Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ тілі мен әдебиеті



Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдің ахуалы жөніндегі сараптамалық баян

Қазақ тілі өз тарихында аса күрделі ахуалды кешуде. Тілдік орта барған сайын тарылып, қолдану сапасы құлдырай түсуде. Бұл құжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылатын қазақ тілін дамыту саласына қатысты үстіртін сараптамалық баян болып табылады. Мақсат - бейресми көзқарас ретіндегі бұл құжатты қоғамдық орта назарына салу арқылы мемлекеттік тілді дамыту үдерісіне оңды ықпал ету.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1518
Қазақстан халқының барлығы мемлекеттік тілде сөйлеуі керек, мен солардың бірі ғанамын дейді қазақ тілін жетік меңгерген молдаван қызы Алла Платонова

«Тәуелсіздік не берді» деген сұрақ қа­зір жиі қойылады. Тәуелсіздік ал­дымен өз жерінде өгей баладай есіктен қарап қалған қазақ тілін төрге оздырды. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі болды. Тәуелсіздік тұстастарының бүгінде мемлекеттік тілде білім алып, мемлекеттік тілді ана тілім деп есептеуі де еліміздің ұлы бостандығының жемісі. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің үшінші курс студенті Алла Платонова мемлекеттік тіл жөнінде өткен облыстық, республикалық талай сайыстардың жүлдегері. Ол қазақстандықтардың барлығы мемлекеттік тілді білуі керек есептейді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрес

Ел бiрлiгiн нығайтқан майдан Тәуке ханның Сырдарияның орта ағысындағы отырықшы аудандарды қосып алуы, қазақ хандығының экономикасына, қоғамдық-саяси құрылысына ықпал жасағаны белгiлi.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1564
Қазақтың балалар жазушысы - Бердібек Соқпақбаев

Қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы Бердібек Соқпақбаев тірі болғанда биыл 80 жасқа толар еді. «Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді» демекші, балалардың сүйікті жазушысы артына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар» және «Ергежейлілер елі» сынды бірқатар әңгіме, хикаялар қалдырды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 6979
Қазақтың батырлар жыры туралы

Күні кешеге дейін кез-келген дерлік қазақ азаматы баласының батыр болғанын қалап, тілеп келді. Тіпті Кеңестің тұсында да балам өскенде бай болсыншы деген ата-ана некен-саяқ болған шығар. Әрине, ешкім ұл-қызының мұқтаждықпен күн кешкенін қаламайды, бірақ та құндылықтар шкаласында құрметті орын матери игіліктерге тек соңғы кезде ғана тие бастады
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 921
Қазақтың сыни пікірінің оянуы және әдебиет сынының тууы. Әдебиет сынының арналары

Көркем өнер халықтың рухани қажетін өтеп, талап-талғамын қалыптастырыды. Халық еш уақытта өнерсіз өмір сүрмейді, демек өнер бар жерде талғам бар. Көркем әдебиет жанрлары бірден қалыптаспайды, оның элементтері таным бесігінде ұзақ тербетіледі. Ұсақтан іріге, майдадан күрделіге ұмтылу барысында әр түрлі арналардан нәр алады, қоғамдық-әлеуметтік және эстетикалық ой-пікірлердің оянуына, өсіп-жетілуіне жағдай жасалады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының сыни ойлары

Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың еңбектеріндегі сыни ой-пікірлер. Г.Потаниннің Шоқан Уәлиханов «Қазақ әдебиетінің өркендеуіне негіз сала алар еді» деген тезисінің мәні және Шоқан еңбектерінің көркемдік қасиеттері мен публицистикалық ой-түйіндері. Шоқан - қырғыздың ұлы эпосы «Манасты» тұңғыш зерттеуші. Шоқанның ауыз әдебиетіне көзқарасы және оның үлгілерін жинап, зерттеуі. «Қазақ халықтық өлеңдерінің түрлері туралы» еңбегінде қазақ өлең түрлері мен өнерпаз дарындарды классификациялауы.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қазақ–ұйғыр мақал-мәтелдерінің паремиологиялық жүйесі

Диссертацияның кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, негізгі мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы анықталып, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар мен зерттеу жұмысының құрылымы туралы мағлұмат беріледі.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 2392
ҚАЗТУҒАН СҮЙІНІШҰЛЫ (ХV ғ.)

Қазтуған жырау шамамен ХV ғасырдың 20-30 жж. Еділ бойында, қазіргі Астрахань облысының Красный Яр қаласының маңында туған. Оны халық Қарға бойлы Қазтуған деп атап кеткен. Жыраудың дәл қай жылы туып, өлгені туралы деректер әзірге белгісіз. Шамамен 75 жасында қайтыс болған. Ол көшпенді шонжарлар әулетінен шыққан. Жаугершілік заманда қолбасы батыр, жорық жыршысы болған. Қазтуған туралы алғашқы деректерді С.Сейфуллин жинақтаған. Жырау туып-өскен жері — Еділ, Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл өзендері бойын өз еркімен тастап кетпей, оны амалсыз қалдырып бара жатқанын жырларына арқау етеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қайсенов Қасым (1918 ж.)

Қазақстанның халық қаһарманы, жазушы, партизан, полковник. Қасым Қайсенов 1918 жылдың 23 сәуірі күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында, кедей шаруа семьясында туған. Туған жер қасиеті оның қанында қайнап, тәніне сіңген. Оның болмысы мен шығармаларынан биіктік пен тазалық лебі еседі. 1935 жылы он жеті жасында Өскеменге келіп саяси -ағарту техникумын жұбайы Асыл екеуі бірге бітіріп, 1937 жылы семья құрған. Асыл әжеміз сол жылы небары 16 жаста болған. Ол өзінің қиын қыстау өмірін қасиетті Кереку жерінен бастаған. 1938 жылы Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспектор болып қызмет істеген.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қали Байжанов

Қали Байжанов 1877 жылы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, «Қайыңкөл» деген жерде туады. Руы — сүйіндік ішінде Ақбура. Ол кезде Қарқаралы, Баян, Павлодар, Өскемен, Зайсан, Бұхтарма Семей губерниясына кіретін. Қали Баянауылда тұрғанымен, өскен жері – Қарағанды облысының Қу ауданы, Қудың Үлкентау, Балқантау деген жерлеріне жас кезінен қызығып үнемі өлеңдерінің арасында шумақтап айтып отырады екен.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қалқаман САРИН, ақын: Қазіргі ұрпақты тәрбиелейтін мағыналы шығармалар қажет

Бүгінде еліміздің бас ордасы – Астана қаласындағы жас ақындардың ішінде Қалқаман Сариннің шығармашылық тұғыры биік, қолтаңбасы ерекше. Оның сөзіне жазылған біраз өлеңдер халықтың көңілінен шығып, жастардың зор ілтипатына бөленді. Оның «Арма­нымның бейнесі» атты жыр жинағы мен «Жібек сезім – Жүрек сөзім» атты үнтаспасының жарыққа шыққанын жұрт жақсы біледі. Осыған орай қарашаның 2-сі күні Астанадағы Конгресс-холл сарайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ақын Қалқаман Сариннің «Арманымның бейнесі» атты алғашқы әдеби-сазды шығармашылық кеші өтеді. Өнер жолындағы жолдастардың бастамасымен өткелі отырған осы салтанатты іс-шараның алдында Қалқаман Саринмен сұхбаттасудың сәті түсті.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қалқаманұлы Бұқар жырау

Қалқаманұлы Бұқар жырау (1668-1781) – қазақтың ұлы жырауы, XVIII ғасырдағы жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылайханның ақылшысы. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Абылай хан бір жаққа жорыққа аттанарда одан айдың, күннің сәтін сұрайтын, көрген түсін жорытатын болған. Ел аузындағы аңыз әңгімелерге қарағанда, Бұқар жырау әз Тәуке ханның тұсында да ордадағы беделді билердің бірі ретінде, ел басқару ісіне араласқан секілді. Оны Үмбетей жыраудың: «Көріктей басқан күпілдеп, көмекейің бүлкілдеп, сөйлер сөзден таймадың.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қастек Баянбаев

Қастек Баянбаев (1923) Балалар ақыны болу үлкен бақыт, себебі бала өзінің сәби кезінде оқыған жырларды көкірек сарайында кіршіксіз, саф таза күйінде сақтайды, ақын өлеңі сәби жүрегінде ескірмес сурет болып қалады. Сондай ақындардың бірі – Баянбай Қастек. 1936 жылы 15 қарашада Талдықорған облысының Талдыбұлақ елді мекенінде дүниеге келген ақын әдебиетке ерте араласты. Университеттің журналистика факультетін бітіріп еңбек жолын аудандық газеттен бастаған ол республикалық баспаларда бас редакторлық қызметтер атқарды. 1962 жылы жарық көрген «Арғымақ» атты кітабынан бастап, соңғы кезде жарық көрген «Құс сүті», «Жол», «Жүз жыл жаз» атты таңдамаларына дейінгі аралықта ондаған кітап шығарып, балалар тәрбиесіне белсене араласты. Ол «Тәтті сабақ» пен «Солақай қарттың» авторы. Оның туындылары балаларға арналған оқулықтардан ойып орын алды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қасым Аманжолов (1911-1955)

Қасым Аманжолов – қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды. Қасым Аманжолов – көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Қ. Аманжолов (1911-1955). Өмір жолы. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Өмір жыры». Абай поэзиясынан нәр алуы. «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасының оның соғыс жылдарындағы шығармашылығының биік шыңы екендігі. Көркемдік ерекшелігі. Ішкі монологтың мәні. Поэмалары, тақырыбы, идеясы, көркемдік табыстары. Аудармалары. Ақын шығармашылығының қазақ поэзиясынан алатын орны. Шығармашылығының зерттелуі.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қасым Рахымжанұлы Аманжолов

1923 жылы Қасымды ағасы Ахметжан Семейдегі бастауыш мектеп-интернатқа түсіреді. Мектептен кейін Қасым Семей мал-дәрігерлік техникумында оқиды. Оны тәмамдағаннан соң Оралдаға педагогикалық институтқа түседі. 1930 жылы Алматыға барып "Леніншіл жас" газетінің редакциясына қызметке тұрады. 1931 жылы Қасым Лениградтағы орман шаруашылығы институтына түседі, бірақ аяқтай алмай, Оралға келіп, "Екпенді құрылыс" газетіне қызметке тұрады. 1933 жылы міндетті әскер қатарына алынып, оны сол Орал қаласында өтейді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1644
Қасым хан (1445-1518)

Шамамен 1445 жылы дүниеге келген, 1518 жылы қайтыс болған Қасым хан мен Қазақ хандығының негізін салған Әз Жәнібектің ұлы. Анасы Жағанбегім – Мұхаммед Шайбани ханның кенже інісі Махмұд сұлтанның апасы. Қасым ханның мемлекетті басқару әдістері, ішкі және сыртқы саясаты туралы мәліметтер өте аз. Қасым хан есімі бірінші рет Мұхаммед Шайбани жөніндегі жазбаларда аталады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қасым Қайсенов

Қасым Қайсенов — Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті. Өмірбаяны 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. Ол 2006 жылы 30 жел¬тоқсан күні 89 жасқа қараған шағында ауыр науқастан дүние салды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қашаған Күржіманұлы (1841-1929)

Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласның маңында туған.Ол жалшы отбасында дүниеге келіп,жастай жетімдік,жоқшылықтың тауқметін тартқан. Қашағанның шығармалары 1935 жылы «Әдебиет майданы»журналында (№5) жарияланды. «Есқали сұпыға айтқаны» деген өлеңінде қолында билігі барлардың іс-әрекетін,оның жағымсыз қылықтарын әшкерлейді.Онда ақын қыстың бір күні «Еспілдекті»деген жерге келеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны – шетел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған классикалық шығарма. Жырдың ең көне түрі бізге жетпеген. «Қобыланды батыр» жырын жырлаған ақын, жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып, өңдеп, әрлеп отырған. Сондықтан да «Қобыланды батыр» жыры көп вариантты жыр. Бізге талай ғасыр талқысына түсіп, талай ақын-жыраулардың өңдеуінен өткен кейінгі нұсқасы ғана белгілі. «Қобыланды батыр» жырын жинау, хатқа түсіру жайы тек ХІХ ғасырда ғана қолға алынды. «Қобыланды батыр» жырының бізге 29 нұсқасы жеткен.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қобыланды батыр жыры

Қазақ халқының эпосында батырлар жыры – ең бір мол сала. Бұл дастандар көбінесе сонау бір бағы заманда Орта Азияны, Қырым мен Еділ бойын жайлаған көшпелі тайпалар бастан кешірген нақтылы тарихи оқиғалардың поэтикалық көрінісі болып табылады. Батырлар жырының кейіпкерлері – Қобыланды, Қамбар, Тарғын сияқты аға батырлар мен Алпамыс, Сайын тәрізді іні батырлардың есімдері тарихи оқиғаларға байланысты. Ондай оқиғалар – ХҮІ ғасырларда Қазан хандығының құлдырауы («Қобыланды жыры»), ХҮ-ХҮІ ғасырларда Қырым хандығында рулық соғыстар («Ер Тарғын» жыры), қазақтар мен ноғайлының ХҮІ ғасырда бірлесіп жасаған жорықтары («Ер Сайын», «Алпамыс» жырлары), қазақтар мен өзбектердің жорығы («Қамбар» жыры).
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1618
ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ КЕСЕНЕСІ

Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Түркістан қаласында Қожа Ахмет Иасауи қабірінің басына тұрғызылған. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – үлкен порталды-күмбезді мемориалдық құрылыс. Архитектуралық жергілікті дәстүрді жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа негіз етіп алынған. Кесене оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Ені – 46,5 м, ұзындығы – 65 м. Күйдірілген шаршы кірпіштен өрілген. Кесене жобасының ерекшелігі – онда Орталық Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдері қолданылған. Ескерткіште күмбезді, аркалы элементтер мол. Сәулетші-шеберлер тек аркалы күмбезді жүйенің өзіне сан түрлі әдістерді қолданған.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қожа Ахмет Йассауи

Халқымыздың руханиятына үлкен әсер еткен ортағасырлық ақын, философ, дін уағыздаушы. Орта ғасырлар Орталық Азия мұсылмандары үшін аса жауапты кезең болатын. Осы заманда ел бірлігін, халықтың татулығын, имандылықты өз шығармаларына арқау еткен бір топ ақыншайырлар тарих сахнасына шықты. Олар — Ахмет Иүгінеки, Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани еді. Ахмет Йасауидің туған жылы белгісіз, 1166 жылы өлген, XII ғасырдың өкілі. Жасаған жасын өлген жылынан шегеріп тастап, зерттеушілер оны 1093 жылы дүниеге келген деп жобалайды. Түркістан маңында туып, ер жеткен соң, Түркістан қаласында өзінің шығармашылық , діни қызметін бастаған. Түркістан қаласы VI—XV ғасырларда Йасы деген атпен белгілі болған. Сондықтан да Йасыдан шыққан Қожа Ахмет Йасауи деген қосымша атқа ие болған.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қожа Ахмет Яссауи

Қожа Ахмет Яссауи (? – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Яссауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ (1663 — 1763 жж.)

Орта жүз Ашамайлы Керейдің Бәйбіше Көшебе руының Таузар тайпасынан шыққан атақты батыр, әйгілі суырып салма ақын Қожаберген Толыбайұлының есімі ежелден еліне белгілі болғанымен, соңғы уақыттарға дейін түрлі себептермен әдебиет тарихына енбей, қағаберіс қалып келді. Қожаберген 1663 жылы, қоян жылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданының Күлтөбе деген жерінде Толыбай сыншының отбасында дүниеге келген.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырындағы Баян образының жасалуы

«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырының тарихымыздың қай дәуірінде пайда болғандығы жөнінде ғалымдар әр тарау пікір айтады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1480
Қорқыт ата

Әлемдік фольклорда құдайға қарсылық сарыны әртүрлі жанрда қолданылған. Бірі мифтік сананың ықпалымен әпсана жанрына негіз болып, оның үлгісі Қорқыт арқылы көрінсе, екінші түрі эпостық шығармаларда батырлар тарапынан байқалған. Үшінші – әлемдегі көп халықтың, атап айтқанда, жапондық «Урасима Таро», грузиндік «Мәңгілік өмір іздеген жігіт», венгерлік «Мәңгілік іздеуші», итальяндық «Жұмақтағы бір күн», орыстардағы «Жұмақ құсы», «Марқұмда қонақта», т.т. ертегілерінде мәңгі өмірге қол жеткізген кейіпкерлер туралы айтылған. Алайда олардың мәңгі өмірге қол жеткізуі шектеулі уақыт аралығында әрі мұнда құдайға қарсылық сарыны ретінде қолданылмай, ертегінің сейілдік функциясына сай жасалған. Бұл халық түсінігінде өзектілігін жойған кезде шыққандықтан осы топтағы шығармалардың қатарында қарастырылмайды. Қазақ және өзге халықтардың шығармаларында орын алған бұлардың әр түрінің стадиялық ерекшелігі кейіпкерлерге жүктелген функция арқылы болатыны сөзсіз. Алдымен мифтік сананың ықпалымен пайда болған әпсана жанрындағы құдайға қарсылық сарыны қарастырылуы қажет.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қорқыт ата

Түрік дәстүрін,салтын,әдетін,сенімдерін,басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан,оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз.Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы. Кейбір зерттеушілер оның Әзірет Пайғамбар заманында жасағанын айтады және ғылыми еңбектерінде бұл пікірді дәлелдейтін дастан бөлімдерін келтіреді.Ал кейбір зерттеушілер Қорқыт Атаның Оғыз түріктерінің ертекшісі және дастаншысы болғанын айтып,Қорқыттың бүгін қолымыздағы 12 дастан-хикаясынан пікірлерін дәлелдейтін деректер келтіреді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Қошке Кемеңгерұлы

Білім мен білікке ұмтылған Қошке Кемеңгерұлының тағдыр-талайы зиялыларымыздың жарқын ғұмырымен қат-қабат байланысып жатыр. Ол 1915 жылдан бастап 1930 жылға дейін үзіліссіз ұлт әдебиетіне, драматургиясына, журналистикасына, ғылымына айрықша үлес қосты. Осы уақыт аралығында Қошке өз қатарластарымен бірге отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күреске қатысты. Оның сан салалы ізденіске толы ұлтты дамыту жолындағы қызметін 30-жылдары басталған Кеңес өкіметінің репрессия науқаны үзді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Пред.16171819


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ