Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан тарихы



Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cултандар

Хандықтың құрылуы. Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 1305
Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)

Еліміз егемен болып, өз тізгінін қолға ұстап, әлемдік өркениет аясында даму сатысына қадам басқанда өткен тарихымызды саралап, бұрын тиым салынған ақиқатты бүкпесіз айтатын, оған жаңа тұрғыдан баға беретін кезең келгендіктен қарастырылып отырған мәселе өзекті екені күмән тудырмайды. 90–шы жылдардың басында тәуелсіз Қазақстан мемлекеті ерікті қоғам ретінде өз тарихы туралы ақиқатты білуге ерекше ынта қоя білді. Қазақстанның өткені, әсіресе кеңестік даму жолының басты және өзекті мәселелері тарихи ақиқат тұрғысынан қайта қаралып, түсіндірілуде.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 3705
ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ

Бала бас ұстамайды. Егер бала бас ұстаса әкесі өліп қалады деп тыйым салған. Нанның қиқымын жесе – бай боласың дейді. Сәби тоңқайып екі аяғының астынан қараса, күткен жолаушы келеді немесе қонақ келеді дейді. Жас балаға бұғана ұстатпайды, онда бойы өспей қалады деп жорыған. Қыз балаға жілік ұстатпайды. Ұстатса күйеуге шықпай оң жақта көп отырып қалады дейді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР, ҚАЗАҚ- ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ

ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінен әр түрлі себептермен тұтастығынан айырылып, бөлшектенуге түскенімен осы ғасырдың екінші жар¬тысында елдің қайтадан бірігуі және оның сыртқы жауларға қар¬¬сы күресін шеберлікпен ұйымдастыра білген білгір саясаткер, ше¬бер дипломат, қолбасшы Абылай сұлтанды бас еткен қазақ хал¬қы елдің ішкі жағдайын реттеу мен сыртқы сая¬сат¬та нәтижелі табыстарға қол жеткізді. Ш. Уәлихановтың атап көрсеткеніндей: «Сол уақыттың күңгірт жағдайы Абылайға батылдығын, тапқырлығы мен ақылдылығын жарқырата көрсетуге мүмкіндік берді» [1.119]. Соның ішінде қазақ-жоңғар, қазақ-қытай және қазақ-орыс қатынастарын тиімді жолға қойылып, елдің тыныштығы мен тұтастығын сақтауда маңызды істер атқарылды. Көрсетілген мерзімдегі аталған мемлекеттермен арадағы осындай қатынас¬тар бейбіт келісім және жеңісті соғыс қимылдары арқылы да іске асырылды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан Республикасы – Еуразия деп аталатын құрлықтар кеңістігінің дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Оның батыс аймақтары Еуропа құрлығының жерінде жатыр. Қазақтар Жайық деп атайтын Орал өзені – Еуропа мен Азияны бөліп тұратын шекара. Ал еліміздің солтүстігі, шығысы мен оңтүстігі Азия құрлығында орналасқан. Қазақстан Республикасының аумағы – 2 миллион 724 мың шаршы километрді құрайды. Жерінің аумағы жөнінен ол бүкіл дүниежүзінде 9-орында тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемлекетті сыйғызып жіберуге болады. 1999 жылғы ресми санақ бойынша Қазақстанда 15 миллион шамасында халық тұрады. Жыл өткен сайын бұл цифр ұлғая түсуде. Елімізде халықтың 53,4 пайызын құрайтын байырғы халық қазақтардан басқа ұлттардың да өкілдері тұрады. Шамамен алғанда, орыстар – 30, украиндар – 3,7, өзбектер – 2,5 пайызды құрайды. Сондай – ақ елімізде немістер, ұйғырлар, кәрістер, дұнғандар, түріктер және басқа халықтардың өкілдері бар.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы дәурінде.

Соғыстың басталуы. Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды. Соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар – бірінші жартысы

XXғ. 60-80 жылдарындағы саяси өмір. Н.С.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу т.б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті. Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қосалардың аттары өзгертілді: Ақмола – Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.)

Қоғамдық – саяси өмір. 50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды. КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Қазақстан азаматтық қарама-қарсылық жылдырында

1917-1920 жылдар аралығында болған саяси-әлеуметтік оқиғалар. 1917 жылы ақпанда Петроградта жұмысшылар мен солдаттардың көтерілісінен кеін монархия құлап, республика орнады да, қоғамдық-саяси жағдай түбірімен өзгерді (қ. Ақпан рефолюциясы). Уақытша үкмет қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушыларға кешірім жариялады, олардың жазалау тоқталды. Сондай-ақ, көтерілісті жазалаушыларға да кешірім жасалды. Қоғамда азаттық келісім орнатуға жағдай туғызылып, кең көлемде саяси бостандықтар берілді (сөз, баспасөз бостандығы, саяси партиялар құру, т.б.). Ә.Бөкейхан жетекшілік еткен интеллигенция өкілдері Уақытша үкімет құрамында жауапты қызметтер атқарып, ұлттық-демократиясы Алаш партиясын құруға кірісті.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Қазақстан армиясы

Қазақстан территориясында КСРО–ның оңтүстік-шығыс шекараларын қорғауға арналған КСРО Қарулы Күштерінің жалпы саны 200 мың адамнан тұратын әсекери топтары орналасты.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 1737
Қазақстан Армиясының қарулары

Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап бейбітшілікті басты нысанаға алды. Біз кейбір әпербақан мемлекеттер сияқты өз билігіміз өзімізге тигеннен кейін де әскер жасақтауға, қару жинауға жанталаса кіріскен жоқпыз. Бұл бітімгерлік шараны бүкіл әлем мойындады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 480
Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VI-IX ғғ)

VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
ҚАЗАҚСТАН ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА

1941 жылы 22 маусымда Германия КСРО-ға соғыс ашты. Соғыстиың алғашқы күндерінен-ақ Қазақстан соғыс арсеналына айналды. Жауға атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстан қорғасынынан құйылды. Балқаш, Қарсақпай кен орындары соғыс жылдары өндірілген қара мыстың жартысынан астамын берді. Қарағанды шахтерлері төрт жыл ішінде 34 млн. тонна көмір өндірді. Шығыс қоңырат молибден, Жезді марганец, Дөң (Дон) хромит кеніштері, Ақшатау молибден-вольфрам комбинаты салынды. 1941-1945 жылдары барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта т.б. кәсіпорындар салынды. Бұл жылдары тылдағы еңбекшілердің жасампаз ерлігі орасан зор. Республика диқандары мемлекетке 360 млн. пұт астық тапсырды. 4 жыл ішінде Қазақстан еңбекшілері майдан мұқтажына 94 млрд. 500 млн. сом жарна өткізді. Қазақтар бірінші рет тең құқықта қазіргі заман соғысына қатысты. Алайда соның өзінде орыс үстемшілдігі білінбей қалған жоқ.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде

Индустрияландыруға бағыт алудағы қиыншылықтар. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% — ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында

Жаңа экономикалық саясатқа көшу. Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер

1. Көне түрік, Батыс түрік және Түргеш қағанаттары. 2. Қарлұқ және Оғыз мемлекетері. 3. Қимақ және Қыпшақ хандықтары. 4.Қарахан мемлекеті. 5.Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары. 6.Қарақытайлар Жетісуда. 7.VI-XIIғғ. түркі халықтарының шаруашылығы мен мәдениеті.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 918
ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА

ХVІІІ ғасырдың басында Қазақ хандығының сыртқы саясаты күрделене түсті. Солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекеті, шығыстан – жоңғарлар, оңтүстіктен – ортаазиялық хандықтардың саяси қысымы күшейді. 1731 жылдың 19 ақпанында Анна Иоанновна патшайым Әбілқайыр ханның өтініші бойынша Кіші жүзді Ресей бодандығына алу туралы грамотаға қол қойды. Осы жылдың 10 қазанында Әбілқайыр хан елу алты адаммен Ресеймен келісімге қол қойды. 1740 жылы Орынборда Кіші жүз бен Орта жүздің старшындары мен сұлтандарының сиезі өтіп, Ресей бодандығының алғашқы нәтижелері қорытындыланды. Сиезге қатысқан Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Қазақстанды жоңғарлардың шабуылдарынан қорғап қалу үшін Ресеймен келісімге келу керек деген пікірлер айтты.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы

1992 жылы Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы еңбегі жарияланды. Бұл еңбектің маңызы: -Тәуелсіздік жолына түсүдегі басты бағыттар көрсетілді. -Ел дамуының түбеғейлі концепциясы алғаш рет анықталды. -Ішкі және сыртқы саясат саласындағы, ұлттық қуіпсіздік жөніндегі міндеттер сараланды. -Қазақ халқының тарихи миссиясына тоқталып, жергілікті ұлт мүддесі ерекше ескерілетіні қажеттігі айтылды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Қазақстан Республикасының қоғамдық өміріндегі өзгерістер

1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарында үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан (870 мың) мен Ресейден (660 мың) келушілер көп болды. Барлық қатысушылар саны 800 адам болды. Құрылтайда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған «Көшіп келу туралы” Заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.)

Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру. II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Қазақстан құрамындағы кезеңде Қарақалпақ Автономиялық облысының қалыптасу тарихы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс 1924-1930 жылдар аралығында Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрамында болған Қарақалпақ Автономиялық облысының мәселелерін кеңінен қарауға негізделген. Орта Азия республикаларын ұлттық-аумақтық межелеу комиссиясының шешіміне сәйкес құрылған Автономиялық облыстың сипаттамасы қазақ-қарақалпақ қатынасының тарихымен сабақтасып, кеңестендіру жылдарындағы Алаш зиялыларының саяси көзқарасына ортақ болған ұстанымдармен байланыстырылды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 2878
Қазақстан – менің тағдырым

Біздің заманымыздың 742 жылы түріктердің қолбасшысы Құланда өлтіріліпті. Қарамағындағы бүкіл елге исламды мойындатқан Қарахан баба да Құлан шаһарының оңтүстік-батысында орналасқан Шөңгер жазығындағы үңгірді паналаған көрінеді. Қаһарынан қалың жұрт қаймыққан билеуші махаббат деген ұлы сезімнің алдында жуасып, ғашығы Айша бибімен сырт көз, суық сөзден сақтанғанда мекен еткен жері болыпты бұл үңгір. Талай-талай дүбірлі оқиғаны бастан өткерген Құлан даласы бүгінде бар сырын бойына жасырып, бір сәтке мүлгіп кеткендей. Бір кездері айналасын түгелдей ну қамыс пен көл қоршаған, төсінде құлан ойнаған ежелгі Құлан шаһарының орны қазір Құлантөбе деп аталады. Тылсым тарихынан там-тұмдап қана хабар беріп, үнсіз жатыр. Осы бір монтаны кейпімен ары-бері өткен жүргіншіні өзіне сиқырлап тартатындай. Қол бұлғап шақыратындай.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Қазақстан-2030 стратегиясы

1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер: 1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары. 2. Реформаларды аяқтау. 3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу. 4. «Қазақстан барысын” қалыптастыру.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Қазақстанда XIX ғ. 60-90 жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалары. Патша өкіметінің аграрлық саясаты

1867-1868 жж. реформалар. XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды. Патша – өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең – кезеңімен іске асырды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру шаруалар қасіреті

Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында. Жаңа экономикалық саясаты республикада дәйекті түрде жүзеге асыру өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды. Өндірістік кооперацияның негізгі үш түрі болды: 1.Коммуна — өндірісті қоғамдастыру. 2.Артель – жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал – саймандарды біріктіру. 3.ТОЗ – жер бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. Шаруалар ұжымдастыру түрлерін таңдағанда негізінен ТОЗ – ды қалады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы (XIX ғ. 2-ші жартысы)

Тау – кен өндірісі. XIX ғасырдың екінші жартасында Европа мемлекеттерінде дамыған капиталистік қатынас Россияға әсер етпей қоймады. Осымен байланысты Россияның капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Россияның орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де товар айналысының өсуін шапшаңдатты. Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық біржіндеп ыдырай бастады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы (1861-1917 жж.)

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде өзгерістер болып жатқанда, оның өткен тарихи кезеңдерін түсіну мен зерттеудің маңыздылығының артатындығы белгілі. Еліміз тәуелсіздігін алған уақыттан бергі жылдарда қоғамда көптеген өзгерістер, жаңарулар болды. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығынан бері ел экономикасын қазіргі заман талаптарына сәйкес дамыту шаралары жүргізілуде. Осыған орай, нарықтық шаруашылықтың ұлттық жобасын құрудың белсенді ізденістері басталды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 5351
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.)

Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы . КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақстан тарихы     Скачиваний: 0
Пред.678910След.


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ