып, білімді азамат болса» деп армандаған әке тілегімен үйлесіп жатқанын жанымен сезінген он бір жасар Мұхамеджан алғашқы күннен сабағын жақсы оқып, орыс тілін жетік меңгеруге күш салады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Тыныштықбек Әбдікәкімов

“Күн тұтылған бір әлем жүрер іште” Ақын тыныштықбек әбдікәкімов туралы Бұл – менің бұрын-соңды көрмеген де, естімеген де қаламгерім. Өлеңдері көзіме, дәлірек айтсам, көңіліме оттай басылды. Ойыма қай-қайдағы оралды. Көз алдыма нелер келіп, нелер кетпеді?.. Басқасын қойғанда, ырғағымен, әуезі, көз тастасы мен сөз саптасының өзі талай-талай жайттарды жадыма салды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Түйіндеме (резюме)

Соңғы жылдары осы құжат түрі кең таралып отыр. Кәсіпорынға жұмысқа қабылдар алдында үміткерден түйіндеме (резюме) ұсыну талап етілуде. Жұмысқа қабылданушы үшін бұл құжаттың басты мақсаты — өзін-өзі көрсету. Түйіндеме өмірбаян секілді жазылмайды. Оның жасалуы еркін болады. Мұнда қызмет іздеп жүрген адам өзінің білімі, еңбек тәжірибесі, жеке жетістіктері, кәсіпқойлық деңгейі, басқа да дағдылары туралы мәліметтерді қысқа әрі нұсқа етіп тізіп жазады. Жұмысқа алушы адам осы құжатқа қарап, үміткер туралы жан-жақты мағлұмат алады. Әңгімелесуге шақыруға болатын болмайтындығын анықтайды. Сондықтан, жаңа жұмыс іздеп жүрген жан үшін, түйіндемені тартымды етіп жазудың маңызы зор.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Пред.1112131415След.


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ